Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
1. Түркі тілдерінің жіктелуі.
2. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік.кемістіктері.
3. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық. Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
1. Ә. Қайдаров.Түріктануға кіріспе.-Алматы,2004ж, 3 - басылым, 360 бет.
2. Т. Қордабаев.Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.-
Алмата,1999ж, 2 – басылым, 268 бет.
3.С. Исаев. Қазақ әдеби тілінің тарихы.-Алматы,1996ж, 2 - басылым 230 бет.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Студенттің өздік жұмысы
Тақырыбы:
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.
Орындаған: Е.Н. Құрманғажы
Тобы: ҚЯ - 413
Тексерген: Қ.Шаяхметұлы
2015 жыл
Жоспары:
1. Түркі тілдерінің жіктелуі.
2. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері.
3. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі.
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Түркі тілдерінің жіктелуі.
Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол. Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық. Әрине, лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жағынан толық сәйкес келе бермейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды.
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті кейбіреулерінің (Мысалы, чуваш пен қазақ тілдерінің) туыстық қатынасын анықтау арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте кеп, олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін ғана жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген ру-тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда (Ноғай ордасы мен Өзбек ордасының құрамында) өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде ортақ белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-фин тілдес тайпалардың орта-сында қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп, қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне байланысты болса керек.
Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау -- көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-тырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде болса, екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына байланысты. Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық зерттелінген тілдерге жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта алмаймыз. Тіпті зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған түркі тілдерінің өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық деп айтудың өзі қиын. Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т. б. ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін, ролі ерекше .
Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе -- бірде-бір таза тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі ха-лықтарыньщ тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы негізі бір туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе бірнеше басқа тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Дәлел ретінде өзбек тілін кәрсетуге болады. Өзбек тілі, кеп-шілік тілшілердің пікірінше, түркі тілдерінін, қарлұқ тобына жатады.
Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері.
Қазақстан мен Орта Азия тілдері түркі тілдерінің әр түрлі группасына жатады. Қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері -- қыпшақ, өзбек, ұйғыр тілдері -- қарлұқ, түрікмен тілі -- оғұз группасына кіреді. Біз осы тілдерді салыстырып зерттеу арқылы қалған түркі тілдердің генетикалық байланысын да анықтауымыз киын емес. Өйткені бүл тілдер қалған түркі тілдерімен де тығыз байланыста болды. Көптеген тюркологтар түркі тілдерін бір-бірімен салыстырып зерттеу былай тұрсын, оны монғол, тұңғыс, маньчжур тілдерімен байланыста тексереді. Типологиялық жақтан бұл тілдер орал тілдерімен (угро-фин, самодий) бірігіп, Орал-Алтай тілдерінің үлкен группасын түзеді. (Бұған қосымша: Е. Д. Поливанов, Ғ. И. Рамстедттер корея тілін, Т. Винклер жапон тілін де қосуды ұсынған). Қазіргі түркі тілдері мен алтай тілдерінің генетикалық байланысын былай қойғанда, алтай тілі мен орал тілдерінің байланысы онан артық болмаса, кем емес деген пікірді айтады.
Тюркологтардың басым көпшілігі өздерінің классификациясында түркі тілдерін ғана қамтыды. Бұлардың кейбіреулері ғылыми негізде жасалмағаны былай тұрсын, түркі тілдерінің өзі де толық аталмайды.
Абель Ремюза 1820 жылы жазған жұмысында түркі тілдерін мынадай группаларға бөлген:
1) Якут группасы (якут тілі);
2) Ұйғыр группасы (ұйғыр, шағатай, түрікмен тілдері);
3) Ноғай группасы (татар тілі);
4) Қырғыз группасы (қырғыз, қазақ тілдері);
5) Түрік группасы (чуваш тілі).
Абель Ремюза бұл классификацияға қосымша кейбір мағлұматтар берген, түркі тілінде сөйлейтін халықтардың тұратын территориясын атаған. Бұл классификация толық емес, оның үстіне ғылми негізде берілмегендігі де сезіліп тұр.
2. Академик В. В. Радловтың классификациясы түркі тілдерінің өзгешелігін есепке алады. В. В. Радлов түркі тілдерін төмендегі группаларға бөледі:
1) Шығыс группа (алтай, шор, хакас, тува, ұйғыр т. б. тілдер);
2) Батыс группа (қырғыз, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдері);
3) Орта Азия группасы (ұйғыр, өзбек тілдері);
4) Түстік группа (түрікмен, азербайжан, түрік т. б. тілдері).
Бұған қосымша В. В. Радлов бұл тілдердің фонетикалық өзгешелігіне тоқтаған, ал этникалық жағын есепке алмаған.
Вамбери классификациясы төмендегі үш группадан тұрады:
1) Түстік-Сібір группасы;
2) Шығыс-түркі тілдері группасы (ұйғыр, өзбек, қазақ, қырғыз т.б.);
3) Аралас группа (башқұрт, татар, ноғай т.б. тілдер). Вамбери барлық түркі тілдерін жалпы түркі тілінің диалектісі деп қарайды.
Профессор Н. Ф. Катанов түркі тілдеріне этнографиялық шолу жасай келіп, төрт группаға бөледі. Бұл классификация әрбір түркі тілдерінің езгешелігін есепке алмайды. Оның үстіне кейбір түркі тілдері аталмай қалған.
3. Академик Ф.Корштың классификациясы түркі тілдерінің фонетикалық және морфологиялық өзгешелігін есепке алып, олардың тілдік материалын талдау негізінде жасалған. Ол түркі тілдерін төмендегі төрт группаға бөледі:
1) Солтүстік группасы( географиялық белгілеріне қарап бұған: құмық, ноғай, татар, башқұрт, чуваш т.б. тілдерді кіргізген);
2) Шығыс группа -- половец (құман, қыпшақ), ескі өзбек (шағатай), ұйғыр, орхон, қарагас сияқты тілдер);
3) Батыс группа (түрік, азербайжан, түрікмен тілдері);
4) Аралас группа (солтүстік алтайлықтар, чуваш, якут тілдері).
Академик А. Самайловичтің классификациясы түркі тілдерінің лингвистикалық езгешелігін есепке алады. Ол Радлов пен Корштың классификациясының дұрыс екендігін айта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz