Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Латын тілінің тарихы.
2. Латын тілінің ғылымда алатын орны.

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Латын тілі италиялық өлі тілдер тобына жатады. Ең ерте жеткен жазбаша ескерткіштер б.з.б. VIIIғ аяғы мен Vғ басын қамтиды. Латын жер бетінен жойылған халық. Латын тілі - өлі тілдер қатарына жатады. Бірақ оның жазу жүйесі қазіргі заманға икемді екені рас. Жалпы Университетте латын тілі пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады. Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға беруге үйретеді.
1. В.Д. Вульф «Латинский язык и основы ветеринарной терминологии» (7 бет)
2. Азаматова А.Х. «Латинский язык и основы научной терминологии» Алматы, 2008 ж.
3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы «Латын тілі тарихы» (187 бет)
4. Cовет энциклопедиясы «Латын тілі тарихы және негіздері»
5. Ақпарат көздері/ арнайы тақырыпшалар/
6. Муканова З.А. Учебник «Латинский язык» (для гуманитарных факультетов университетов. – Алматы, 2006.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы.

Орындаған: Тұрайсова А.Г.

Топ: ВС-503

Тексерген: Биләлов. Е.Е.

Семей 2015

Мазмұны

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Латын тілінің тарихы.

2. Латын тілінің ғылымда алатын орны.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Латын тілі италиялық өлі тілдер тобына жатады. Ең ерте жеткен жазбаша
ескерткіштер б.з.б. VIIIғ аяғы мен Vғ басын қамтиды. Латын жер бетінен
жойылған халық. Латын тілі - өлі тілдер қатарына жатады. Бірақ оның жазу
жүйесі қазіргі заманға икемді екені рас. Жалпы Университетте латын тілі
пәні студентті оқытуда ғылыми тұрғыдан дағдыландыратын пән болып табылады.
Латын тілін оқыту – студенттерге латын тілінің грамматикалық құрылысын және
қазіргі тілдердің жасалуына маңызды әсерін тигізген негізгі лексикалық
қорын меңгерту, еуропалық мәдениеттің дамуына ерекше ықпал еткен көне
римдік классикалық әдебиетпен таныстыру мақсатын көздейді. Еуропалық
тілдердің интернационалдық сөздігінің негізін құрайтын латын лексикасымен
танысу студенттердің ой өрісін кеңейтіп, тілдік материалға дұрыс баға
беруге үйретеді. Латын тілін оқыту арқылы гуманитарлық факультеттердің
болашақ мамандарының кәсіптік дайындалуының негізі қаланады, сондықтан
студенттер тілдің грамматикалық құрлымын, сөзжасам жүйесін, лексика негізін
терең меңгеру керек.Аудару техникасын үйретуде латын тіліндегі еркін сөз
тіркесінің тәртібі, тұйық рай және есімшелі орам үлкен қиындық келтіреді,
сондықтан да оқырмандар басынан бастап аударудың негізгі ережелеріне
міндетті түрде сүйенудің маңызы зор екендігін ұғыну қажет.Аудиториялық
жұмыстардың негізгі түрлері ретінде ұсынылатындар: грамматикалық талдау
және сөйлемді синтаксистік талдау; берілген мәтінді аудару; латын сөзінің
құрамын талдау және сөз тудыратын, сөз түрлендіретін морфемаларды анықтау
болып табылады.

Ақпараттар легі бойынша, бүгінде талқыланып отырған мәселе
Қазақстанның латын әліпбиінің жаңа жобаларын талқылау барысында лингвист
ғалымдар мен әлеуметтанушы, саясаткерлер жаңа сападағы жазуды қалыптастыру
туралы қоғамдық пікір қозғап, БАҚ арқылы өз ұсыныстарын жариялап келеді.
Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері қазақ тілінің әліпбиін
жасау үшін лингвистер, программистері және тағы басқа саланың мамандары
өзіндік жобаларын ұсынды. Егерде бүгінгі жаңалықта осы латын тіліне көшу
жоспарланса, алдымен латын тілінің, алфавитінің тарихына шолу жасайық.

Негізгі бөлім.

I. Латын тілінің тарихы.

Бұл дүние жүзіне кең тараған алфавиттің бірі. Ол грек алфавитінен
шыққан этрус алфавитінің бір тармағы. Жалпы латын алфавитінің шығуы б.з.б 7
ғ-ға саяды. Бұл алфавитпен алғашында бір жол оңнан солға қарай жазылса,
келесі жол солдан оңға қарай жазылып, (бустрофедон бойынша) жазылып, жазу
бағыты үнемі ауысып отырған. Б.з.б 4 ғ-дан бастап, жазу тек қана солдан
оңға қарай жазылатын болды. Әріптердің аты be, de, ef т.б түрінде атаған.
Ал әріп таңбалары б.з-дың 1-5 ғ-ларында әбден қалыптасты. Әуелде латын
тілінде 20 әріп болған:

A, B, C, D, E, F, H, I, K, L, M, N, O, P, Q, R, S, T,
V, X

Қазіргі таңда 26 әріп бар.

Алфавитке б.з.б. 230 жылдары G әріпі, I ғ-дың басында Y және Z
әріптері енген, соңғы екі әріп грек тілінен кірген сөздер үшін алынған. J,
U, W әріптерінің жазуда қолданылуы қайта өркендеу дәуіріне жатады. Орта
ғасырда латын тілі Еуропаға тарады. Африка, Америка, Азияның бірнеше
тілдері пайдаланылады.

(Қазақ
энцикл.187 б)

Латын тілі Еуропаның ежелгі мәдениетті халықтарының тілдері қатарына
жатқызылады. Жалпы тараған лингвистикалық классификация бойынша латын тілі
өлі (яғни қазіргі кезде қолданылмайтын) италилік тілдерге жатады. Италилік
тілдер қатарына Италияда б.з.д І ғ. екінші ширегінен б.з І ғ. аралығында
мекендеген ежелгі италилік тайпа тілдері жатады (тарихқа мәлім оск, умбр,
сикул және т.б). Өз кезегінде италилік тіл үндіеуропалық тіл тобына жатады,
сонымен қатар бұл топқа грек тілі, үнді тілдері, ирандық, славяндық,
балтық, германдық және т.б тілдер жатады.

Латын тілінің атауы Тибр өзенінің төменгі ағысында орналасқан Лациум
(Latium) тарихи аймағында мекендеген ежелгі италилік латын тайпасымен тығыз
байланысты. Лациумнің орталығы б.з.д VIII ғ. латын тайпасы негізін қалаған
Рим қаласы болды. Оның негізін латындар мен сабиндік ауылдардан тұрған, ал
саяси және мәдени жағынан гректер мен этрускілер үстемдік етті. Б.з.д 7539
жылы Римнің қалыптасқан уақытында мемлекеттің басты құрамын италиктер
құрап, екі диалектикалық топ – латын - фалилік және оск - умбрилік топтарды
қалыптастырылған-ды. Латындар алғашында ежелгі Лация территориясында өмір
сүрген, оның шекаралары-Тибр және Аниен өзендері, Апенин, Вольск таулары
мен Тиренн теңіз аралығы. Римдік жаулап алу соғыстары кезінде олардың тілі
бүкіл Италияға, кейін бүкіл антик әлеміне тараған. Латын хаты ежелгі
римдіктермен пайдаланылып, Батыс Еуропа халықтарының көптеген хаттарының
негізі болған. Латын алфавиті алғашқы уақытта көп түрлі алфавиттердің бір
түрі еді, ал финикилік алфавитті гректер мен басқа халықтармен қабылданып
алудың нәтижесінде қалыптастырды. Латын жазуын батысгректік жазуға жақын
және шығысгректік ионилік алфавиттен ерекшеленетін этруск алфавиттерінің
бірі де қолданылған. Көптеген әріптердің жазылуы аталып кеткен алфавиттерде
өзгеріссіз сақталса, осы әріптердің дыбыстық мағынасы өзгеріске ұшырағаны
байқалады. Латын алфавиті ежелгі грек алфавитіне ұқсас келеді. Антикалық
тарихи әдепке сәйкес жазу өнері Лациумге гректермен Пелопоннестен
әкелінген, олар Рим орталығында орналасқан Паланиге көшіп қоныстанған.
Латын алфавиті мен жазуы пайда болуының әртүрлі нұсқалары бар. Ең кең
таралған нұсқаларына сәйкес латын жазуы б.з.д ІХ ғ. қалыптасқан грек
алфавит жазуының негізінде жасалған. Себебі Италияның оңтүстік бөлігінде
бұрыннан көптеген грек қалалары мен тұрғылықты аймақтары орналасқан және
гректер мен латындар арасында мәдени байланыс ерте орнатылып, тұрақты
болған. Мысалы,Рим қаласының маңында орналасқан Габий қаласында да грек
мәдениеті үстемдік етіп, онда антикалық аңыздарға сәйкес келешек Римнің
негізін қалаушылар – Ромул мен Рем сауат алған. Әрине,латын жазбасы тез
пайда болды деп айтуға болмайды, тіл қалыптасу жолында барлық процестер
ұзаққа созылады, кейде көптеген мыңжылдықтар аралығында қалыптасады, латын
тілі мен латын алфавиті де баяу және өз ретімен дамыды. Латын алфавитінің
қазіргі бізге үйреншікті аяқталған түрі б.з.д VI- ІІІ ғ.ғ қалыптасқан.
Латын жазбасының алғашқы ескерткіштері (тастағы және әртүрлі нәрселердегі
жазбалар) ежелгі грек жазуымен туыстығын көрсететін архаикалық әріп
жазбасымен ерекшеленді. Көптеген ежелгі латын жазбалары жазуды оңнан солға
қарай жазған, тек б.з.д ІV ғ. жазу сол жағынан оңға қарай бағытталып
тұрақты орнатылды. Кейіннен классикалық латын жазуы да бірқатар
өзгерістерге ұшырады. Б.з.д І ғ. бастап У және Z тек грек тілінен шыққан 10
сөздерде пайдаланылды. Антик кезеңінен кейін әріптерді жазбаша және
қатармен бөлу пайда болды, сонымен қатар тыныс белгілер мен диакритикалық
белгілер (әріптің үстінен немесе астынан қойылатын белгілер мағынасын
анықтау үшін қолданылады). Б.з.д ХІ ғ. W әрпі, ал ХVI ғ.- J және U әріптері
еңгізілді. Латын тілінің бүкіл тарихы және ежелгі Рим тарихының ең бір
ерекше және қызықты сұрақтарының бірі-Римнің мәдени ізбасарлары мен саяси
бәсекелестер латындар мен этрускілердің қарым – қатынастары болған еді.
Этрускілердің пайда болуы мен тілінің қалыптасуы, айтылып кеткендей, әлі
күнге дейін анықталмаған. Этрус тілі жерортатеңіздік тіл тобына жатады
(Оңтүстік Еуропа мен Жерорта теңізі аралдарындағы үндіеуропалық тіл қатары
емес). Мүмкін, этрусс алфавиті грек алфавиті негізінде қалыптасқан. ХVIІІ
ғ. этрус теориясындағы латын тілінің қалыптасуының теориясы пайда болды,
бірақ этрус тілі жайында мәлімет өте аз болғандықтан (аз ғана жазбалар
сақталған, олардың қазіргі таңда тек 150 сөзі ғана шешілген), оны анықтау
мүмкін емес.

Латын тілі үндіеуропалық отбасы көлбеу филиалына тиесілі. Ол Латын
(Lingua Latina) деп аталады, сондай-ақ Ол Latini -One (Latina айтылды Лацио
(Latium) шағын аумақты мекендеген ежелгі Италия тайпалары), орналасқан
өзенінің Тибр төменгі ағысында. VIII осы аймақтың орталығы. BC. е. (753
жылы, Ежелгі тарихшылар сену), сондықтан Рим (Roma қаласы болды Лацио
тұрғындары, сондай-ақ Римдіктерге (сығандар) өздерін деп аталады. Латын
тілі- үндіеуропа шоғырының италиялық тобына жатады. Б.з.б. 6 ғасырда Рим
говоры ретінде пайда болып, Жерорта теңізінің батысындағы елдерді қамтыды.
Римдіктердің Галлия, Иберия түбегін, Солтүстік Африка, Британия, Норик,
Паннония және Дакияны жаулап алуына байланысты Латын тілі тарады. Ол үнді-
парсы және хетт тілдеріне жақын. 9 ғасырдада Латын тілі сөйлеу тілі ретінде
жойылды, дегенмен 15 — 16 ғасырларға дейін батыс еуропа қоғамының, католик
шіркеуінің, ішінара әдебиет пен ғылымның, дәрігерлік тәжірибенің жазба тілі
болды. Латын тілі италия, сардин, провансаль, француз, каталон, испан,
португал, ретороман, далмат және балқан-роман тілдерінің негізін
қалыптастырды. Плавт (б.з.б. 254 — 184) комедиялары (20-ға жуық) ең көне
туынды ретінде танылды. Цицерон мен Цезарь (“Commentarіі de bello Jallіco”)
прозалары, Вергилийдің поэзиясы классикалық Латын тілінде жазылған.Латын
тілі – ғылым мен техниканың тілі. Бастысы латын тілі ең көне жазбаша
тілдің бірі болып табылады. Үнді-Еуропалық тілдер қатарына жатқызылған.
Латын әліпбиі көптеген қазіргі заманғы жазбаша негізі болып табылады
тілдері. Бүгінгі күні ол Қасиетті Тақтың ресми тілі және қала мемлекет
болып табылады Ватикан, сондай-ақ, ішінара, Рим-католик шіркеуінде де бар.

Латын тілі ортағасырлық кеме өнеркәсібінде, дін, ғылым, саясат секілді
облыстарда есепнама қолжазбасы ретінде пайдаланылғаны белгілі. Ал сөздікті
зерттеген ғалымдар болса Ұлыбритания еліндегі латын деректеріне сүйеніп
XVII ғасырда жазылған анықтама қағаздарына тәуелді болған. Архаикалық латын
тілінің (II мыңжылдықтың ортасында) әсері ретінде латын тілі пайда болды.
Басында б.з.д. І мыңжылдықта шағын ауданында айтылған: латын (лат. Latium.
Latium тайпалар, лат (Latins деп аталады. Latini), оның тілі — латын
болған. Осы саладағы орталығы Рим қаласы (лат. Roma ) болды. Ерте
жазбаларда, латын BC V ғасырлар бастап - шамасы, соңында VI ғ. арқылы
енген. Ол 1978 арналады табылды өткен жылғы танысу (50 км. оңтүстік Рим)
көне қала Satrikтен бастап, бітіктасы онжылдық VI ғ. қара тас фрагментке
қасиетті жазуы бар болғаны айтылды. Бұл шамамен V ғ. байланысты. Рим
форумының қазба жұмыстары кезінде 1899 жылы табылған көнерген латын ежелгі
ескерткіштер үшін, сондай-ақ өте көп құлпытас жазулар және орта III ғ.
ресми құжаттар - II ғ басы, ең танымал тұратын рим саясаткерлер мен Scipio,
оның Құдай Бахус қасиетті Сенат қаулының мәтіні болған. IV – VI ғғ.
Византия империясының мемлекеттік тілі латын болып саналды. Ал VII ғ.
Бастап, 1453 ж. түрік-османдарымен жаулап алғанша дейін грек тілі танылды.

II. Латын тілінің ғылымдағы маңызы.

Әдеби латын тілі б.з.б. II – I ғғ қалыптаса бастап, б.з.б. I ғ даму
шегіне жетіп, классикалық немесе алтын латын кезеңіне жетті. Ол бай
лексикасымен, күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Латын тілінің шығу тарихы және оның ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын алфавитінің тарихы және ғылымдағы маңызы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы жайлы мәлімет
Латын тілінің шығу тарихы туралы
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңызы туралы мәлімет
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңыздылығы
Латын тілінің тарихы және ғылымдағы маңызы туралы
Пәндер