Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идеяны жаңғырту.
1.2.Қорқыт Ата тағылымы.
1.3. Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің басты идеясы
1.4. Қорқыт Ата мұрасының халықтық маңызы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Белгілі бір халықтың өзіне тән ерекшелігі,дүниетанымдық,тәрбиелік,мәдени мұрасы болады. Олар әр халықтың оқу,білім,тәлім – тәрбие тағы басқа мәдени болмысындағы ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді.Әрбір ұлттың мәдениеті,ана тіліндегі әдебиеті мен ұлттық білім негізінде дамитыны белгілі.
«Қорқыт ата кітабын» өзінің тарихылығы,сюжеті,образдарының саралығын суреттейтін өмір тұрғысы,салт-сана көрінісі жағынан қазақтың батырлар жырына өте ұқсас.Сондай –ақ «Қорқыт ата кітабында» исламнан бұрынғы мифология көріністері елеулі орын алады.Мысалы «Аруз батырдың қойшысы мен пері қызынан Табакөз дәу туады.Аруыздың жау қолында өскен қыздың ұлы Бисат өлтіреді».Сол Бисатты жасында таудағы арыстан асырайды.Әзірейілмен соғысуы да мифологиялық желі.Бұл – ерте заманнан келе жатқан мифологиялық аңыздар.Бұл сарын «Оғызнамадан» бері келе жатыр.Оғыз тайпаларының тотемдері – арыстан,айдаһар болған.Осы белгілеріне қарағанда бұл жыр батысқа емес,шығысқа тән сюжетдейміз.Жырдағы көшпелі өмір суреттері,ерлік аталар пульті ғана емес,шаманизм,поэтиканың өрнектері де қазақ ұғымына өте жақын.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Жоба жұмысы
Тақырыбы: Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Орындағандар: Анарбек А.А.
Адамзатова Ш.Қ.
Ерболат Е.
Тоқсанова А.Қ.
Берікболова А.
Семей 2015
Жоспар:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1.1Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идеяны жаңғырту.
1.2.Қорқыт Ата тағылымы.
1.3. Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің басты идеясы
1.4. Қорқыт Ата мұрасының халықтық маңызы
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІҮ. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның көкейкестілігі хақында.
Белгілі бір халықтың өзіне тән ерекшелігі,дүниетанымдық,тәрбиелік, мәдени мұрасы болады. Олар әр халықтың оқу,білім,тәлім - тәрбие тағы басқа мәдени болмысындағы ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді.Әрбір ұлттың мәдениеті,ана тіліндегі әдебиеті мен ұлттық білім негізінде дамитыны белгілі.
Қорқыт ата кітабын өзінің тарихылығы,сюжеті,образдарының саралығын суреттейтін өмір тұрғысы,салт-сана көрінісі жағынан қазақтың батырлар жырына өте ұқсас.Сондай - ақ Қорқыт ата кітабында исламнан бұрынғы мифология көріністері елеулі орын алады.Мысалы Аруз батырдың қойшысы мен пері қызынан Табакөз дәу туады.Аруыздың жау қолында өскен қыздың ұлы Бисат өлтіреді.Сол Бисатты жасында таудағы арыстан асырайды.Әзірейілмен соғысуы да мифологиялық желі.Бұл - ерте заманнан келе жатқан мифологиялық аңыздар.Бұл сарын Оғызнамадан бері келе жатыр.Оғыз тайпаларының тотемдері - арыстан,айдаһар болған.Осы белгілеріне қарағанда бұл жыр батысқа емес,шығысқа тән сюжетдейміз.Жырдағы көшпелі өмір суреттері,ерлік аталар пульті ғана емес,шаманизм,поэтиканың өрнектері де қазақ ұғымына өте жақын.
Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата - өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт - аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. Қорқыт ата былай деген екен... деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады. [1.128бет]
Зерттеу обьектісі: Қорқыт ата дастаны және Қорқыт жайлы аңыздар мен деректер.
Тақырыптың өзектілігі: Қорқыт ата дастанындағы ұлттық болмысты, ұлттық идеяны зерттеу. Бұрын ғылыми жоба түрінде зерттелмеген бұл дастандағы ұлттық көзқарасты қазақ халқының назарына ұсыну.
Зерттеу пәні: Ежелгі дәуір әдебиеті және қазақ халық ауыз әдебиеті.
Зерттеу мақсаты: Абыз, аса көрнекі тұлға Қорқыт шығармаларын теориялық тұрғыда талдап, өзіне тән даралық сипатын ашып, көтерген тақырыптарының өміршеңдігін дәлелдеп, ондағы ұлттық құндылықты көпшілік қауымға жеткізу.
Зерттеу міндеттері:
- Қорқыт ата дастаны жайлы ғалымдардың пікірлерін, мақалаларын жинақтау, саралау.
- Қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесінің танымдық рөлін анықтау.
- Қорқыт ата шығармалырның тәрбиелік мәнін анықтау.
- Қорқыт ата мұрасының халық үшін маңыздылығын айқындап, саралау.
Зерттеу тұжырымдары: Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт ата аңызының басты идеясы болды.
Зерттеудің болжамы: Қорқыт ата тағылымы ұрпаққа дұрыс бағытты нұсқаушы, ұлттық тәлім- тәрбиеге толы мұра ретінде сан ғасырлыр бойы сақталуы керек.
Зерттеудің деректік негізі: Қорқыт ата жайлы қолжазба нұсқалары.
Зерттеу әдістері: саралау әдісі, сауалнама алу, тұжырымдау, теориялық әдіс, салыстырмалы әдіс.
Жобаның ғылыми жаңалығы: Сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, асқан күйші, аңыз кейіпкері Қорқыт ата шығармашылығы алғаш рет жан-жақты қарастырылып отыр. Қорқыт шығармашылығын зерттеу барысындағы жобаның жаңалығы бірнеше сипаттарымен көрінеді:
- Қорқыт шығармаларындағы ұлттық идеяға баса назар аударылды.
- Қоқыт ата дастанына байланысты айтылған ой-пікірлер мен көзқарастар сараланып, бүгінгі көзқарас деңгейінен бағаланды;
- Архивтік деректермен жұмыс жасалынды.
Зерттеудің теориялыық мәні: Тегінде Қорқыт ата кітабындағы он екі жырдың әрқайссысы кезінде өз алдына дербес жеке-жеке дастандар күйінде өмірге келген болса керек. Қорқыт ата дастанындағы он екі жырдың кейбіреулері бір қаһарман арқылы,бірдей оқиға бойынша өзара баййланысты десек те, бірақ олар кітапта хронологиялық тәртіп бойынша орналаспаған.
Зерттеудің кезеңдер:
Бірінші кезеңде: Қорқыт ата туралы, оның өмір сүрген кезеңдері мен еңбектері, қызметі, яғни жалпы Қорқыт туралы көптеген мәліметтер жинастырылып, жан- жақты қарастырылды.
Екінші кезеңде: Қорқыттың нақыл сөздерін талдап- талқылап, өз тақырыбымызға байланысты, яғни ұлттық идея көрінетін тұстарын қарастырдық.
Үшінші кезеңде:Жинақталған мәліметтерді жүйелеп жазып, осы бойынша анкета сұрақтарын алып, ой- қорытынды жасадық.
Зерттеудің практикалық мәні:
Он екі жырдан құралған бұл дастанның әрбір тармағында ұлттық болмыс пен тәрбиелік мәні бар мағұлматтар өте көп. Егер ол кітап түрінде ғана жинақталып, сөрелерде ғана тұрса, он оқыйтын халық саны аз борлары сөзсіз. Сондықтан, жаңа тхнологияларды пайдалана отырып шағын фильмдер, бейне роликтер түсірген дұрыс.
Зерттеудің дәлелдемелері: Анекета бойынша студенттерге сауалнама жүргіздік.
Тәжрибеге енгізу: Қорқыт ата жайлы жинақталған барлық деректерді бір жүйеге елтіріп, реттілікпен жинақтап оны мектеп бағдарламасына енгізу керек. Колледж, Университет студенттеріне арнайы Қорқынтау сабағын тәжірибе жүзінде енгізсек.
Жоба жұмысының құрылымы:
Жоспар,кіріспе,негізгі бөлім, қосымша, қорытынды.
Ұсыныстар:
- Қорқыт ата атымен аталатын журнал,газает шығарылса;
- Қорқыт ата кітабында кездесетін нақыл сөздер мен жырларды шағын кітапшаға қайта басып шығарса.
-Мектеп оқулықтарындағы Қорқыт жайлы мағұлматтар кеңейтілінсе.
- Қорқыттың нақыл сөздері мектеп оқулықтарында көптеп беріліп, өскелең ұрпақ Қорқыт нақылдарымен сусындап өссе халықтың дүниетанымы едәуір кеңейер еді.
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идеяны жаңғырту.
Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы.[2.451бет]
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным
түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі,бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс
Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.
Қорқыттың этикалық әлемі-бұл қазақ халқы қоршаған табиғатқа, ұлы Отанға және оның батырлық өткеніне деген сүйіспеншілігін жиған ұрпақтардың жалғастырушы желісі, әдептілік дәстүрлердің тірі жалғасы, болашаққа сеніммен қараудың таусылмас қайнар көзі және даналықтың қазынасы. Ойшыл-сәуегейге жас та, кәрі де және одан өмірлік ауыртпалықтардан айығуға, жанына тыныштық және жүрек-теріне жылылық таба білді. Қорқыттың кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас.
Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен тұлпар болмас. Қар қаншама қалың жауғанмен-жазға бармас, гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас. Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас болмас. Қайыспас қара балтасыз жау алынбас. Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас. Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағлым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен
дәм беруге жарамайды. Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп серп етпе. Жер қадірін ел біледі, ер қадірін ел біледі. Құлын құдыққа түссе құрбақа құлағында ойнайды. Көп қорқытады, терең батырады. Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл атадан көрмейінше үгіт алмас. Ежелгі жау ел болмас, ескі мақта жіп болмас, қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы. Адам қанша қажетсінгенімен,ол өз үлесінен артық жей алмайды, т.б.[2.452-453бет]
Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. "Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны" жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді: Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес, Арналы өзендер қартайса, су келмес,Биелер қартайса, құлын бермес,Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес
Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: "Бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.
Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес".Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен алты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. "Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас", "Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес" "Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса".Қорқыт атадан қалған тағы бір нақыл сөздерінен мысал келтірсек: "Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады". "Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді", "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды", "Ананың көңілі балада болар", "Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ", "Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі", "Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы", "Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді", "Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық".
Отбасындағы әйел рөлін түсінуге қатысты қызықты идеялардың өзара алмасуы мен ой толғаулардың үндестігін Қорқыт Атадан да
Байқауға болады. Қорқыт бойынша, әйел-үйдің тірегі, ондай әйел өзінің күйеуі аңға шығып кетіп, үйге түзден қонақ келсе, ол қонақты тамақтандырады, шөлін қандырады, дем алдырады да жібереді. Бұл Айша мен Фатима тектілер, мұндайлардың тіпті мыңы өсе берсін, ондай әйел сенің ошағыңа да келетін болсын Қорқыт кітабының кіріспе сөзінде әйел төрт түрлі болады, оның басы құт әйел, соңы - қанағаты жоқ әйел, одан қалса елін ығыр қылытын кесір әйел, тірлігін ұқсатпайтын салақ әйел деген. Жақсы әйел ерінің бар жоғын білдірмей, елге аға бола алады дейді. Мұнысы мақал емес, нақыл сөз.Атаның атын былғаған жетесіз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырылдап тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, - дейтін ұлы бабаның нақыл-өсиет сөздерінде өткен заман кескіні, үй-тұрмыс жағдайы,ата-ана, ұл мен қыз, күйеу бала, табиғат көрінісі, хайуанаттар тіршілігінен түсінік беріп, өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында оптимистік сарын бар. Ұлы баба арманы, мұраты адамзатқа жер бетіндегі өмірдің мәнін ұғындыру, адамдар жүрегінеқайсар рух пен кемел ізгіліктің дәнін себу арқылы асыл қасиеттер дарыту.[2.454бет]
Қорқыт көтерген мәңгілік мәселесі-өмірсүйгіштікке шақыру және өмірді сүйген адам ғана өз ұрпағын адамгершілік негізінде тәрбиелейді, сол арқылы жалпы халықтың болашағы алдында өзінің жауапкершілігін түсінеді және перзенттік борышын барынша парасаттылықпен, ыждағатты түрде орындауға тырысады. Адамның тектілігі де, намысының негізгі кейпі де осында жатыр. Тектілікке, атаққа іліну немесе байлық пен мансап құру жатпайды, керісінше, дүниенің сырын, оның терең мәнін жүрегіңмен түсініп, ақылыңмен екшеп, айналаңа жылуыңды шаша жарқын өмір сүруді жатқызуға болады. Адам жақсы істің жалғасын біліп, дүниені көркейтуге өз үлесін қосуы, дарынын шабытпен шалқытып, адамдарды біріктіре білсе тектілік танытқаны. Бұл болмыста өмір сүре білу дегеніміз әлеуметтік шындықтағы қиындықтарды белсенді түрде жеңе білу, мүмкіндігінше тіршілікпен үйлесімділікті орнатуға атсалысуы.Бұл іс-әрекеттегі ұқыптылық -адамның үлкен өмірдің алдындағы жауапкершілігі.
Қорқыт жырларындағы отаншылдық пен ерлік, ізгілік пен әдептілік, сабырлылықпен төзімділік-біздің бәріміздің ата-бабаларымызды қандай қиын сыннан да алып шыққан түркілік қанымызда бар қасиеттер. Қорқыт ата мұрасы ертеңгі зиялы азамат ретінде елінің шын патриоты болып өсуімізге ықпалы зор, сондықтан Қорқыт атаның нақыл сөздерін әр жастағы адам өзінше оқиды, өзіне керегін алып, өмірлік тәжірибеде қолданады. Осы болмысымыз бен дүниетанымызды келер ұрпақтарымыз да мәңгілікке жалғастырып, адамзат өркениетінің тарихында лайықты орнымызды иелену
үшін біз Қорқыт Ата мұрасын зейін қоя оқып, өзімізден кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге етуіміз қажет. Қорқыт ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер ғана емес, түркілік дүниетанымның мәйегін жасап кеткен ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өз орны бар философ-гуманист
айтты деген мақалдар мен нақыл сөздердің өзінің мәнін жоймағандығы соншалық, оның кейбірі әлі күнге дейінқазіргі қазақ өмірінде қолданылып келеді.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасырлық данышпандары - Қорқыт Ата, Әл-Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.[2.455бет]
Қорқыт Ата тағылымы.
ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата - ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. "Кімге қазып жатырсыздар?" деген сұрауына "Қорқыттың көрі" деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де "Қорқыт ата шығармаларын" "Қорқыт Ата кітабы" деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
"Қорқыт Ата кітабы"- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: "Жыраудың үлкен пірі - Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда" - деп тегін жырламаған.Қандай ма қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.[3.68-69бет.]
Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: "Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады". "Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді". "Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас". "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды", "Ананың көңілі балада болар", "Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ". Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: "Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі", "Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы", "Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді", "Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық".
Шығармадағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің "Шахнамасына" үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол - бүкіл түркі халықтарына ортақ жайында сақталған. Көшірмесін түріктер одан біз қазақ тіліне аударған. Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. "Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны" жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді:
Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,
Арналы өзендер қартайса, су келмес,
Биелер қартайса, құлын бермес,
Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес
Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары
тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: "Бала
болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиынемес". Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер "Адамзат өмірінің мәні неде?" деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған. [3.70 бет.]
Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны қазақ, жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқалады.
Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. "Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас", "Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес", "Ұлдың күні қараң, ата өлік мал қалмаса", "Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса". Күллі түркі халықтарына ортақ Қорқыт Ата тағылымдық қағидалары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Қорқыт Ата мұрасына бүгінгі ХХІ ғасырда өмір сүретін ұрпақ ерекше мән беріп, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінде кеңінен пайдаланылып келеді. Қазір Егеменді Қазақстанда Қорқыт Атаның философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-толғаныстары туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер жарық көре бастады. Атап айтқанда, Айдосов А. "Қорқыт Ата", А., 1997; Ермеков Қ.Е., Аташ Б.М. "Қорқыт Ата - ойшыл, философ", А, 2002; Есім Ғ. "Қорқыт дүниетанымы", Парасат, 1998, №4; Бейсенов Қ. ІХ-Х ғасырлардағы қазақ ойшылдары. Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы, Алматы, 1994.
Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едәуір ерекшеліктері болды. Мұнда қайта өрлеу (Ренессанс) Батыс елдерінен 5-6 ғасыр ерте, яғни ІХ-ХІІ ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда қатынасын күшейіп, экономикасын дамытуға әсерін тигізді.
Қорқыт Ата мұраларының Қазақстанның тарихы менмәдениетінде алатын орны зор. Қорқыт мұраларынан тағылым ала отырып,
өткен замандағы тарихи құндылықтардың мәнін жоғалтпай сақтай білу,
ұлттық тарихымызды жаңаша зерделеу, ұлттық сана мен рухани дүниені
кеңейту - XXI ғасыр ұрпағының парызы.[3.71-73бет.]
Қорқыт ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық. Ат жемейтін ащы шөптің гүлденіп өспегені жақсы. Адам ішпес ащы судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрген де аз. Хан ием, сізге сансыз ұзақ ғұмыр тілеймін. Тәңірі сізді жамандықтан сақтап, бақ-дәулетіңіз арта берсін.
Хан ием, сайдың шөбін жеген білер, түздің шөбін бөкен білер. Күн мен түннің келгенін бозторғай білер. Ұлдың кімнен туғанын ана білер. Иесінің иісін ат білер. Жүктің ауырлығын есек білер. Беліне қай жерден арқан түскенін тең білер. Қолына қобыз ұстаған ұлан елден елге, бектен бекке барады. Кімнің батыр, кімнің бақыл екенін жырау білер, қобызын сарнатқан жырауға думан керек. Уа, хан ием, мынау жарық дүниеде тәңірім (сіз бен бізді) адастырып, жарты жолда қалдырмасын.
Тыңдап көрелік, хан ием, Қорқыт тағы не айтқан екен: Аузымды ашсам, тіліме кәлима келеді. Аллаға - шексіз құрмет! Алланың досы, дініміздің егесі Мұхаммедке - құрмет! Сол Мұхаммедтің оңында тұрып, дұға оқыған Әбубәкірдің аты өлмесін! Құранның соңғы сүресі Амманы оқығандарға құрмет! Сол Ғалидың балалары, пайғамбардың жиендері Кербала шөлінде Язит қолынан шейіт болған, ағайынды екі мүсін - Хасан мен Хұсайынға - құрмет! Сөзі құранға түскен, ретімен тізіліп, тілімізді кәлимаға келтірген құранға - құрмет![4.35бет.]
Ғұламалардың көзін ашамын деп құран сөзін жанған от ішінде ретке келтіріп, кітап еткен Аффан ұлы Оспанға құрмет! Аласа жерге салынған Алланың үйі - Меккеге - құрмет! Сауында сапар шегіп, аман-есен еліне жеткен, шындық іздеп, Меккеге тәубе еткендерге - құрмет! Күндердің жақсысы - жұма өлмесін! Жұма күндері хұтба оқығандарға құрмет! Сол хұтбаға мүлгіп, құлағын салған мешіт қауымдарына - құрмет! Мұнараға шығып азан оқығандарға -- құрмет! Тізелерін бүгіп, намаз оқыған ерлі-зайыпты жұбайларға - құрмет! Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға - құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін бөбегіне емізіп тойғызған асыл аналарға - құрмет! Солар үшін ақ отау тіккен аға-інілерге құрмет! Некелі сағатта куәлік еткендерге, жаңа туған ұлға - құрмет!
Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға - құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рақым етіп, жар болсын!
Әйел төрт түрлі болады, -- депті Қорқыт. - Оның бірі -- ниеті құрыған әйел, екіншісі - ынсапсыз әйел, үшіншісі - үйдің құты болған әйел, төртіншісі - кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы - осы.
От басының құты болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып саладыю бұлар - Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер мыңдап өссе де көп емес, бәлки аз. Сіздің ошағыңызға сондай әйел кез болсын.
Одан соңғысы - ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен тұрып, беті-қолын жумастан, тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылан бастайды да: Қараң қалғыр, осы үйге мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып тамақ ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген башпағым болмады.
Ең соңғысы - адам тілін алмайтын кесір (қырсық) әйел. Үйге түзден бір ұятты қоанқ келіп, ері оған: Орныңнан тұрып, нан әкел, желік, қонағың да жесін, -- десе, әйелі еріне: Үйде піскен нан жоқ, -- дейді. Барыңды бер, -- десе, әйелі: Не сандалып отырсың, үйіңнің әлдеқашан қу молаға айналғанын білмейсің бе? Үйде нан жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ, оның не әкелері белгісіз. Дастарқанымды жемесе - берерім жоқ, -- деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарқанды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне де жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай әйелді Нұх пайғамбардың көз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz