Көркем шығармадағы психологизм



1. Көркем шығармадағы психологизм
2. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары
3. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденіс
Әр жазушы кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда әр түрлі көркемдік
тәсілдерге жүгіне отырып, қайталанбас кейіпкерді дүниеге әкелуі белгілі.
Және олардың бәрі де өзінше қайталанбас,
ерекше психологиялық стиль қалыптастыратыны да анық.
Ал енді жалпы психологизмді біз қай тұрғыдан қарастырғанымыз жөн?
Себебі, психологизм бірде категория, енді бірде тектік белгі, бірде көркемдік
тәсіл, бірде құбылыс, бірде бағыт деп қолданыс тауып жүр.
Демек, психологизм шығармадағы жеке кейіпкер психологиясынан бастап кең мағынадағы шығарманың жалпы психологиясына ауысып, толық
психологиялық прозаны қамтитын күрделі құбылыс деп те айтсақ қате
болмас. Олай болса, психологизм дегеніміз шығарма кейіпкерінің ойы мен
ісәрекетінің кереқарлығы, жан дүниесінің «ішкі дауылы», сана
қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Бірақ әдеби психологизмнің
бір ерекшелігі сонда, тіпті автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой
ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққатолы, қарама-қарсы көзқараста
болса да, шығармадағы жүйелілік қайтсе де сақталады, бір жүйеден
ауытқымайды.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

Тақырыбы: 1. Көркем шығармадағы психологизм
2. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары
3. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденіс

Орындаған: Молдахметова Б.Д.
Топ: Қ-213
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей 2015

1. Көркем шығармадағы психологизм
Әр жазушы кейіпкерінің ішкі жан әлемін ашуда әр түрлі көркемдік
тәсілдерге жүгіне отырып, қайталанбас кейіпкерді дүниеге әкелуі белгілі.
Және олардың бәрі де өзінше қайталанбас,
ерекше психологиялық стиль қалыптастыратыны да анық.
Ал енді жалпы психологизмді біз қай тұрғыдан қарастырғанымыз жөн?
Себебі, психологизм бірде категория, енді бірде тектік белгі, бірде
көркемдік
тәсіл, бірде құбылыс, бірде бағыт деп қолданыс тауып жүр.
Демек, психологизм шығармадағы жеке кейіпкер психологиясынан бастап кең
мағынадағы шығарманың жалпы психологиясына ауысып, толық
психологиялық прозаны қамтитын күрделі құбылыс деп те айтсақ қате
болмас. Олай болса, психологизм дегеніміз шығарма кейіпкерінің ойы мен
ісәрекетінің кереқарлығы, жан дүниесінің ішкі дауылы, сана
қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Бірақ әдеби психологизмнің
бір ерекшелігі сонда, тіпті автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой
ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққатолы, қарама-қарсы көзқараста
болса да, шығармадағы жүйелілік қайтсе де сақталады, бір жүйеден
ауытқымайды.
Адам табиғатына тән жұмбақ жаратылысты, ой мен
сезім арасындағы қайшылықтарды, көп қабатты қалтарыстар мен іс-
әрекеттердегі күтпеген құбылыстарды қадағалай зерттеу –психолог
жазушының төл міндеті. Адам жанын жете әрі тереңдей зерттейтін адамтану
ғылымы, сөз өнері А.Байтұрсынов анықтап берген үш негізге сүйенеді:
1.Ақылға. 2.Қиялға. 3.Көңілге.Ақыл ісі –аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу,
тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі –меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі
нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау, көңіл
ісі –түю, толғау.
Осы аталған үш негіз –адамның жан жүйесін санасын зерттейтін
жазушылардың негізгі объектісі. Кейіпкердің ақылы, қиялы, көңілі терең
зерттелмей, адам табиғаты жан-жақты танылып, оның ішкі жан дүниесіне
тереңдей ену мүмкін емес екені белгілі. Осы қағидаларға толық жауап
беретін кейіпкер психологиясын жан-жақты толық бере алған қаламгер
шеберлігін тек жазушының өз кейіпкерлерімен тығыз байланыстылығын
байқатады.
Әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов өз ұстанымына сай көркем шығарманы
зерттеуде әртүрлі талдауларға сүйенеді. Соның ішінде, психологиялық талдау
тәсіліне көп зерттеулерінде аса ден қояды. Қазақ романы және психологиялық
талдау, Көркем әдебиеттегі психологизм, Мұхтар Әуезов – суреткер
сияқты еңбектерінде психологизм мәселесіне теориялық және практикалық
тұрғыдан түсінік беріліп, талдау жасалады. Кейіпкер характерін, жан
дүниесін, көңіл-күйін, дүниетанымы мен наным-сенімін берудегі психологиялық
суреттеулердің атқаратын қызметін, оны берудегі суреткердің амал-әдістерін
жан-жақты қарастырады. Бүгінгі әдебиетте психологизмді көркемдік әлемнің
жұлын-жүйкесі, көркемдік шындық принципінің айрылмас сыңары деп ғылыми
образға айналдыра сипаттап, қоғам өмірінің шындығын, өсу динамикасын
суреттеуде танымдық-эстетикалық міндет атқарып келе жатқандығын айтады.
Ғалым аңғарған психологизм көрінісі сан алуан. Ол бірде ішкі монолог,
бірде, психологиялық параллелизм, енді бірде психологиялық реплика
түрлерінде көрініс тапса, кейде басқа да тәсілдермен жүзеге асып
жататындығын мәтіндік мысалдармен дәлелдеп отырады. Мәселен, көрнекті
қаламгерлеріміз – М.Дулатовтың Бақытсыз Жамал, Ш.Құдайбердиевтің Әділ-
Мәрия, Ж. Аймауытовтың Ақбілек, М.Әуезовтің Абай жолы, Ғ.Мүсіреповтің
Оянған өлке сынды романдарындағы психологиялық талдауларды жазушының
көркемдік шеберлігінің көрсеткіші деп таниды. Көркем шығармадағы кейіпкер
характерінің шынайылығы психологиялық суреттеу тәсілдеріне тікелей
байланысты екендігін теоретик ғалым мынадай тұжырымды анықтамаларымен
жеткізеді: Қаһарманның рухани әлемін, жан сырын жеткізу амал-тәсілдерінің
жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық, шығармашылық феномен – психологизм
(2, 3-бет) немесе ...психологизм – көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі,
жазушы талантының төл белгісі әрі стиль көрінісі (2, 334-бет).
Кейіпкерді даралауға, ішкі қасиеттерін ашуға ықпал ететін психологизм
– образ жасауға аса қажетті көркемдік тәсіл. Кейіпкер психологизмін
шынайылықпен берудің озық үлгісін танытқан М.Әуезовтің психологиялық
суреттеулерін эпикалық психологизм, құлашты психологизм, өткір
психологизм, қазымыр, сырдаң анайы суреттеу емес, мәдениетті проза
талаптарына сай өресі биік, сұлу сырлы, аңғарғыш, әділ де мінезді
психологизм (3, 38-бет) деп бағалайды Мұхтар Әуезов – суреткер
еңбегінде. 1995 жылы Гуманитарлық білім беруді жаңғырту бағдарламасы
бойынша ҚР Білім минстрлігі мен Сорос-Қазақстан Қоры бірлесіп ұйымдастырған
гуманитарлық пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарының ашық
конкурсында бұл зерттеудің жеңімпаз атануы еңбектің құндылығының айғағы дер
едік. Мұнда ғалым М.Әуезовтің Абай жолында сюжеттік тартыстың кеңістік
пен уақыт аясында жинақылықпен берілуі, этникалық дәстүрдегі эстетикалық
пайым, суреткердің ұстанған психологиялық тұғырнамасы тәрізді мәселелерді
тың аспектілерден келіп талдап, түсіндіреді. Ғалымның бұл ізденістерін
әркездегі әдеби құбылыстарға қазіргі уақыттың талап биігінен қайта қарап,
жаңғырған сана елегінен өткізе отырып, сыр түюге деген ұмтылысы деп
білеміз.
Әдебиеттану ғылымының теориялық негіздеріне қанық Б.Майтановтың көркем
шығарманы әдеби заңдылықтарға сай зерттеуге машықтанғаны Мағжан Жұмабаев
поэтикасы еңбегінде де байқалады. Мағжанның дара қолтаңбасына тән
қасиеттердің нәрлі жиынтығы оның шығармаларындағы романтикалық, реалистік,
символдық, психологиялық суреттеулермен тікелей тамырластықта екендігін осы
зерттеуінде дәлелді көрсетеді. Өмір шындығын танытудағы Мағжан қолданған
көркемдік тәсілдердің бірі – психологизм дәстүрі болғандығын Шолпанның
күнәсінен толық көретіндігімізді, онда сентименталистік сарын натуралистік
дәлдікпен, реалистік шеберлікпен көрініс алғандығын айтады.
М. Жұмабаев шығармаларын көркемдік тұтастықта, мазмұндық және
пішіндік бірлікте қарастырып, оның поэтикалық табиғатын танытуды мақсат
еткен бұл зерттеуде Б.Майтанов модернист ақынның лирикасы мен поэмаларына
да барлау жасап, көркемдік әлеміне көз тастайды. Көркем образдылық, сезімге
бөленген ой, бірде шалқып, бірде мұңайған көңіл әуенінің сұлу сөз өрнегіне
түсуі, астарлы ой түйдектерімен берілуі ақын өлеңдерінің поэтикалық қуатын
арттырып тұрғаны ақиқат. Ақын поэзиясының көркемдік концептілерін,
құндылықтары мен даралығын анықтауда өлең құрылымына да талдау жасайды.
Қазақ тілінің бай мүмкіндіктерін, өзіне дейінгі дәстүрлі өлең өлшемі мен
түрлерін мол пайдаланғандығын тілге тиек ете келе, ақын өлеңдері ажарлау,
құбылту, айшықтау тәсілдерінің соны қолданыстарына толы екендігін айтады.
Ұйқас кестелері күрделі, тосын, өзгеше көркем, ырғақ түзу, тармақ, бунақ,
буын, дауыс құйылыстарын құбылту орайында ақынның қазақ өлеңіне енгізген
жаңалықтары мол дейді.
Ұлттық және шығыстық сарын тақырыпшасында Мағжан өлеңдерінде
ұлттық көркемдік дәстүрмен қатар, түркі жұртына тән көне наным-түсініктерді
қайта тірілту талабына назар аударып: М. Жұмабаев мұсылман дінін
қабылдағанға дейінгі қазақ елінің ескі салт-жырларын, жауынгерлік дәстүрін
ту ғып көтеріп, лирикалық қаһарманды бүкіл шығыс ұғымының баламасына
айналдыру арқылы жинақтаушы-символикалық бейне сомдаған (4, 11-бет), – деп
түйіндейді. Ақын поэзиясына осылай эстетикалық тұрғыдан талдау жасай келе,
Мағжанды өнердегі құбылыс, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көш басында
тұрған ұлы тұлға деп таниды.
Бақытжан Майтанов көркем шығарма поэтикасын зерделеуге арналған
зерттеулерінде өмір шындығының көркем шығармада идеялық-көркемдік бірлікке
айналу процесін тұтастай қамтып, ондағы суреткердің дара шеберлігінің қыр-
сырын ашуға тырысты. Б. Майтанов суреткер еңбегін талдап,
интерпретациялауда, бағалауда әрбір жайға объективтілікпен қарап, толымды
әрі тұжырымды пікір түйіп, субъективті ойын дәл таныта алатын зерделі ғалым
ретінде танылғандығын атап айтуымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Майтанов Б. Көркемдік нәрі. — Алматы: Жазушы, 1983. -184 бет.
2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. — Алматы: Санат,
1996. -336 бет.
3. Майтанов Б. Мұхтар Әуезов – суреткер. –Алматы: Әл-Фараби, 1996. –124
бет.
4. Майтанов Б. Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы. — Алматы: Қазақ университеті,
2001. -52 бет.
5. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс
көру,
бейвербалды ишараттар, заттық әлем). Монография. Алматы: Алаш, 2003.

2. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Тарихи роман жайдан-жай жазылмайды. Өзі дүниеге келген уақыт
зәрулігіне бұл жанр да қызмет етпек. Және қызметі бүгінгі заман тақырыбына
жазылған шығармадан кем соқпауы тиіс. Толық қанды тарихи романды алғаш рет
жанр есебінде туғызып қалыптастырған Вальтер Скотт бiр кезде Наполеон
Бонапарт пен революция талқандаған ескі тәртіпті көксеген. Сол романшы
секілді ескіні көксейді деді ме, кешегі тоталитаризм өткенге үңілуді
жақтырта бермейтін.
Өзімен бірге сөз бостандығын, еркіндігін қоса ала келген
тәуелсiздiгiмiздiң көк байрағы азат ел аспанында желбiрген күннен
бастап-ақ, тарихқа, мәдени асыл мұраға жөн-жосықсыз шабуылдау
өзiнен өзi демiгiп тыйым тапты. Есесiне жасампаздық шығармагерлiк
еңбекке шексiз мүмкiндiк туды. Қазiр шығарма авторлары үшiн
қандай да архив есiгi ашық. Олар тарихтан тапқан тың материалын,
соның негiзiндежасаған қандай да түйiнiн еш алаңсыз еркiн, сарқа
айта алады.
Тәуелсiздiктiң он жылы iшiнде жарық көрген тарихи туындылар,
әрине, бәрi бiрдей, дәл өткен ғасырдың аяқ шенiнде жазыла
бастамаған. Қолға алынуы, зерттелiп ойластырылуы кеңес кезiне
тура келгеннiң өзiнде жазылу барысында бұрын айтудан жасқанып, қысылып-
қымтырылып жүрген жерлердi ендi шындық күйiнде жеткiзуге сәтi түскенiне
қуанбаған жазушы болмаған шығар деп жорамалдауға толық негiз бар. Ол
шығармаларды бас-басына атап талдағанда, әдебиет қоржыны бүгiнгi Қазақстан
дiлгiрлiгiне қызмет ететiн сан алуан туындыға байи түскенiне көз
жеткiземiз.
Әдебиетке   заманның  кеңігені  жақсы  әсер  тигізді.  Жазушылардың 
да  тұсауы  кеңіп,   арқыны  ұзарды.   Жазушылардың   саны да  күннен
күнге  өсті,  жазушылар  одағының  мүшелері   де  көбейді.  Бірақ  
жазушылар  не  жазса да,  олардың  шығармалары  Социалистік  реализм
дейтін   дайын   қалыптан  шықпауы  тиіс  еді.   Әйткенмен,  бұл  жағдай 
әдебиеттің  бір  орында  тоқтап  қалмай,  ары  қарай  қозғалып  алдыға 
жылжуына кедергі   жасамады.   Біздің  жас  жазушыларымыз  бен 
ақындарымыз  қазақ  әдебиеті  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Қазақ әдебиетіндегі психологизм
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Қазақ прозасындағы психологизм (Ж. Аймауытов Ақбілек романы)
Көркем прозадағы психологиялық талдау
Ішкі монолог
Психологиялық талдаудың көркемдік қызметі
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Пәндер