Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Ауыл шаруашылығы құстарының гигенасы
Орындаған :Пұшпақов Н
Тексерген: Садуақасов М. С
Семей қаласы 2014-2015 оқу жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері?
2. Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим?
3. Құс қораларының микроклиматы?
ІІІ. Қортынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің де зор маңызы бар. Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес, оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен бірге олардың тез жетіліп, көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады. Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға (күтіп-бағуға, азықтандыруға т. б. ) сезімталдығының өте жоғары екендігін ескеру қажет. Құстардың азғана жерде көптен орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.
Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері: экстенсивті, интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады. Әр жүйенің өзіне тән тәсілдері яғни клеткаларда және едендерде ұстайтын түрлері тараған. Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын қалың төсенішті, сыртқы және сеткалы (торкөзді) едендерде арнайы серуен алаңдарын пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
Экстенсивті жүйе - көбінесе кіші құс фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап, табиғи жарықтандыруды, ауаны желдетуді және мезгілді серуендетуді пайдаланады да, ондай кездерде фермадағы ауыр жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау т. б. ) механикаландырудан гөрі қол жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе - жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап, технологиялық процесстерді (вентиляция, канализация, жарықтандыру, азықтандыру т. б. ) механикаландырып, автоматтандырып және арнайы зауаттарда дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе - құстарды технологиялық процесстері автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында) немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа уақытында - интенсивті жүйеде ұсталады.
Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол үшін құстарды жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады.
Құстарды бір жерден ауыстырмай ұстап өсіруді көп сатылы (фазалы) түрімен, яғни жас құстарды жиі орнын алмастырып отырып өсіргенді өндіріске енгізеді. Бірақ құстарды мезгіл-мезгіл орын ауыстырып өсіру кезінде оларға әртүрлі стресс факторлар әсер етіп, олардың тәбеті төмендеп, төзімділігі нашарлап, өнімі азайып және еңбек шығынын арттырады.
2. Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды шағын жерге топтастырып, жыл бойына балапан алып (инкубациялау) және жас құстарды өндірістік технологияда өсіру, ондағы ветеринариялық-санитарлық режимге жоғарғы талаптар қоюды қажет етеді.
Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап және салу кездерінде ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалық-ветеринариялық ара қашықтығы белгіленген нормативтерге сүйенеді.
Ірі құс өндірістерінің аймағын (территориясын) бірнеше бөлікке (зонаға) бөледі: өндіріске арналған; шаруашылық басқаруға (хозадминстрация) ; азықтарды дайындау және сақтау; өндіріс қалдықтарын (көң) өңдеп және сақтау.
Ірі құс фабрикаларында өндіріс зонасын қосымша технологиялық және қосалқы зонаға шектейді. Ірілендірілген (аналық жұмыртқалайтын құстарсыз) өнімдік фабрикалар мен еттік және жұмыртқа алу бағытындағы фермалар қуаттылығы 300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік шыбилар (бройлер), 500 мың үйрек, 200 мың қаз және күрке тауық еттік балапандары және 400 мыңға дейін өнімге арналған жас құстарды бір аймақта ұстап, бірақ бір-бірінен 60 м таяу емес қосалқы зоналарға бөлектеп орналастыруға рұқсат етіледі.
Ірілендірілген құс өндірістері (специлизированный) жабық режимді өндірістер қатарына жатқызылады. Ондағы жұмысшыларға өндіріс территориясына арнайы санитарлық өткелден (сан пропускник) ғана кіреді де, көліктер - дезинфекциялау блогінен (орын) өткізіледі. Өндіріс зонасына кірерде жұмысшы санитарлы өткелде өз киімдерін арнайы (спец. ) киімдермен ауыстырады.
Жабдықтар, құралдар, арнайы киімдер, аяқ киім т. б. заттар белгі салынып (марка) әр цехқа, залға (бөлме), құс қораға бекітіліп қойылады. Ол заттарды бір цехтан (қорадан, бөлмеден) екіншіге ауыстыруға рұқсат етілмейді. Өндіріске қайтадан келіп түскен жабдықтарды міндетті түрде механикалық тазалаудан өткізіп, жуып және дезинфекциялап барып өндіріс территориясына жібереді.
Құс қораларына, инкубаторға, сою және азық цехтарына, қоймаларға тағы басқа бөлмелерге кіретін есіктердің алдына аяқ киімдерді дезинфекциядан өткізу үшін ені есік еніндей, ұзындығы 1, 5 м ойық жасап, ішіне жеңіл материал (ағаш ұнтағы) толтырып, дезинфекциялық ертінді мен шылап, мезгіл-мезгіл жаңартып отырады.
Құс қораларының микроклиматы нашар болса жас құстардың өсіп-дамуы тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық шығыны 30-40 % артып, құстың, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Ірі құстардың, онымен қоса ересек жас құстардың қораларындағы ауаның температурасының, қыс айларында, төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33ºС артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға - 26ºС жоғары болмауы керек.
Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың жұмыртқасы 18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі - 50-60 % жоғарлайды. Құстар организміне жоғарғы температураның зиянды әсерін азайтудың жаз айларында, бірден-бір тиімді жолы қорадағы ауа қозғалысының жылдамдығын жоғарлатып (2, 0-2, 5 м/сек) организмнен жылу тарауын арттыру болып есептеледі.
Құс қораларының ауасының ылғалдылығының жоғарлауы азықтағы көректі заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып соғады. Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен қораларда болуы оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.
Құрғақ ауа - салыстырмалы ылғалдылық 50 % төмен болғанда құстардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, қауырсындарының сынғыштығына апарып соғады. Ауа ылғалдығы 35 % дейін төмендесе құстар арасындағы өлім-жітімге ұшырау 14 % оданда жоғары болады. Ондай жағдайда ауаның ылғалдылығын қалыпты мөлшерге дейін көтеру, ауаның шаң-тозаңын басып, бактериялармен ластануын азайтып, құстардың сақталу пайызын арттырып және өсу салмағын жоғарлатады.
Жылдың ауыспалы мезгілдерінде салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшерін тауықтар, күрек тауықтар, цесаркалар және құрлардың қораларының ауасында 75 пайызға дейін, ал үйректермен қаздар үшін 85 пайызға дейін жоғарлатуға рұқсат етіледі. Ауа райының суық кездерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ересек тауықтар мен күрек тауықтардың қораларында 40-50 % дейін, ересек қаз және үйректерге - 60 %, ал олардың жас шібилері үшін - 50 % дейін төмендетуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz