Абай және қазіргі заман



1. Абай және қазіргі заман.
2.Шоқан және географиялық детерминизм
3.Фрейд және психоанализ.
4. Ф. Ницше және аса күшті адам
Ұлы ақынды зерттеуде, тануда бүгінде жаңаша ойлау биігінен қарай бастадық. Әйтсе де, кешегі кеңестік дәуірден қалған, бойға әбден сіңген кертартпа санадан арыла алмай келеміз. Абай және кәсіпкерлік, Абай және бизнес мәселесі әлі сол кеңестік ұғым шеңберінде.
Қарап отырсаң Абайдың бизнес, кәсіп¬керлік жөніндегі айтқаны соншалықты анық әрі айқын. Ол құрғақ ақыл айтпайды, ғақлия оқымайды. Оқырманмен ұдайы ұғы¬сады, жанына жақындайды, ойымен ор¬тақтастырады. Өзіне, өз жан-дүниесіне үңіл¬ген Абай үйлесімді дамуды, өркениетті ел болуды кәсіпкерліктен тапқандай болады.
“Сап, сап, көңілім, сап, көңілім” өлеңінде “Бейнет көрмей, дәулет жоқ” екен¬дігін қадап айтса, “Қақтаған ақ күміс¬тей кең маңдайлы” өлеңінде жұмыс істеп, мал бақпаған жігітте қасиет болмайтын¬дығын алға тартады.
Жалпы алғанда, адал еңбек қана елді ұшпаққа жеткізетінін Абай өз шығармала¬рының өн бойына өзек еткен.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ.2006. – 569 б.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География жѕне геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
3. http//:www.bigox.kz
4. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы АЭЖБИ 2007
5. Философия науки: учебное пособие А.И Липкна — Москва: Эксмо 2007—608c
6. Философия : Жоғарғы оқу орынарындары студенттеріне арналған оқулық// құрастырған Т. Ғабитов аударған Б. Сатершинов –Алматы: Қаржы-Қаражат , 20002—352 бет .
7. Философиялық сөздік. —/ Редокл:Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов ж.б. –Алматы, 1996-480б.
8. Поппер К. Логика и рост научного знания. Москва—1981—468стр
9. Байсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық.-Шымкнет, 2005—452б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: 1. Абай және қазіргі заман. 2.Шоқан және географиялық детерминизм. 3.Фрейд және психоанализ. 4. Ф. Ницше және аса күшті адам

Орындаған: Жұмаділова П.Н.
Тобы: ЭН-401
Тексерген: Кенжебулатова А.М.

Семей қаласы 2015 жыл
1. Абай және қазіргі заман
Ұлы ақынды зерттеуде, тануда бүгінде жаңаша ойлау биігінен қарай бастадық. Әйтсе де, кешегі кеңестік дәуірден қалған, бойға әбден сіңген кертартпа санадан арыла алмай келеміз. Абай және кәсіпкерлік, Абай және бизнес мәселесі әлі сол кеңестік ұғым шеңберінде.
Қарап отырсаң Абайдың бизнес, кәсіп - керлік жөніндегі айтқаны соншалықты анық әрі айқын. Ол құрғақ ақыл айтпайды, ғақлия оқымайды. Оқырманмен ұдайы ұғы - сады, жанына жақындайды, ойымен ор - тақтастырады. Өзіне, өз жан-дүниесіне үңіл - ген Абай үйлесімді дамуды, өркениетті ел болуды кәсіпкерліктен тапқандай болады.
"Сап, сап, көңілім, сап, көңілім" өлеңінде "Бейнет көрмей, дәулет жоқ" екен - дігін қадап айтса, "Қақтаған ақ күміс - тей кең маңдайлы" өлеңінде жұмыс істеп, мал бақпаған жігітте қасиет болмайтын - дығын алға тартады.
Жалпы алғанда, адал еңбек қана елді ұшпаққа жеткізетінін Абай өз шығармала - рының өн бойына өзек еткен. "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман" өлеңінде:
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Ұрлық, қулық қылдым деп
қағар көлбек.
Арамдықтан жамандық көрмей қалмас,
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, - деп бәтуалы ой айтады.
Өркениетті елдер қатарында болу үшін адам бойындағы түрлі мінез-құлық кесел - дерінен арыла білу - басты шарттардың бірі екендігін бүгінде көзі қарақты азаматтар жақсы біледі. Расында да тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, босқа таласу, досқа жау болу, өтірік шағымдану және т.б. келеңсіз қасиеттер өрлеудің, өркендеудің жолы емес. Абайша айтқанда, қор болудың, құрудың төте жолы.
Өркені жайылған елдің бір көрінісін Абай "Сәулең болса кеудеңде" өлеңінде былайша суреттейді:
Берекелі болса ел,
Жағасы жайлау, ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел.
Осы өлеңдегі берекелі елдің азаматтары үшін ақынның ұсынған рухани ұстанымы да айрықша:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.
Сондай-ақ, бұрынғыдай орталыққа жалтақтау, өз құқы өзінде жоқ кездегі хал-ахуалды айнытпай көз алдымызға әкелетін мына бір сурет те "Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей" өлеңінде дәлме-дәл, көркем түрде берілген:
Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан,
Тәтті, дәмді іздер ең онан да арман.
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр,
Құлдық ұрып асайсың асы бардан.
Осы өлеңдегі әрбір жолдар бүгінгі заманға қарата айтылған секілді. Тіпті, бұл сөздердің салмағы ауырлап, тереңдігі ұлғая түскендей. Мысал келтірелік.
Өркениетті елдер қатарына жету жолында еңбек етудің қаншалықты мәнді екендігіне Абай ерекше ден қойған.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, - десе,
"Қуанбаңдар жастыққа" атты өлеңінде:
Адалдан тапқан тиынды,
Сал да сақта қапшыққа.
Қолдағыңды қорғап бақ,
Мал арзан деп аптықпа.
Сыпайы жүр де, шаруа ойла,
Даңғойланып қаптықпа, - дейді.

Мақтан қума, керек қу,
Ойсыздарға қосылма.
Қойныңда ақша, қолда қой,
Күзетке оңай, шошынба!, - дейді "Осы қымыз қазаққа" деп басталатын өлеңінде.
Бұл өлеңінде құр мақтан үшін жылқы жинап, жас қымыз бен қызылшыл семізге бола ұры мен залымдардың, қулардың нысанасына шаншылып қалма, жылқыны аңдып әр төбенің тасасында ұры жүр, одан да күзетке оңай қойды бақ деген халқымызға керекті және бір шаруа жайын айтады.
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Осы бір өлеңінде егін егудің, жастай оқу оқып, білім алудың негізі баянды еңбек екендігін айтады.
"Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" атты өлеңінде:
Мен көрдім дүние деген иттің көтін,
Жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбінің сырты бүтін, іші түтін, - дейді.
Бұл да шынайы сурет. Сондай-ақ, Крыловтан аударған "Қазаға ұшыраған қара шекпен" өлеңінде:
Бөз орнына сөз беріп,
Құда, тамыр, дос кетті.
Қол ұстамай, көз көріп,
Айтқан арыз бос кетті, - дейді.
Нәпсіге тәуелді болу - рухани байлықтан, ішкі қанағаттан айырылуға әкеп соғатындығына Крыловтан аударған "Жарлы бай" өлеңінде де баса назар аударады. Бай - лық адамға, оның жаны мен тәніне, қоғамға қызмет етуі керектігіне мән береді. Мал қызығын көрмеген, жақсы төсек пен тәтті ас жемеген, жан қадірін білмеген байларға обал жоқ дейтін кедей шал ғайыптан бай болады. Дорбаға қол салған сайын, бір алтынға ие болу құдіретіне қол жеткізген ол дәм татпай, алтынды бірінен соң бірін дорба ішінен ала береді. Тойдым, болдым демейді. Нәтиже - сінде ассыз, сусыз дертке шалдығып, жүдей - ді. Күні бітеді. Мінеки, қу нәпсіге тоймаудың соңы Алла сыйлаған өмірден озумен тынады.
Абай мал мен дүниені нардай көтере алатын, байлықтан әлемнің төрт бұрышына сыймай, қайда барарын білмей, теңселіп қалатындардан бойды аулақ ұстауды ғибрат еткен. Оның "Тәңірбердіге" өлеңі осы ойдың айғағы.
Байсып, паңсып,
Көрінгенге бәлсіп.
Өзі ғана келгендей,
Дүниеге жансып.
Бұл өлеңде өзіне-өзі көңілі толып, мен - мендігі асқан, еліккен, желіккен, қолынан келер түк жоқ, басында қайғы жоқ жанның бейнесін, келбет-кескінін өрнектейді.
Бүгінгі бизнес өркениетті көксеген, әлемдік сауда-саттықтың озық үлгілерін бетке тұтқан еліміздің ертеңіне қызмет ететіндігіне сенеміз. Бұл бағыт өз еркімізбен, мемлекеттік деңгейге көтерілген ерікті іс-әрекеттер саясатынан туындайды. Абайдың:
Еріксіз түскен ылдидан,
Еркіңмен шыққан өр артық.
Қорлықпен өткен өмірден,
Көсіліп жатқан көр артық, - деген сөзін бүгінгі тәуелсіз елге қол жеткен шақтағы өмір сүрудің өлшемі дер едік. Бүгінгі өмір нарыққа бет алған ерікті қазақ елінің өрге ұмтылған байыпты да парасатты таңдауы, бағыт-бағдары.
Абай үшінші қара сөзінде: "һәмма ға - ламға белгілі данышпандар әлдеқашан бай - қаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайрат - сыз тартады; әрбір қайратсыз, қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ, қорқақ ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады" дейді. Мұндағы көптеген қасиеті кем сипаттардың бірі - жалқаулық. Жалқаулық белең алған тұста мал да өспейді, егін де жайқалмайды, сауда да қызбайды.
"Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ", дейді екінші қара сөзінде.
Бүгін біздің халқымыздың арасынан кәсіп - к - ерлікті серік етіп, егін егіп, Абай тілі - мен айтқанда, сауданың ебін тапқан қандастарымыз көптеп саналуда. Қазақ сауда жасай алмайды, қой бағудан өзгеге ебі жоқ деген кешегі кеңестік сыңаржақ ой-пікір мүлдем сейілді. Оған тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, қожырай бастаған кейбір ауылдардың бүгінде еңсесі тіктелгенін көргенде көз жеткізе аласың. Қандастарымыз тұратын кең де келісті, көрікті үйлер кешегі жоспарлы экономика заманында, яғни кеңес - тік кезеңде тек қолында билігі барларға ғана бұйыратын. Онда да олар өздеріне зәулім үй салған жағдайда үнемі үрей құша - ғында жүретін. Себебі, сол теңгермелі заман - да біреуден асып кетуге жол берілмейтін. Кеңестік заман халқымыздың бас көтеруіне, ішкі мүмкіндігін жүзеге асыруға, өзгелермен терезесі тең болуына, әсіресе, тіліне, діліне, дініне, сауда секілді өркениетті салаға бет бұ - руына тізгін сала берді. Бойда бар қабілет-қарымына менсінбеушілік пиғыл үстем болды.
Абай өзінің үшінші қара сөзінде: "Қа - зақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғы - нының себебі не?" деген сауалға мынадай жауап береді: "Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге: егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді" дейді. Қазірде қазақ елінің қол жеткен табыстары, бәсекеге қабілетті алдыңғы елу елдің қатары - на енуге бағытталған қадамдары қазақтың жалқау, мақтаншақ, қайратсыз, ақылсыз, өнерсіз еместігін айғақтайды. Қазақ халқы бүгінде тәуелсіз мемлекеті, айқын бағыт-бағдары, қайратты да қажырлы ұл-қыздары, әлемдік серіктестіктер мойындаған табыстары бар екендігін дүниенің төрт бұрышына мойын - датты. Бұл - ізденістердің, тынымсыз еңбектің, төгілген маңдай тердің, өнерлі азаматтарының өнімді де бірлікті тірлігінің нәтижесі.
Абай төртінші сөзінде айтқандай: "Екі ортада бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.
Қулық салмақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды".
Осы қара сөздің қара әріптермен терілген тұсы бүгінде кейбір ауыл-ауылдарда көзге көрінер тұстарда әсем жазылып, тұғырға ілініп тұр. Мұндай ғибраты мол Абай сөзін кешегі кеңестік партия билеген тұста жазып қоюдың өзі мұң болатын. Енді мінеки, "Заң басқа, заман басқа" дегендей, ұлттық қасиетімізге дөп келетін тәлімі мен тәрбиесі мол сөздерге төрден лайықты орын берілді.
Абай көздеген елдің келбеті, сипаты да айқын. Ол - қазақ мақалдарында кезде - сетін, бүгін де қолданыста бар есті сөздер.
Әл-ауқатты арттыру, бақуатты тұру - бүгінгі күннің міндеті. Осы міндет үдесінен шығу едәуір қажыр-қайратты, біліктілікті талап етеді. Сол үшін бірқатар теріс қылық - тар - дан, кемшін қасиеттерден арылуды Абай оныншы сөзінде атап айтады: "Құдай саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың", дей келе: "Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?" дейді. Байлықтың көзі - орнықты еңбекте, іркіліссіз ізденісте, ұқсата білуде екендігін хакім Абай дәлме-дәл айтады.
Нарық заманы адамнан есепті, оны жүйелі жүргізуді талап етеді. Онсыз табыс, кіріс болмайды. Бұл орайда Абайдың он бесінші сөзінде айтылған мына бір аталы ойы нарықтың қатал да қалыпты қағида - сына сайма-сай келеді. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір өзіңнен өзің есеп ал!". Мінеки, асып-таспаудың, парасатты да пайымды өмір сүрудің тамаша өлшемдері - нің өзегі - осы дер ек.
Және де он сегізінші сөзінде: "Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылдық" дейді. Нарық зама - нының талабы да осында. Нарық әрбір кәсіп - керден, кәсіп иесінен, әрбір қоғам мү - шесінен ақылды болуын, алданбауын, ғылым - ға үйір болуын, әйтпесе, шаң жұтып, көш соңында қалатынын, арлы болуын, арсыздыққа еш дауа жоқтығын, мінезге бай болуын, кермінезділіктің бәтуасыз тірлікке бастайтынын ұлы ойшыл бүгінгі күні де қайталап, ескертіп тұрғандай.
Дамыған елу елдің қатарына қосылу адам бойындағы игі қасиеттерді байытуды талап етеді. Экономика ғана емес, рухани ішкі әлем де мықты, мығым болуға тиіс. То - ғы - зыншы қара сөзінде ақынның өзі айт - қа - нындай, "Естілердің айтқан сөздерін ес - керіп жүрген кісі өзі де есті болады" демек - ші, ұлттық рухтың өміршеңдігін, жалғас - тығын жадымыздан шығармауымыз қажет.
Кешегі кеңестік заманда біздің Қазақ - стан табиғи байлықтарға өте бай болғаны рас. Алайда, шылқыған байлықтың үстінде отырсақ та, аспаннан жауған шұға халқы - мызға бұйырған жоқ. Шикізат жеткізуші елдің қамытын жамылып қалды. Абайдың жиырма екінші сөзінде "Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па?" дегеніндей, еліміз өзге елге, тізгінді қолға ұстаған орталыққа тәуелді болатын.
Ұлы ақынның жиырма үшінші сөзінде: "Жаманмен салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болад-тағы" деп таразылағанындай, еліміз алдағы уақытта бәсекеге мейлінше қабілетті өркениетті елу елдің қатарына енуді межелеп отыр.
Сондай-ақ, жиырма төртінші қара сөзінде: "...Өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістетерлік күн болар ма екен?" деп, көкірегі қарс айырыла армандаған ақынның бүгінгі елі бірлік пен берекеге, ырысты еңбек пен тату тірлікке бет бұрып отыр. Бұл жолдан таймайты - нымызға сеніміміз кәміл.
Кәсіптің барлығы дерлік табысқа бас - тайды. Еңбектің атасы - кәсіп. Ақын отыз үшінші сөзінде: "Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнері - қазақтың әулиесі сол" дейді. Сондықтан өсіп, өрлеудің негізгі жолдарының бірі - қолөнерін дамыту елдігіміздің белгісі.
Абайдың рухани әлемі бүгінгі қазақ елінің гүлденуіне, өркендеуіне қашанда қызмет ете бермек.

2. Шоқан және географиялық детерминизм
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов.-Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғылымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол Омбының кадет корпусының яғни орыстың әскери мектебінің түлегі. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды.
Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы - білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс Ренессансына тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты.
Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік -- адам. Шоқан сыртқы әлемге "дала адамын" түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқан жазған "Үлкен қырғыз - қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері", "Қазақтардағы жамандықтың іздері", "Қашқария туралы жазбалар", "Сахарадағы мұсылмандық туралы" және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.
Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз. Ол, шын мәнісінде, нағыз ренессанстық тұлға. Небары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырп кетті.
Шоқан туралы айтқанда, алдымен көзге түсетін мәселе - Батыс пен Шығыстың арақатынасы.
Патшалық Ресейде білім алған империя офицері ретінде ол, әрине, Черняев экспедициясына қатысты, Қашқарияға жасырын барды. Ф.М. Достоевский, С.Р. Дуров, Н.Г. Чернышевский сияқты орыстың озық ойлы ғұламаларымен достасып, алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетінен нәр алды. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосу болды.
Шоқан мұсылмандықтың мәдени-тұтастық функцияларын көре білді. Ұлт мәдениеттердің тоғысуында дүниежүзілік діндер интеграциялық қызмет атқарады. Қысқаша айтқанда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, Шығыстың да тигізген әсері емес, өз халқының төл мәдениеті жатыр. Шоқанның өзіне жүгінейік:
"Далалық орданың тұрғыны - қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр... Осынау дала көшпелілерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы болу керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет-шегі шіркінді Тәңірі тұтқандықтан да болар. Татар атаулы халықтар арасында өзінің ақындық қабілет-дарыны жөнінен қазақтар бірінші орында болса керек".
Географиялық детерменизм - қоғамдық өмір және саяси даму құбылыстарын табиғат жағдайларының ерекшеліктері мен елдің немесе аймақтың географиялықорналасуы арқылы түсіндіретін концепция.
Географиялық детерменизм өндіргіш күштерді орналастыруда жергілікті табиғат жағдайлары мен экономикалық және әлеуметтік жағдайларды нақты есептеуді талап етеді. Географиялық детерменизмге қарама-қарсы түжырымды географиялық индетерменизм деп атайды. Ол қоғам мен табиғи ортаның өзара әрекеттестігінің себептілігін мойындамайды. Қоғам дамуындағы географиялық факторларды асыра бағалайт

З. Фрейд және психоанализ
Австриялық дәрігер психолог Зигмунд Фрейд 1856 жылы 6 мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келеді.
1860 жылы Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығының зерттелуі
Ұлттық педагогика тарихындағы А. Құнанбаевтың тәлім-тәрбие мұралары
Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық
Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой- пікірлері. «Қарамола ережесі»
Әуезов Мұхтар Омарханұлы ( 1897- 1961 жж.)
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ СИПАТЫ
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі. Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романына әдеби талдау (образдар жүйесі, портреттер, мінездеу, жазушының тіл шеберлігі, жазушы стилі)жайында
Пәндер