Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері

Орындаған: Жусіпбек Б. Ә.

Тобы: П-411

Тексерген: Кунанбаева. Н. С

Семей 2015

Мазмұны

  • 1Адам қаңқасының бөлімдері
  • 2Адам қаңқасының құрылысы
  • 3Сүйектік тканді қабықшасы
  • 4Сүйектік қабықша
  • 5Ұзын сүйектер
  • 6Негізгі ерекшеліктері
  • 7Кеуде омыртқалары
  • 8Дереккөздер

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы

Тірек-қимыл мүшелер жүйесінің маңызы : тірек-қимыл мүшелер жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен-бірі дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа түзіледі. Қаңқа ағзаның тірегі, ал бұлшықеттер қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл мүшелер жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері) . Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге корғаныш қызметін атқарады. Мысалы, мибірімен-бірі берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді -жамбас белдеулері сүйектері корғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі - қимыл (қозғалу) . Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан, минералды алмасуға қатысады.

Адам қаңқасының бөлімдері

Адам қаңқасы бірімен-бірі өзара әр түрлі байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Ересек адамның қаңқасында 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді. Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан, түтікті сүйектер деп те атайды. Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бассүйек, қабырға, төс, жамбас сүйектері - жалпақ сүйектер.

Қаңқа - тұлға, бассүйек, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы - омыртқа жотасы мен қабырғалар және төссүйектен тұрады.

Омыртқа жотасы - тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33-34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4-5 құйымшақ омыртқалар.

Омыртқаның құрылысы - әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасының көптеген (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) қанаттары бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқаның (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үлкен әрі үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бассүйекпен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.

Бел омыртқалары басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі. Тік жүруіне байланысты адамның омыртқа жотасы иілімдер түзеді, оның екеуінің дөңесі - мойын және бел лордозы алға қарай бағытталған. Иілімдердің болуы адамды басқа омыртқалы жануарлардан ерекшелейді және олар денені тік ұстап, еркін қозғалуды, тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді. Омыртқалар арасында серпімді омыртқааралық дискілер орналасқан. Сегізкөз омыртқалары бірімен-бірі қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сөл иіліңкіреп, ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларының 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.

Құйымшақ омыртқалар қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген. Барлық омыртқалар бірімен-бірі шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы - тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады.

Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

  • орындықта түзу отырмау;
  • жазу үстелі мен орындық биіктігінің сәйкессіздігі;
  • көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;
  • сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылданған жөн.

Кеуде қуысының қанқасы - кеуде торы 12 арқа омыртқасы, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағында жалғыз төссүйектен құралады. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар (шын қабырғалар) шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі жұп қабырғалардың шеміршек шеттері өзара қосылып, доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы шала қимылдап байланысады. Қабырғалардың 11, 12-жұптарында (жетім қабырғалар) шеміршек болмағандықтан, алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығағанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, ауатамырлар, өңеш және жүйкелер. Кеуде торының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде торының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі - бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төстіктің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген. [1]

Адам қаңқасының құрылысы

Қаңқаны қүраушы сүйектер тобы, құрылысына қарай: сүйектік бөліктен, pars osseae, және шеміршектік бөліктен, pars cartilagines тұрады. Сүйектердің шеміршектік бөлігіне: буын бетінің шеміршектері, cartilagines articulares, үзын түтік тәрізді суйектердің эпифиздік ұшындағы шеміршектерден, cartilagines epiphysales, және қабырғалардың шеміршектерінен, cartilagines costales, тұрады. Сүйектердің сыртқы беті өте жұқа қан тамырларға және нервтерге бай сүйек тканді қабықшадан, periosteum тұрады.

Сүйектік тканді қабықшасы

Сүйектік тканді қабықшасының терең қабаты орналасуына қарай, сыртқы беті дәнекер ткандардан, терең қабатты остеогендік қабаттан тұрады. Сыртқы талшықты дәнекер тканді қабаты, сүйектік ткандермен тығыз байланысып қоймай, қан тамырлар мен нервтерге өте бай қабат болып саналады. Бұл қабықшаның қан тамырлары сүйектің терең қабатына қарай сүйектік өзекшелер, canalis nutricius, арқылы өтіп, сүйектің кемікті бөлігімен өзара тығыз байланысқан. Сүйек қабықшасының остеогендік қабаты сүйек ткандерін құраушы остебласт клеткаларынан тұрады.

Сүйектік қабықша

Сүйектік қабықша, periosteum, сүйектің сыртқы бетін жауып, сүйектік ткандарды қоректендіру қызметін атқарып қоймай, сүйектің бетінде беткей орналасқан: өсінділерді, processus, қырқаларды, cristae, бұдырларды, tuberi, ойыстарды, fossae, шұңқыршаларды, foveae, т. б, жауып орналасады. Түтік тәрізді сүйектің қуысқа қараған беті жұқалау келігі, сүйек іштік қабықшамен көмкерілген. Сүйектер, сыртқы пішініне қарай: үзын, ossa longi, қысқа, ossa brevia, және жалпак, сүйектергe, ossa plana, бөлінеді. Сонымен қатар, сыртқы пішіні өзгеше сүйектер, ossa inangulareae, мен қатар терең қабаты ауамен толықтырылған немесе пневматикалық сүйектерде, ossa pneumatica, кездеседі. Үзын немесе түтік тәрізді сүйектерге: тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ жілік, алақан және саусақтыңсүйектері, ортанжілік, асықты жілік сүйегі және оның шыбығы жане табан, башпайдың сүйектері жатады. Түтік тәрізді немесе ұзын сүйектердің орталық бөлігі диафиз, diaphysis, және проксимальді, дистальді үштары немесе эпифиздері. epiphysisproximalis et distais, ажыратылады. Ұзын сүйектердің проксимальді ұшын эпифиздік ұшы, , ол қаңқаға жакын бөлігі, дистальді эпифиз epiphysis distais деп, ал біліктік қаңқадан алшақ орналасқан ұшын айтамыз. Бұл сүйектердің диасфизі мен эпифизі аралығында орналасқан бөлігін метафиз, metaphysis, деп аталынады.

Ұзын сүйектер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірек - қимыл жүйесінің дамуы
Адам денесі
Тірек - қимыл жүйесі, жас ерекшелігі, Баланың аяқ киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар туралы ақпарат
Қаңқа мен сүйек
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Тірек-қимыл аппараты
Тірек-қимыл жүйесі. баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар
Адам қаңқасының құрылысы
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Қаңқа бұлшықеті - дене жаттығуларын жасайтын басты аппарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz