Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық


СОДЕРЖАНИЕ
ПЕДАГОГИКА ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ, ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМУЫ2
2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ. 3
3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІ. 4
4. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ТҮРІ, НЕГІЗІ, ҚАҒИДАЛАРЫ4
5. ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ СИПАТТАМА5
6. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ- ТӘРБИЕЛІҢ ҮРДІС КОМПОНЕНТІ, МАҚСАТЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ6
7. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР6
9. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ7
10. ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ8
11. МҰҒАЛІМ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР8
12. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТҰЖРЫМДАМАЛАРЫ9
13. БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ИДЕЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛАҚЫ ҚҰЖАТТАРДЫ БЕЙНЕЛЕНУІ9
14. ОҚЫТУ ҮРДІСІ, ТАНЫМ КЕЗЕҢДЕРІ, ОҚЫТУ ФУНКЦИЯЛАРЫ10
15. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ПРИНЦИПТЕРІ, БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ТИПТЕРІ. 10
16. ТӘРБИЕДЕГІ ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСТЕРІ11
17. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ. ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ12
18. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСЫ12
19. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕНТТЕРІ13
20. БАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАСТЫҚ КЕЗЕҢДЕРІ13
21. ОТБАСЫНЫҢ ТӘРБИЕ МАЗМҰНЫ, БАЛА ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕРІ14
22. ҚАЗАҚСТАНДА ПЕДАГОГИКА МЕН ӘДІСТЕМЕНІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАР14
23. ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ, МАҢЫЗЫ, ЖІКТЕЛУІ15
24. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СТИЛДЕРІ15
25. АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ, ҚҰРАЛДАРЫ. ОЙЛАУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ, АҚЫЛ-ОЙ ЕҢБЕГІ. 16
26. ПЕДАГОГИКА НЕЕГІЗІН САЛУҒА ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҰЛЫ ПЕДАГОГТАР. 16
27. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП-ТІЛЕКТЕР17
28. ҰЖЫМҒА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАУ СТИЛЬДЕРІ17
29. ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫ, ЖЕКЕ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҰЖЫМ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МОДЕЛЬДЕРІ18
30. МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ18
31. ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТЕРІ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЕҢБЕК ДӘСТҮРЛЕРІ. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕҢБЕК ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ19
32. ОҚЫТУ ТҮРЛЕРІ. 19
33. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, МАЗМҰНЫ, БАҒДАРЛАМАСЫ. 20
34. ОҚУ ЖОСПАРЫ, БАҒДАРЛАМАЛАР, ОҚУЛЫҚТАР, ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ20
35. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНА ШОЛУ. 20
36. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫ21
37. ДИДАКТИКА, ОНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ, ДИДАКТИКАЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР21
38. МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ФОРМАЛАРЫ22
39. ОҚЫТУ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ23
40. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІС КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛГИЯСЫ23
41. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ, КЛАССИФИКАЦИЯСЫ24
42. ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ, ТАЛАПТАРЫ, НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР24
43. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ. 25
44. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ САНАСЫН ҚВЛЫПТАСТЫРАТЫН ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ25
45. ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ СЫНЫПТЫҚ-САБАҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ26
46. АЛДЫНҒЫ ҚАТАРЛЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ, БЕЛГІЛЕРІ, ҚҰРЫЛУЫ27
47. САБАҚ ТИПТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ27
48. АТА-АНАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИТЕІ-ТӘРБИЕЛІК ҚЫЗМЕТНЕГІЗІ28
49. МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРПДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҚ28
50. ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҮЙДЕ ОРЫНДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ29
51. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РОЛІ29
53. ОҚЫУДЫҢ АУЫЗША МАЗМҰНДАУ ӘДІСТЕРІ30
53. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ30
54. ОҚЫТУДЫҢ КӨРНЕКІЛІК ӘДІСТЕРІ31
55. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ31
56. ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ32
57. ДИДАКТИКА ТАРИХЫ32
58. ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ33
59. ТӘРБИЕ ФОРМАЛАРЫ33
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ПЕДАГОГИКАДАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ
ПЕДАГОГИКА ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ, ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ДАМУЫ
«Педагогика» термині грек сөзі - «пайдос» бала, «огос»- жетектеу, ертедегі Грецияда балаларды жетектеп мектепке апаратын құлдарды педагогтар деп атаған. Ал баланы оқымысты басқа құлдар оқытқан. Кейін педагогтар балаларды оқытумен, тәрбиелеумен, жан-дүниесін және денесін дамытумен айналыса бастаған.
Педагогика өз дамуында ұзақ, күрделі жолдан өтті. Алғашқы қауымды құрылыста бала тәрбиелеудің алғашқы педагогикалық элементтері пайда болды. Алғашқы кезде философия ғылымының құрамында болды. Біртіндеп тәрбие тәжірибесі Платон, Аритотель адам тәрбиесіне, жеке тұлғаны қалыптастыруға байланысты идеялар айтты. Орта ғасырда мектепті шіркеу биледі. Фома Аквинский, т. б оқыту және тәрбиелеу жөнінде еңбектер жазды, қайта өрлеу дәуірінде педагог-гуманистер итальяндық В де Фельтре, француз Ф. Рабле, ағылщын Т. Мор жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға, оқытуды еңбекпен байланыстыруға көңіл бөлді. Неміс педагогыВ. Ратке балаларға арнап ең алғаш рет оқулық, мұғалімдерге арнап оқу құралын жазды.
XVII ғасырда педагогика философияның құрамынан бөлініп шықты. Ұлы чех педагогы Я. А. Каменский өз еңбектерінде педагогика пәнін, міндеттерін, категорияларын анықтап берген. «Ұлы дидактика» еңбегі демократиялық идеяларға толы, сыныптық-сабақтық жүйені енгізген. Доқ Локк «Тәрбие жөніндегі ойлар» деп аталатын еңбегінде тәрбие теориясына көңіл бөлген. Француз ойшылдары Д. Дидро, К. Гельвеций, А. Гольбах, Ж. Ж. Руссо, швейцар педагогы И. Г. Песталоцци жеке тұлғаны қалыптастыруда тәрбие мен ортаның роліне көңіл бөлді.
Орыс революционер-демократтары В. Г. Билинский, А. И. Герцен, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов бала тәрбиелеу, білім беру жөнінде пікір атйқан. Орыс педагогтары К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Л. Н. Толстойдың гуманистік идеялары- тәрбие сипаты, дидактика проблемалары, еңбек тәрбиесі.
К. Д. Ушинский- «Адам тәрбие құралы ретінде», «балалар әлемі», «Ана тілі, деген, Л. Н. Толстой «Азбука», «жаңа азбука» деген еңбектерін жазды.
XX ғасыр педагогтары оқыту және тәрбиелеу теориясын байытты. С. Т. Щацкий - әлеуметтік педагогика; Н. Н. Курупская - сыныптан, мектептен тыс жұмысты ұйымдастыру; А. С. Макаренко - ұжым жөнінде ілімі; Я. В. Занков, Д. Б. Эльконин дамыта оқыту теориясы; П. П. Блонский- алоғашқы «Педагогика» оқулығы; В. А. Сухомлинский - жастарды тәрбиелеу проблемасын зерттеді.
Педагогика пәні - пеадгшогикалық үрдіс болып табылады. Арнайы ұйымдастылады, дамытылады, қойылған мақсатқа бағытталады, жеке тұлғаның қасиеттері мен сапалары қалыптасады.
Педагогика қызметі - тәрбиелеу, білім беру, оқыту заңдарын тану, мақсат, міндеттерді белгілеу, қойылған мақсатқа жету жолдарын жасау.
Педагогиканың ғылым міндеті :
- Тұрақты міндеттер- тәрбиелеу, білім беру, оқыту заңдылықтарын ашу, осы үрдістерді басқару, педагогикалық қызметті оқып-үйрену, жалпылау, оқыту, тәрбиелеу, білімиін беруді басқару әдістерін, құралдарын, формаларынжасау, білім беру жүйесінің болашағын болжау, зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу
- Уақытша міндеттер- стандарт, оқулықтар, концепция, бағдарламалар жасаумен байланысты.
2. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕСІ.
Экономикалық тәрбие деп оқушылардың экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған педагогикалық қызмет.
Экономикалық сана- қоғамның экономикалық өміріні тінінуді қамтамасыз етеді, өндірістік процеске белсене қатысуға мүмкіндік береді. Өндірістік қатынастардың жетіліуі жағдайында өскелең ұрпақтың экономикалық санасын қалыптастыруда жалпыға бірдей және міндетті.
Экономикалық сананы құрушылар :
- Нарықтық экономика дамуының өндірістік тиімділігін арттырудың, өндірістік қатынастарды жетілідіру, басқару жүйесі заңдар жөніндегі білімдер
- Экономикалық ойлауға, еңбек өнімділігін жоғарлатужолдарын іздестіру, өндірістік нәтижеге жете алу қабілеттілігі
экономикалық тәрбие үрдіссінде оқушы ұйымдасқан және тиімді экономика жөнінде, өндірістік күштердің дамуы жөнінде, шаруашылық механизмі жөнінде түсініктерді меңгереді. Экономикалық тәрбие экономикалық ойлауды дамытады, экономикалық қызметтегі адамгершілік, іскерлік сапаларды дамытады, қоғамдық белсенділік, инициатива, ұқыптылықты, қоғам жетістіктеріне шыншылдықты тәрбиелеу.
Экономикалық тәрбие әдістері
- экономикалық тәрбие мазмұны мектеп оқуышыларының танымдық қызметінде жүзеге асады
- балаларадың шамасы жететін экономикалық қызметке кірістіру- қоғамдық-пайдалы еңбек, өнімді еңбек-ұйымдастыруды, жоспарлауды, мөлшерлеуді, тиімділікті, нәтижесін тексеруді қажет етеді.
- балаларды экономикалық қарым-қатнастар үрдісіне енгізу- ата-аналармен бірлесе отырып отбасы бюджетіне, өзінің жеке заттарына өз қатынатарын білдіру
экономикалық тәрбиенің қажеттігі жөнінде К. Д. Ушинский, С. Т. Шацкий айтқан экономикалық тәрбие мазмұны- экономикалық білімдерді меңгерту, арнайы курстар өтикізу- «бизнес- клуб», «менеджер клубы», «маркенинг клубы», кәсіби оқыту.
3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІ.
Педагогика дамудың ұзақ жолынан өтіп, ақпарат жинақтап педагогикалық ғалымдар жүйесіне айналды.
- Жалпы педагогика- адамды оқыту, тәрбиелеудің жалпы заңдылықтарын оқып-үйренеді, оқу-тәрбие мекемелеріндегі оқыту-тәрбие үрдісінің негіздерін жасайды. бөлімдері:
А) Педагогиканың жалпы негіздері; Б) оқыту теориясы немесе дидактика, В) тәрбие теориясы; Г) мектептану;
2 . Жастық педагогика - белгілі жас тобындағы оқу-тәрбие қызметінің ерекшелігін оқып-үйренеді:
А) мектепке дейінгі педагогика ; Б) мектеп педагогикасы; В) жоғары мектеп педагогикасы; Г) ересектер педагогикасы; Д) андрогогика
Адам қызметінің нақты түріне байланысты педагогикалық пәндер болады: әскери, инженерлік, спорттық, театр, мұражай, музыкалық, өндірістік, еңбекпен түзету мекемелерінің педагогикасы.
Әскери педагогика - әскери қызметкерлерді оқыту және тәрбимлелеудің принциптерін, әдлістерін, формаларын жасайды, заңдалақтарын, теориялық қағидаларын ашып береді. Өндірістік педагогика- қызметкерлердің, жұмысшылардың біліктілілігін жоғаылату, жаңа мамандықты меңгеру, оларды оқыту және тәрбиелеуді оқып-үйренеді. Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасмы- жұмысшыларды дайындау, біліктілігін жоғарылату заңдылықтарын оқып-үйренеді. Еңбекпен түзету педагогикасы- жасалған қылмысты істері үшін қамаудаотырғандарды қайта тәрбиелеу ерекшеліктерін оқып-үйренеді.
3. Педагогикалық пәндерге жататындар : педагогика тарихы, салыстармалы педагогика, этнопедагогика, тәрбие философиясы, әлеуметтік педагогика, педагогикалық психология, т. б
Педагогика тарихы- түрлі тарихи дәуіәрде және кезеңдерде оқу-тәрбие практикасының, педагогикалық теориялардың, концепциялардың пайда болуын, дамуын зерттейді. Салыстармалы педагогика - түрлі елдердегі білім беруді салыстармалы талдаумен айналысады.
4. Арнайы педагогика - дефектология- дене, психикалық кемістіктері бар адамдарды оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын оқып-үйренеді. Түрлері: Сурдопедагогика- саңырау, нашар еститін адамдарға арналған, тифлопедагогика- соқыр, нашар көретіндерге арналған, - ақыл-ойы кемістігі бар адамдарға арналған, логопедия- тіл кемістігі бар адамдарға арналған.
5. жеке әдістемелер - барлық оқу-тәрбие мекемелеріндегі нақты оқу пәндерін оқытып-үйрену заңдылықтарын зерттейді.
4. ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ТҮРІ, НЕГІЗІ, ҚАҒИДАЛАРЫ
Эстетикалық тәрбие дегеніміз - жеке тұлғаның эстетикалық эмоционалды-сезімдік және құнды санасын тәрбиелеу үрдісі.
Эстетикалық тәрбие мақсаты - жеке тұлғаны өнердегі және өмірдегі эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту; көркем, рухани дене мәдениеті облысында шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру, эстетеикалық санаы жетілдіру.
Эстетикалық тәрбие бағыттары:
- үздіксіз көркем білім беру
- музыкалық мәдениетті қалыптастыру
- театрлық білім беру және тәрбиелеу
- әдеби қабілеттілікті дамыту
Эстетикалық тәрбие қағидалары :
- баланың эстетикалық құрылыуына ұйымдасқан түрде педагогикалық әсеғр теу
- әдіміліктің, сұлулықтың адам үшін мәнін түсіну
- міндеттер кешенін шешу қажеттілігі- көркем эстетикалық; идеялық-адамгершілі;
Эстетикалық тәрбие құралдары: өнер, эстетикалық қарым-қатынас жасау, оқу пәндері- география, матемавтика, қоғамтану, тарих, биология, еңбек, дене шынықтыру, әдебиет, музыка, бейнелеу өнері ерекше орында. Оқу үрдісінде бала нақты шындықтың, өнердің әдемілігін түсінеді, өмірге эстетикалық қарым-қатынас қалыптасады. Шығармашылық көркем қызмет сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда өз жалғасын табады. Сабақтан тыс уақытта, түрлі пәндік үйірмелерде балалардың эстетикалық дамуы жүреді. Көркемөнерпаздық жұмыс мақсатында мектепте эстетикалық тәрбие орталығы құрылады. Музыкалық мектеп, көркемөнер мектебі, музыка, театр, көркемөнер студиялары жұмыс атқарады.
5. ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Педагогикадағы зерттеу әдістері - нақты шындықты эмпирикалық, теориялық тану, оқып-үйренуде қолданылатын тәсілдер, процедуралар, операциялық зерттеуц әдістерінің жүйесін зерттеуші нақты зерттеудің мақсат-міндеттеріне байланысты таңдап алады.
Педагогикадағы зерттеу әдістерін : 1) жалпы ғылыми; 2) педагогикалық; 3) басқа ғылымдардың әдістері деп бөледі.
Бақылау - ақпаратты мақсатқа бағытталған, жоспарлы жинақтау үрдісі жүйелі жүргізіледі. Белгілері: 1) мақсатқа бағытталған; 2) аналитикалық сипатта; 3) кешенділік; түрлері: үзіксіз, ауық-ауық, жаппай, таңдамалы, тура, жанама
Тәжірибені оқып-үйрету - оқу-тәрбие жүйелеріндегі жадпыны, тұрақтыны бөліп көрсетуге, тәрбиенің тарих байланысын анықтауға бағытталған ұйымдасқан танымдық қызмет. Тарихи деп те атайды. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогикалық ұжымдардың шығармашылығын, жеке мұғалімдердің оқып-үйрену де жатады. Оқу-тәрбие үрдісін көрсететін мектеп құжатын талдау- сынып жұрналы, хаттама, сабақ кестесі, ішкі тәртіп ережелері, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, сабақ конспектілері, оқушылар жұмысын оқып-үйрену, үй, сынып жұсмыстары, шығарма, реферат, есеп.
Әңгімелесу - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің педагогикалық фактілері, құбылыстарға қарым-қатынасын, пікірін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. Зерттеу жүргізуші әңгімелесушіні өзіне тарта білуі, сұрақ қоя білуі, әдепті болуы тиіс. Алдын ала әзірленген жоспар бойынща еркін формада жүргізіледі.
Интерьвю - әңгімелесу түрі. Сұрақтар алдын ала беріледі, белгілі ретте қойылады, жауаптар белгіленеді.
Анкета жүргізу - арнайы дайындалған сұрақтардың көмегімен жаппай материал жинау әдісі; түрлері: ашық- жауапты таңдайды; жабық- дайын жауапты таңдайды; есімді; ананимді; толық, қысқартылған;
Тестілеу- тест қолданылып жүргізілетін педагогикалық зерттеу әдісі. Тест- зерттеушінің психофизиологиялық, жеке тұлғалық қасиеттерін, білім, білік дағдыларын анықтауға мүмкіндік беретін стандартты тапсырмалар. Түрлері: үлгерім, қарапайым біліктерді анықтау, оқу, даму деңгейін анықтаушы
Педагогикалық эсперимент - оқыту-тәрбиелеу үрдісіне әдейі өзгерістер енгізу алынған нәтижелерді терең сапалы, сандық талдау. Түрлері: лабораториялық - жасанды жасалған жағдайда өткізіледі; табиғи эксперимент- кәдімгі жағдайда өткізіледі. Мектеп бағдарламалары, оқулықтар эксперименттер өткізіледі. Мысалы: қазірде кей мектептерде 12 жылдықтың оқулықтары эксперименттен өткізілуде.
6. АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ- ТӘРБИЕЛІҢ ҮРДІС КОМПОНЕНТІ, МАҚСАТЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адамгершілік тәрбиесі тәрбиелік үрдістің бір компоненті болып табылады, қоғамдық талаптар мен мінез-құлық ережелерін ескере отырып, дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесі- моральдық саналарды, мінез белгілерін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің масқаты- өзіне, өз іс-әрекеттері жөнінде есеп бере алатын жауапты адамды тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесіне шыдамдылық, гумандылық, өзара сыйлау, жолдастық көмек, талап қоя білу, үлкендерге құрмет, кішіге ізет, тәртіптілік. Өзін-өзі бақылау, басқару, тануды қалыптастыру жатады. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны: ұжымдық оқу қызметін және қоғамдық-пайдалы еңбекті ұйымдастыру - балалар біріне-бірі көмектеседі, әлсізді қорғайды, жақсылықпен зұлымдықты, әділдік пен әділеттсіздікті ажыратады.
Адамгершілік тәрбиесінің нәтижесі адамгерішілік жағынана тәрбиелі болу. Адамгершілік тәрбиесі үрдісінің ерекшелігі:
- әрбір оқушының санасына қоғамдық адамгершілік сана нормаларын меңгерту қажеттілігі
- мақсат, мазмұн, адамгершілік тәрбиеліліктің көріну ерекшелігі
- ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық тәрбие үрдісімен бірге жүру
7. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Жеке тұлғаның дамуына сыртқы және ішкі биологиялық және әлеуметтік факторлар әсер етеді. Ішкі факторлар - жеке тұлғаның өзіндік белсенлідігі, қызығушылықтары, мотивтері. Сыртық факторлар - табиғат, әлеуметтік орта, тәрбие. Биологиялық фактор - тұқымқуалаушылық. Тұқымқуалаушылық - ата-аналарынан балаларына белгілі бір сапалар мен ерекшеліктерді жеткізудегі организмнің қасиеттері. Организм қасиеттері барлық ақпаратты сақтайтын және жеткізетін гендік кодта болады. Ата-аналарынан балаларына беріледі: 1) анатомиялық-физиологиялық құрылым: сөйлеу тілі, тік жүру, ойлау, еңбек әрекеті; 2) дене ерекшеліктері: нәсіл, дене құрылымының ерекшеліктері бет келбет, шаш, көз, тері, түсі; 3) физиологиялық ерекшеліктер- зат алмасу, қан қысымы, қан тобы, резус-фактор, организмнің жетілу кезеңдері; 4) жүйке жүйесінің ерекшеліктері: бас миының, перифериялық аппарат (көру, есту, сезу) құрылымы, мінезге әсер ететін нерв үрдістерінің ерекшеліктері; 5) организм дамуындағы аномалиялар (ауытқулар) : далтонизм (түстерді ажыратпау), «қоян ерін»; 6) тұқым қуалаушылық сипаттағы аурулар: гемофилия (қан ауруы), қант диабеті, шизофрения, эндокриндік бұзылу) тапал бой.
Орта- климаттық табиғат жағдайлары, қоғамдық құрылым, халықтық мәденпиеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері. Жағымды жағдайларды құру жеке тұлғаның дамуында жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік береді.
Тәрбие - әлеуметтік ортаның әртүрлі сфераларында жеке тұлғаның дамуына мақсатты түрде әсер ететін факторлар ретінде қарастырылады. Тәрбиеші бала дамуын арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйеде іс жүзіне асырады. Қарым-қатынас адамдар арасында өзара қатынас орнатуға бағытталған. Адам қоғамнан тыс жерде адамның рухани, әлеуметтік, психикалық дамуы мүмкін емес. Іс-әрекет (қызмет) ойын, оқу, танымдық еңбек, қоғамдық, саяси, көркем, шығармашылық, спорт. Іс-әрекет адамға мына жағдарлардасептігін тигізеді: адам өмірінің материалдық жағын құрады; қажеттілікті қанағаттандырады; қоршаған өмірді өзгерптуді, тануды; мақсатқа жетуге көмектеседі; рухани дамиды.
Сонымен адам дамуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты. Түрлі жағдайларда түрлі факторлар жеке тұлғаның қалыптасуына көбірек, не азырақ әсер етеді. Факторлар жүйесінде тәрбие шешуші роль атқарады.
8. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ- ЖҮЙЕСІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ, МАҚСАТЫ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Экологиялық тәрбие проблемаларымен адамдар XVII ғасырдан бастап айналыса бастаған. Қазіргі өмірде экологиялық кризис жақындағандықтан көкейкесті болып отыр. Адамзат қоғам өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру проблемасын шешуден тысқары болмағаны жөн.
Экологиялық тәрбие дегеніміз- балалардың экологиялық білімділігі мен тәрбиелілігін дамытуға бағытталған жүйені педагогикалық қызмет, экологиялық білімдерді жинақтау, табиғаттан еңбек біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие мақсатқа бағытталған оқыту үрдісінде жүзеге асады. Түрлі пәндерді оқып-үйрену арқылы бала экологиялық білімдерді меңгереді. Адамгершілік, эстетикалық тәрбие табиғатқа аялы көзқарасты, сүйіспеншілікті, әдемілігіне сүйсінуді тәрбиелейді. Қоғамдық-пайдалы еңбек- табиғатты қорғауға үйретеді.
Мақсаты - балалардың экологиялық санасын дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау белсенділігін дамыту. Экологиялық сана- экологиялық білім, факті, мәдіметте, қорытыды, жарнамалардан тұрады, эстетикалықсезімдер, экологиялық жауапкершілік. Адамның табиғатты қолдануы экологиялыұ ойлауды қажет етеді. Экологиялық ойлау адамның өндірістік, ауыл шаруащылық обьектілерін құрудан, технологиялық үрдістің жағымсыз жақтарын жоюдан көрінеді.
Экологиялық санаға - табиғатты қорғауға бағытталған адамның еріктік ұмтылуы енеді.
Экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін біртұтас шешуге негізделген. Тәрбиелеудің әдістерін дұрыс қолдана отырып, мүғалім экологиялық сауатты, тәрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Қоршаған табиғатты қорғауға мыналарды орындай білген жөн: 1. жеке мінез-құлық мәдениетін сақтау; 2. юасқа адамдардыңғ іс-әрекетінің нәтижесіндегі жағымсыз жағдайларды бодырмау; 3. пайда болған қажетсіз құбылыстарды жоюға байланысты еңбек операцияларын орындау;
Экология тәрбие бойынша қызмет мазмұны: табиғатты оқып-үйрену, экологиялық жағдайда талдау; дүние жүзі, мемлекет, тұрғылықты жердің экологиялық жүйесін оқып-үйрену; адамның табиғатқа әсерін оқып-үйрену.
9. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін сынып жекетшілері тағайындалады. Оның себеі, бір сынып оқушыларымен бірнеше мұғалім айналысады, ал олардың қызметін үйлестіру қажет. Л. С. Выготский «Педагог- бала өмірін ұйымдастырушы» деген. «Яғни педагог мектеп өмірінде тәрбиеленушілерге көмекші, қорғаушы. Ең «қиын бала» да жақсы бала болғысы келеді, оған да көмек, құрмсет, сүйіспеншілік қажет. Бала құрметтейтін, сыйлайтын педагог қана тәрбиелей алады. Сынып жетекшісі бүгінде нағыз профессионал педагог болуы тиіс. Мектептің тәрбие жүйесіндегі сынып жетекшісінің қызметі- әр баланы жоғары дәрежеде дамтыу, оның дарындылығын ашу, рухани, ақыл-ой, дене жетілуіне жағдай тудыру, тәрбиеленушілерге жеке қарау.
Сынып жеткешісінің негізгі міндеттері:
- әр баланың жеке дамуын бақылау, әр жеке тұлғаның қалыптасуы үшін жағдай тудыру
- баланың қабілеттілігін, қызығушылығын, дарындылығын оқып-үйрену
- барлық қызмет- жее, жұптық, топтық, ұжымдық- түрлерін ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын белсенді насихаттау
- тәрбиеленушінің құқықтары мен еркінділігін сақтау
- ұжымды тәрбиелуші орта ретінде құру.
Сынып жетекшісінің қызметі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz