Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде
Орындаған: Маликрамова А. Р.
Тобы: ПХ-415
Тексерген: Едигенова А. Ж.
Семей қаласы
2015
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес.
XIX ғасырда позитивизм бағытындағы философияның негізін қалаған О. Конттың (1798-1857) ғылымдарды топтастыру жүйесі кең қолданымда болды. Дегенмен осы жүйеде психологияға орын табылмады. Ғалым пайымдауынша, психология әлі (үш кезең заңына орай) метафизикалық сатыда, ғылым ретінде пісіп жетілмеген. XIX ғасырдың бірінші жартысы үшін мұндай тұжырым, әрине, әділ болатын.
Ол заманнан бері ұланғайыр өзгерістер болды: психология дербес ғылымға айналды, адамзатқа қажет табыстарымен көзге еленді. Екі ортада ғылымдарды жүйесімен топтастырудың талай амалдары талдау, талқыдан өтті. Солар арасында аса танымал болғаны орыс философы және ғылымтанушысы Е. М. Кедров (1903-1985) ұсынған топтастыру амалы еді. Кедров пікірінше, ғылымдарды бір беткей түзулік (линейный метод) сипатымен топтастыруға болмайды. Ол барша ғылымдарды үш топқабөлуді ұсынады да, олардың бастарын бір түзу бойында емес, үшбұрыш шыңдарына орналастыра қосады. Сонда, үшбұрыштың жоғары шыңында жаратылыстану ғылымдары, төменгі сол жақта - әлеуметтану, ал төменгі оң тарапта - философиялық пәндер жайғасады. Психология осы ғылымдардың бәрімен бірдей тығыз байланыста, сондықтан ол үшбұрыштың ішінен кең орынға ие болады. Себебі адам ойы, ойлауы (психологияның маңызды бөлімдерінің бірі) тек психология тұрғысынан зерттеліп қалмастан, олармен философия да, логика да айналысады. Психология, сонымен, барша ғылыми білімдермен өзара байланысқа келеді.
Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.
Психологиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен, дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.
Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т. б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К. Д. Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді. Психология ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі және үнемі жетіліп отыруында. Қазіргі кезеңде психологиялық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға психологиялық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қорытындылау, әлеуметтік талдау, математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу болып табылады.
Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т. б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.
Психологияның аса маңызды мәселелерінің қандайы болмасын, басқа ғылымдармен байланыспай шешілуі мүмкін емес. Психиканың пайда болуы мен дамуын зерттеу үшін биология, генетика, антропология, білімдері мен әдістерін қолдану қажет; психофизиологиялық проблемаларды шешу үшін нейрофизиология, нейроанатомия, нейрохимия, медицина әдістерін тартуды талап етеді; психикаға орай биологиялық және әлеуметтік жағдаяттар байланысы проблемасы әлеуметтік, биологиялық, психологиялық білімдердің басын қоспай мүлде шешілмейді. Осылайша, психологияның басқа ғылымдармен, ғылым салаларымен ара қатынас түрлерін шексіз жалғастыра беруге болады. Өз кезегінде, психологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер психологиямен сыбайлас пәндер үшін өте қажет.
Психология және логика б айланысы ойлау жөніндегі психологиялық білімдер тарихында анық көрінеді. Осы ғылыми білімдердің әрбірі ойлау құбылыстарын ашуда өз зерттеу аймақтарына ие. Логиканың шұғылданатыны ақиқат жөніндегі мәселе, ойлаудың болмысқа деген танымдық қатынасы туралы проблема. Ал психологияның айналысатыны - ойлау үдерісінің жүрісі, жеке адамның ойлау іс-әрекеті, ойлау құбылысының сананың басқа да тараптарымен аралық нақты байланыс, қатынастары.
Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік психологияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психологиядан бөліне көрінетін тұсы - ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы.
Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетіктер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.
Психология және биология байланысы. Адам дамуының табиғи және әлеуметтік жағдаяттарының ара қатынасы жөніндегі проблема- психология үшін аса маңызды мәселелердің бірі, ол биология үшін де ізденіс азығы. Екі ғылыми білімдердің қосыла зерттеулері нәтижесінде әрбір жеке адамның даралықты дамуындағы тума берілген және өмір барысында қалыптасатын сапа-қасиеттерінің сыры ашылады.
Психология және медицина байланысы медициналық психологияның туындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ерекшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияның психологиялық әдістерін орайластырады.
Психология және саясаттану байланысынан саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясы пайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып, оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.
Психологиялық факторлар өздігінен әлуметтік процестерді бағыттай алмайды, керісінше, олардың өзін осы қоғамдық процестерді талдау арқылы түсіну мүмкін.
Психологияның дербес ғылымға айналуында оның ХIХ ғ. Басталған жаратылыстану ғылымдарымен бiрлікте зерттелуi үлкен маңызға ие болды. Осы байланыстың нəтижесiнде психологияға экспериментальдық əдiс ендi. (Г. Фехнер), рефлекторлық теория ашылды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов) . Қазiргi заман психология проблемаларының зерттелуiне Ч. Дарвиннiң эволюциялық теориясы да үлкен ықпалын тигiзiп, тiршiлiк иелерiнiң құбылмалы орта жағдайларына икемделудегi психиканың рөлiн анықтауға, жоғары психикалық əрекет формаларының қарапайым түрлерден туындайтынын түсiнуге мүмкiндк бердi.
Психолог жеткiлiктi дəрежеде өсiмдктер мен жануарлар тiршiлiгiндегi ерекшелктердi айыра бiлуi қажет. Əсiресе, бiртектi сулы ортада жасаған бiр жасушалылардың клеткалы өмip тұрпатынан қоршаған ортада белсендi бағдар-бағыттылықты талап ететiн құрылықтағы тiршiлiк иесi - көп жасушалылардың күрделi өмiр формасына өтудегi өзгерiстерiн анықтап бiлген жөн. Жəндiктер дүниесi мен жоғары омыртқалылардың тiршiлiк принциптерi арасындағы айырма-шылықтарды да бiлгенық маңызы үлкен. Икемделудін жалпы биологиялық принциптерiн бiлмей, жануарлар қылы-əрекеттерiнiң ерекше бiтiстерiн дəл түс iну мүмкiн емес, ал онсыз адамның күрделi формадағы психикалық əрекеттерiн ұғу биологиялық тұғырынан айырылады. Сонымен бiрге естен шығармайтын жəйт, психология ғылымының пəндк негiзiн құр айтын деректердi ешуақытта биологиялық деректермен баламаластыруға болмайды.
Психология үшiн оның қоғамдық ғылымдармен байанысы үлкен маңызға ие. Тарих, экономика, этнография, əлеуметтану, өнертану, заң жəне т. б. зерттеулерiндегi проблемалар əрдайым психологиямен ткелей байланысты. Көп жағдайда адамдардың жеке жəне ұжымдық əрекеттер механизмi, əрекет, əдет, əлеуметтік бағыт, тəртiп-талап стереотиптерiнiң қалыптасу задылықтары жөнiндегi бiлiм-дердi пайдаланбай, кəйiп, сезiм, психологиялық климатты танып бiлмей, жеке адамның ерекшелiктерi мен психологиялық қасиеттерi, қабiлетiн, сезiмiн, мiнезiн, адам аралық қатынастарын зерттемей, əлеуметтiк процестер мен құбылыстардың мəнi толық ашылмайды, яғни, ықшамдап айтсақ, əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторды ескеру заңды қажеттiлк. Психологиялық факторлар өздiгiнен əлеуметтiк процестердi бағыттай алмайды, керiсiнше, олардың өзiн осы қоғамдық процестердi талдау арқылы түсiну мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz