Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

Тақырыбы: 1. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар. 2. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері.

Орындаған: Туржигитов А.

Тексерген: Омарбеков Е. О

Семей 2015 ж

Жоспар:

1. Санитарлық- микробиологиялық зерттеулердің принциптері 2. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар.

3. Қолданылған ідебиеттер

САНИТАРЛЫҚ - МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ

I- сынаманы дұрыс (стерильді) күйде алу - санитарлық-микробиологиялық зерттеулердегі барлық жағдайлар нормативті құжаттарға сай жүргізіледі. Сынаманы алған кездегі қателік дүрыс емес және қайтымсыз қортынды сараптамаларға әкеліп соғады. Сынаманы тасымалдау кезінде зерттелетін объектідегі бастапқы микрофлораның көбейіп кетпеуін және тіршілігін жоймау үшін жағдай жасау қажет. Сондықтан да, сынаманы алғаннан кейін 2 сағат ішінде зерттеуді өткізу қажет, бірақ осы уақыт ішінде оны жеткізу мүмкін болмаса, онда сынаманы контейнер тоңазтқышта +4-10ºс сақтау және тасымалдау уақытты 6 сағатқа дейін. Әр сынама құжатпен қоса зертханаға жіберіледі: құжатта зерттелетін материалдың аты, сынаманың номері, алу уақыты, алған жері, объектінің сипаттамасы, сынаманы алған маманның аты-жөні, қолы жазылады.

II - сараптамаларды әр жерден жекелеп жүргізу (серийность проводимых анализов) . Объектіде әр түрлі микроорганизмдер бар. Сондықтан да зертелетін объектіден сынаманы әр учаскілерден (аймақтан) алады, мүмкіншілкке қарай сынаманың санын көп мөлшерде алады және объекті жайлы толық сипат беруге мүмкіндік береді. Зертханаға жеткізілген сынаманы араластырып, керекті материалды дәл өлшеп алады да әрі қарай зерттеу жүргізіледі.

III - сынаманың алуын қайталау - салыстырмалы нәтижесін алу үшін қажет. зерттелетін материалдар тұрақсыз яғни өзгеріп тұрады (су, ауа және т. б. ), онда уақыт бойынша және кеңістікте микрофлораның ауысуы өте жоғары. Патогенді микроорганизмдер қоршаған ортаға аздаған мөлшерде түседі және таралуы бір келкі емес. Сондықтан да сынаманы қайтадан алу қоршаған орта объектілерінде биологиялық контаминацияны нақты анықтауға көмектеседі.

IV - бекітілген тиісті нұсқауларды, стандартты және жүйелі зерттеу әдістерін қолдану. Контаминация бойынша субстратты салыстыруға мүмкіндік береді.

V -басқа да гигиеналық көрсеткіштер (органолептикалық, химиялық, физикалық және т. б. ) есебімен қоса, санитарлы-микробиологиялық тестілерді қолданып, зерттелген объектілердің сараптамаларының қорытынды жиынтығына бағалауды жүргізу.

VI - тест кешендерін қолдану. тура және жанама әдістерді қолдану арқасында бірдей мәлімет мүмкіндігін алу.

VII - зерттелетін объектілердің жағдайы туралы нақты қорытынды жасап және тұжырымын негіздеу санитарлы қызметегі дәрігерлер жауапты. Тағам өнімдерін, су қоймаларындағы суды қолдануға, өндірістің санитарлық талаптарға сай емес себептеріне байланысты жабылуы экономикалық шығынға әкеліп соғады. Осындай шешімдер қабылдау үшін санитарлы дәргігер жауапты. Алынған нәтижелерді әділ бағалау және қортынды жасау үшін дәрігерлер стантарттарды қолданады, қарастырады.

Эпидемиялогиялық мағаналы объекттер

Микробтардың туыстығын зерттеу обьектісінде емдеу ортасына залалсыздандыру эффективтілігіне баға беру өтеді. Сынамалар эпидмиялогиялық мағыналы обьекттердің беткейінде жуу әдісімен жүзеге асырылады. ол үшін пробиркаға батырылған таяқшадағы стерилді тампондар қолданылады. ол 2см 3 0, 9% ерітіндінің натрий хлоридін құрайды. Әр затты жуған соң әр орында жалпы көлемі 100-200см 2 . Ұсақ затты бақылау барлық затты жуу арқылы жүзеге асырылады. . Бактериялогиялық бақылау S. aureus, P aeruginosa жатады. Ал эпидмиялогиялық көрсеткіштер бойынша потогенді және шартты потогенді микроорганизмдер жатады. егер бір пробадан потогенді микроорганиздер табылса ол санитарлық профилактиканың сақталмағанын білдіреді.

Санитарлы микробиологиялық зерттеулер емдеу профилактикалық мекемесінде бақылау мақсатында бактериялогиялық зерттеулер маманы секілді жүргізеді. Бактериялогиялық бақылау және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тексерулер жүргізу түрлерін ажыратады. Бактериялогиялық бақылауға хирурггиялық бөлім, анестезиялогия және реанимация, иммунтапшылық науқастар үшін асептикалық блоктар, сонымен қатар стерилденген бөлмелер, аптека, қан құю орталығы, қоректік блок, буфеттер және асханалар жатады.

Ауа ортасы

Ауаның микробиологиялық зерттеулері микроорганизмдердің жалпы жиналуын және аудағы стаффилакоктың 1м 2 жиналуы. сонымен қатар ауаға зерттеулер жүргізу грамтеріс бактериялар, ала және ашытқы саңырауқұлақтар жатады. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша ауада пайда болған спектр қоздырушылар кең көлемде жайылуы мүмкін. Ауаға сыныма жүргіз аспирационды әдіспен жүргізіледі. Бұл әдісті Кротов аппараты арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар кең қолданылатын дәістердің ірі HiAir Petri тм . Бұл әдісте 1000л ауаны 200 сек ішінде өткізеді. Сонымен қатар Кох әдісі де қолданылады. Мұнда емдеу профилактикалық мекемесінің хирурггиялық бөлім, анестезиялогия және реанимация, иммунтапшылық науқастар үшін асептикалық блоктар, сонымен қатар стерилденген бөлмелер, аптека, қан құю орталығы, қоректік блок, буфеттер және асханалар жатады. Осы Кох әдісімен зерттеу сирек жүргізіледі себебі ауаны ластаушы микробтың деңгейіне баға беру процестері өтеді.

Санитарлық - бактериологиялық зерттеуде анықталады:

•1. 1 м 3 ауадағы жалпы микробтар саны.

•2. 1 м 3 ауадағы патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер саны.

•Ауадағы микроорганизмдерді анықтау үшін арнайы құралдар мен арнайы орталар қолданылады (диагностикалық және дифференциальды-диагностикалық) .

Ауадан сынама алу әдісі

Ауаны зерттеуге арналған негізгі екі әдіс бар: 1) седиментациялық-микроорганизмдердің механикалық жолмен түсуіне арналған; 2) аспирациялық - ауаны активті түрде соруға негізделген (бұл әдіс арқылы бактериялардың сандық және сапалық деңгейін анықтауға болады) .

Седиментациялық әдіс

Петри шынысындағы ЕПА қоректік ортаны еденнен әртүрлі деңгейде горизантальді түрде ашып қоямыз. Әдістің негізі бактерияның қоректік ортаның бетіне механикалық жолмен түсуі негізделген. Ауаның ластану деңгейіне байланысты Петри шынысын 10 - 20 мин қалдырамыз. Патогенді флораны анықтау үшін элективті орталар қолданады. Бұл кезде экспозиция уақыты 2-3 сағатқа созылады. Экспозициядан кейін шыныны жабады да лабораторияға жеткізіп онда 37 0 С 24 сағатқа қояды. Келесі күні өскен колонияларды тексереміз. Бұл әдіс көбіне жабық мекемелерде қолданады.

АСПИРАЦИЯЛЫҚ ӘДІС

Речменский құралы. Жұмыс басында құралды стерильді содамен толтырамыз. Осы құрал арқылы аспиратормен ауаны сорамыз. Бұл уақытта құралда сұйықтық болады. Жұмыс соңында ауаны өткізген сұйықтықты сорып аламыз, Петри шынысындағы 0, 1-0, 2 мл ЕПА егеміз. Керек болған жағдайда мөлшерін көбейтіп (0, 3-0, 5 мл) элективті ортаға егеміз. Қабылдағышта қалған сұйықтықты жануарларды зақымдауға болады (мысалы, зерттеу барысында вирустар немесе риккетсияны анықтау үшін және т. б. ) .

Дьяконов құралында сұйықтық арқылы ауаны өткізіп бактерияны анықтауға негізделген.

ПАБ-01 құралы аз уақыт ішінде үлкен көлемдегі ауаны бактериологиялық зерттеуге бағытталған. Ауадан сынама алу үшін оның жылдамдығы 125/150 л/мин болуы керек.

Құралдың жұмыс негізі микроорганизмдерді қарсы зарядтағы электрод арқылы ұстауға негізделген. Бұл құралдың ауаны тез сору жылдамдығы және әртүрлі қоректік ортаға егіп патогенді және шартты-патогенді бактерияларды анықтау мүмкіншілігі жоғары (мысалы хирургиялық бөлімнен көкіріңді таяқшаны анықтау) .

ПАБ-01 құралы

Кротов аппараты. Жұмыс принципі сорылған ауаның тікелей Петри шынысына түсуі. Аппарат үш бөліктен тұрады: ауадан сынама жинауға арналған өрмек (узла), ротаметр, механизмді қалыптастыратын электр бөлігі.

Кротов аппараты

Ауаны зерттеу үшін жылдамдығы 4000-5000 об/мин айналатын желдеткіштің көмегімен құрал ауаны сорады және сол мезетте қоректік ортасы бар Петри шынысының бетіне тиеді. Ауа құрамындағы микроорганизмдер қоректік агардың бетіне қонады. Микроорганизмдердің толық әрі біркелкі таралуы үшін шыныны айналдырып отырамыз. Құралға ауа ауа өткіш трубка арқылы өтеді, ол ротаметрмен байланысқан, ол ауаның жылдамдығын көрсетеді.

Кротов аппаратының кемшілігі, электроэнергияны қажет етеді, сондықтан оны барлық жағдайда қолдану мүмкін емес.

Санитарлы-лабораториялық бақылау нәтижелерін бағалау принциптері .

Ыстық тағамдарды зерттеу термиялық өңдеуді тексеру мақсатында қалдық микрофлораны анықтау үшін, және де таратылу процесі кезінде екіншілік залалдануды анықтау үшін жүргізіледі. Салқын тағамдарды зерттеу (микроорганизмдердің жалпы саны) осы тағамдарды дайындау немесе таратылуы кезінде екіншілік залалдануын бекіту мақсатында микроорганизмдердің жалпы санын, ішек таяқшалары тобының бактериялар титрін анықтау үшін жүргізіледі. Дайын тағамдарды көп мөлшерде сапрофитті микрофлорамен залалданғаны табылғандығы (ЖМС) нысанының санитарлық қолайсыздық көрсеткіші ретінде қарастырылу керек. Дайын тағамдардың санитарлық көрсеткіштерінің микрофлорамен (ІТТБ, протей, перфингенс фекальді стрептококктық таяқша, ішек вирустары, гемолитикалық және жасыл стрептококк, стафилококк) көп мөлшерде залалданғаны табылса, онда осы тағамдарды патогенді микроорганизмдермен залалдану мүмкіндігі ретінде бағалау керек. Шығарылатын немесе таратылатын тағамдарды патогенді микрооргавнизмдердің табылуы кейбір анықталған тағам мөлшерінде нысанның эпидемиологиялық қолайсыздық көрсеткіші ретінде бағаланады. Санитарлық - бактериологиялық зерттеулер нәтижелерін тағамдардың микроорганизмдермен залалдануының жіберілетін деңгейі бойынша стандарттар немесе кепілдеме көрсеткіштерімен салыстыру керек. Ерекше жылдам бұзылатын азық-түліктер мен тағамдар сапасын бағалау СанЕмН-4. 01. 004-Алматы 1997ж «Тамақтық шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін бағалау бойынша гигиеналық талаптарға» сай бактериологиялық талдаулардың нәтижелері бойынша жүргізіледі. Егер бактериологиялық зерттеулер нәтижелері бойынша кейбір тағамдар мен азық-түліктер жүйелі түрде санитарлық- көрсеткіштік микроорганизмдермен залалданып тұратын болса инвентарь мен қондырғылардан жұғын ала отырып тағамдардың микроорганизмдермен залалдануы қай этапта болғанын бекіту үшін технологиялық процестің жолымен берілген тағамға санитарлық - бактериологиялық зерттеулер жүргізеді.

Жұғындарды зерттеу әдісімен санитарлық-бактериологиялық бақылау жүргізу.

Жұғындарды зерттеу әдісін инвентарь, құрылғылар, ыдыстар, санитарлық киімдер мен персонал қолдарының санитарлық тазалануының тиімділігін бақылау мақсатында қолданады. Жұғындар әдісі тексерілетін нысанның санитарлық жағдайын обьективті бағалау мүмкіндігін береді.

Жұғын алу әдісінің 2 мақсаты бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері туралы ақпарат
Микроорганизм ұғымына жалпы түсінік
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы жайлы ақпарат
Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық микробиологиялық зерттеу
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар
Гигиеналық факторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz