Педагогикалық менеджменттің әдістемесі. Педагогикалық менеджменттің тиімділігін анықтайтын факторлар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің әдістемесі.
Педагогикалық менеджменттің тиімділігін анықтайтын факторлар.
Орындаған: Құсаинов. Ж
Тексерген: Жумашбекова. С. К
Тобы:фи-311
Педагогикалық менеджменттің әдістемесі
Басқару әдісі-педагогикалық менеджмент оның негізгі функцияларының іске асыруындағы қойылған мақсаттарының іске асуы. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі. Ынталандырудың экономикалық әдістері. «Әркімнің қабілетіне, әркімге еңбегіне қарай» маңызды ұстаным. Педагогикалық қызметкерлердің санға және еңбек сапасындағы сәйкестіктеріне орай экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру. Әкімшілік әдістер. Орындау қызметіндегі уақыттың шектелуін нұсқаулау, бұйрықтар талаптар және т. б. түрлеріндегі орындаушыларды инструкциялау және нормаға келтіру. Басқарудың автократиялық стилін қалыптастыру. Психология - педагогикалық әсерлердің әдістері.
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақыберу) ;
-əкімшілік-ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т. б. ) ;
- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру(шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру) ;
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану(педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араласт
ыру)
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесінұлықтау) .
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік -психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп жарғысына ендіріледі. Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай- педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.
Бақылау әдістері. Бағыныштылардың іс - қимылын бақылайтын әдістердің көптеген түрлері бар. Соның ішінде көп кездесетіндер:
1. есеп беруді тексеру
2. үлгі;
3. тіркеу және есеп беру;
4. шектеуді орнату ( шектелген мерзімдер ) ;
5. ережелер мен процедураларды орнату;
6. бюджеттер (қаржылық сметалар ) ;
7. ұялту;
8. тәртіптік шаралар;
Алдыңғы алты әдіс бақылаудың дұрыс әдістері ретінде, қалған екеуі теріс әдіс ретінде қарастырылады, бірақ бұл әрқашанда осындай емес.
Есеп беруді тексеру. Басшының өзіне бағынышты адамдарды қадағалауы оларға үлкен ықпал жасайды. Ең басты, басшы һзінің тексеруін жоспарлы және жүйелік түрде жасау керек. Басшы бағыныштылармен жиі сұқбаттасып тұруы керек. Әрине жәй әңгімелесу, әзілдесу емес, қажетті тексерулерді жүргізу үшін. Басты қиыншылық - бұл әр тұүрлі тексерулерден бір тұтастық құру. Бұл мақсатқа ревизия жүйесі жақсы көмектеседі, осының арқасында бағыныштылар абай болады, қате жібермеуге тырысады және компанияға қарсы қылмыс жасауға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан көптеген компаниялар тұрақты ішкі ревизия жүйесін енгізеді.
Үлгілер. Басшы - лидер көп жағдайда бағыныштыларына үлгі болып, өнеге көрсетіп, соның өзі бақылау жұмысына көмегін тигізеді. Бірақ үлгінің бақылауға тиісті ықпалының шегі бар. Түнге дейін істейтін басшы, бағыныштыларын жұмыста кідіре тұруын сұраумен, топ ішінде өзінің лидерлігін нығайтады. Ал егер басшы өзінің шеберлігін көрсетіп, ең жақсы жұмыскерді өзінен төмен екендігін байқатса, ол тиісті қолдау таппауы мүмкін .
Тіркеулер және есеп беру бақылау үшін үлкен құндылығы бар, бірақ олар тым көп болып, тым жалықтыратын және тым көп уақыт қажет ететін болуы мүмкін. Көптеген ұйымдарда есеп беру қаралмайды, ал тіркеулер талқыланбайды. Көбінесе құндылығын барған сайын жоғалтып, сақтауға шығын талап етеді. Көптеген ұйымдар өздеріндегі тіркеулері мен есеп беруді зерттесе, керексіздерін жойса көп қаражат үнемдеуіне болады.
Шектеуді орнату. Бағыныштыларға шешім қабылдаған жағдайда белгілі шектеулер қойып, арнайы рұқсатсыз олардан тыс шықпауы керек. Осы жолмен бақылайтын басшы қаражатты теріс пайдаланудан сақтайды.
Ережелер, нұсқаулар мен процедураларды орнату. Жоспарларды, нұсқаулар және процедураларды орнатып басшы белгіленген жұмыс тәртібінің үлкен бөлігін бақылап, бағыныштыларын бір дұрыс дағдыларға үйретеді.
Қаржылық сметалар ( бюджет ) - бұл тек нәтижені және жоспардың дұрыс орындалуын бағалайтын документ емес, сонымен қатар бақылау құралы болып саналады. Қаржылық сметалар арқылы бақылау іс - әрекеттің белгілі шегін орнатылғанынан байқалады. Бюджетпен жасалған шектеулер айқын болмағаны өзінде, бюджет әкімшілік шешімдерін бақылап отырады.
Ұялту. Ұялту - бақылауда теріс тәсіл деп танылады. Ал басшылардың көбі негізінен бақылаудың оң тәсілдерін қолдауды қалайды. Бірақ, кей жағдай жақсарар ма екен деп теріс әдістерін де байқап көру керек. Егер ол жақсарса, ұйым одан тек қана ұтады. Егер жақсармаса, онда одан да қатал шараларды қолдануға болады.
Тәртіп жөніндегі шаралар. Ұялту - бұл тәртіп шараларының тек бір түрі. Ұялту - тәртіпке шақыру шараларының жұмсақ түрі, тек кейбір жағдайларда ғана көмектесуі мүмкін, бірақ сонда да кейбір уақытша жұмыстан аластату немесе жұмыстан босату секілді қатаң шаралар қолданылатын жағдайлар да болады.
Педагогикалық менеджменттің тиімділігін анықтайтын факторлар
Білім беру үдерісіндегі орта білім беру оқу орындарындағы немқұрайлылық. Базалық негізгі ұғымдар. Педагогикалық менеджменттегі немқұрайлылық. Оқытудағы немқұрайлылық. Тәрбиедегі немқұрайлылық. Білім беру үдерісін жоспарлаудағы немқұрайлылық. Ұйымдағы оқу-танымдық қызметіндегі немқұрайлылық. Білім беру үдерісін бақылаудағы немқұрайлылық. Білім беру үдерісін бақылаудағы немқұрайлылық.
Менеджер қызметінде жетістіктері жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар да жиі кездеседі, олардың қатарында: -көп жағдайда өзін басқара алмауы. Өз уақытын тиімді пайдалана алмайды, күш қуатын мардымсыз нәрселерге жұмсайды, бойындағы стресс жағдайларды жеңе алмайды, қарамағындағылармен жиі кикілжіңге келеді, кейде тіпті қызбалыққа салынады.
-жеке құндылықтарын жайып жіберу. Өзінің жеке касиеттері мен істің мақсатын дұрыс түсінбеу.
- жеке мақсаттарын жете түсінбеу. Өз жеке басының ісіне, мақсатына деген түсінігінің жоқтығы.
Өзін-өзі дамытуды тоқтату. Жаңа өмірге, жұмыс жағдайына, түрлі өзгерістерге құлқының жоқтығы, бейімделуге әрекеттенбеуі. Келесі мәселеге тірелу сәттерінде дұрыс шешім қабылдай алмауы. Күрделі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға стратегиялық мүмкіндігінің төмендігі, педагогикалық та, басшылык жасау да қабілетінің жетіспеуі.
-творчестволык мүмкіндігінің жетімсіздігі. Жаңа идеяларды іске асырудағы қабілетінің жетпеуі. Оны өздігінен жүзеге асыра алмауы.
-адамдармен тіл табысуы қиын . Өзін қоршаған адамдарға әсер ете алмайды, ол олардың шешімдеріне мән бергісі келмейді. Баскару жұмысының ерекшеліктерін жеткілікті дәрежеде ұғынбауы. Ескі авторитарлық, өктемшіл әдіспен басқару шырмауынан шыға алмайтын, қарамағындағыларды жаңа жағдайда жұмыс істеуге жұмылдыруға қабілетсіздігі.
- Басшылық дағдысының жетімсіздігі. Қарамағындағылардың кызметі мен іс-әрекетін баскаруда практикалык дағды мен икемділіктің жетіспеуі.
- Үйретуге қабілетсіздігі. Қарамағындағыларды тиісті талап тұрғысында үйретуге, көмек беруге кұқықсыздығы, я қабілетінің жоқтығы.
-ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі. Оқу топтары мен педагогикалық ұжымды тиімді басқару мен да мытуға дәрменсіздігі.
-педагогикалык және әкімшілік басқару кабілетінің жоқтығы. Білім берудіұйымдастыру менеджерінің басқару, оқыту мен тәрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған қызметкер.
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы функциясын орындауы үшін, ол өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет. Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.
Тіпті басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады. Бұл тәуелділік тікелей басқаруға болмайтын факторлар мен адамдарға байланысты және де мұның өзі басқару тиімділігін қиындататын басты себепкердің бірі. Осы проблемаларды шешу үшін басшының бірден-бір қолданатын құралы - билік жүргізу, ықпал ету және жетекшілік ету.
Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, сондай-ақ нақты жағдайларға және басшының қабілетіне байланысты. Ұйымдастыру жағдайында, мәселен, билік жүргізу қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай белгіленеді. Мұндай жағдайда адамда биліктің қаншалықты болатындығы оның формальды өкілеттігінің деңгейіне қарай емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесіне қарай белгіленеді. Адамдар басшыға неғұрлым тәуелді болса, оның билігі десоғұрлым көп болады.
Басшы еңбегін таңдауға түрткі болатын ықпалдар
(Эрлих бойынша) (18)
Экономикалық ықпалдар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz