Педагогика - тәрбие туралы ғылым



Педагогика өзінің атауын гректің "раіdаdodas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты , белглі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді, ұылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана — ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән-бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс - әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогака пәні — индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оку және окудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып . табылады. өстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен окушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның алыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады. Педагогикалық шындықта бұл "ұстаздар — оқушылар" жүйесі,ол сол жетекші бөлігі (элементі) (ұстаздар) бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.
Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының өзгеруі процесс деп аталады. "ұстаздар (педагогтар) - окушылар" жүйесі жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана педагогикалық процестегі ұстаздар мен окушылардың өзара әрекетінде (процестің қызметінде) тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық шындық (реальность) педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың
Әдебиеттер.


1.Жоламан.С.Т.Құқықтық мемлекет теориясы.-А.1999.
2.Мемлекет және құқық теориясы.-А.2001.
3.Сапарғалиев.Ғ.Құқық теориясы.-А.1995.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Педагогика тәрбие туралы ғылым
Педагогика өзінің атауын гректің "раіdаdodas"-баланы жетектеуші сөзінен
алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп
апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде
қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты
атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы
орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін
меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік
тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық
бөлінісінде қоғамның "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби
іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені
игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар
сияқты , белглі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді,
ұылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана —
ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән-бұл нақтылы
ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін
жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс - әрекет
объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.
Ал педагогака пәні — индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені
меңгеруі оку және окудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық
процесс болып . табылады. өстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен
окушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның алыптасуы
олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.
Бір элементтен көп элементтер қосылу барысында жүйе пайда болады.
Педагогикалық шындықта бұл "ұстаздар — оқушылар" жүйесі,ол сол жетекші
бөлігі (элементі) (ұстаздар) бойынша педагогикалық жүйе деп аталады.
Қандай да болмасын жүйе (биологиялық, техникалық, әлеуметтік) жағдайының
өзгеруі процесс деп аталады. "ұстаздар (педагогтар) - окушылар" жүйесі
жағдайының өзгеруі педагогикалық процесс деп аталады. Тек қана
педагогикалық процестегі ұстаздар мен окушылардың өзара әрекетінде
(процестің қызметінде) тұлғаның қайта өзгеруі жүзеге асады. Педагогикалық
шындық (реальность) педагогиканың категориялары, ұғымдары жүйелері арқылы
бейнелене алады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі
білім алумен байланысты. "Білім беру "деген сөзді" орыс тілінде
"образование" түбірі -"образ" деген (бет-лиц, лицо-пішін) лексикалық
мағынасы бойынша индивидтің дене және рухани қасиеттері қалыптасуын,
индивидтің қоғамдық болмыстың нақтылы әлеуметтік — экономикалық және
мәдени — тарихи жағдайларында дамуға, өзін жүзеге асыруға және өзін
ынталандыруға қабілетті тұлғаға айналуын білдіреді. Сондықтан білім беру
ұғым ретінде педагогикалық жетекші категория болады.
Тұлғаға білім беру үшін оқыту қажет, ол оқыту ұстаздар мен оқушылардың
өзара әрекет процесі, білім беру мен оқу орындарында оқылатын ғылымдар
негіздер мазмұнын меңгеру барысындағы окудың бірлігі. Сабақ берудің ролі
оқылатын материалдарды (распредмечивание) ғылыми білім мазмұнында
(опредмечиванияланған), іс-әрекеттер тәсілдерін айқындай көрсету. Оку
материалдары мазмұны мен оқушылар арасындағы делдал ретінде ұстаз*
оқушыларды қажетті іс - әрекеттер тәсілдеріне үйретеді. Окушыларды окуға
үйрету арқылы ғана (А. Дистервег, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская), тек осы
жағдайда ғана мұғалім өзінің қызметін орындайды. Оқушылар іс - әрекеттер
тәсілдерін меңгере отырып окуға үйренеді, оқу пәнінің мазмұнымен саналы
және белсенді жұмыс істейді, соның негізінде индивидтің әрекет күштері мен
қабілеттері заттық формаға ауысады (опредмечивание), оқушы тұлғасының
өзгеруі жүзеге асады.
Индивидтің жеке тұлға және азамат ретінде дамуы әлеуметтік белсенділік
пен анықталатын белгілі бір әлеуметтік ортада іс - әрекеттерін талап етеді.
Сондықтан да әлеуметтену ең маңызды категорияға жатады, ол тұлғаның өзін -
өзі сезінуі, "меннен" басқа "менге" қозғалысқа, әлеуметке енуі.
Әлеуметтендірудің негізі белгілі бір білімдер, құндылықгар, мінез-құлық
нормалары жүйесін меңгеру деген сөз, ол сол тұлғаға сол қоғамның толық
жарамды мүшесі ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Тұлғаның әлеуметтену
процесі стихиялы (ұйымдаспаған) түрде болуы мүмкін, онда оның нәтижесін
болжау қиын және қоғам үшін зиянды болуы мүмкін. Міне, сондықтан да ұстаз
әлеуметтендірудің мәнін түсіне отырып, ынтымақгастық біздің иелену үшін
қажетті байланыстарды, оқушылардың оқу және отбасына осы мәселені шешуге
көмектесе алады және өзіндік "менді" оқу, окудан тыс іс -әрекеттері арқылы
қамтамасыз ете алады. Педагогика категорияларының құрамында жоғарыдағы
айтылғандардан (тәрбие, педагогикалық процесс, білім беру, оқыту,
әлеуметтендіру) басқа мынадай: - тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптастыру.
XIX ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға
байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Сонымен
бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни
пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте —
бірте жалпы пәнмен байлаңысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері,
оқу - тәрбиелеу, оқу орнындарындағы типтері бойынша ерекшелігі бар салалар
айқындала түсті.
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшелік
педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика
мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика,
салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі
кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика
және т.б. дербес бөліне бастады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс пен білім берудің негізгі
заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика (мектепке дейінгі,
мектеп, ересектер педагогикасы) анатомиялық және физиологиялық және әртүрлі
жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық
процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.Кейінгі он жылда бірқатар
ғалымдар мектепке дейінгі педагогикадан бала бақша жасындағы педагогикасын
бөліп көрсетеді. Мұндай бөлу әділетті , себебі сәби жасындағы балалардың
санасы дамуының өзіндік ерекшеліктері бар, міне осыдан келіп бұл пәнңің
психологиямен, педагогикамен және медицинамен тығыз байланыстылығы ерекше.
Зейнеткерлердің тұрғындар құрамындағы үлес салмағының өсуіне байланысты
үшінші жас педагогикасы пайда болды, ол қалыптасу деңгейінде. Кәсіби-
техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы,
жоғары білім беру педагогикасы-пәндері (дисциплины), олардың пәні
педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге
әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылықтары болып табылады. Бұл
пәндерге жүмысшыларда екінші, үшінші және т.б. мамандықтарды игеруге дейін
бағытындағы оқытудың заңдылықтарын зерттейтін өндірістік педагогика да
жатады.
Педагогиканың салалық тарауларына арнаулы педагогикалық ғылымдар
(сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофролопедагогика, логопедия), дене
дамуында кейбір ауытқушылықтар (есту, көру, ойлау қабілеттеріндегі
өзгерістер, сөйлеу) бар балалар мен ересектерге білім берудің теориялық
негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын зерттеулермен айналысады.
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге
шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықгы игергендер мен офицерлер
кұрамының тәрбиелік іс-әрекеттерінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету (исправительная) педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды
қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын қарастырады (пенитенциарлық
мекемелер). Мұнда жас ерекшелігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен
жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу
зерттеледі.
Сауықгыру педагогикасы психология мен педагогиканың өзара белсенді
әрекеттері барысында салыстырмалы түрде кейінгі кезде ғана дами бастады.
Бұл ғылымның пәні кәдімгі жалпы мектептегі оқу - тәрбие процесінен қол
үзген ұзақ уақытқа емделетін ауру балаларға білім беру болады.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен
мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Сондықтан оның азаматтық
тарихпен, этнографиямен, этнологиямен, археологиямен байланыстары табиғи
нәрсе, өйткені педагогикалық ой қоғамның материалдың және рухани
мәдениетті саласының бірлігі бағытында дамиды.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдердегі білім беру және тәрбие
жүйелерінің дамуын, олардың жалпы және өзіндік ерекшеліктерін салыстыра,
дамуын зерттейді. Ал бүл ұлттық педагогикалық мәдениетті дүние жүзінде
қалыптасып келе жатқан жетістіктермен байытуға мүмкіндік
береді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе
пәндік педагогика құрайды,онда жалпы -бүл педагогикалық зандар мен
заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшелік (особенное)
берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде
педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді,
теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіріледі, педагогикалық
шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты
қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер
практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың
гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысы басталады. Педагогика
адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық
мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін
бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни
ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес
ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде
ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне
алып келді. Бірақ XIX -XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым
аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы
педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының
дамуының заңдарын, ал педагогика - тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.
Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз
мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін
бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер
ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін түлғаны зерттеу
әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және тағы басқалар)
пайдаланады.
Педагогика ол организмнің материалды- энергиялық түрлілігін ашып
көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің
заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді
меңгеру танымдық іс - әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын
терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол
қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен түратын
(әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан,
педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы
және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана
социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы
әлеуметтік - экономикалық, құқықгық, демографиялық және мәдени ортаның
жағдайы туралы біле алады. Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің
маңыздылкрі олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық
шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік,
олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін
болады. Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және
тәрбиелеу жүйесі қажет. Әрине, бүл проблеманы бірлескен комплексті
зерттеулер нәтижесінде ғана шешуге болады. Ғылымдар байланысының жаңа
деңгейін бастапқы педагогиканың философия ғылымы саласында дамуы бүгінгі
күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия
және оның салалары - білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының,
мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну
нәтижесінде дамиды.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу
барысында басқа ғылымдарға - тарихқа, этнологияға, этнографияға,
юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер
теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының
негіздері) жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне
әсерін тигізеді. Р.Г. Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара
байланысы қандай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: баска ғылымдардың
негізгі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын,
педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданылып жүрген зерттеу
әдістерінің творчестволық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нақтылы
зерттеу нәтижелерін педагогикада қолдану; педагогтардың адам проблемалары
бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде
табиғат, қоғам және адам ойлауының зандары жатқанын негізге алады. Таным
әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола
алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен
үғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосындысы емес,
ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде
жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты- табиғат, қоғам
және ойлау ғалымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан
дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да
ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс - әрекеттеріне
байланысты ғылымдарға орын жоқ. Содықтан XX ғасырдың екінші жартысының
өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады.
Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс -әрекеттері
ғылыми білмдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине,
нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның
методологиясына теорияның, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен
практикалық ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді. Демек, XIX ғасырдың
аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды
теорияландырудан түрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған
фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық бөлінуінен келіп шығады.
Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді:
фундаменталдық, теориялық, теориялық - қолданбалы және талдамалық
,зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі
уақытта, іс- тәжірибеге шығуды Қарастырмаған барлық теориялық тұырымдамалар
кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін. Іргелі терең зерттеулер,
құбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің
тетіктерін, заңдар мен зандылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет
етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен
нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардың өзара
байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе
жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы
зерттеулер практикалық іс - әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың
қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру (халыққа білім
беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті
әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және
т.б. беруге бағытталған.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және
тәжірибелік аспектілер өзара тығыз байланысты. Сондықган педагогикада
теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы
тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың методологиясы деген
сүрақгы қарастырғанда күмән жоқ,бүл сүраққа жауап бермей басқа сұраққа
жауап беру мүмкін емес - ал бл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің
теориялық деңгейін күшейту деген сөз.

Әдебиеттер.

1.Педагогика.Дәріс курсы.-А.2001.

2.Қоянбаев.Ж.Б.Педагогика.-А.1999.

3Әбиев.Ж,БаюаевС.Б.Педагогика.-А.20 04.

Жоспар.

Кіріспе.

1. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

2.Құкықтық мемлекеттің ұғымы.

3.Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.

Қорытынды.

Кіріспе.

Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уакыттың
құбылысы болды, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғам-дық өмірдің
демократияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін
байланыстыруда. Осыған байланысты құқыктык мемлекет үғымын ашу, оның
ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өміріндегі акикат ролін
көрсету үлкен теориялық және практикалык мәнге ие болды.
Құқықтық мемлекет мемлекеттік баскарудағы құкықтык басымдығы идеясынан
шығып отыр, сондықтан да тек кана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың
ниетін емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа
субъектілерін құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтама сыз етіп,
кепілдік беру кажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге
басымдык береді. Құкықтык мемлекетке барлык экономикалық, әлеуметтік және
рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғаларарасындағы өзара қарым-қатынас
саласына кірісу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың негізгі категориялары
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогиканың категориялары
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Педагогика мақсаты
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогикалық зерттеудің библиографиясы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогикалық эксперимент - педагогика ғылымындағы негізгі әдіс
Пәндер