XIX ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті
СӨЖ №10
Тақырыбы: XIX ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Орындаған: Хасенова Инабат
Топ: Қ-211
Тексерген: Сәмекбаева Э. М
Семей қаласы, 2015
... жалғасыЛингвистикалық мектептер. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты . ХІХ ғасырдың соңғы оң жылы мен ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік, бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амалтәсілдері іздестіріледі . Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды . Олардын қатарына «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептерді жатқызуға болады . Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардын өкілдері бірауызды болғандықтармен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әрқайсынының өзіңдік көз қарастары, ұстаған жолдары болды . Енді соған келейік .
Бұл -тіл білімі тарихында жас грамматикалық бағыттан бір жола және үзілді -кесілді бас тарту ұрнын тұнғыш көтерген мектеп . Оның өкілдері 1909 жылдан бастап Рудольф Мерингердің (1859-1931) басқарумен шыға бастаған (Австрияда) «Сөздер мен заттар» деп аталатын журнал төңірегінде топтасқандықтан, соның атымен аталған (журнал ХХ ғасырдың 40 жылдарына дейін шығып тұрды) . Бұл мектептің ең көрнекті өкілі -роман тілдері жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927) .
Г. Шухардт тек роман тілдерін ғана емес, басқа да көптеген тілдерді зерттеген, жан-жақты, терең білімді адам болған. Ол тіл білімде бірталай тың да қиын проблемаларды батыл көтеріп, өз көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мектептің өкілдері зат пен оның атауы арасындаға қарым-қатынасқа ерекше мән берді. Г. Шухардт «Заттар мен сөздер» деген еңбегінде: сөз затты білдіреді, зат-алғашқы, ол ешнәрсеге тәуелсіз, өзі үшін өмір сүреді, ал сөз затқа қарағанда соңғы, кейінгі, ол-затқа тәуелді, оның өмірі затқа байланысты, зат жоқ болса, оған қойылатын атау да жоқ, тілдегі әр сөздің өзіндік тарихы бар оны тек лингвистикалық талдау арқылы ғана емес, заттар тарихы арқылы да зерттеуге болады, заттар тарихы мен сөздер тарихы арасында толық параллелизм де, сондай-ақ күрделі және нәзік қарым -қатынастар да бар, тіл білімінің міндеті -соны ашу дейді.
Осы талаптарға орай бұл ағым ғалымдары (Г. Шухардт, Р. Мерингер, В. Мейер -Любке, т. б. ) сөздер тарихын сол сөздер атау болған заттар тарихына байланыстыра отырып, ұқып тылықпен, көп жағдайда өте шебер зерттелген. ХХ ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы-неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949) .
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К. Фосслердің «Тіл білімдегі позитивизм мен идеализм» (1904), «Тіл-творчество және даму» (1906) дген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм депаталу себебі -оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы -эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізгі қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы ХХ ғасырдын бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек лингвист етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулно Бартоли (1873-1946), Джулиано Бонфанте, (1904ж), В. Пизани(1899ж) т. б.
Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көтеген еңбектер жазды. Содай еңбектердің бірі-1925 жылы М. Д. Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі» атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа мектептің істері мен принциптері қысқаша баяндалды. Неолингвизм бір-біріне үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың -В. Гумбольдттың, Г. Шухардттың, К. Фосслердің, кейбір мәселеде Г. Паульдің принциптеріне сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклетикалық неолингвизм деп те аталады.
Социологиялық мектеп . Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығн, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірсыпыра ойшылдары да басқа айтқан. Дегенмен, бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді.
Тіл қоғаммен байланысты, тіл-қоғамдық құбылыс дегендердің тезис ретінде алынып, тіл білімінің күрделі бір проблемасы ретінде арнайы сөз болуы өткен ғасырдың екінші жартысынан басталады. Социологиялық зерттеу тіл біліміндегі натуралистік, индивидуалдық көзқарастарға қарсы бағытта туып қалыптасты.
ХІХ ғасырдың аяқ кезі мен ХХ баскезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал социологиялық лингвистикадген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр.
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері-Поль Лафарг (1842-1911), Ф. де Соссюр (1857-1913), А. Мейе (1866-1936), Ж. Вандриес (1875-1960), Э. Бенвенист (1902) .
Мектептің социологиялықдеп аталған себебі бұл бағыттағылар индивидуалистік, натуралистік бағыттағыларға қарама-қарсы тіл -қоғамдық, әлеуметтік құбылыс, ол тек адам қоғамыбар жерде ғана өмір сүре алады. Тілді дүниеге келтірген де, оны ілгері дамытатын да қоғамдасқан адамдар. Тіл әлеуметтік құбылыс болғандықтан, ол басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысты қаралу керек деп санайды.
Социологиялық мектеп көтерген және шешкен проблемаларды байқау үшін, оның кейбір қайраткерлеріне өте қысқа болса да тоқтатылып өтейік .
Поль Лафарг. Ол өзінің 1894 жылы шыққан «Революцияға дейінгі және одан кейінгі француз тілі» деп аталатын еңбегінде қоғам мүшелерінің әлеуметтік, таптық жіктерінің тілге, әсіресе оның лексикасына қандай әсер ететіндігі терең де жан -жақты зерттелген. Француз тілінің ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы даму сипаттарын, жеке сөздер мағынасында болған құбылыстарды зерттеп отырып, Лафарг ұғымының, әдеби тіл нормасының көп жағдайда қоғамдық қатынастарға тәуелді . Ол -тілді өзінің әлеуметтік ортасынан бөліп алуға болмайды деп есептейді.
Фердинант де Соссюр Швейцар тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің пофессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. Де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі циологиялық мектептің негізгі салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz