Өсімдік тіршілігінің факторлары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Өсімдік тіршілігінің факторлары
Тексерген: Каламов Б. Х
Орындаған: Шәріпова М. С Тобы: АГ-313
Семей 2015
Өсімдік тіршілігінің факторлары Оған жарық, жылу, ылғал, ауа жəне коректік заттар жатады. Жарық пен жылу ғарыштық, ал қалған үшеуі жер бетінің факторлары деп аталады. Жарық, немесе күн сəулесі жер бетіндегі тіршіліктің бірден бір қайнар көзі. Бірақ күн сəулесін тек жасыл өсімдіктер пайдаланып, өздерінде органикалық заттар құрады, ал басқа тірі организмдер осы органикалық заттар ыдырағанда пайда болатын жылу энергиясын өздерінің тіршілігі үшін26 пайдаланады. Жасыл өсімдіктер күн сəулесінің тек 1-2% ғана пайдаланады, ал ең жоғарғы өнім алған жағдайда бұл көрсеткіш 8-9% жетуі мүмкін. Басқа энергиялармен салыстырғанда жер бетіне ең көп түсетін күн сəулесінің энергиясы. Жер бетінің əрбір 1 шаршы см-не секунд сайын 0, 037 калория немесе минутына 2, 2 калория энергия түседі десек, онда бір жыл ішінде жер бетіне 398•1018 үлкен калория энергия келіп түседі. Бұл 57000 млр. тонна көмір жаққанда шығатын жылуға пара-пар. Жарық жер бетіне жағрафиялық ендікке байланысты əр түрлі мөлшерде келіп түседі. Оның жер бетінде маусымдық жəне тəуліктік таралу динамикасы да ендікке байланысты. Күн сəулесіне жердің климаты тікелей байланысты, ал климат əр түрлі өсімдіктердің өсуіне əсер етеді. Бұдан басқа климат топырақ түзілу процесінің ең бір басты факторы, яғни күн сəулесі өсімдікке тек тікелей əсер етіп қоймай, сонымен қатар топырақ арқылы өзінің жанама əсерін тигізеді. Əр аймақтың топырақ-климат жағдайы егіншілікті мамандандыруда, яғни қандай өсімдік түрлерін өсіруде шешуі маңыз атқарады. Жарықтың өсімдіктер үшін маңызы өте үлкен, себебі олардың жапырақтарында күн сəулесінің əсерінен фотосинтез процесі жүреді. Фотосинтез дегеніміз күн сəулесінің əсерінен қоршаған ортаның органикалық емес қарапайым заттарынан күрделі органикалық заттардың түзілуі. Оның реакциялық формуласы: 6 СО2+6 Н2О → С6 Н12О6+6О2. Фотосинтез кезінде өсімдіктер күн сəулесінің 85 пайызын сіңіреді. Оның нəтижесінде органикалық заттар түзілуімен қатар тірі организмдердің дем алуына керекті оттегі бөлініп шығады. Егер өсімдіктерге вегетация кезінде жарық жеткіліксіз болса, олар дұрыс өтпейді. Басқаша айтқанда, жарық үшін өсімдіктер биікке бойлап өсіп, соның салдарынан, əсіресе масақты дақылдардың, сабақтары жіңішкереді. Бұл егістің жатып қалуына, ақырында өнімнің төмендеуіне əкеліп соқтырады. Жарық жетіспегенде масақты дақылдардың дəніндегі ақуыздың, қант қызылшасы түбіріндегі қанттың, картоптың түйнегіндегі крахмалдың мөлшері азаяды. Өсімдіктер үшін жарық мезгілінің ұзақтығының үлкен мəні бар. Осыған байланысты олар ұзақ жəне қысқа күннің өсімдіктері болып екі топқа бөлінеді. Ұзақ күннің өсімдіктеріне бидай, қарабидай, арпа, сұлы, қырыққабат, ал қысқа күннің өсімдіктеріне жүгері, тары, күнбағыс майбұршақ жəне басқалары жатады. Олар негізінен оңтүстік аймақтарда өседі. Жарыққа қоятын талабы бойынша өсімдіктерді жарық, көлеңке сүйгіш жəне көлеңкеге төзімділер деп үш топқа бөлуге болады. Жарық сүйгіш өсімдікер күн жақсы түсетін ашық алқаптарда өседі. Оларға ауылшаруашылық дақылдары, шалғындық жəне далалық шөптер жатады. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер жарықты онша жақтырмайды, олар көбінесе биік өсімдіктердің көлеңкелі төменгі қабатында өседі. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық жерде де, сонымен қатар көлеңкелі жерлерде өсе27 алады. Өсімдіктерде фотосинтез құбылысына қарама-қарсы дем алу процесі жүреді. Бұл процесте энергия жəне көмірқышқыл газы бөлінеді. Егіншілікте өсімдіктердің жарық режімі тұқым себу мөлшерін өзгерту, арамшөптерді жою, өсімдік қатарлары бағытын солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастыру арқылы реттеуге болады. Жылжайларда өсімдіктердің жарық режімін адам өзінің қалауы бойынша реттей алады. Жылу - өсімдік тіршілігінің ғарыштық факторына жатады, өйткені оның негізгі көзі - күн энергиясы. Əр аймақтың топырақ - климаттық жағдайына, жер бедеріне байланысты түсетін жылу мөлшері əр түрлі. Республиканың солтүстік облыстарында жылудың жетіспеушілігі байқалса, ал оңтүстік аймақта керісінше жылу өте мол. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында жылы күндер саны 244-247, ал 50С -тан жоғары температура жиынтығы 4386- 46160С, Қызылорда облысында 207-212 күн жəне 3798-38760С, ал осы көрсеткіштер Жамбыл облысында 212-223 күнге жəне 3674-3867 градусқа тең. Жылу топыраққа себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымының бөрітіп жəне жер бетіне көктеп шығуы үшін қажет. Тұқым көктеп шығуға қажетті температура бойынша барлық аулшаруашылық дақылдарын мынандай 5 топқа бөлуге болады: - +1-20С көктеп шығатын өсімдіктер (бидай, арпа, сұлы, қыша, мақсары) - +3-50С көктеп шығатын өсімдіктер (күнбағыс, зығыр) - +5-60С көктеп шығатын өсімдіктер (қарақұмық, бөрібұршақ) - +9-100С көктеп шығатын өсімдіктер (майбұршақ, тары жəне тағы басқалар) - +100С жоғары температурада көктеп шығатын өсімдіктер (үрме бұршақ, мақта жəне басқалар) Зығыр, қарақұмық, бидай, арпа, сұлы, шалғам жəне пияздың жер бетіндегі органдары +20-250С температурада қалыпты өседі, олардың тамырларының жақсы өсуіне бұдан 8-100С төмен температура қажет. Өсімдікке қажетті температураны білу ауылшаруашылық дақылдарының қолайлы себу мерзімін анықтауға жəне тұқым себердің алдында арамшөптермен күрес жүргізуге пайдасы тиеді. Егер өсімдіктерге температура қолайлы (оптималды), яғни +20-300С аралығында болса фотосинтездің жүру қарқыны жоғары, ал ол +40-450С болған кезінде бұл процесс мүдем тоқтайды. Өсімдіктердің тыныс алуы теріс температурада да жүреді, оның төменгі шегі-100С, ал қыстайтын өсімдіктердің, мəселен, ағаш бүршіктерінің тыныс алуы -200С, -300С шамасында да байқалады. Сайып келгенде өсімдіктерді жылуға қоятын талаптарына қарай жылу сүйгіш жəне суыққа төзімді деп екі топқа бөлуге болады. Жылу сүйгіш өсімдіктерге күріш, жүгері, лобия, тары, қарбыз, қауын, мақта сияқты дақылдар жатады, олардың өсіп-өнуіне +14-150С, ал гүлденуіне +15-200С температура керек. Мұндай дақылдар суыққа төзімсіз де, ыстыққа төзімді болады. 28 Вегетация кезіндеде əртүрлі өсімдікке қажет температура жиынтығыда бірдей емес. Айталық, бидайға көктеп шыққаннан піскенге дейін 1600-2200 градус, сұлыға - +1900-2300, картопқа - +1300-3000, қант қызылшасына - +2400-3700, күрішке - +3000-4500, ал мақтаға - +3500-5000 градус жылу керек. Сондықтан əр аймақтың топырақ-климат жағдайына қалыптасқан өсімдіктерді, сорттарды өсіру қажет. Күн көзінің жылылығын өсімдіктер толық пайдалану үшін оларды жан-жақты ойластырып іріктеп алу қажет. Көптеген ауылшаруашылық дақылдары үшін вегетация кезіндегі қолайлы температура +22-250С аралығында жатады. Өте төмен немесе өте жоғары температура өсімдіктердің өсуі мен дамуын бəсеңдетеді, кейде тіпті олардың өлуіне əкеліп соғады. Мысалы, бидайдың, қарабидайдың, сұлының өскіндері - 60С дейінгі суыққа төзетін болса, ал жылусүйгіш мақта, жүгері, көкөністердің өскіндері температура -2-30С тан төмендесе үсіп кетеді. Өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының жылуға қоятын талаптарына жəне вегетациялық кезеңінің ұзақтығына байланысты республиканың солтүстік аймағында 70-90 күнде пісетін асбұршағы, жаздық бидай, арпа өсірілсе, ал оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс өңірде вегетациялық кезеңі ұзақ, жылусүйгіш жүгері, мақта, көкөніс, темекі жəне басқалар дақылдар өсіріледі. Судың өсімдік өміріндегі орны ерекше. Біріншіден, ол өсімдіктерге еріткіш ретінде қажет, өйткені топырақтағы коректік элементтерді жəне олардың тұздарын өсімдіктер тек ерітінді түрінде сіңіре алады. Екіншіден, су өсімдікте жүретін фотосинтез процесіне керек, себебі фотосинтез реакциясында судың алты молекуласы қатысады. Үшіншіден, су өсімдік клеткаларының формасын сақтап тұрады, өйткені оның құрамында 80-90 пайыз су болады. Егер клетка осы судан айырылса өледі. Төртіншіден, себілген ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының бөртуі жəне жер бетіне көктеп шығуы топырақ ылғалдылығына байланысты. Мысалы, дəнді масақты дақылдардың топыраққа себілген дəндері бөріту үшін оның салмағының 50-55 пайызындай ылғал қажет, ал дəндерінде ақуыз көп болатын дəндібұршақты дақылдардың тұқымдары бөрітуі үшін олардың салмағынан 2, 0-2, 5 есе артық ылғал керек. Бесіншіден, ылғал өсімдіктердің температурасын реттеуге қатысады. Өсімдік жапырақтарындағы устицалар арқылы буланған ылғал (транспирация) өсімдік ұлпаларының температурасын төмендетіп, оларды қатты қызып кетуден сақтайды. Алтыншыдан, ылғал топырақта жəне өсімдік органдарында жүретін əр түрлі биохимиялық реакциялар үшін қажет. Жетіншіден, ылғал топырақ микроорганизмдерінің тіршілігі үшін керек. Көптеген микроорганизмдердің топырақтың ылғалдылығы 25-30 пайыз болғанда белсенділігі артады. Сегізіншіден, ылғал топырақ құнарлылығының негізгі элементі, себебі құрғақ топырақтарда микробиологиялық процестер нашар жүреді, немесе29 мүлде тоқтайды жəне топыраққа берілген минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді. Тоғызыншыдан, топырақта ылғал жеткіліксіз болса (топырақ құрғақшылығы) немесе ауа құрғақ болса (атмосфералық құрғақшылық) өсімдіктер солып қалады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңде ылғалдыққа қажеттілігін олардың транспирациялық коэффиценті бойынша анықтауға болады. Транспирациялық коэффицент деп өсімдіктердің белгілі бір салмақ мөлшеріндегі органикалық құрғақ заттарды құруға жұмсайтын судың мөлшерін айтады. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелері бойынша өсімдік топырақтан сіңіріп алған 1000 грамм ылғалдың 990 грамын булануға, ал қалған 10 грамын транспирацияға жұмсайды екен, яғни өсімдіктер барлық жұмсалған ылғалдың тек 1, 0 пайызына жуығын ғана құрғақ органикалық заттар, басқаша айтқанда, өнім құруға пайдаланады деген сөз. Өсімдіктердің транспирациялық коэффиценті олардың түрлеріне байланысты. Мысалы, астық тұқымдастарына жататын бидай мен сұлының транспирациялық коэффиценті орташа 400 өлшем болса, ал осы тұқымдасқа жататын тарынікі - 215-ке, бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқаныкі - 520-ға тең. Бұл тары бидай мен сұлыға қарағанда ылғалды 1, 8, ал жоңышқамен салыстырғанда 2, 4 есе үнемді жұмсайды деген сөз. Əр бір өсімдіктің ылғалды өте қажет ететін мезгілі болады, оны өсімдіктің ылғалға мұқтаж кезеңі деп атайды. Мысалы, дəнді дақылдардың мұндай кезеңі сабақтану-масақтану фазасы, жүгерінікі-гүлдену, мақтанікі- гүлдену-көсек түзу фазалары болып есептеледі. Ауа. Өсімдікке қажетті факторлардың бірі - топырақ ауасы. Оның құрамында оттегі мен көмірқышқыл газы бар. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газының мөлшері 0, 03%, ал топырақ ауасында ол 0, 1 тен 1 пайызға дейін болады. Оттегі тұқымдардың көктеп шығуына, өсімдік тамырлары мен микроорганизмдердің дем алуына керек. Дем алу кезінде көмірсутектер көмірқышқыл газы (СО2) мен суға (Н2О) ыдырап энергия бөлініп шығады. Дем алудың интенсивтігіне ауа мен топырақтың температурасы əсер етеді. Температура əрбір 100С көтерілген сайын дем алу процесі 2-3 рет жылдамдайды, ал температура 45-500С болғанда мүлдем тоқалады. Өсімдіктің əрбір грамм құрғақ салмағына күніне 40-50 мг оттегі қажет. Топырақта оттегі жеткілікті болған жағдайда аэробты микроорганизмдердің көбеюі салдарынан онда азот мол жиналады. Егер топырақта оттегінің мөлшері 5 пайызға дейін төмендесе, онда өсімдіктердің тамырлары өздерінің өсуін тоқтатады, кейде өліп қалады. Əсіресе, оттегінің жетіспеушілігі тамыржемісті жəне түйнектамырлы дақылдарға, атап айтқанда қант қызылшасына, картопқа өте зиянды. Топырақта оттегі аз болса, онда органикалық заттардың ыдырауы бəсеңдеп, ол ұзаққа созылады. 30 Өсімдік тамырларының дем алуы жəне микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттардың ыдырауы нəтижесінде оттегі жұмсалып, оның орнына топыраққа көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Көмірқышқыл газын өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде пайдаланады. Тəулік бойына бір гектар жердегі өсімдіктер 250-1000 кг көмірқышқыл газын пайдаланады, яғни олардың жапырақтарының əрбір шаршы дециметр көлеміне сағат сайын 200 литр ауа керек. Қоректік заттар. Өсімдіктер тірі организм болғандықтан өнеді, өседі, дем алады, көбейеді, коректенеді, өледі. Жақсы өсіп-дамуы үшін өсімдіктерге жеткілікті мөлшерде коректік заттар керек. Оларға топырақтағы химиялық элементтер мен микроорганизмдердің тіршілігі арқасында жиналған заттар жатады. Қоректік заттар органогендік жəне күлді элементер болып екі топқа бөлінеді. Өсімдіктердің органикалық салмағының негізгі бөлігін құрайтын химиялық элементтерді органогендер деп атайды. Оларға көміртегі, сутегі, оттегі, азот жатады, ал күлді элементтер тобына фосфор, калий, кальций, магний, мырыш, темір жəне басқалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz