Ежелгі түркі мәдениеті: Орхон, Енисей жазбалары



Түркі мәдениеті
ОРХОН . ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Пайдаланған әдебиеттер
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған.
1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.
2. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.
3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
4. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш., Султанов Т.И. Страна в сердце Евразии.-Алматы: 1998г.
5. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштерінің тексті. –Алма-Ата: 1990.
6. Арон Атабек. Руны и годы или Слово об Учителе. //Отан. 2002.№3, с.40

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ежелгі түркі мәдениеті: Орхон, Енисей жазбалары

Орындаған: Нурекеева Ж
ИЯ-311
Тексерген: Санкайбаева П.С

Семей-2015
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған.
Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.

ОРХОН - ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Орхон - Енисей ескерткіштерінің зертелу тарихы ХVII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ең алғаш рет (1662ж.) Орхон - Енисей жазуы жөнінде хабар берген адам - Амстердам қаласының бургомистрі Н.Витзен.
1697 жылы Тобыл қаласының бояры С.Ремезовтың Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі атты еңбегі жарық көрді. Сол еңбекте талас бойындағы Орхон тасы жер атап көрсетілді. Көне түркі жазба нұсқауларын зертеуші ғалымдардың пікірі бойынша, осы жер 1896-1898 жылдардағы талас ескерткіштері табылған тұсқа сай келеді.
Ал Орхон - енисей ескерткіштері үлгілерінің алғаш жарық көруі сібірде 13 жыл айдада болған швед офицері Ф.И. Табберт - Страленбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 Европа мен азияның солтүстік және шығыс бөлімдері атты еңбегінде көне ескерткіштер туралы көптеген қызғылықты аралаған Д.Е.Мессершмидтің күнделік жазбаларында да көне түркі жазбаларының кейбір үлгілері туралы деректер келтірілген.
Қазіргі орта Азия, Қазақстан, сібір жерлерін аралаған жиһангер Совет заманында өзгерген өңірдің салтанатты, әсем қалаларын, зәулім заводтарын, алып фабрикаларын қызықтап - тамашалары сөзсіз. Сонымен бірге өлкелереден қол қусырып мүлгіген жансыз, меңіреу балбал тастарға да, опат соғыстардан қирап жер астына түскен ескі қалалардың жал-жал көмескі қорғандарына да, сол бір жойқын бүліншіліктерге төтеп берген сәулет өнерінің не бір ғажап ескерткіштеріне де кз тоқтатып, тарих түбіне ой жіеріп өтері де ақиқат. Бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас - орхон ескерткіштері (VIIIғ.) жайында, Білге қағанға, Күлтегінге, тоныкөкке арналған құлпытастағы жазулар жайында.
Онда VIIIғасырдың іргелі мемелкеті - Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суретеледі. Бұл ескерткіштердің басты кейіпкерлері хандар, бектер, болғанмен, біз олардан неше түрлі қанау-тонауды көрген, азап-мехнат шеккен бұқара халықтың аянышты өмірін суретеу талабын да анық көреміз.
Орхон жазбаларын кейбір зертеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біразы оларды тарихи ерлік жыры деп тануда.
Енисей, Орхон және Талас жазба ескерткіштерінің тілі туралы сөз қоздырудан бұрын, онда қолданылған әліпби жайында айта кеткен орынды. Түркі тілдері тарихындағы ең алғашқы әліпби осы жазулар әліпбиі болып есептеленідеі. Енисей, Орхон және Талас жазуларының тарихи тамыры мен оның таралу жолдары жөнінде күні бүгінгіге дейін бірізділік жоқ. Орхон - Енисей әліпбиінің шығуы, түп - төркіні жөнінде түрколог ғалымдар арасында бірталай талас пікірлер бар. В.Томсон, В.Радлов., С.П.Толстов., П.Мелиоронский, С.Доннер, Е.Блоше Орхон-Енисей жазуының әріптерін арамей жазуынан тараған деп қарайды. Онда ол араб жазуымен негіздес болып шығады. Ғалымдардың айтуынша, арамей әріптері көне еврей, сирия әліпбиімен бірге финикия жазуының негізінде пайда болған. Осыған орай, В.Радлов, С.В.Киселев және И.А.Батманов жазуды шығыстан емес, батыстан келген болуы керек деп топшыласа; тарихшы С.Г.Кляшторный бұл әліпбидің Орта Азияға арамей әліпбиін қолданған иран тілді батыс көршілердің ауысуы ықтималдығын айтады.
П.М.Мелиорионский енисей және талас жазулары таңбалар негізінде пайда болды деген пікірді сынай отырса да, көне түркі таңбалары осы жазу үлгілерінің негізі болуы мүмкіндігін мүлде теріске шығармайды.
Г.Вамбери Орхон- енисей әліпбиінің ерекшеліктреі жөнінде айта келіп: Бұл әліпби ықшамды емес, сондықтан VI-VIII ғасырлардағы түркі тайпалары емес, -- деп қарады.
П.Мелиоранский болса, керісінше, енисей, Орхон және талас әліпиін сол кездегі түркі тайпаларының аталбы мен қажетін өтей білген, түркі тайпалары тілінің дыыстық ерекшеліктерін дәл бере алған деп бағалады.
Жоғарыда аталған жазулардың ең ескісі енисей жазба ескерткіштері. В.Радлов, П.М.Мелиоранский, С.Е.Малов сияқты ғалымдар орон жазуымен салыстырғанда енисей жазуы әлдеқайда көне деп есептейді. Бұл жөнінде К.А.Батманов былай деп жазды: Они имеют лишь стилистические отличия? Свячанные с тем, Что енисейские более позднее? Характеризуеются отработаным их изображение? Эволюционировавшим около двухсот лет, Енисей, Орхон және талас жащуы сонау табғаш іргесінен асталып, орта Азия мен Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Осыған орай, бұл жазулардың арасында жазылу графикалық ерекшеліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талас жазу ескерткіштері
ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері туралы ақпарат
Көне түркілердің жазба мәдениеті
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тарихы мен зерттелуі
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Көне түркі руна жазбалары
Көне түркі мәдениеті жайлы
Түркілер дүниетанымы
Пәндер