Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия



1 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
2 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014.2015 ж.)
3 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Бірлестіктер экологиясы немесе синэкология (гірек тілінен аударғанда syn - бірге) – әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі. Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен – бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.
1. А.Т. Қуатбаев «Жалпы экология». Оқулық. – Алматы. 2012 ж. 102-297 беттер аралығы.
2. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева «Экология». Оқулық. – Алматы. 2002 ж. 82-196 беттер аралығы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану 2 Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған::Қажығалиев Н.С.
Тексерген:Мурзалимова А.К.
Тобы:ВС-403

Семей - 2015
Бірлестіктер экологиясы немесе синэкология (гірек тілінен аударғанда syn - бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. Синэкология ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі. Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен - бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.
Экожүйелердің энергиясы - Материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді.
Табиғи ресурстарға - адам пайдаланатын және материялдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады. Табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.
Биоценоз (гірек тілінен bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды.
Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік - биотоп (гірек тілінен аударғанда topos - орын) деп аталады. Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы В.Н. Сукачев ұсынды.
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп, қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз тірі организмдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір - бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизмдер жиынтығы) тұратын жүйе.
Биоценоз (грекше bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.
Биоценоздың құрамдас бөліктері
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, организмдердің белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады.
Яғни, биотоп -- тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп - биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н. Сукачев енгізген. Биогеоценоз дегеніміз - биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері. Міне, осы компоненттер арасында үнемі қарым-қатынастар жүріп жатады.
Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан организмдер кешені деп қарауға болады.
Біркелкі өсімдіктер жамылғысы бар қауымдастықтарды, мысалы, шалғындық биоценозы, батпақ биоценозы деп атайды. Біршама майда қауымдастықтарға: микроқауымдастық, синузиялар, консорциялар және тағы басқа да ұғымдары қолданылады. Адам қолымен жасалған биоценоздарды агроценоз деп атайды.
Кез келген жүйенің құрылымы - ондағы бөліктердің байланыстары мен арақатынастарындағы заңдылықтар. Биоценоз құрылымы көпқырлы, соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін (биоценоздың түрлік, кеңістіктегі, экологиялық құрылымдарын) бөліп қарайды.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы -- биоценология деп аталады. Ал, биогеоценоз ұғымы тек биоценоз бен биотоп жиынтығы ғана емес, ол табиғаттың біртұтас және өзінің даму заңдылығы бар күрделі жүйе. Сондықтан табиғаттағы биологиялық бірлестіктер -- кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер. Ең үлкен биологиялық жүйе -биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды. Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде Экожүйе термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген. Шын мәнінде, екі ұғымда бірдей мағынаны білдіреді, әрі бірін-бірі толықтыра түседі. Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты -- автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Егерде биогеоценоз ұғымы көбінесе зерттелетін объектінің құрамына сипаттама берумен шектелсе, ал экожүйе ондағы атқаратын функциясын көбірек сипаттайды.
Мәселен, экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады. Сондықтан экожүйе -- экологияның функциялды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір- бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі. Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда -- биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз -- тіршілік барысындағы организмдердің бір- біріне тигізетін әсері немесе ықпалы.
Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік -- өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль атқарғанымен, өз кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Биоценоздың түрлік құрылымы
Биоценоздың түрлік құрылымы деп - ондағы түрлердің алуан түрлілігін және олардың салмақтары мен сандық мөлшерінің арақатынасын айтады. Түрге бай және кедей биоценоз түрлері бар. Жылуы аз полярлық арктикалық шөлдерде және солтүстік туындыраларда, ылғалы жеткіліксіз ыстық шөлді аймақтарда, қатты ластанған ақба суларда - бір немессе бірнеше факторлардың орташа оптималды мөлшерден ауытқыған орталарда қауымдастықтар түрге жұтаң, кедей болады. Мұндай ортаның қолайсыз жағдайында тек аз ғана түрлер тірішлік ете алады. Сондай-ақ жиі - жиі өзгерістерге ұшырап тұратын, мысалы: жыл сайын өзендердің арнасынан шығып су басып қалатын, гербицидтер қолданылып, жер жыртылатын егістіктерде немесе басқа да антропогендік әсерлерге ұшырап отыратын биоценоздарда да түрлік құрам төмен болады. Керісінше, ортаның абиотикалық факторлары оптималға жақын жерлердің бәрінде биоценоздар түрлік құрамға бай болады. Бұларға мысал ретінде тропикалық ормандарды, маржанды рифтерді, шөлді аймақтардағы өзен аңғарларын айтуға болады.
Микроскопиялық организмдер болуына және көптеген топтардың систематикасының толық құрастырылмағанына байланысты биоценоздағы түрлердің санын білу өте қиын. Биоценоз құрамына кіретін түрлердің санымен қатар, түрлік құрылымына сипаттама беру үшін олардың сандық мөлшерін де білген дұрыс.
Саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі. Мысалы, біздің шыршалы ормандарда шырша доминант, сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрі, құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады. Қауымдастықта доминанттар түрлік негізін құрайды. Алайда барлық доминант түрлер биоценозға әсер ете бермейді. Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады. Мұндай түрлерді эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса, ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.
Биоценоздың түрлік құрамындағы жеке бір түрдің рөлін білу үшін сандық есепке негізделген әртүрлі көрсеткіштердіпайдаланады. Белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі бір түрге жататын особьтардың санын - түрдің молдығы деп атайды. Кейде түрдің молдығын есептеу үшін особьтар санының орнына олардың жалпы салмағының мәнін есептейді. Биоценоздағы түрлердің бірқалыпты немесе әрқалай таралуын кез болудың жиілігі деп атайды. Ол алаңқайдағы есептелген санның пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы
Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жабынымен (фитоценоз) - өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады.
Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесе вертикальды (тігінен) бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі -- ярустылық (қатарлық). Ярустылық - биоценоздардың биіктік бойынша жиіктелуі. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Биіктігі әртүрлі өсімдіктер өсетін фитоценоздан анық білінетін ярустылық бөлінуді байқауға болады: ассимиляция жүретін өсімдіктердің жер үсті мүшелері және олардың жер асты бөліктері бірнеше қабат болып орналасады. Жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты ажыратуға болады:І немесе жоғарғы ярус үлкен ағаштардан (емен, жөке, үйеңкі т.б.) құралған; II ярус - басқа ағаштардан (шетен, алма, алмұрт, тал, т.б.) құралған; III яросты бұталар (шие, итмұрын, т.б.) құраса; IV ярус - биік шөптесін өсімдіктерден (тобылғы, сасыр); V ярус - олардан аласа өсімдіктерден (қымыздық, шайқурай); ал VI ярусты өте аласа өсімдіктер (қына, мүктер) құрайды. Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға болады. Бірақ, мұңдағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардың қатарына көптеген паразиттерді, ірі аңдар мен құстарды жатқызуға болады.
Биоценоздың экологиялық құрылымы
Әрбір биоценоз организмдердің белгілі бір экологиялық топтарынан тұрады. Олар көбінесе ылғал, жарық, қореқ т.б. факторларға байланысты жіктеліп отырады және өзіндік қызмет атқарады. Экологиялық құрылым -- биоценоздағы түрлерді, жиынтығы мен кеңістігі арқылы ситтталады. Биоценоз -- уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және күрделі типтерін ажыратуға болады. Мәселен, тропика биоценоздары мен Қазақстанның орманды -дала биоценоздарын ешбір салыстыруға болмайды. Олар бір-бірімен түрдің көптүрлілігімен де, биомассамен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, шөл-шелейтті, тұндыра биоценоздары жәй биоценоздар қатарына жатады, ал орман, орманды дала, тропикалық биоценоздары күрделі биоценоздар болып есептеледі. Су биоценоздары құрлықпен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Ол көбінесе су жүйесінде құрлықтағыдай атмосфера мен топырақтың болмауы, әрі жетекші факторлардың (жарық, температура, қорек, қысым, оттегі, т.б) бірегей болмауы үлкен роль атқаратыны белгілі.
Ұқсас биоценоздарда бірдей қызмет атқаратын түрлерді орнын басатын (викарирующие) түрлері деп атайды. Құрғақ аридті аймақта өсімдіктер жамылғысында склерофиттер мен суккуленттердің, ал ылғалы мол биотоптарда гигрофиттердің , тіиті гигрофиттердің басым болуы - табиғизаңдылық.
Биотикалык қарым-қатынастардың түрлері
Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қореқ тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мәселен, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде пассивті көрінеді. Сондықтан эколог Г.Ф. Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі активті түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл, әрине, қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, территория, т.б.) факторлардың жетіспейтінінен де болады.
Жыртқыштық - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы.
Қорегін тауып жеуі бойынша олар бірнеше категорияларға бөлінеді: 1) нағыз жыртқыштық; 2) жинап жеу; 3) жайылып қоректену.
Қоректену әдістерінің әртүрлі болуына қарамастан организмдер бір- бірімен көптеген ауыспалы түрлері арқылы да байланыста болады.
Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып ұстауы қажет. Ал, жемтік өз кезегінде жауына деген қорғаныс қабілеті немесе жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойыңда морфологиялық, физиология, биохимиялық т.б. өзгерістер болуы мүмкін. Олар өсімдіктердетікен, қабық, жағымсыз иіс түрінде білінсе, ал жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез- құлқының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну, т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, түз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көп қоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көп қоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейбірде пассивті (өлекселермен көректенетіндер) формалары келіп шыққан.
Паразитизм - бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету.
Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасындажиі кездеседі. Сол сияқты өсімдікпен өсімдік, жануарлармен жануар және өсімдікпен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың кай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен немесе ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал, адамның ішек-қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. организмдер паразиттер қатарына жатады.
Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан территориясында жиі кездесетін маса, сона, құмыты, бұрге, кенелер жатады. Әсіресе, республикамыздың шөл-шөлейтті зоналарында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу, олармен күресті, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, карсақ, т.б.) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцифалитінің қауіпті паразит екенін білгеніміз жөн.
Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы карым-катынас жасаудың тағы бір түрін - амменсализм деп атайды.
Комменсализм - бір түрдің тіршілігі арқасында екінші түрдің қорек немесе қорғаныс табуы. Немесе арамтамақтық құбылыс. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егерде комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.
Аллеотопатия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесежағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркендіргіш (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер, әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш, сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық активті заттарды көп организмдер бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пеницилин, стрептомицин, гибберилин медицинада жиі қолданылады.
Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, отшельник шаяны мен актиния арасындағы селбесіп тірішілік ету осы қарым- қатынасқа жатады. Өсімдіктер арасындағы қыналар -- балдыр мен саңырауқұлақ арасындағы селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.
Мутуализм - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе кұмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.
Зоохория - жануарлардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохория -- өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсмдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып олар құстар, сүт қоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жол мен таралуын-эктозоохория дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохориялық таралу жолы деп атайды.
Нейтрализ - бір териториядағы екі түрдің бірге тіршілік етуі оларға пайда да, зиян да әкелмейді.
Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырскалар көршілес құмырска илеулерінен жұмыртка мен личинкаларды тартып әкеліп иелікжасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.
Экожүйедегі энергия
Жер бетіндегі ірі масштабтағы құбылыстардың бәрі де Күн сәулесі энергиясының 1 %-нан аспайтын жиынтық энергияға ие. Энергияның пирамида заңы тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған Жер көлемінің есебін және т.б. экологиялық-экономикалық есептерді жасауға қолданылады. Күн энергиясы ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік физикалық айналмы жүреді. Ауа массасының жылжуы механикалық әсерлердің (жел, толқын, ағыстар) басқа заттардың бірінші кезекте су буы мен шаң бөлшектерінің, әртүрлі құрамындағы аэрогендік миграциясының жүруін қамтамасыз етеді. Күн радиациясының әсерінен атмосферада әртүрлі фотохимиялық реакциялар - су фотолизі, озонның, кукіртті сутектердің түзілуі орын алады. Тасмалдантын массалық көлемі мен жұмсалатын энергияны ескергенде, Жердегі ең үлкен заттар айналымының бірінде су айналымы жатады. Жылына бұл процеске қатысатын бүкіл гидросфера массасының небәрі 0,04 % болса да, секундына 16,5 млн.м3 және 40 млрд МВт Күн энергиясы айналымға түсіп отырады. Күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның физикалық айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары айналымға тартылады.
Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі -- продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).
Екінші - консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшінші -- редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Барлық қоректік тізбектер бір -- бірімен байланысты және тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.
Зат және энергия ағымы
В.И. Вернадскийдің биосферадағы тіршіліктің тұрақты дамуы ондағы тірі заттардың (биогенді) табиғаттағы үздіксіз айналымы жемісінің нәтежесі екенін айтқан болатын. Өйткені, тірі заттардың элеметтері қоршаған табиғи ортаға түсіп, одан соң тірі организмдер арқылы қайтадан айналымға ауысатыны белгілі. Осылайша әрбір элемент тірі организмдерді әлденеше рет пайдаланып отырады. Соның нәтижесінде жер бетінде тіршіліктің дамуы үнемі даму үстінде жүзеге асып, биоценоздағы биогенді айналымды жүзеге асырады. Бірақ та, заттардың биогенді айналымын абсолютті тұрғыда деп түсінбеу керек. Себебі, айналымдағы заттар бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде әлсін-әлсін зат айналымына түсіп үздіксіз қайталанып отырады. Нәтижесінде жер шарында органикалық заттардың қоры (торф, көмір, мұнай, газ, жаңғыш сланц) жинақталады. Бұл қорлар да өз кезегінде жұмсалып, қайтадан айналымға түсіп, зат айналымының үздіксіз (шексіз) процесін жалғастырып жатады.
Экологиялық пирамида
Экожүйелердің әрбір трофикалық (қоректік) деңгейдегі таза алғашқы және соңғы өнімдерді құрудың және шығындаудың жылдамдығы әртүрлі. Алайда барлық экожүйелерге өнімдер пирамидаларының ережесі деп аталатын алғашқы өнім мен соңғы өнімдердің белгілі бір сандық қатынастары тән. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қоректің (азықтың) барлығы бірдей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия қуатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екнішісіне дейін толық өңделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде , бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл заңдылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен Элтон пирамидасы деп атаған.
Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар: 1) Саны бойынша - сандық пирамида организмдердің жеке санды көрсеткішін айқындайды. 2) Салмағы бойынша - биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты немесе өнімділікті анықтайды. 3) Энергия мөлшері бойынша - энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.
Төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін белгілі заңдылықпен азаяды, оны пирамида ережесі деп атайды.
Экологиялық пирамидалар ережесі
Егер энергияны, өндірілген өнімдерді, биомасса немесе организмдер санын әрбір трофикалық деңгейде үшбұрыш масштабында бейнелесек, онда олардың орналасуында пирамида түріне ие болады.
Энергияның пирамида ережесі - энергия саны организмде болатын әрбір келесі трофикалық деңгейде келесісіне қарағанда мәні аз болып келеді.
Экожүйе тұрақтылығы мен динамикасы
Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жағынан да үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына да көп байланысты.
Экологиялық сукцессия
Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия деп атайды.Экологиялық сукцессияға анықтама берген кезде мынандай 3 жағдай ескерілуі тиіс:
1) Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.
2) Сукцессия дегеніміз қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқанда процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады.
3) Сукцессияның шарықтау шегі (кульминациясы) - энергия ағымы бірлігіне шаққанда максималды саны келетін биомасса түр аралық әсерлесулердің тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы болып табылады.
1.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Тұрмысқа, тіршілікке қажетті өнімдерді алу үшін,жаратылыста кездесетін табиғи корларды, шикізаттарды өңдеп, олардан әр түрлі бұйымдар немесе азық-түлік өнімдері даярланады. Демек, адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін, зат айналым циклына қатыстырады.
Табиғи қорлар (табиғи ресурстар) - адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстардың, табиғи денелердің жиынтығы. Оларға ауа, күн, жел, су, жер, орман, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы қазбалар және тағы басқалар жатады.
Адамзат баласының табиғи қор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЭКОЛОГИЯСЫ – СИНЭКОЛОГИЯ
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Пәндер