Картоп өнімін сақтау технологиясы жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БАӨЖ
Тақырыбы : Картоп өнімін сақтау технологиясы
Орындаған : Манашев С.
Тексерген : Мұхаметжанова О. Т.
Семей 2015 ж
Жоспар
Кіріспе
1 Картоп өнімі және оның құрамы
2 Картоптың негізгі физикалық касиеттері
3 Картопты сақтау технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Картоп , картофель ( немісше Kartoffel ), түйнекті алқа, ақтүйнек - алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.
- 150-ге жуық түрі белгілі.
- Отаны - Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.
- Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.
- Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.
- Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.
- Биіктігі 40 - 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 - 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ темп-расы 5 - 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы темп-ра 10 - 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 - 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 - 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23, 7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17, 5% крахмал, 0, 5% қант, 1 - 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 - 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.
Картоп - ауыл шаруашылыгындағы кеңінен тараған дакылдардың бipi. Дүние жузідегі тағамдық дақылдар ішінде күріш пен бидайдан кейінгі орында. Сонымен қатар, картоп технологиялық және мал азықтық мақсатта да пайдаланылады. Сондыктан халқымыз оны «екінші нан» деп атайды.
Картоп өнімі және оның құрамы
Картоп - алқа (Solanum) туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20, кейбір түрлерінде 40-50 см) . Жапырағы қою жасыл, сабақта кезектесіп орналасады. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны - Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.
Картоп құрамындағы органикалық және минералдық заттардың қатынасы адам ағзасына пайдалы деңгейде әpi оның сортына, өндіру жағдайына, сақтау тәсіліне байланысты әр түрлі мөлшерде болады.
Картоп құрамында сапалы белоктың, дәрумендердің және басқа да заттардыц мөлшері жоғары, адам денсаулығына ете қажетті қоректік касиеті бар.
Ғылыми деректер бойынша картоп өнімін гектарынан 100 т-га дейін көтеруге болатыны мәлім. Жалпы картоп өндірісін ойдағыдай дамытуда алдыңғы қатарлы шаруашылықтар мен ғылымның озық жетістіктеріне сүйене отырып айналысудың маңызы зор.
Орта есеппен картопта: 70-80% су, 13-20% крахмал, 0, 8-1, 5% кант, 2 % шикі протеин, 0, 2-0, 3% май, 0, 8-1% клетчатка және осынша мөлшерде күл болады.
Картопта С дәрумені мол, әсіресе, оның деңгейі жас, толык пiciп жетілмеген түйнекте жоғары. Түйнек толык пiciп жетілген сайын және сактау уакыты өткен сайын дәруменнің мөлшері.
Ең алдымен, картоп өнімі азык-түлік ретінде маңызды.
Орта есеппен 6ip адамға жылына 90-95 кг картоп кажет. Ал
Кейбір негізгі тағам ретінде колданатын жерлерде бұл керсеткіш одан да жоғары.
Картоп қайта өңдеу өндірісінде, соның ішінде жеңіл өнеркәсіпте, кондитерлік өнімдерді дайындауда, колбаса өнімін жасауда кеңінен қолданылады.
Сонымен катар, картоп мал азықтық өнім ретінде, әcipece, жаңа туған және бордақыға тұрған малды азықтандыруда пайдалы.
Крахмалдың көбі картоп қабығына жақын жерде болады. Ортасында су мөлшері көп. Сондықтан картоп туйнегі солғанда оның ортасы бос болып тұрады.
Картоптың механикалық жолмен зақымдалған жерде микроорганизмдер әсер етпейтін қабық - перидерма пайда болады.
Өнген картопта улы зат - соланин глюкоалколоиды тузіледі. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Дегенмен, суда қайнағанда оның мөлшері азаяды.
Картоп өнімі баска дакылдар сиякты әр түрлі қасиеттерге ие. Оларды физикалық және физиологиялық қасиеттер деп бөледі.
Картоптың негізгі физикалық касиеттері
Сусымалылығы. Астық дәндеріне қарағанда картоп туйнегінің сусымалылығы төмен. Орта есеппен 40-45°С шамасында. Картопты бурттарга уйіп сақтағанда осы көрсеткіші пайдаланылады.
Өздігінен екшеленуі, әдетте, қоймаларды механикалық жолменен толтырғанда журетін құбылыс. Бұл кезде ipi, салмағы ауыр түйнектер құлаған жерге жакын қалады да, майда, жеңілдері алыска жылжиды. Сондыктан қоймаға салмас бұрын картопты сорттап, ipici мен майдасын ажыратады (колибровка жасайды) .
Қуыстылыгы. Түйнек арасындағы ауа оның сақталуына кері әсерін тигізеді. Картоптың осы қасиетін пайдаланып «белсенді желдетуді» жүзеге асыруға немесе түйнекті әр түрлі улы заттармен өңдеуге болады. Бұл көрсеткіш картоп массасының ірілігіне (майда түйнекте аз, ал ірі түйнектерде жоғары) және қоспаның көлемі мен түріне байланысты. Неғұрлым қуыстылығы жоғары болған сайын ол өнімнің алатын орны да көп болмақ.
Механикалық төзімділігі. Тамыр жемістілер мен жемістерде аныкталатын көрсеткіш. Ол бойынша өнімді қаншалықты биікк етіп уйіп сақтауға болатынын есептейді. Сондай-ак, тасымалдап, 6ip орыннан екінші орынға жылжытқанда құлау биіктігін анықтайды. Картоп түйнегін механикалык төзімділігі оның пісіп жетілуіне, сырткы қабығының қалыптасуына байланысты. Бұл көрсеткіш арнайы пенетрометрмен анықталады.
Пенетрометр ұш жағында диаметрі әр түрлі болып келетін калакшасымен жемісті жаншу арқылы оның кысымға төзімділігін көрсетеді. Қабығы жаксы жемістер пенетрометр қысымына қарсылық көрсетіп, сол арқылы сақтау мүмкіндігін береді. Картоп түйнегін үйіп сақтау биіктігі механикалық зақымдануға төзімділігіне байланысты 4-5м-ден артық болмауы тиіс.
Булану және терлеу. Картоп өнімінде болатын булану процесi әсерінен түйнектің салмағы кемиді. Булану-терлеу процeci толық пiciп жетілмеген, жаңа жиналған, қабығы жұқа немесе зақымданған түйнектерде қарқынды жүреді де ол түйнектер бос әpi жұмсақ болып қалады. Аталған процестің жүруінің басты ceбeбi қойма температурасының жоғары, ал ылғалдылығының төмен болуы.
Картопты сақтау технологиясы
Картопты сақтау кезінде өнімді салқындатумен қатар, қойма ішіндегі ауа ылғалдылығын үнемі жоғары деңгейде ұстау қажет. Ол деңгей шамамен 85-95 % аралығында. Кей кезде бұндай ылғалдылықтағы картоп түйнегі арасында ылғал шоғырланып терлеу пpoцeci болуы мумкін. Оны болдырмау үшін ара-тұра белсенді желдету жұмыстарын жүргізіп тұрады.
Картоп түйнегінің үсуі. Ycy пpoцeci ауаның температурасы - 3-5 °С бол ғанда журеді. Ycy кезінде ең алдымен клетка арасындағы су, сонан соң клетканың iшкі қабатындағы су мұз болып қатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz