Жолаушыларды таксимен тасымалдаудың ережелері. Қозғалыс кестесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Жолаушыларды таксимен тасымалдаудың ережелері. Қозғалыс кестесі.
Тексерген: Жумадилова Г. А.
Орындаған: Ахметова А.
Тобы: ОП-215
CЕМЕЙ - 2015
Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау
Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi - таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына белгiленген нысандағы хабарламаларды беру жолымен осы Қағиданың 26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңiл автомобильдермен жүзеге асырылады.
Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде қызметтi хабарландыру тәртiбiнiң талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді, ол олардың интернет-ресурстарында орналастырылады. Көрсетілген тізілімнен шығаруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысының өтініші, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағында және осы Қағидада көзделген такси тасымалдаушысының қызметіне тыйым салу немесе міндеттемелерін орындамауы туралы сот шешімі бойынша жүргізеді. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт бүйір есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдер қолданылады. Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.
Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру және ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру тәртiбi
Жолаушыларды таксиге отырғызу және одан түсiру арнайы жабдықталған такси тұрақтарында немесе автомобильдердiң тоқтауына жол қозғалысы ережелерiнде рұқсат етiлген жол желiсiнiң учаскелерiнде жүргiзiледi.
Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы:
1) автокөлiк құралдарының рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн, сондай-ақ медициналық қызметкердің такси жүргiзушiлерiн рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруын;
2) ақпараттық-диспетчерлiк қызметтiң немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызметтi көрсету жөнiндегi шарттың болуын;
3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды;
4) әр отыз таксиге шаққанда арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын, мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген бір таксиден кем емес;
5) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимдерін сақтауды;
6) сапар құжаттамаларын ресімдеуді қамтамасыз етеді.
Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі тапсырыста көрсетiлген уақытқа қарай таксидi ұсыну бойынша тапсырыстардың орындалуына үздiксiз бақылауды, сондай-ақ таксимен тасымалдаудың технологиялық процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі немесе таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметімен шарт болмаған жағдайда, такси тасымалдаушысының қызмет көрсетуіне рұқсат етiлмейдi.
Такси тасымалдаушысы құратын ақпараттық-диспетчерлік қызметтің негiзгi функциялары:
1) жеке және заңды тұлғалардың такси қызметіне тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында бөлу;
2) таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және келетін уақытын хабарлау;
3) тапсырыс бойынша таксидің кетуін және уақтылы келуін қадағалау; Тасымалдаушы болып табылмайтын тұлға құрған ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі клиенттерінің тапсырысының және оларды такси жүргізушісіне берудің есебін қағаз немесе электрондық нысанда жүргізеді. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар кезек тәртiбiмен таксиге отырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар пайдаланады.
Жүрiп келе жатқан таксидi, егер:
1) онда бос орындардың жеткiлiктi саны болса;
2) таксидегi жолаушы осылай тоқтауға келiсiм берсе, қол көтерiп тоқтатуға болады.
Жолаушы бос таксиге отыру кезiнде жүргiзушiге жүру маршрутын көрсетедi. Егер жолаушы өз бетiмен оңтайлы жүру маршрутын анықтай алмай, тек қана сапардың соңғы пунктiн атайтын болса, онда жүргiзушi жолаушыны барынша қысқа жолмен баратын орнына жеткiзеді. Жолаушының таксиге отыруы және одан түсуі толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асырылады. Жолда тоқтау кезінде отырғызу және түсіру автокөліктің оң жағынан жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалдау шартын бұзбай таксиден түсіп кеткен жағдайда жүргізуші таксидің жолаушыны күтіп тұрып қалған алдын ала келісілген бүкіл кезеңіне ақшалай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz