Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары мен функциялары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары мен функциялары.
Орындаған: Есенгелді Т. Д.
Тексерген: Кушуков Г. С.
Тобы: ГУ - 307
Семей - 2015
Жоспары
- Жұмыспен қамтылу теориялары және олардың тәжірибеде қолдануы.
- Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары.
- Жұмыспен қамтылудың функциялары.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Жұмыспен қамтылу теориялары және олардың тәжірибеде қолдануы.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз азаматтардың қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтін, олардың жеке және қоғамдық қажеттерін қанағатандыруға байланысты және әдетте, оларға табыс немесе еңбек кірісін әкелетін әрекеті.
Жұмыспен қамтылудың толық және тиімді болып бөлінеді. Жұмыспен толық қамтылу дегеніміз жұмыс іздегендер мен жұмыс істегісі келгендердің барлығы жұмыспен толық қамтамасыз етілгенін білдіреді, яғни жұмысшы күшіне деген сұраным мен ұсынымның арасындағы теңдігімен сипатталады. Жұмыспен тиімді қамтылу екі тұрғыдан сипатталады: экономикалық - адам ресурсын анағұрлым тиімді пайдалану және әлеуметтік - еңбек адам мүддесіне толық сәйкестігі. Сөйтіп, жұмыспен толық қамтылу сандық жағынан сипаттайтын болса, тиімділік - сапалық жағынан.
А. Смиттің теориясы. Бұл ғалым еңбек жауапкершілігі теориясының негізін құрған, сонымен қатар, тауарлық өндіріс, еңбек ақы, пайда, нарықтық өзін-өзі реттеу туралы маңызды ережелерді әзірлеген. Смиттің айтуы бойынша қоғамдық өнімнің мәні табыстардың жиынтығына тең (еңбек ақы, пайда, рента) деп санаған.
Давид Рикардоның негізгі еңбегінде «Саяси экономияның басталуы және салық салу» (1817 ж. ) еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының түбегейлі шектеуін көрсеткен.
Альфред Маршал (неоклассикалық өкіл) өзінің «Экономикалық ілімдерінің қағидалары» (1890 ж) еңбегінде жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету үшін сұраным мен ұсынымды реттеу болып табылады деген. Ол жоғарғы еңбек ақы жұмыспен қамтуды азайтып жұмыссыздықты көбейтеді деп жорамалдаған. Осыны дәлелдеу үшін ол шекті өнімділік теориясын қолданған болатын.
Белгілі экономист Артур Пигу «Жұмыссыздық теориясы» (1933 ж) еңбегінде өз еркімен жұмыссыздық теориясына сүйенген болатын.
Карл Маркс (классик. мектеп) өзінің өмірлік «Капитал» (1867) деген еңбегінде жұмыспен қамтылу теориясын жан-жақты зерттеп қарастырған. Жұмыспен қамтылу теориясы 3 маңызды ережелерге негізделеді деген:
1. Қосымша құн теориясы.
2. Капиталдың органикалық құрылымының өсу теориясы.
3. Халықтың орналасу заңдылықтарының теориясы.
Джон Мейнард Кейнс: «Жұмыспен қамтудың, процент және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж) еңбегінде бірінші орынға жұмыспен қамтылу проблемаларын қойған және жұмыссыздықты азайту жолдарын ұсынған болатын.
Милтон Фридмен (монетаристік ағым) өзінің еңбектерінде ақшаның жұмыспен қамтылуына әсер ететінін көрсеткен және ұлттық табыстың өзгерулері арасында тығыз байланыс бар екендігін дәлелдеген.
2. Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары.
Қоғамдық өмірдің өзі ерекше құрал, институт ретінде мемлекеттің араласуын талап етеді және оның көпшілік таныған мәжбүрлеуге құқы бар.
Нәтижелерді талдау негізінде жұмыспен қамтылуды жақсартудың және к/о-ғы жасырын жұмыссыздықты жеңудің бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламада шаралардың екі тобы бар. Біріншісіне жұмысшы күшіне сұранымның ақы төлеу қабілетін арттыру шаралар кіреді: жұмыс орындарын сақтап қалу және ашу, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, мүгедектер мен еңбек әлеуетін (потенциал) пайдалану мүмкіндігі шектеулі басқа адамдарға арналған жұмыс орындарын ашу. Екінші топқа жұмысшы күшіне ұсынымды шектеуге және өзгерген жағдайларға қарай сапалы бейімделуге бағытталған шаралар: жұмысшыларды оқыту және қайта даярлау, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту және жұмыс уақытының ұзақтығын реттеу, демек жұмыспен қамтылудың икемді нысандарын қолдану жатады.
Талдау көрсетіп отырғандай, осы бағыттардың бәрі к/о-ды қолдау жағдайында, жұмыспен қамтылуды, кәсіпкерлікті, білім алуды және әлеуметтік қамсыздандыруды жүргізуге бөлінген қорларының қаржысынан құрылатын арнайы қор ашу және мақсатты пайдалану, дамыту, салық салуды реттеу және жеңілдікпен несие беру арқылы жүзеге асырылады.
Аймақтық еңбек нарықтарының жағдайы шешуші дәрежеде к/о ішкі еңбек нарықтарының жағдайына байланысты болады, өйткені олар жұмыссыздар қатарының көбеюінің бір мысалы. Сондықтан жұмыспен қамтылудың аймақтық қызметтері к/о мен тығыз байланыста жұмыс істеп, жұмыстан шығу және бос вакансиялар жайындағы деректерді білумен шектеліп қалмаулары керек, олар болжамдық деректерге сүйене отырып аймақтағы бақару органдарымен бірігіп елде жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеулері керек.
Жұмыспен қамтылу саясатының екі нұсқасы бар: белсенді және енжар. Жұмыспен қамтылудың белсенді саясаты - бұл жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін мемлекет жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар. Ол жұмыс орындарын сақтай отырып жұмыскерлерді жұмыстан шығаруды болдырмау, жұмыс іздеушілерді даярлау және қайта даярлауды, жұмыс орындарын белсенді іздеуді, жаңа жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтиды.
Енжар саясат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуді және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері арқылы жұмыс орындарын қамтиды, сонымен қатар жұмыссыздарды материалдық қолдау саясатын жүргізеді.
Жұмыспен қамтылудың мемлекеттік саясаты күшіндегі заңдылықтарға сәйкес келесілерге бағытталған:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz