VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы



1. Эксперттік жүйенің түсінігі
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
3. Эксперттік жүйелердің құрылымы
4. Эксперттік жүйенің ақпараттық қамтылуы
Эксперттік жүйелер белгілі бір облыс бойынша маманның, эксперттің жинақтаған білімі негізінде күрделі интеллектуалды мәселелерді шеше алады және шешуге көмек бере алады. Қазіргі сәтте эксперттік жүйелер әр түрлі қиындық туғызатын облыстарда қолданылады. Көбінесе эксперттік жүйелер бизнесте, өндірісте және медицинада қолданылады. Эксперттік жүйелер күрделі шешімдерді қабылдау үшін қолданылады, бірақ өзінің қабылдаған шешімдерінің сапасы бойынша маман-эксперттен қалыспайды және оларға шешімдерінің «мөлдірлігі» тән. Сонымен қатар, олардың білім базасын эксперттің қатысуымен толықтырып, жаңартып отырады.
1. А. Н. Чекмарев, Д. Б. Вишнякова. Глава 8. Восстановление системы. Процедуры резервного копирования и восстановления // Microsoft Windows 2000: Server и Professional. Русские версии. — Санкт-Петербург: БХВ — Санкт-Петербург, 2000
2. Шапиро Дж., Бойс Дж. Глава 17. Архивация и восстановление данных // Windows 2000 Server. Библия пользователя = Windows 2000 Server. Bible. — Москва: «Диалектика», 2001
3. Бойко В.В., Савинков В.М. Резервное копирование. М.,2002
4. Хогтер. Архивация данных.- М.:Мир,1988.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы

Орындаған: Нұрғалиева Әсем
Тобы: ВТ-305с
Қабылдаған: Курушбаева Д.Т

СЕМЕЙ 2015

Жоспар
1. Эксперттік жүйенің түсінігі
2. Негізгі түсініктер мен анықтамалар
3. Эксперттік жүйелердің құрылымы
4. Эксперттік жүйенің ақпараттық қамтылуы

Эксперттік жүйелер белгілі бір облыс бойынша маманның, эксперттің жинақтаған білімі негізінде күрделі интеллектуалды мәселелерді шеше алады және шешуге көмек бере алады. Қазіргі сәтте эксперттік жүйелер әр түрлі қиындық туғызатын облыстарда қолданылады. Көбінесе эксперттік жүйелер бизнесте, өндірісте және медицинада қолданылады. Эксперттік жүйелер күрделі шешімдерді қабылдау үшін қолданылады, бірақ өзінің қабылдаған шешімдерінің сапасы бойынша маман-эксперттен қалыспайды және оларға шешімдерінің мөлдірлігі тән. Сонымен қатар, олардың білім базасын эксперттің қатысуымен толықтырып, жаңартып отырады.
Эксперттік жүйелердің басқа жасанды интеллект жүйелерімен салыстырғанда бір үлкен айырмашылығы бар: мәселен, нейрондық желілер немесе генетикалық алгоритмдер сияқты, олар қандай да бір жан жақты мәселелерді шешуге арналмаған. Эксперттік жүйелер жасақтаушылар таңдаған белгілі бір облыс бойынша, кей жағдайларда облыстар бойынша, сапалы түрде шешім қабылдауға бағытталған.
Эксперттік жүйелер адамның білімі мен тәжірибесін және машинаның жылдамдығын өз бойында сыйыстыра отырып, қойылған мәселені шешу мақсатында жүйеге енгізілген мәліметтердің белгілі бір саны мен сапасына қатысты шешім қабылдауға және оны түсіндіруге мүмкіндік береді.
Медицинада экперттік жүйелер адам ағзасының жұмысының бұзылу себептерін анықтау үшін, басқаша айтқанда, диагноз қою мақсатында қолданылады. Көпшіліктің пікірі бойынша ең белгілі диагностикалық эксперттік жүйе болып MYCIN есептеледі. Сонымен қатар дәрігерлерге күнделікті дұрыс диагноз қоюға және сәйкес емделу тағайындауға көмектесетін көптеген медициналық эксперттік жүйелер жасақталған. Осы күнге дейін жаңа эксперттік жүйелер жасақталу үстінде, мысалы, НЕФРЭКС - балалардағы бүйрек ауруларының медициналық диагностикалық эксперттік жүйесі, РЕПРОКОД - тамыр ауруларын анықтайды (атеросклероз, гипертония), ДИАКОМС - көздің онкологиялық ауруларын анықтау үшін, ES 4.0 - сүт бездері және қалқанша без ауруларының диагностикалық жүйесі және тағы басқалары.
Интерпретация, диагностика, реттеу, болжау, жоспарлау, нобайлау мәселелері бар. Мұндай мәселелерді эксперттік жүйелер көмегімен шешуге болады. Мамандардың жұмыс істейтін көптеген адам қызметінің облысындағы объектілер математикаға тиісті таза синтаксистік объекттерге топтастырыла алмайды. Медицина мамандардың білімі күрделі формалданатын адам қызметінің облыстарының бірі болып табылады. Медициналық диагностикалық эксперттік жүйелер жасақтау мәселесі қазіргі сәтте өте маңызды. Жүрек тамыры аурулары -- еліміздегі ең көп таралған аурулардың бірі, сондықтан медициналық эксперттік жүйенің нақты облысын таңдау кезінде жүрек тамыры аурулары таңдалған болатын. Бұл дипломдық жобада жүрек тамыры жүйесі аурулары себептері мен симптомдары және олардан емделу тәсілдері туралы ақпарат танылып және жүйеленеді. Осыған орай дипломдық жобада жүрек тамыры жүйесі аурулары туралы білімді жүйелеу, білім қорына негізделген жүйе арқылы осы аурулардың алдын алу, оларды классификациялау және бұл облыстағы маман үшін белгілі бір деңгейде ұсынылған емдеу жолдары туралы шешім қабылдайтын көмекші құрал жасақтау есебі қойылады.
Эксперттік жүйенің түсінігі
Негізгі түсініктер мен анықтамалар

Адам қызметінің әр түрлі салаларында нақты алгоритмі немесе әдісі жоқ міндеттер жиі кездеседі. Ол міндеттерді тек қана сол кәсіппен шұғылданатын білімді мамандар шеше алады. Ол аппаратураны диагностикалау, жұмыс аптасын жоспарлау, операцияны болжау, аппаратурада жұмыс жасап үйрену және т.б. жұмыс түрлері. Негізінен мұндай міндеттер болжау, оқыту, модельдеу сияқты салалармен қоса медицина, заң, ғылым мен техниканың алуан түрлі салалары, экономика, экология, әскери іс және т.б. кездеседі. Осындай міндеттерді шешу үшін арнайы бағдарламалар кешені - эксперттік жүйелер (ЭЖ) бар. Олар нақты емес қойылымы бар міндеттерді арнайы білім базасына (ББ) жолыға отырып шешеді, яғни ол базада пайда болған проблеманы шешуге арналған мәліметтер бар. Шешімді ЭЖ өз бетімен табады. Сонымен қатар, ЭЖ әдетте мамандардың өздеріне ББ-сын жасауына мүмкіндік беріп, оны өзгертуге немесе толықтыруға, басқаруға жол ашады. Нарықтағы бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚЕ) әдетте өте қымбат тұрады. Соған байланысты, қазіргі кезде екінің бірі өз ортасына ЭЖ тарата алмайды, және де тиімді ЭЖ өзіне сондай қымбат аппараттық қамтамасыз етуді талап етеді. Экперттік жүйе дегеніміз бұл әдістер мен ұйымдастыру жолдарының жиынтығы, күрделі міндеттерді шешуге арналған білімдердің сақталуы мен қолданылуы.
Эксперттік жүйе берілген шешімдердің арасынан ең үздігін таңдай отыра, жоғары сапалы мамандар тобының тәжірибесіне сүйену арқылы өзінің тиімділігін арттырады. Оларды стратегия құрылымы кезінде бағалай отыра, үлкен көлемдегі жаңа факторлардың әсерін талдайды, алдын ала болжау мүмкіндіктерін қалыптастырады.
Заманауи ЭЖ - білім базасын қалыптастыратын, міндеттерді шешу кезінде жинақталған білім базасының көмегімен адам-маманның әрекетін модельдейтін мамандандырылған компьютерлік бағдарлама. ЭЖ-ні ойлап табу және пайдалану ақпараттық технологиялардың дамуының концептуалды кезеңі болып табылады. Проблеманы шешудің интеллектуалдық негізіне белгілі бір іс-әрекет саласындағы тәжірибелі сарапшы-мамандардың білімдерін жаңғырту алынады
ХХ ғасырдың 70-жылдардан бастап ЭЖ жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы жетекші бағыт болды. Оларды әзірлеу кезінде ертерек дайындалған ЖИ қолдану әдістері табылды: білімді таныстырудың әдістері, логикалық қорытындылау, эвристикалық іздеу, ана тіліндегі сөйлемдерді тану мүмкіндігі және т.б. Осындай қуатты әдістерді қолдану арқылы ЭЖ өте үлкен коммерциялық әсерге қол жеткізді. 1987 жылы АҚШ-та жарияланған ЭЖ каталогы мен оны дайындауға арналған инструменталды бағдарламалық құралдар 1000-ға жуық жүйелерден тұрады. Дамыған шетел мемлекеттерінде жүздеген фирмалар оларды дайындау және таратумен айналысады. Қазіргі кезде эксперттік жүйелердің 5-буыны - преценденттік эксперттік жүйелер құрастырылған. Преценденттік ЭЖ-ні негізгі және ең маңызды белгісі - "Преценденттер Базасының" болуы. Прецендент - нысанды қасиеттерін зерттеу кезінде болатын нәтиже. Преценденттер базасы - нысанды зерттеудің нәтижелер қорытындысын жинақтайтын база. Мұндай жүйелер өздерінің шешімдеріне адамдардың байқауымен, математикалық алгоритмдермен қоса шешімді қабылдауға адамдардың логикасын пайдаланады. Осы қасиеттер олардың үлкен артықшылықтарын тудырады. Прецендентті ЭС әр түрлі білімдерді өңдеу мен қолданудың универсалды құралы бола отырып, әр түрлі ғылым саласында қолданылады: медицина (MYCIN), химия (DENDRAL), геология (PROSPECTOR), математика (InterLisp), инженерлік іс (АВК, ArhiCad), сондай-ақ әскери істе, информатикада, ғарыштық техникада, метеорологияда, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, физикада, электроникада және юриспруденцияда [3]. Өздерінің артықшылықтарымен қоса, преценденттік эксперттік жүйелердің дайындаудың жолы күрделі және тиімді жұмыс істейді, сонымен қатар олар жүздеген мың преценденттік базалар жазады. ХХ ғасырдың 60-70-жылдардағы жасалған атақты ЭЖ өз саласында классикалық құрылғы болып табылады. Шығу тегіне, қызметтік саласы мен сабақтастық идеясы, әдісі және инструменталды бағдарламалар жолдарына байланысты ЭЖ-ні бірнеше түрге бөлуге болады. 1. META-DENDRAL. DENDRAL жүйесі тәжірибелік деректер бойынша химиялық қосылулардың ықтимал құрылымын анықтайды (спектография массалары, ядролық магниттік резонанс деректері және т.б.). M-D DENDRAL- ға арналған білім алу процесін автоматтандырады. Ол химиялық элементтердің құрылымдардың жасалу фрагменттерінің ережелерін жасайды. 2. MYCIN-EMYCIN-TEIREIAS-PUFF-NEOMYCIN . Бұл мединициналық ЭЖ мен сервистік бағдарлама құрылымдарының өкілі. 3. PROSPECTOR-KAS. PROSPECTOR- геологиялық сараптама негізінде кеніш көздерін іздеуге арналған бағдарлама. KAS- PROSPECTOR-ға арналған білім жинақтау жүйесі. 4. CASNET-EXPERT. CASNET- жүйесі көз ауруларын емдеу үшін диагностикалық кепілдеме беретін медициналық ЭС. Оның негізінде EXPERT инженерлік білім тілі жасақталған. Сонымен қоса, бірнеше диагностикалық медициналық жүйелер де құрастырылған. 5. HEARSAY-HEARSAY-2-HEARSAY-3-AGE. Бұл реттің алғашқы екі жүйесі берілген сөздіктен алынған сөздердің біріккен адам сөйлеуінде тануға бағытталған интеллектуалдық жүйе.
Айтылып отырған жүйелер хабарландыру тақтасын қолдану негізінде құрылған өзіндік құрылыммен ерекшеленеді, атап айтсақ - жүйенің ағымдағы жұмысынан тұратын глобальді деректер базасы. Уақыт өте келе бұл жүйелердің негізінде HEARSAY-3 және AGE (Attempt to Generalize - қарым-қатынас талпынысы) сынды инструменталдық жүйелер жасалды. 6. AM (Artifical Mathematician- жасанды математик) және EURISCO жүйелері Стэнфорд университетінде доктор Д.Ленат басқаруымен зерттеу және оқу процесі мақсаты үшін жасақталды. Доктор Ленаттың айтуынша, кез келген ЭС тиімділігі оған енгізілген білім дерекқорымен анықталады. Оның ойынша, жүйе үйренуге дайын болуы үшін оған жалпы ақпараттардың миллиондаған саны енгізілуі керек. Ол төрт жасар баланың орташа мүмкіндіктерімен салыстыруға келетін ақпарат көлемі. Ленаттың пайымдауынша, аз мамандандырылған білім көлемі кіші ЭЖ жасау жолы тығырыққа тіреледі. АМ жүйесіне алғашында математикалық теориялар мен ұсынылымдарды құрастыруға мүмкін болатын жүздеген қорытынды ережелер мен 200 эвристикалық білім алу алгоритмі енгізілді.
Эксперттік жүйелердің құрылымы
Қазіргі кезде эксперттік жүйелердің технологиясы ең алуан түрлі мәселелі облыстарда, қаражат, мұнай және газ өнеркәсібі, энергетика, транспорт, фармацевтикалық өндіріс, ғарыш, метуллургия, тау кен ісі, химия, білім, целлюлозды - қағаз өнеркәсіп, телекоммуникация және байланыс және т.б сияқты әр түрлі түрдегі міндеттерді (интерпретация, болжау, диагностика, жоспарлау, құрылымдау, бақылау, ретке келтіру, инструктаж, басқару) шешу үшін қолданылады. Эксперттік жүйелерді орындаудағы үш негізгі түр өзгешілік белгілі.
Жеке бағдарлама түрінде орындалған экспертті жүйелер, бұл бағдарламаның тікелей бөлігі болып келетін кейбір алгоритмдік тілдегі білім базасы. Ережеге сай, мұндай жүйелер бір бекітілген пәндік облыста міндеттерді шешу үшін арналған. Мұндай жүйелерді құру кезінде дәстүрлі рәсімді PASCAL, C тілдерімен қатар, жасанды интеллектің мамандандырылған тілдері LISP, PROLOG қолданылады. Экспертті жүйелердің қабыршақтары - белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы туралы
VP-Expert эксперттік жүйенің жазбасы жайлы
Жалпыланған экспертті жүйенің құрылымдық сұлбасы және компоненттері
Сараптама жүйелерінің мысалдары
Эксперттік жүйелер мен қолдану аудандары
Эксперттік жүйені жасақтау технологиясы
Сарапшы жүйе құрамы
Білімді тестілеудің сараптық жүйе жұмысының алгоритмі мен негізгі қағидалары
Стратегиялық жоспарлау бойынша дәрістер
Эксперттік жүйені құру. Эксперттік жүйенің функциялары
Пәндер