Психогенетиканың генетикалық негіздері



Хромосома
Кроссинговер
Дезоксирибонуклеин қышқылы
Хромосома – (хромо – бояу және грек.soma - дене) – клетка ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен клеткалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын оргоноидтар. Хромосома өздігінен көбейе алады, өзіндік құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосома терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ашты (1888ж). Ол хромосомаларды негізгі бояғыштар мен қарқынды боялатын тығыз денешік деп атады. Бірақ хромосомалардың сыртқы пішіні клетка циклінің әр түрлі сатыларында өзгеріп отырады. Митоз және мейоз процестерінің метафаза кезеңінде хромосомалардың марфологиясы жарық микроскоптың көмегімен анық көрінетін құрылымға енеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене клеткаларындағы хромосома ұрықтану процесі біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі хроматидтерден (ұзынша жіпшелер) тұрады. Мұндай хромосома гомологты деп аталады. Мейоз процесінен өткен жыныс клеткаларында гомологты хромосомалардың тек біреуі ғана болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Психогенетиканың генетикалық негіздері

Орындаған: Өтебекова А.Ғ.
Тексерген:Тезекбаева М.Ж.

2015 жыл

Хромосома - (хромо - бояу және грек.soma - дене) - клетка ядросында болатын, гендерді тасымалдайтын және организмдер мен клеткалардың тұқым қуалау қасиеттерін анықтайтын оргоноидтар. Хромосома өздігінен көбейе алады, өзіндік құрылымы бар және оны келесі ұрпақта сақтай алады. Хромосома терминін алғаш рет неміс ғалымы В.Вальдейер ашты (1888ж). Ол хромосомаларды негізгі бояғыштар мен қарқынды боялатын тығыз денешік деп атады. Бірақ хромосомалардың сыртқы пішіні клетка циклінің әр түрлі сатыларында өзгеріп отырады. Митоз және мейоз процестерінің метафаза кезеңінде хромосомалардың марфологиясы жарық микроскоптың көмегімен анық көрінетін құрылымға енеді. Көптеген өсімдіктер мен жануарлардың дене клеткаларындағы хромосома ұрықтану процесі біреуін аналықтан, ал екіншісін аталықтан алған екі хроматидтерден (ұзынша жіпшелер) тұрады. Мұндай хромосома гомологты деп аталады. Мейоз процесінен өткен жыныс клеткаларында гомологты хромосомалардың тек біреуі ғана болады. Клеткадағы хромосомалардың толық жиынтығы кариотип деп аталады. Прокариоттар мен вирустарда хромосомалар болмайды. Оларда тұқым қуалау негізі ретінде әдетте бір жіпшелі немесе сақина тәрізді дезоксирибонуклеин қышқылы немесе рибонуклеин қышқылы болады және олар цитоплазмадан ядро қабықшасы арқылы оқшауланбайды. Клеткалық және тіршілік циклдері барысында хромосомалардың сыртқы көрінісінің өзгеріп отыруы олардың қызметінің ерекшеліктеріне байланысты. Ал хромосомалардың жалпы құрылымдық негіздері, биологиялық түрге байланысты әр түрлі болуы және ұрпаққа үздіксіз беріліп отыруы өзгеріске ұшырамайды. Бұған әр түрлі организмдердің хромосомаларын генетикалық, цитологиялық және биохимиялық зерттеулердің нәтижелері дәлел бола алады және олар тұқым қуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізін құрайды. 1928 жылы хромосомалардың ең алғашқы молекулалық түрдегі үлгісін орыс ғалымы Н.К.Кольцов (1872-1940жж) ұсынды.
Атқарылатын қызметіне қарай хромосомалар екіге бөлінеді. Олар аутосомалар және жыныстық хромосомалар. Жыныстық хромосомалардың белгілі бір жыныстық дамуына қатысы болғандықтан оларды жыныстық хромосомалар деп атайды, олар Х және У хромосомалар. Мысалы әйелдің жыныс клеткасында басқа аутосомалардан өзге Х хромосома, ал ер адам ұрығының (сперматозоид) біреуінде Х хромосома, екіншісінде У хромосома болады. Жыныс хромосомасының басқа хромосомаларға қарағанда құрылысында, бөлшектенуінде, коньюгациясында гетерохроматині көбірек болады. Жыныс хромосомаларының өзара және басқа хромосомалардан айырмашылығы болғандықтан, мейоз кезінде де олар өздеріне тән ерекшеліктер көрсетеді.
Кроссинговер - (ағылш. crossing-over-айқасу) - гомологтық хромосомалардың ұқсас бөліктері арасындағы ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу. Кроссинговер I-ші мейоздың профазасында жүреді және әр түрлі гендердің аллельдерінің жаңа комбинацияларының түзілуіне әкеледі. Мейоз процесінде гомологты хромосомалар әр ядроға ажыраудың алдында бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Осы уақытта екі гомологты хромосомалардың бөліктері үзіліп, олар осы хромосомалардың басқа бөліктерімен айқасып қайта жалғасады. Кроссинговер тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі болып саналады, соның нәтижесінде ұрпақтардың генетикалық әр түрлілігі артады. Кроссинговер - популяуиядағы комбинативті өзгергіштікті қамтамасыз ететін табиғи сұрыптауға материал бола алатын маңызды механизм. Сондай-ақ құрамында бір немесе бірнеше гендер орналасқан хромосоманың үлкен бөліктерінің қайта комбинациялануына немесе бір ген ішіндегі комбинацияларға (геншілік кроссинговер) әкелуі мүмкін. Гендер арасындаңы жиілігі олардың хромосомадағы арақашықтықтарын көрсетеді. Хромосомада гендер бір-бірінен неғұрлым алшақ орналасса, олардың арасында айқасудың болу мүмкіндігі соғұрлым көбейеді. Экспериментальды (тәжірибелік) генетикада кроссинговер хромосомалардың генетикалық картасын құру үшін, яғни қандай-да болмасын генннің басқа генге қарағандағы орнын анықтауда қолданылады. Кроссинговердің тұрақтылығы генді локализдеуге (орнықтыруға) мүмкіндік береді. Кроссинговер мөлшері жалпы дарабастар мен кроссоверлі дарабастар санының қатынасымен процент арқылы анықталады. Хромосоманың айқасу мөлшері хромосомадағы гендердің тіркесу күшін анықтайды: неғұрлым айқасу мөлшері жоғары болса, тіркесу күші соғұрлым аз болады. хромосоманың кез-келген бір жерінде немесе оның бірнеше жерінде бір уақытта кроссиговердің жиілігі бірдей болуы мүмкін. Кроссинговердің бірнеше түрі: дара, қос, көптік, т.б. ажыратылады. Мысалы, көптік кроссинговер гомологты хромосомалар жұбының айқасуының бірнеше нүктелерінде қатарынан бір мезгілде болуының нәтижесінде пайда болады. Қос кроссинговер немесе көптік кроссинговердің жиілігі - дара кроссинговерлерге қарағанда төмен болады. Кроссинговердің жиілігі кейбір физикалық, химиялық немесе физиологиялық факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін.
Жалпы кроссинговер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психогенетиканың қалыптасып дамуы
Психогенетиканың генетикалық негіздері туралы мәлімет
Психогенетика
Психогенетиканың генетикалық негіздері туралы
Психогенетиканың генетикалық негіздері және мутация
Психогенетиканың қалыптасып дамуы жайлы
Психогенетиканың қалыптасып дамуы жайлы ақпарат
Психогенетиканың қалыптасуы мен дамуы
Психогенетика пәні,мақсаты зерттеу әдістері
Психогенетиканың генетикалық негіздері жайлы
Пәндер