Механизмдер құрамына кіретін бөлшектер мен тораптарды жасауға арналған материалдар


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

“Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары” кафедрасы

ОӨЖ №1

Механизмдер құрамына кіретін бөлшектер мен тораптарды жасауға арналған материалдар

Орындаған: Жумагалиева А.

Оқу тобы: ТО-311

Тексерген: Джилкишева А. Г

Семей 2015

Машина бөлшектерін ойластырғанда біз алдымен оларға қойылатын талаптарды біліп, одан кейін оларды сол талаптарға сәйкес жасауымыз керек. Ол талаптар мынадай:

  • Машина бөлшектері белгілі бір мөлшерде қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол машинаның жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.
  • Машина бөлшектері берік, қатаң, тощуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.
  • Машина бөлшектерін дайындау технологиясы оңай және арзан болуы керек. Дайындау технологиясын ойластырғанда бөлшектердің қажетті мөлшерін еске алу қажет.
  • Машина бөлшектерінің салмағы жеңіл болуы керек. Әрине, бөлшектердің салмағы неғұрлым аз болса, машина соғұрлым жеңіл болады, сондықтан ең алдымен жолаушы машиналарының бөлшектеріне мұқият талап қойылады.

Машина бөлшектерінің жұмыс істеу қабілеті және көпке шыдамдылығы олардың беріктігіне, тозуға төзімділігіне, қатаңдығына, ыстыққа және дірілге төзімділігіне байланысты болады. Сырғанау подшипниктері тозудан істен шығатын болса, ал бұрандалы болттар көбінесе сынады. Сондықтан сырғанау подшипниктері тозуға төзімді болуы және сол тозу төзімділігіне есептелуі қажет.

Беріктікке есептеу 3 түрлі жолмен жүргізіледі. Біріншіден, жоғарыда көрсетілген формулаларды пайжаланып қима ауданында сыртқы күштердің әсерінен пайда болатын кернеулердің ең жоғары мәнін анықтап, оларды мүмкіндік кернеумен салыстыру арқылы есептейді. Ал екінші есептеу қор коэфициентін анықтау жолымен жүргізіледі. Белгілі формулалармен қор коэфициентін анықтап, оны мүмкіндік шамасымен салыстырады.

Қатаңдық деп, бөлшекке күш түскенде өзінің пішінің өзгертпей сақтап қалатын қабілетін айтады. Қыздырып және химиялық әдістермен өндеу арқылы болаттың беріктігін және беттік беріктігін арттыруға болады, ал қатаңдығын өзгертуге болмайды, себебі қатаңдық тек қана серпімділік модуліне байланысты болады. Сондықтан көптеген бөлшектердің мөлшері қатаңдыққа есептеу арқылы табылады.

Тозуға төзімділік. Көптеген бөлшектер тозудың нәтижесінде істен шығып қалады. Тозған машиналарды жөндеу үшін біздің мемлекет жыл сайын ондаған миллиард қаржы бөледі. Кейбір машиналарда жөндеуге жұмсалған қаржы олардың өз құнынан да асып кетеді. Мысалы, жыл сайын тек ғана карьерлерде пайдаланатын экскаваторды жөндеуге кететін қаржы елімізде жыл сайын шығарылатын барлық экскаваторға кеткен қаржыдан 1, 44 есе артық болса, ал жерді бұрғылау станоктары үшін көрсетілген қаржы 2 есе артық болады. Тракторлар мен бульдозерлерді жөндеуге кететін қор бөлшектерінен 18-дай жаңа машина, ал станок өнеркәсібінде 15-дай металл кескіш станоктарын жинастыруға болар еді. Машина бөлшектерінің 80-90%-і тозудан істен шығатындықтан олардың тозуға төзімділігін арттыру мемлекеттік талап болып саналады. Тозған бөлшектер көбінесе төмендегі бұзылу жағдайларына әкеп соғады:

1. Тозу нәтижесінде бөлшектердің беріктігі төмендейді және динамикалық күштердің шамасы артады. Бұл жағдай бөлшектердің сынуына әкеп соғады.

2. Приборлардың, өлшеу аспаптарының және станоктар бөлшектерінің тозуы, олардың дәлдігін кемітіп, қолдануға жарамсыз етеді. Қазіргі уақытта тозудың көптеген түрі анықталады. Тозу машина бөлшектерінің жанасу бетіне сырттан енген қаттылығы жоғары абразивтер түсуден, тотығудан, металдардың бірімен-бірі қабысып қалудан және қажудан пайда болады.

3. Машиналардың пайдалы әсер коэффициенті азайып, шу көбейеді.

Машина бөлшектерінің тозуға төзімділігін арттыру үшін оларға мынадай жағдайлар жасалуы қажет:

  • Бөлшектердің үйкелісетін жерлерін үнемі майлап, үйкеліс коэффициентін азайту үшін антифрикциялық материалдар қолдану қажет.
  • Қыздырып және химиялық әдістермен өңдеу арқылы тозуға төзімділігін арттыруға болады. Мысалы, көміртегімен қандыру, хромдау, азоттау және т. б. өңдеу арқылы болаттардың беріктігін, тозуға төзімділігін бірнеше есе арттыруға болады.
  • Тез тозатын бөлшектерді ауыстырмалы немесе жылжымалы етіп жасаған жөн. Мысалы, сырғанау подшипнигінің астарын ауыспалы етіп жасау немесе конусты подшипниктердің сыртқы сақинасын жылжымалы етіп жасау тозудан пайда болатын саңылауды болдырмауға мүмкіндік береді.
  • Бірімен-бірі жанасатын бөлшектердің материалдарын дұрыс таңдау жөн: а) тісті дөңгелектерді мейлінше қаттылығы жоғары етіп жасаған дұрыс. Шыныққан болаттан жасалған тісті дөңгелектер салмағы жағынан жақсартылған болаттан жасалған тісті дөңгелектерден 3 есе кем және олардың жұмыс істеу мерзімі жоғары. Шыныққан болаттардың қаттылығы абразив бөлшектерінің қаттылығынан жоғары болған жөн; ә) үйкелісте болатын машина бөлшектерінің бірін қаттылығы жоғары материалдан, ал екіншісін үйкеліс коэффициенті кем, тозуға төзімді материалдан ( қола, жез, баббит) жасаған жөн; б) тек қана тот басып үгіліп тозуданжыл сайын мемлекет 10 млн. дай металл жоғалтады, олардың құны бірнеше миллиард теңгеге жетеді.

Бөлшектерді тот басудан қорғау үшін әр түрлі түсті материалдармен, полимерлер мен шыны материалдармен жабу әдісі қолданылады. Сондай-ақ жаңа материалдарды, атап айтқанда, өзекті арқаулы материалдар, металды керамикалық, графитті металдар және пластмассаларды кеңінен қолдану қажет.

Жылуға төзімділік. Машина бөлшектеріне шамадан тыс күш түсіргенде, олар тез істен шығып қалады, оның себебі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығы және оның өндірістік процестегі рөлі.
Машина құрастыру негіздері пәнінен жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған дәрістік конспект
Көлік кешені туралы
Көлік техникасына ТҚК және жөндеуді басқару
ТҚК және автомобиль жөндеу
Автомобиль құрастыру технологиясы
Автокөліктің сенімділігі
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz