Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Психикалық аурулардағы танымдық іс-әрекеттің бұзылуы
Орындаған: Беркутбаева А. Р. (ПХ-315)
Тексерген: Тезекбаева М. Ж.
Семей, 2015
Жоспар:
- Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы
- Естің бұзылуы
- Сананың бұзылуы
1. Түйсік - адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау - күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды. Елестету - қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар: Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау
Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын тітіркендіруден басталып, онан әрі ми қыртысындағы анализатор. Орталығы қозуының қортындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатысады, шартты рефлекстік байланыстардың мәні зор. Түйсіктің зақымдануы көптеген себептерге байланысты, патологиялық көріністеріне: Гиперестезия - қалыпты жағдайдағы табиғи бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдауы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап иістер өткір түрде қабылданады. Гипостезия - гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау. Анестезия - сезімталдықтың толық жойылуы. Сенестопатиялар - адам денесінің бір бөлігінен білінетінге әртүрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Осындай сезімдерді анықтау қиындыққа соқтырады. Аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер көрсетеді.
Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестетушілік жатады. Сағым - айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны бір топ ағаш адам сияқты көрінеді. Сағым сау адамдарда болады. Оның пайда болуына қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Мұндай сағымдарға аффектер әсер етеді. Сондықтан олар аффектігендік сағымдар деп саналады. Физикалық заңдылықтарға байланысты сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар деп атайды. Парейдолиялық сағымдар - оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған түс қағазға қарағанда көз алдымызға таң қаларлық таулар, өзендер елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін түсінеді. Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдориялық сағымдарды туғызады (жұқпалы аурулар көбінесе балаларда кездеседі. ) Вербальді сағымдар - латын верба - сөз кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатысы жоқ айтылған, әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады. Көңіл-күйдің өзгеруі және бұзылуы басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларға кездеседі. Мысалы, маскүнемдік, психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан орындықтың қабырғасы адам сияқты болып көрінеді. Метаморфопсия - заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия - заттардың кішкене және алыста болып көрінуі. Макропсия - заттардың үлкен және жақын болып көрінуі. Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы, қимыл -қозғалыстары да дөрекі көрінеді . Осыдан кейбір адамдар ұшырып, стресстік жағдайға дейін әкеледі. Галлюцинациялар (елестетушілік) - нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау. Егер сағым айналадағы бар заттарды бұрмалай қабылдау болса, онда елестетушілік объектісіз, жалған қабылдау. Елестетушілік сезім мүшелеріне байланысты көрі, есту, жанасу, дәм сезу, иіс сезу сияқты бөлінеді. Көру елестетушілігі ауру әртүрлі заттарды, адамдарды бүтіндей не оларды бөлшекті түрде көреді. Көру елестетушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам өтетін жұқпалы не улану психозында болады. Көрушілік айқын елестіетушілік маскүнемдік психоз жағдайында болады. Айқын көрушілік елестетушілік игналяциялық тамақты булау, және дәрімен улануда болады. Есіту елестетушілігінде аурулар байланыс дыбыстарды ( атылған оқ, еңіреу, ынырану ды) естиді; болмаған сөздерді естиді.
2. Естің патологиясын зерттеуде көбінесе ең алдымен маңызды : 1) олар мнестикалық іс-әрекет ағымдары нормада қандай құрылымдар, фактор қатысатынын анықтауға мүмкіндік береді. 2) олар психологиялық және психиятриялық түініктерді келісімге қабілеттендіреді, бұл екі білім арасындағы дисциплиа аралықт байланысты дамыту. 3) психика дамуы және құлдырауы арасындағы байланыс мәселесіене өз үлестерін қосты және Л. С. Выготский, А. Н. Леоньтев, А. А. Смирнов, П. В . Зинченко зерттеулерінде ес процесін қалыптастыруда жүйелі көзқарастары мнестикалық іс-әрекеттің бұзылған бөлімдерін салыстыруға мүмкінгдік берді . Эксперт сұрақтарды шешуде жиі мынадай жағдайлармен соқтығады. Ауру адамдар есінде кемістік бар, олар оған жұмыс жасауға кедергі келтіретінін айтып шағымданады, ал эксперименттің талаптарында ұқсас бұзылулар кездеспейді . Ал басқа жағдай ларда, яғни ауру адамдар өздерінің міндеттерін орындайды және материалды есте сақтау талаптарын т. б. , бірақ психологиялық зерттеу кезінде мнестикалық бұзылулары көрінуі байқалады. Естің бұзылуы негізінде әр түрлі факторлар жатыр . Оларды зерттеу нәтижесінде диагноз қоюға, синдром белгілеу үшін және практикада ауру адамдармен жұмысты қалыптастыру үшін пайдалы . Естің патологиясын зерттеуде аса маңызды келесі жағдайларды ескеру аса маңызды: а) мнестикалық іскерлікті ұйымдастыру мүмкіндігі (тікелей жәнеи жанама есте сақтау, ырықты және ырықсыз есте сақтау), б) естің мотивациялық компоненті, оның мақсатқа бағыты туралы сұрақ; в) оның уақытша сипаты туралы сұрақ (ұзақ уақыт және қысқа мерзімді есте сақтау)
Корсаковский синдромы- естің күрделі бұзылуы - корсаковский синдромы болып таблады. Алғаш рет оны белгілі отандық психиатр С. С. Корсаков түсіндірген: ауыр алкогольдік интоксикация кезінде пайда болатын бұл синдром бірнеше компоненттерден тұрады:
а) болып жатқан оқиғадағы дөрекі естің бұзылуы;
б) болып жатқан оқиғаға қатысты конфабуляции;
в) орнында және уақытында дезориентировка.
Соңғы екі белгісі әлсіз көрінеді, ал біріншісі әрқашанда төтенше көрінеді және бұзылудың негізгі радикалын құрайды. Ауру адамдар, осыған ұқсас синдромы барлар жақында өткен оқиғаларлды ұмытып қалады, бірақ көптеген жылдар бұрын болған оқиғаларды есіне түсіре алады . Сол сияқты ауру адам өзінің бала кезіндегі, мектептік өміріндегі болған оқиғаларды дұрыс айтып береді, бірақ он бүгін түскі тамағын ішті ме, кеше оған туысқандары келіп кетті ме, бүгін онымен дәрігер іңгімелесті ме осыларды ол есіне түсіре алмайды. Егер ауру адамнан бүгін сені туысқандарың келіп халіңді білді ме деген сұраққа, ол:-менің есімде жоқ, бірақ қалтамда папиростар бар-демек, менің әйеліме келген- деп жауап береді . Мұндай ауру адамдар күніне бірнеше рет амандасады, бір сұрақты қайта-қайта қояды, бір өтінішпен бірнеше рет келеді, мезі (беймаза) адам әсерін көрсетеді.
Амнестикалық дезориентировка-е стің бұзылуы жиі тек болып жатқан оқиғалармен ғана емес, сонымен қатар өткен оқиғалармен де таралады:ауру өткенді еске түсіре алмайы, қазіргімен шатастырады; олар оқиға хронологиясын араластырады. Уақыт өте бұндай естің бұзылуы гротескнгі мінезге әкеп соғады.
Эксперименталды -психологиялық зерттеуде ауру адамдардың есінің бұзылуы ақыл-ойының нашарлығы көрінеді (ауру тапсырманы, талаптарды орындай және жағдайларды түсіне алмайды) көбінесе бұл шизофреник немесе неврозбен ауыратын адамдарда кездеседі. Естің бұзылуынан адамдардың мінезі де бұзылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz