Геоботаника


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:

Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері.

Геоботаниканың анықтамасы.

Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы.

Геоботаника әдіснамасы.

Орындаған: Қалиасқарова Т

Тексерген: Жилкыбаева С. Д.

Жоспар:

  1. Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері.
  2. Геоботаниканың анықтамасы.
  3. Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы.
  4. Геоботаника әдіснамасы.
  5. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Геоботаниканың негізгі мақсаты - өсімдік қауымдарының құрылымын, олардың табиғат және адам әрекеттеріне байланысты факторлардың әсерінен белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі өзгеруін зерттеу.

Міндеті: фитоценоздың құрамын, құрылымын, ішкі ерекшелігін, ортасын, реттелуін, өнімділігін, дамуын, географиясын, дұрыс қолданылуын және қорғауды зерттейді.

Қазақстанда қалыптасуы. Қазақстанда жүйелі түрде геоботаникалық зерттеулер 1932 жылы бұрынғы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасының ботаникалық секторы ұйымдастырылған соң, кейін 1946 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ботаникалық институты (қазіргі Ботаникалық және фитоинтродукция институты) құрылғаннан кейін кең көлемде жүргізіле бастады.

Геоботаниканы пайда болғаннан бастап, осы күнге дейін дамуының тарихын кең түрде беретін тарихи шығарманың авторы Х. Х. трасс \1976\ алты кезеңге бөлді:

Бірінші - дайындық кезеңі . Бұл алғашқы кезеңде биотанико - географиялық зерттеулер тек геоботаника элементтерін пайдалану арқылы ғана жүргізілген. Бұл кезең XVI ғасырда басталып XIX ғасырдың басына дейін созылады. Бұл кезеңде ботаниктердің кейбір мәселелерге арналған ғылыми еңбектерінде геоботаника элементтерінің пайда бола бастағанын байқауға болады. Мысалы: Өсімдіктердің әртүрлі тау биіктігінде белдеуленіп орналасуы.

Екінші - қалыптасу кезеңі . ХІХ ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде өсімдік қауымы туралы алғашқы пікір пайда болды, өсімдік қауымын бұл кезеңдегі авторларәр түрлі атаған.

Үшінші - пісіп жетілу кезеңі . ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 20 - жылдарына дейін созылады. Бұл кезеңде геоботаниканың тәуелсіз, дербес ғылым екендігі, оның өзінің зерттеу объектілері бар екендігі, методикасы мен теориясы бар екендігі дәлелденді.

Төртінші - өсімдіктер қауымын белсенді кең және терең зерттеу кезеңі . Бұл кезең 1920 жылдан 1940 жылға дейін созылды. Геоботаника өзінің тәуелсіз, дербес ғылым екендігін мойындатты. Сонымен бірге геоботаника өзіне жақын, туыс ғылым салаларына бөліне бастады. Геоботаникада көптеген социологиялық терминдер пайда болды.

Бесінші - қайта бағалау және жаңа әдістерді енгізу кезеңі . 1940 жылдан 1950 жылға дейін созылды. Сандық экология мен статистикалық геоботаника туралы жұмыстар ерекше кең дамыды. Геоботаникалық зерттеу жұмыстарында математикалық әдістер кеңінен пайдаланыла бастады.

Алтыншы - осы заманғы, синтездік кезең . 1960 жылдары басталды. Бұл кезең бесінші кезеңнен онша айырмашылығы жоқ, дегенмен өзіндік елеулі белгілері бар. Өсімдік жабынын зерттеудің жаңа тәсілдерін қолдану басталды.

Қазір республикада геоботаника саласында:

  • өсімдіктер бірлестіктерінің құрылысы мен бөлінуінің заңдылығын зерттейтін - морфологиялық;
  • олардың қоршаған орта мен байланысын анықтайтын - экологиялық;
  • жер бетіндегі өсімдіктер түріне қарап, жер асты суын, топырақтың тұздылығын, жер бетіне жақын кен байлықтарын анықтайтын - көрсеткіштік (индикациялық) ;
  • жер бетіне таралу заңдылығын ашатын - географиялық және жалпы салалық бағыттар белгілі.
  • 1951 - 52 жылдары Каспий маңы геоботаникалық экспедициясы Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы шөл және шөлейт жерлердегі жайылым өсімдіктерін зерттеп, картаға түсірді (Б. А. Быков) .
  • 1963 - 65 жылдары Павлодар облысының аумағы картаға түсірілді (С. А. Арыстанғалиев, И. О. Байтулин, Ө. Қ. Қисықов) .
  • Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде өсімдік топтарының құрамы мен құрылысы, аймақтық ерекшеліктері, олардың жайылым мен шабындықтардағы маусымдық динамикасы, биол. өнімділігі, жайылым-шабындықтардағы жемшөптік, өсімдік түрлерінің антропогендік ауысулары анықталды (Н. В. Павлов, Е. А. Ақелеуов, Байтулин) . Қазақстанда геоботаникалық зерттеулер мен Қазақстан ғылым академиясының Ботаника және фитоинтродукция ғылыми-зерттеу институты, республикадағы жоғары оқу орындарының тиісті кафедралары шұғылданады.
  • Фитоценология - фитоценоздар туралы ғылым. Фитоценоз гректің phyton - өсімдік, koinos - жалпы деп аталады, олардың әрқайсысының құрлысында өздеріне тән ерекшеліктері бар.
  • В. Н. Сукачев 1935 жылы фитоценозды бір - бірімен және ортамен, организмді қоршаған топырақ, ауа, жарық, температура т. б. әрекеттесетін өсімдіктер жиынтығы деп түсіндірді.
  • Биогеоценологиялық мектеп немесе академик В. Н. Сукачевтің мектебі. Бұл мектеп ғалымдардың әртүрлі ғылыми орталықтарда жұмыс істеп жүрген үлкен тобын қамтиды. Олар ормандағы, батпақтағы, шалғындықтағы, даладағы және шөлдегі өсімдіктер қауымдарын зерттеуде. Ондағы негізгі мақсат - өсімдіктер қауымының комплексті табиғи системаларындағы, биогеоценоздағы маңызын, құрлысын және қызметін анықтау.
  • Экологиялық ординация мектебі немесе Л. Г. Раменский мектебі. 1920-1930 жылдары Л. Г. Раменский экологияда, геоботаникада және пайдаланылатын жердің типологиясында, түрдің экологиялық дербес ерекшеліктеріне, өсімдік жабынының үздіксіздігіне және тікелей ординация әдістері туралы іліміне негізделген арнайы, өзіндік ерекшелігі бар бағыттың негізін салды.
  • Ландшафтық - филоценогенетикалық мектеп ландшафт - жер бедерінің жалпы көрінісі; филогенез - гректің file - ценоз өсімдіктің табиғи тобы және генезис - шығу, даму процесі немесе академик В. В. Сочаваныі мектебі.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

" Геоботаника" Н. Мухитдинов; Алматы -2011 жыл.

Әлеуметтік сайт: http://referat. nur. kz/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері. Геоботаниканың анықтамасы. Геоботаниканың басқа ғылымдармен байланысы. Геоботаника әдіснамасы
Геоботаника жайлы
Геоботаник. Геоботаниканың зерттеу объектісі - фитоценоз
Геоботаниканың негізгі зерттеу объектілері
«Геоботаниканың зерттеу объектісі – фитоценоз»
Қарағайдың сиқырлы қасиеттері
Жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер
Фитоценоз. Эдасфера ценоготикалық орта ретінде. Топырақ ценотикалық орта ретінде
Регионалды флористика оқу-әдістемелік құрал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz