Картоп өнімі және сақтау технологиясы



Кіріспе
1.Картоп дақылына қысқаша сипаттама
2.Негізгі бөлім
2.1 Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері
2.2Картопты қоймада сақтау технологиясы
2.3Картоптың сақтау кезіндегі аурулары
3.Қорытынды:
4.Пайдаланған әдебиеттер
Алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.150-ге жуық түрі белгілі.Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі. Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады.
1. Астық сақтау технологиясы. О. Нәлеев. Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1993 ж. 10-18 бет.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БӨЖ

Тақырыбы: Картоп өнімі және сақтау технологиясы

Орындаған:Тұрсынғазиева Айгерім
Топ:АГ-213
Тексерген: Мухаметжанова О.Т

СЕМЕЙ 2015

Жоспар:

Кіріспе
1.Картоп дақылына қысқаша сипаттама
2.Негізгі бөлім
2.1 Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері
2.2Картопты қоймада сақтау технологиясы
2.3Картоптың сақтау кезіндегі аурулары
3.Қорытынды:
4.Пайдаланған әдебиеттер

1. Картоп дақылына қысқаша сипаттама
Алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.150-ге жуық түрі белгілі.Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі. Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі. Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады.
Топырақ темп-расы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал - 1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері:картоп түн көбелегі, колорада қоңызы, тағы басқа.
2. Негізгі бөлім
2.1 Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері
Картоптың сақталатын дақыл ретіндегі ерекшеліктері. Картоп сақталғыштығының негізінде оның жинағаннан кейін түйнегінің терең физиологиялық тыныштықта болу қасиеті жатады. Тыныштық кезеңінің ұзақтығы (1-3 ай) сортқа жəне белгілі мөлшерде өсіру мен сақтау жағдайларына да байланысты. Тіршілік процестерінің қарқындылығы бұл кезеңде ең төмен. Бүршіктер бөлшектеніп дамып, келесі жылы өсуге дайындалады, олардың дифференциациясы бұл кезде өте жай өтеді. Тыныштық кезі өткеннен кейін картопты сақтау өте қиын. Сондықтан негізгі мақсат - тыныштық кезеңін барынша созу.
Картоптың маңызды биологиялық қасиеті - түйнектердің механикалық зақымдарының айналасына жаңадан қабық құрастыру қасиеті. Зақымдардың бітуқасиеті картопты жинаған кезде ең жоғары болады да бара - бара төмендеп, бүршіктері оянып өскен кезде бұл қасиет толығыменжойылады. Бұл қасиеттің мəні мыналардан тұрады: зақымдалған жердің сыртқы бір-екі қабат клеткаларына суберин сіңеді. Суберин антисептикалық қасиеті бар зақымдалған жерді шіруден сақтайды. Олардың астында жаңадан бірнеше қабат майда, тығыз орналасқанклеткалар (перидерма) пайда болады. Осы суберин сіңген жəне тығыз орналасқан жаңа клеткалар қабық міндетін атқарып, түйнек-терді қолайсыз жағдай əсерлерінен сақтайды. Механикалық зақымдар тез біту үшін қолайлы жағдайлар: картопты жинағаннан кейін екі апта бойы ауаның температурасы (+10)-(+18)0 ылғалдылығы 90-93% болу керек. Осы екі апта емдік кезеңі деп аталады. Бұл кезде механикалық зақымдар бітуімен қатар, түйнектердің қабығы қалыңдап қатаяды. Емдеу кезеңінің ұзақтығы картоптың зақымдану жəне пісу дəрежесіне байланысты. Суберинмен қатар басқа фунгицидты қасиеті бар полифенол-ды заттар пайда болады - хлорогенді, кофе қышқылдары. Бұлзат-тар жаңа қабықпен қатар микробиологиялықаурулардың тарауына кедергі болады.
Картоптың маңызды технологиялық мағынасы бар қасиетінің бірі құрамындағы крахмалдың қантқа ауысып, қанттың қайта крахмалға ауысуы. Картоптың піскен түйнектерінде орташа 15-18% крахмал, 0,5-1,5% қант болады. Сақтау температурасы (+30) тан төмендесе крахмал қантқа ауыса бастайды. Көп ұзамай температу-раны жоғары көтерсе қант қайта крахмалға ауысады. Бірақ температура ұзақ уақыт төмен болып тұрса, картоптың құрамында қант көбейеді. Қант көбеюдің əсері: - дəмі өзгеред; - бүршіктердің өсу қасиеті төмендейді; - түйнектердің жұмсағы қарайып кетеді.
Картоптың жылу жəне ылғал бөлісі көп емес. Сондықтан онықамбаға биік қатармен салуға болады. Кəдімгі табиғи ауа ауыстыру жүйесімен 1,6-1,8 м, белсенді ауа ауыстыру жүйесінде 5-8 м. Бұған түйнектердің жоғары механикалық беріктігі де себепкер болады. Картоптың көпшілігінде ауа ауысуының жеңілдігі оның жоғары қуыстылығына байланысты: 42-48% - орташа түйнектерге, 35-40% - ұсақ түйнектерге. Картопты сақтау жағдайлары төменгі факторларға байла-нысты: - сортқа;
- физиологиялық күйіне;
- пайдалану саласына.
Картоптың сақтау мерзімі 3 кезеңге бөлінеді: 1) емдеу кезеңі (жинағаннан кейін пісіп жетілуі); 2) негізгі кезең (терең жəне амалсыз тыныштық); 3) көктемгі кезең (бүршіктердің оянып өсуі басталған кез). Емдеу кезеңі. Бірнеше күннен 1-2 аптаға дейін созылады, түйнектердің пісу жəне зақымдану дəрежесіне қарай. Пісіп, қабықтары жетіліп қатайған түйнектерге емдеу мерзімінің ұзақты-ғы ең қысқа, пісіп жетілмеген зақымдалғантүйнектерге - барынша көп. Емдеу кезеңінде түйнектердің пісіп-жетілуіне, механикалық зақымдардың бітуіне қолайлы жағдай жасау керек. Бұл үшін қо-лайлы температура 15-180С, ауаның ылғалдылығы 80-95%. Кезең-нің соңында температура +100-қа дейін төмендетіледі.
Емдеу кезеңі біткеннен соң түйнектердің ішіндегі зат алмасупроцестерін бəсеңдету үшін температураны 2-60-қа дейін төменде-теді. Негізгі кезең уақытында картоптың сақтау температурасы сортқа байланысты: Приикульский ранний, Фаленский сияқты сорттарға (+1)-(+2)0; Огонек, Лацинский, Темп сияқты сорттарға (+2)-(+3)0; Лорх, Столовый 19, Любимец сияқты сорттарға (+3)-(+5)0. Бұл кездегі сақтау температурасы өнімнің пайдалану саласына да байланысты. Тұқымдық картоптың сақтау температурасы азық-түліктік картоппен салыстырғанда 1-20жоғары болу керек. Тұқымдық картопты сақтаған температура, оның келесі жылғы өнімнің көлеміне, сапасына əсер етеді. Мысалы: +20температурада сақталған картоптың бүршіктері түгелімен оянбау себебінен оның өнімі аз болады да, бірақ ерте піседі. +50 температурада сақталған картоптың бүршіктерінің бəрі оянып өскен себептен, оның өнімі көп болады да бірақ кеш піседі. Сонымен тұқымдық картоптың сақтау жағдайын өзгерту арқылы келесі жылғы өнімнің көлеммен пісу уақытын өзгертуге мүмкіншілік бар. Ауаның ылғалдылығы негізгі кезең кезінде 90-95% болу керек.
Емдеу кезеңнен кейін сақтау температурасын тө-мендетунеғұрлым тез болғаны жөн. Көктемгі кезең - ең қиын, жауапты кезең, өйткені бұл кезде бүршіктердің оянып өсуі басталады. Амалсыз тыныштықты созу үшін бұл кезде температураны негізгі кезеңдігінен 1-30төмендете-ді. Төмен температураның əсерімен картоптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картоп өнімін сақтау технологиясы
Картоп өнімін сақтау технологиясы жайлы
Картоп өнімі және оны сақтау технологиясы
Картоп дақылының сорттары
Этил спиртінің құрамы
Картоптың голландық өсіру технологиясы
Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
Тамыр-түйнектілердің құрылысымен танысу және оның технологиясы
Картоп өнімі және сақтау технологиясы туралы
«өркен» шаруа қожалығы. картоп өсіру
Пәндер