Ақпараттық жүйелер үлгілері жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ақпараттық жүйелер үлгілері

Орындаған: Демежанов А. М.

Тексерген: Кожахметова Д. О.

2015

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2

Ақпараттық жүйе үлгісі . . . 2

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 4

Кіріспе

Қызмет ететін объектілердегі үрдістердің сандық және сапалық жақтары объектілердің ақпараттық жүйесін үлгілеу үшін негізгі болып табылады. Үлгілеу - шынайы құбылыстар мен үрдістерді тұспалдаудың тиімді әдістерінің біріне саналып, үрдістерді сипаттаушы айнымалылардың өзара сандық байланысын бекітуге қызмет етеді. Үлгілеу әдісін жүйені зерттеу құралына немесе таным құрална жатқызғанда, үлгі қаншалықты деңгейде шынайы құбылысты сипаттауы мүмкін деген сұрақ қалыптасады. Егер үлгіні тұрғызуға бастапқы ақпарат қате болса, немесе үлгілік есепті шешудегі әдістер жеткілікті қатаң болмаса, ол үлгі қалыпты болмайды, әрі іс жүзінде қолдануға қызығушылық туғызбайды.

Ақпараттық жүйе үлгісі

Ақпараттық жүйе үлгісі дегенде, пәндік саланың бірнеше деңгейлі ақпараттық технологиядағы бейнесін түсінуге болады.

Концептуальді үлгі пәндік саланың біріктірілген (интегрирленген) бейнесін беріп, әрі шала тұжырымдалған сипатта болады.

Логикалық үлгі концептуальді үлгінің нақты бөлігін қандай да бір шартпен бөліп алу арқылы қалытасады. Бөліп алынған пәндік саланың байланыстарын математикалық өрнектермен сипаттайтын логикалық үлгі - математикалық үлгі түрінде қалыптасады.

Математикалық үлгі арқылы алға қойылған мақсатқа жетуді жүзеге асырудағы тізбектелген әрекеттерді көрсетіп беретін алгоритмдік үлгі қалыптасады да, коьпьютерге түсінікті тілдегі бағдарлама мәтіні тұрғызылады. Ақпарат жүйесі үлгісінің деңгейлерге бөлінуі, пәндік саланы бағдарлама арқылы бейнелеудің күрделі үрдісін бірнеше итерактивті қарапайым түрдегі бейнелеулерге бөлшектеуіне мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе үлгісін тұрғызуға есептеу шаралары аса күрделі болмай, ал тұрғызылатын үлгі белгілі бір шектеулі уақыт аралығында жүйенің дамуын сипаттайтындай, динамикалық түрде болғаны дұрыс. Объектінің ақпараттық жүйесінің үлгісі атқарымды түрде жоспарлауды, есеп пен реттеуді қарастырады.

У. Р. Эшбидің айтуынша, жүйе қаншалықты үлкен болып және оның бөліктері мен тұтастығы арасындағы айырмашылық көлемі де соншалықты оның бөліктерінің қасиеттерімен ерекшеленуі мүмкін.

Басқаша айтқанда, тұрғызылған үлгі қандай да бір қарастырылатын үрдістің дәлме-дәл сандық және сапалық бейнелеуін қарастырады.

Ақпарат жүйесінің атқарымдық ішкі жүйесі - АҚБ ішкі жүйелері мен АҚБ-ның реквизиттік құрамының арасындағы өзара байланыстарына сәйкес, кесте түріндегі қалыптамалық ( матрицалық) үлгі. Мұндағы АҚБ құрылымында әрбір реквизит тек бір рет еніп, ал әрбір АҚБ -ның кем дегенде бір кілтті болуы тиіс және әрбір кілттік емес реквизиттің басқа кілттік реквизиттен тәуелділігі сақталуы қажет.

Ақпараттық жүйені тұрғызуда АҚБ -ны алу әдістерін формальді түрде сипаттауға да негізгі талаптар қойылады. Бұл сипаттау арнайы өңделген тілде орындалып, қолданушының компьютерлік технологиядағы мәліметтерді өңдеу білімінен тыс, ондағы өңдеу технологиясының схемасын компьютерде формальді сипаттау негізінде жасалады.

АҚБ реквизиттерінің арасындағы қатынас, АҚБ мен бөлке реквизиттер арасындағы байланысты тіркейтін арифметикалық, логикалық және басқа да амалдар арқылы бағдарламалық тілде өрнектеледі.

Бөлек реквизиттер қатынасын формальді сипаттау мен АҚБ-ны алу тәсілінсипаттау келесі тараптарға сәйкес болуы тиіс:

- қандай да бір АҚБ-ны алу тәсілі дара түрде болып, басқа АҚБ-ның сипатынан тәуелсіз боллуы қажет;

- алу тәсілдері мен шарттары сипатталатын АҚБ мен оның реквизиттері анықталатын, ал оларды сипаттаушы АҚБ мен реквизиттер - анықтаушы болып есептеледі;

- әрбір анықталатын реквизит және оны алу шарты мен тәсілі тек бір арнайы тіл конструкциясында сипатталуы тиіс;

- реквизитті алу тәсілі, оны алу шарты орындалса да, немесе орындалмаса да, сипатталуы тиіс. Себебі, алу шартының орындалмағандығы сипатталмаса, ол реквизиттің қалыптасуы сол мезетте қарастырылмағандығын білдіреді.

Жоғарыдағыдай жабдықтармен сипатталған ақпараттық үлгінің дұрыстылығын графтар теориясы әдісімен тексеру тиімді болады. Ақпараттық үлгі граф түрінде бейнеленіп, оның жоғарғы ұшына - АҚБ, ал доғаларына - АҚБ арасында байланыс сәйкес келуі мүмкін.

Граф (сызбалы бейне, кескін) түрінде берілген ақпараттық үлгінің сапасын анықтайтын параметрлерге мыналарды айтуға болады:

- графтың байланысын немесе жүйенің ақпараттық байланысты. Бұл параметр арқылы логикалық тізбекте құрастырылған АҚБ -дағы үзілулердің бар болуы, қажетті АҚБ мен реквизиттердің болмай қалуы, немесе олардың шамадан тыс артық болуы анықталады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
Математикалық жабдықтау
ANGULAR ПЛАТФОРМАСЫНДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПОРТАЛЫН ӘЗІРЛЕУ
Машиналық оқыту әдісімен әлеуметтік желілердің деректер анализаторын әзірлеу
Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеті
Сигнал түсінігі және оның моделі
Әлеуметтік желілерді талдау
Ғаламтор желіcіндегі ақпараттарды іздестіру
Коммерциялық емес ұйымдардағы бухгалтерлік есептеме жасау мәселелері
Деректер қоры кестелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz