И.В.Сталин-саяси тарихи тұлға



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
2.1. Сталиннің қысқаша өмір баяны.
2.2. Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі.
2.3. Сталиндік Конституция.
2.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы.
2.5. Сталиндік биліктің салдары.
Қорытынды.
Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны «сүйікті көсем, әке және ұстаз», «…данышпан жетекші» ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол – жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунис¬тік саясат пен идеологияға бағынды¬рыл¬ған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғам¬дық-саяси өмірде демо¬кра¬тияның шектелуіне әкелді. Шынайы демокра¬тиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
1. Т. Омарбеков: «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері»
2. Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар мәселесінің зерттелуі (1980-ж. аяғы — 1990 ж.)
3. Кодалаев Г.З., Багаев Ч.Н.: «Кто ты, Сталин?»
4. Такер Р. «Сталин, Путь к власти»

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: И.В.Сталин-саяси тарихи тұлға

Орындаған: Абдыкадырова Ж.
ИЯ-311
Тексерген: Санкайбаева П.С

Семей-2015
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
2.1. Сталиннің қысқаша өмір баяны.
2.2. Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі.
2.3. Сталиндік Конституция.
2.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы.
2.5. Сталиндік биліктің салдары.
Қорытынды.
Кіріспе
Тарих беттерін ақтаратын болсақ, не бір тарихи тұлғалырды кездестіруге болады. Сондай тарих бетінде ізі мәңгілікке қалған тарихи тұлғалардың бірі бұл Сталин. Миллиондаған кінәсіз адамдардың өліміне себекер болған Сталин қоғамдық өмір мен саяси санада орын белгілеп, оны сүйікті көсем, әке және ұстаз, ...данышпан жетекші ретінде дәріптеуге қол жеткізді. Бірі бұндай дәрежеге бейбіт, демократиялық жолмен қол жеткізсе, бірі басқыншылық, өзінің жеке саясаты арқасында қол жеткізуде. Сталиннің аузымен айтылған әр сөз, ол жазған әр сөйлем мемлекеттік идеологияға айналдырылды. Ол - жалпы коммунистік идеологияның өзегі болып табылды. Коммунис - тік саясат пен идеологияға бағынды - рыл - ған мерзімді басылымдар партияның бүгіні мен ертеңі туралы мифтер мен мифологияны насихат жұмыстары арқылы адамдар санасына сіңіре берді. Мемлекеттік биліктің коммунистік партия мен оның басында тұрған жеке адамның қолына шоғырлануы қоғам - дық-саяси өмірде демо - кра - тияның шектелуіне әкелді. Шынайы демокра - тиядан алшақ тұрған тоталитарлы әміршіл-әкімшіл жүйе халықты саяси биліктен шеттетіп, мемлекет пен қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатты.
Әрбір еңбекшісі республикада болған социалистік өзгерістердің үлкенді-кішілі мә - селелерінің бәрі де Сталин жолдастың қатысуымен шешіліп келді. Партия және мемлекет құрылысының мәселе - лерінен бастап, өнеркәсіп орындарын, шаруа - шылық құрылыстарын салу, ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерін ашу мәселелеріне дейін барлығы Сталин жолдастың қандай болса да бір принципті нұсқауынсыз, кеңесінсіз іске аспады. Партия және мем - лекет құрылысының барлық маңызды мәселелері Сталин жолдастың тікелей қатынасуымен шешілді. Мұның барлығы сталенизмның, Сталиннің жеке басына табынушылықтың қоғам идеологиясына қаншалықты сінгенінің көрінісі болып табылады.

2.1. Сталиннің қысқаша өмір баяны. Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршылы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет Жеңіс орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, Месамедаси атты грузин социал - демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП - ға мүшелікке өтті. Коба деген лақап атты иленеді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП - ның ОК - не мүшелікке сайланды. 1912 - 13 жылдары Санкт - Петербургте жұмыс істей жүріп, Звезда және Правда газеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде Марксизм және ұлт мәселесі деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП - ның ОК бюросының құрамына және Правда редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 1917 жылы қарашаның 8-де болған 2-ші съезінде Ұлт істері халкомы ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 жылмен 1922 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. 1918 - 20 жылдардағы Азамат соғысы кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік - Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК - нің Бас хатшысы етіп сайлады. Осы қызметте 31 жыл 1953 жылға дейін отырды. КСРО - ны құруға белсене қатысты. . Алғашқы кезде автономияландыру, яғни бүкіл республикалардың РКФСР - ге автономия құқығына енгізу жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1922 жыл желтоқсанда болған 1-ші съезіне жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П - ның 1924 жыл мамырда болған 13 - съезі Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын - сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін халық жауы ретінде қуғындауды күшейтті. Халық жауы жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті.
2.2. Сталиннің жеке басыну табынудың баспасөз бетеріндегі көрінісі. Қоғамда әміршілдік-әкімшілдік жүйе идеологиясы өз жемісін бере бастаған 1929 жылды И.Сталин "ұлы бетбұрыс" жылы деп атады. Партиялық мерзімді басылымдар коммунистік саясат пен идеологияны насихаттаумен қатар, партия көсемін мақтап-мадақтаудың ерекше үлгісін көрсетті. И. Сталиннің 50 жасқа толуына орай жарияланған мақа - лалардың негізгі мазмұны партия көсе - мінің марксизм-ленинизм теория - сын дамытудағы ерекше рөлін, социа - лизмді іс жүзінде орнатудағы шексіз үлесін дә - ріптеді. Мерейтой тарқағаннан кейін де бұл үрдіс үдемесе толастаған жоқ. "Ұлы данышпан" Сталинді қазақ халқы ғана емес, бүкіл кеңес жұрты жырға қосты. Орталық басылымның жолынан ауытқы - майын дегендей, басқа ұлт тілдерінде шығатын мерзімді басылымдар "Правда" газетінің "Сталин жолымен" деген тақырыпта көсемге арналған өлеңдер топтамасын аударып басты. Кеңес Одағы Коммунистік партиясы съездері мен конференцияларына қатысушы делегат - тар Сталинді "Сталин жолдасқа - ура!", "Сталин жолдас жасасын!", "Ұлы Ста - лин - нің даңқы арта берсін!", "Дүние жүзі еңбекшілерінің ұлы көсемі - Сталин жолдас жасасын!" деген тәрізді ұрандар - мен қарсы алып, шығарып салуды дәс - түрге айналдырды. Осындай асыра мақтап-мадақтаулар мен көтермелеулер мерзімді басылымдар арқылы да халыққа тарап жатты. И.Сталин өзінің 50 жасқа толуына байланысты құттықтаулар жіберген барлық ұйымдарға жолдаған хатында ("Правда", 22 желтоқсан, 1929 жыл №302): "Жұмысшы табының ісіне, пролетарлық революцияның және дүние - жүзілік коммунизмнің ісіне барлық күшімді, барлық қабілетімді, ал қажет болса, бір тамшысын қалдырмай барлық қанымды беруге бұдан былай да әзірмін, бұған күмәнданбауларыңызға болады", - деп жазды.
Республикалық "Советская степь" газетінің 1931 жыл - дың 2 тамызында жарияланған баспасөзге шолуында: "Көсемнің нұсқауларын қалың еңбекші бұқара игілігіне айнал - дыру керек. Бұл нұсқауларды бұқараға жеткізумен шектелмеу керек, жұмысты Сталин нұсқауына бейімдеп қайта құрып, көсемнің айтқандарының тұтастай орындалуын қамтамасыз ету керек. "Жаңаша жұмыс істеп - жаңаша басқару керек". ... Әрбір газет Сталин жолдастың сөйлеген сөзін уақытын - да әрі толықтай басып отыруы керек. Әр газет Сталиннің сөйлеген сөзіне үн қосушылардың пікірін ұйымдастырып беріп отыруы керек", - деп облыстық және аудандық газеттер міндеттерін де атап көрсетті. Саяси сауат ашу мектептерінің көптеп ашылуына қарамастан, партия мүше - лерінің көбінің 20-жылдары саяси сауаттылық деңгейі төмен болатын. Алайда, Сталиннің діни семинарияда алған білімі арқасында өз идеяларын қысқа, есте сақтауға жеңіл, қанатты сөздермен, анық әрі тікелей түсінік беретін тұжырымдармен жеткізуі, айтатын негізгі ой-тұжырымдарын бөліп, сандармен белгілеп қою әдісі оның сөйлеген сөздері мен нұсқауларын қара - пайым халықтың қабылдауына жеңілдік туғызды. Сталиннің мұндай баяндау тәсілі сталиндік тұжырымдар мен тео - рияларды орташа теориялық дайындық - пен-ақ қабылдауға мүмкіндік жасады. Ау - ызша және жазбаша насихат құрал - да - ры Коммунистік партияның және оның көсемінің мемлекеттік саяси билікке құқықты екендігін кеңінен насихаттады.
2.3. Сталиндік Конституция. И.Сталиннің бастамасымен БК(б)П Орталық Комитетінің 1935 жылғы ақпан пленумына КСРО-ның 1924 жылғы Конституциясын өзгерту мәселесі қой - ылды. 7-сайланған КСРО Орталық Ат - қару Комитетінің бірінші сессиясы 1935 жылғы 7 ақпанда Конституцияның жаңа мәтінін жасап, КСРО Орталық Атқару Комитетінің бекітуіне тапсыру үшін И.В.Сталинді төраға етіп Конституция ко - мис - сиясын құрды. 1936 жылғы 11 мау - сымда КСРО Орталық Атқару Комите - тінің Президиумы жаңа Конституция жобасы туралы Сталиннің баяндамасын тыңдады. И.Сталин "ССР Одағы Конс - ти - туциясының жобасы туралы" баянда - масында: "Бұл дәуірдің ішінде қоғамы - мыздың құрылысында да терең өзгерістер болды. Өнеркәсіп саласында капи - - талис - тер табы жоғалды. Ауыл шаруашылығы саласында кулактар табы жоғалды. Товар обороты саласында купецтер мен сп - ек - улянттар жоғалды. ... біздің елімізде жұмысшы табы, шаруалар табы, интел - ли - - генция қалды. Совет өкіметі орнаған - нан бергі жылдар ішінде бұл әлеуметтік топтардың өздері де орасан өзгерді", -- деді. Конституция комиссиясы тапсырған жоба мақұлданып, КСРО Консти - туция - сының жобасын қарау үшін Кеңестердің Бүкілодақтық съезі шақырылсын деген қаулы алынды. 1936 жылғы 12 маусымда КСРО Кон - ституциясының жобасы баспасөз бетінде тал - қылауға ұсынылды. Конституцияны "талқылау" деген аты болмаса, "Жеңген социализмнің сталин - дік конституциясы" ("Правда", 12 июнь 1936 ж.), "Кадрға ерекше көңіл бөліп, тәрбиелеп отыру керек" ("Социалды Қа - зақстан", 30 наурыз 1936 ж.), "Сталиндік Конституция және большевиктік бас - па - сөздің міндеттері" ("Социалды Қазақ - стан". 15 желтоқсан, 1936 ж.) және бас - қа да мақалаларда "Мемлекет жұмы - сындағы, кадр мәселесіндегі сталиндік стил" үшін күрес, үгіт-насихат жалғасын тапты. Сталиннің "Біздің партиямыз қамал - оның есіктері тек лайықты кі - сілер үшін ғана ашық болады" деген сөзі саяси ұран әрі іске басшылық болып саналды. Сталиндік Конституция жо - басына сын пікір болған жоқ. 1936 жылдың 5 желтоқсанында Кеңестердің Бүкілодақтық VІІІ төтенше съезі И.Сталиннің баянда - ма - сынан кейін оны бір - ау - ыз - дан бекітті. КСРО Консти - ту - циясы негізінде Қазақ автономиялы республикасы одақтас республика болып қайта құрылды. Осыған орай Қазақ КСР-інің жаңа Конс - титуциясын жасау қажеттігі туындады. 1937 жылғы 9 ақ - панда Қазақ КСР-і Конс - ти - туциясының жобасы талқы - лау үшін баспасөзде жария - ланды. 1937 жылдың 21-26 наурызында Алматы қала - сын - да өткен Кеңестердің Бү - кілқазақстандық төтенше Х съезі Қазақ Кеңестік Со - циа - листік Рес - - пуб - ликасының Консти - ту - циясын бекітті. Кеңестердің Бүкілқазақ - стан - дық төтенше Х съезінің де - ле - гаттары И.Сталинге алғыс хат жолдады. Хаттың мәтіні баспасөзде жарияланды. Хатта: "Біздер, халықтың қалап сайлаған адам - дары... бүгін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Кон - ституциясын бекіттік. ...Қымбатты ұстаз, кө - сегесі көгерген қазақ халқының шын жүрек - тен берілгендік және сүйіс - пеншілік сезімін қабыл ал, қазақ халқы коммунизм орнату ісіне барлық күшін, бар - лық жігерін жұмсайды, жаулар ша - буыл жасаған күнде біз ұлы, тамаша социалистік Отанды кеуде төсеп қорғауға әзірміз деген сертімізді қабыл ал" деп жазылды. Сталиндік Конс - титу - ция - ның жетістігін ха - лыққа түсіндіру науқаны мерзімді басылымдарда жалғаса берді. Барлық облыстық партия ко - митетте - рін - дегі жауапты адамдар, газет редак - торлары басылымдарды мезгілімен шығарып, БК(б)П Орталық Комитеті нұсқауларын тыңғылықты орындауды қамтамасыз етті. Қоғамдық ғылымдар саласын партиялық саясатқа бағындырудың теориялық негізін салған "БК(б)П тарихы қысқаша курсының" шығуы елде ерекше үгіт-насихаттық саяси науқанға ұласты.
2.4. Сталиннің құрған жазалаушы органның жұмысы. Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Сталин үкіметі жүргізген зұлмат 1937 жылы шарықтаған шегіне жеткен еді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі жауларына, оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, мәртебесін шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты. Әр совет республикасында жүздеген мың адам атылды.Бірнеше жылға созылған репрессия 1934 жылғы 1-желтоқсанда Саясибюро ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сталиннын саяси портреты
Гоминьдан партиясы, саяси бағыттары
Нацистік Германия мен сталиндік Кеңес одағындағы тоталитарлық жүйелердің қалыптасу және даму тарихы
Қазақ драматургиясы туралы
Тоталитарлы саяси жүйе
ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Оңтүстік өлке зиялыларының тарихы
Түркістан үкіметінің мүшелері
А. Солженыцин, Архипелаг ГУЛАГ кітабы туралы
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабай Шаяхметов
1930-шы жылдардың ақырындағы Қазақстандағы қуғын-сүргін саясаты
Пәндер