«Директ – костинг» әдісі



Маржиналдық табыс тәсілімен жасалған кірістер мен шығыстар туралы есеп
Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан халықаралық практикада "директ-костинг" шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.
Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шектеулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандық әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі (тұрақты шығындар) калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезен ішіндегі қаржылық қорытындыларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады.
Мұндай әдетті іс жүзінде қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері тікелей қаржылық қорытындыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе "директ-костинг" (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен "директ-костинг" өзіндік құн тікелей өзгермелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығындар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, ауысты. Соған орай атауда біраз шарттылыққа жол берілген.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
Экономикалық талдау пәні

СӨЖ №3
Тақырыбы: Директ - костинг әдісі.

Орындаған: Жумагулова Гаухар
УА-205
Тексерген: Искакова М.С.

Семей 2015 жыл
Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондықтан халықаралық практикада "директ-костинг" шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.
Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шектеулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандық әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі (тұрақты шығындар) калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезен ішіндегі қаржылық қорытындыларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады.
Мұндай әдетті іс жүзінде қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері тікелей қаржылық қорытындыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе "директ-костинг" (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен "директ-костинг" өзіндік құн тікелей өзгермелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығындар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, ауысты. Соған орай атауда біраз шарттылыққа жол берілген.
Қысқартылған өзіндік құн есебінде тұрақты жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығыстар есепке қатыспайды. Мұндай шығыстар енім түрлеріне бөлінбей, жалпы сомамен өткізілген өнімнің өзіндік құнына толығымен кіргізіледі және есепті кезең соңында сенімді өткізуден түскен түсімді азайту үшін тікелей есептен шығарылады.
"Директ-костинг" жүйесінің негізіне салынған басты принцип - өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.
Бұл жүйе әрқилы елдерде эр түрлі аталады. Германия мен Австрияда "бірен-саран шығын есебі" немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда - "маржиналды шығындар есебі"; Францияда -"маржиналды есеп"термині қолданылады.
"Өзгермелі", "тұрақты", "жартылай өзгермелі", "жартылай тұрақты" терминдері өндірістік қызмет көлемін өзгертуде шығындар тәртібіне сипаттама беру қажет болған жағдайларда қолданылады. Тұрақты және өзгермелі шығындар арасындағы айырмашылықтарды айқындағанда қарастырылатын уақыт кезеңін ескеру қажет. Ұзақ уақыт мерзімі үшін (бірнеше жыл барлық) шығындар өзгермелі болады. Қысқа уақыт (бір жыл) үшін шығындар тұрақты немесе өндіріс өзгерістеріне қарай өзгермелі болады. Бұл жиынтық өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне желілік байланыстың барлығы туралы жорамал.
Өзгермелі шығындар - тұтастай алғанда өндіріс көлемі өзгеруіне тура сайма-сай өзгереді, бірақ өнім бірлігіне шаққанда (кесімді еңбекақы, материалдар, отын, технологиялық қажеттіліктерге электр энергиясы) тұрақты болып табылады.
Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қатысты өзгермейді, бірақ өнім бірлігіне есептегенде өзгереді.
Алайда шығындардың көпшілігі жартылай өзгермелілерге (араласқан), біреуі үлкен деңгейде, басқалары оз деңгейде өндіріс көлеміне байланысты қатысты болады.
Өзгермелі шығындардың түрлері:
:: тікелей материалдық;
:: тікелей еңбек;
:: технологиялық мақсаттарға жұмсалатын.
Тұрақты шығындарға:
:: жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы;
:: басқару қызметкерлерінің еңбекақысы;
:: жал төлемі;
:: басқару шығыстары басқа баптарының көпшілігі (басқару құрамына транспорттық қызмет ету, күзет, кеңсе тауарлары және т.б.).
Аралас, яғни жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындарға:
:: материалдық-техникалық кызмет ету;
:: телефон шығындары;
:: жылытуға шығын шығару.
Басқарудың "директ-костинг" технологиясының мәні өндіріс шығындарын калькуляциялау мен өндіріс көлемін шығын және кірістермен байланыстыру арқылы пайданы есептеу тәсілдемесін негізделеді. Бұл үшін (жеткілікті дәрежеде шартты түрде) жинақталған шығындарды тікелей мен ұқсастырылатын өзгермелілерге және жанамамен ұқсастырылатын тұрақтыларға бөледі. Өндірістік шығыстарды саралау (дифференциялау) пайда, көлемінің өнімді өткізу көлеміне байланыстылығын анықтауға және осы негізде өзіндік құнды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Директ-костинг әдісі туралы
Директ костинг
Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
Шығындардың бөлінуі
Зиянсындық нүктесі
Абзорпшен-костинг
Басқару есебінің директ-костинг жүйесі
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Кәсіпорынның табыстылығы
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Пәндер