Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУДIҢ ШЕТЕЛДIК ТӘЖIРИБЕСI

Орындаған: Абылай М.

Тобы: ТО-207

Тексерген: Қ. Т. Нуралина

Семей - 2015ж.

Жоспар

I. Кіріспе

1. 1. Өнім сапасы және оны арттыру жуйесі . . .

II. Негізгі бөлім

2. 1. Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамытудағы өнім сапасының реттелу тәжірибесі

2. 2. Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

III. Қорытынды

Өнім сапасы - өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі. Өнім сапасының көрсеткіштері абсолюттік, салыстырмалы немесе меншікті көрсеткіштер болуы мүмкін. Өнімнің сапалық қасиеттері өнімнің өндірістік және тұтынушылық қасиеттері болып бөлінеді. Өнімнің өндірістік қасиеттері оны әзірлеу барысында қалыптасады және оған өнімді дайындау сатысында қол жеткізіледі. Өнімнің тұтынушылық қасиеттері тұтынушылардың нақты сұранымын қанағаттандыруға бағытталған. Қолданыстағы стандарт талаптарына сай келетін өнім тұтынуға жарамды деп есептеледі. Осы талаптарға сай келмейтін өнім сапасыз өнімге жатқызылады. Жоғары сапалы өнімде жақсартылған немесе жаңа тұтынушылық қасиеттер болуға тиіс және өнімділік, беріктік, төзімділік, материал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы, шикізат шығыны жөнінен орташа көрсеткішпен салыстырғанда елеулі сапалық және сандық көрсеткіштерге ие болуға тиіс. Өнім сапасына қойылатын талаптарды тұтынушылар (тапсырыс берушілер), сарапшылар, дайындаушылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қалыптастырады және тиісті нормативтік-техникалық құжаттар мен шарттарда баянды етіледі. Қолданыстағы заңдар тұтынушылардың мүдделерін көздей отырып, қоғамдық өндіріске қатысушылардың ғылыми-техникалық, өндірістік, құрылыс, ауыл шаруашылық өнімдерінің, көлік, жабдықтау, сауда, т. б. қызмет түрлерінің сапасын қамтамасыз етумен байланысты міндеттерін айқындап, заң жүзінде бекітеді.

Өнім сапасын арттыру - өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шарты. Өнім сапасын арттыруға әсер ететін факторлар: еңбектің саналы түрде ұйымдастырылуы, технологиялық үдерістердің ойдағыдай жүргізілуі, шикізат пен басқа да материалдардың сапасы, т. б.

Өнімнің сапасын арттыру - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет. Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды. Сапаны арттыру мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын арттыруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны арттыру жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Көптеген Шығыс Еуропа елдерi бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесiнiң құрамында болып (қаңтар 1949 ж. ), қоғамның тұрмыстық экономикалық негiзi мен саяси құрылымы бiркелкi болуына қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесiнен нарықтық экономикалық өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншiк түрлерiнiң өндiрiс құралдарымен қатынасына, өнеркәсiптiң мамандану түрлерi, халық шаруашылығының ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлi басымды механизмдердi қолдану арқылы, яғни үдемелi қарқындық пен мерзiмдiлiк арқылы, әр түрлi жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргiзу керек. Мiне осы тұрғыдан алға қойған мiндеттердi шешуге нарықтық экономикаға көшкен елдердiң тәжiрибесiн жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргiзуге көшу. Шаруашылық жүргiзудiң бiр түрiнен екiншi түрiне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келiп, келесi ережелерге сүйенуiмiзге болады:

  • меншiк түрлерiне қарамастан мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және шаруашылық әрекетiне жағдай жасау;
  • мемлекеттiк кәсiпорындарды уақтау, тауар өндiрушiлердi және монополияға қарсы күрестiң қызметiн күшейту;
  • нарық механизмiнiң ерекшелiктерiне байланысты экономиканы басқару құрылымын жетiлдiру;
  • қаржы -банк жүйелерін реформалау және бюджеттік инвестицияны қысқарту;
  • елдің экспорттық әулетін арттыруда бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекеттік тарапынан қолдану;
  • шетел инвестицияларын енгізуде және біріккен өндіріс қызметін қолдауда саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау;
  • ұлттық валютаның айналымда болуын қолдау және қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген шараларды экономикада нарықтықты реттеу механизмдері ретінде қолдануда әр елде өзінің ерекшеліктері есепке алынады. Ең қолайлы жағдайда Венгрия болды. Бұл елде экономикалық реформа үш-он жыл бұрын басталған. Шаруашылық жүргізуде кәсіпкерлікті ынталандырудың түрлерін алдын ала ескере жүргізген. Халық шаруашылығының алдыңғы буындарындағы құқық негіздерін жасауда экономикалық ассоциациялар заңы негізгі роль атқарады. Мемлекеттік кәсіпорындарды экономикалық ассоциацияларға айналдыруда тиісті шешімдер қолданылды. Мемлекеттік жекешелендіруде көп жағдайда уақтау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру шаралары жүргізілді. Бұл шаралар тек бұйрық түрімен емес, еңбек ұйымдарының және олардың басшыларының қолданылуымен жүргізілді. Соның нәтижесінде үш жылда (1989-1991жж) елде шағын және орта кәсіпорындар төрт есе көбейді. Конъюктураның өзгеруіне байланысты кәсіпорындардың қызметінде қажетті икемділік пайда болды. Мемлекеттік тарапынан бұл процесс қолдау тапты. Қаржы- шаруашылық жағдайлары мен халық шаруашылығына керекті өнім шығаратын кәсіпорындар банкрот жағдайына ұшыраса, жеңілдік несие беріп санация жасалған немесе бұл кәсіпорындарды басқа меншікке (соның ішінде шетелдіктерге) берілді.

Бұған нарық инфрақұрылымының құрылуы (қордық қызметтердің пайда болуы мен дамуы, тауарлы және брокерлік биржалар, инвестициялық қорлар, несие - банк қызметтері) және қаржы - банк жүйелерінің реформалануы мүмкіндік туғызды. Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуды банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі жекешелендіру процесі инвестициялық бағыт алды. 1993 ж. 600 өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың ықыласына байланысты жекешелендірілген, ал 40 % -дан жоғарысы өнеркәсіптердің өздерінің ықыластарына байланысты жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық даму «төменнен» негізделіп жоғарыдан ұйымдық, құқықтық, не экономикалық жағдай жасалуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық құндылықтардың өндіріс құралдары мен халық тұтыныу тауарлары және «қозғалысына» толық еркіндік беру маңызды шара болып табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізі мен халыққа сауда қызметін көрсету орындары арқылы жүргізіледі.

Нарық жағдайда шаруашылық жүргізуге дайын Австрия болды. Баға құру мен еңбек ақыны реттеу, шетел инвестицияларымен ыньаландыру, сыртқы экономикалық қатынастарды либерализациялау, ақша айналымын тұрақтандыру, ұлттық валютаны конверсиялау жөніндегі шаралар 40 -жылдардың соңынан жүргізіле бастады [40, 86-95-б. ] . Нәтижесінде осы шаралар «мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы ұтымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған және нарық құрылымдарының байланысын үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесін жақсартуға» негіз болды.

Қаржы тепе-теңдігіне көңіл бөле отырып Австрия үкіметі әлеуметтік серіктестік пен шағын бизнесті қолдауға ерекше көңіл болды. Австриялық тәжірибедегі үкімет тарапынан жасалған бәсекелестік шаралары нарық экономикасының қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын және орта фирмалардың құрылуын және әлем шаруашылық процестеріне ұлттық экономиканың араласуын қолдау шаралары көрсетіледі. Мұндай ынталандыру жаңа құрылған шағын, орта фирмаларға мемлекет тарапынан жәрдем ақы немесе жеңілдетілген салық салу түрлері арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың (өнеркәсіптердің) қызметтеріне тауарларды сату ережелері, дұрыс емес бәсекелестікке жүргізілген шаралар, жергілікті жабдықтау, картельдер туралы т. б. заңдар құқықтық негізі болып табылады.

Өнеркәсіптерді бақылау және кәсіпкерлер мен бизнесмендердің саудаға шығу ережелерін бақылау мемлекеттің құқықтық қызметтерінің бірі болып табылады.

Австрияның тиісті мемлекеттік органдары сыртқы экономикалық қатынастарды тереңдетуде экспорттық түсімдердің және импорттық төлемдердің тең болуы қағидаларына сүйенеді. Ұлттық банкінің монополистік жағдайы жойылуына байланысты елдің валюталық режімі және сыртқы сауда либерализацияланады және де валюталық операцияларды жүргізуде коммерциялық банктердің қызмет ету аясы кеңейеді. Көп жағдайда аталған қағидалар орындалмайды, сондықтан экспорттық түсімдердің көптеген бөлігі сыртқы қарызды өтеуге кетеді.

Поляк Халық Республикасында нарықтық шаруашылық жүргізу моделіне тездетіп өтудің белгілі бір тәжірибесі қалыптасып отыр, мұнда жеке кәсіпкерлік қоғамның экономикалық өмірінде жаңа құбылыс болып табылмайды. Оның ролі ауыл шаруашылық өндірісінде, саудада, қоғамдық тамақтану саласында елеулі. Бұл елде нарықтық қатынастар саласын кеңейту және олардың инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар «естен тандыру теропиясы» деген атауға ие болған, бұл шаралар тауар өндірушілер мен оларды тұтынушыларға қатаң сипатта болады. Жергілікті түрде қатаң монетарлық саясат жүргізу (ақша эмиссиясының шұғыл қысқартылуы, берген несие үшін жоғары мөлшерлемелер деңгейін белгілеу), салық жеңілдіктері мен дотацияларды жою, бағаны ырықсыздандыру, дайын өнім мен материалдық- шикізат ресурстарын бір орталықтан бөлуден бас тарту, халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік қорғаудың жаңа қағидаларын енгізуде қаржы- шаруашылық қызметте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу. Алайда бұлар өнеркәсіптің дамуына және адамдардың әлеумметтік жағдайына жағымсыз әсер етуде. Тауарларға (қызмет түрлеріне) деген сұраныстарды шұғыл қысқарту бағытын жүзеге асыру кезінде барынша абай болудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті, өйткені мұндай қысқартудың ақылға қонымды «шекараларын» атап өту, сұраныс пен ұсынысты теңдестіру проблемасын шешуді кейінге қалдыруы мүмкін.

Чехия республикасы үшін әлеуметтік - экономикалық салада тиімді және кешенді қайта құруларды салыстырмалы түрде қысқы мерзімде тез жүзеге асыру тән. Кезінде (1994 ж. сәуірінде) осы республиканың премьер - министрінің экономикалық реформалар барысын талдау негізінде жасаған қорытындылары нақты қоғамдық өмірдің саяси, шаруашылық, әлеуметтік күрделілігі «нарықтық экономиканы дамытуды және құруды бір орталықтан жоспарлауға мүмкіндік бермейтінің» қуаттап береді. [4, 5 - б. ]

Егер шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту заңдылығын былай қойсақ (жекешелендіруді реттеу бағаны ырықсыздандыру және т. б. ) онда ең кемінде жоғарыда аталған қорытындылардың үш негізгі түріне көңіл аудару керек.

Біріншіден, бұл жерде тиімді макроэкономикалық саясатты дұрыс негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге асыру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы сауда үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа енгізуден басталды.

Екіншіден, ұлттық капиталмен салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай: а) шетел капиталы ақыр аяғында белгілі бір ел үшін қымбатқа түседі және ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.

Үшіншіден, «қалған дүниеден көмек емес, сауда мен айырбас керек» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.

Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР -да басталған экономикалық реформалардың алғашқы қорытындыларына жасалған талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т. б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған макродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі [22, 99-б. ] .

Қытайдағы экономикалық реформалардың стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қағидаға негізделініп ерекшеленеді. Осы қағидалар бойынша реформалардың алға басуы ауылдағы нарықтық қатынастар элеметтерінің пайда болуы мен олардың мемлекеттік жоспарлар арқылы реттеу қамтамасыз етеді. Қытайдың жоспар мен нарықты біріктіру варианты шаруашылық жүргізудің үш деңгейлі жүйесін пайдалануды білдіреді. Осы үш деңгейдің әрқайсысы өзіндік модельге сай келеді: жоғарғы деңгей үшін негізгі өндірістік көрсеткіштерді дирекивті (экономика құрылымы және даму қарқыны мемлекеттік резервтер, тұрақты тауар сұранымы, мемлекеттік бюджет) жоспарлау қолданылады, екінші деңгей шаруашылық деңгейі, экономиканың алғашқы саласын қамтиды. Мұнда шығаратын өнімді өткізу және кешенді проблемаларды минималды-техникалық қамтамасыз етілуінің жоспарлауымен айқындалады. Шаруашылықтың үшінші деңгейі жергілікті және мерзімді өндіріс тауарларымен әр түрлі қызмет көрсетулерімен жәнен нарық механизмдерін қолданумен реттеледі. Салық салу жүйесіндегі аса маңызды тәжірибесі салық жеңілдіктерінің капиталдық салымдардың екі сфераға - өңдеуші өнеркәсіптің дамуы мен экспорттық потенциалдың өсуіне бағытталуын ынталандырады.

Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде - Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т. б. елдерде байқалады.

Жапония мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т. б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.

Бұл шаралар жоғары аталған елдердің табиғи - экономикалық, геосаясаттық және әлеуметтік ерекшеліктері бойынша жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін ретроспективалық талдау екі негізгі аспектіден тұрады:

  • біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау;
  • екіншіден, біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

Мемлекеттік және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайында
Қазақстан экономикасын реттеуге шетел инвестицияларын тарту
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі жайлы ақпарат
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Экономика пәнінен дәрістер
Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz