Бразилия Федеративтік Республикасы


ЖОСПАРЫ:
Кіріспе
1. Мемлекеттің қалыптасу тарихы
2. Табиғаты және табиғат ресурстары
3. Халқы 4. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б ) ауыл шаруашылығы
в ) көлік жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
- Бразилия•Жерінің ауданы: 8, 5 млн км2•Халқы: 193, 3 млн адам (2009 ж. ) •Астанасы: Бразилиа•Мемлекеттік құрылымы: федерациялық республика•Мемлекет басшысы: президент•Заң шығарушы органы: Ұлттық Конгресс•Мемлекеттік тілі: португал тіліАқшабірлігі: реал• Әкімшілік-аумақтық бірлігі: штаттар және федералдық округБразилия Федеративтік Республикасы - Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Бразилия - Латын Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүниежүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны, әдетте, «тропик алыбы» деп атайды. Жері - 8, 5 млн. км2. Халқы 163 млн. (1996ж) . Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер - 54, 7%, зәңгілер - 5, 89%, мулаттар - 38, 45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, тағы да басқа) тұрады. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы - 7 қыркүйек Тәуелсіздік күні. Бразилия - президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан 25 штатқа, 1 федералдық округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады. Бразилия жері экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен, ыстық, жауын - шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан - Франсиску, Паранамба, Парана. Стратегиялық маңызды ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі. Бразилияда 10 халықаралық әуежай, 16 теңіз порты, 192 жоғарғы оқу орны, оның ішінде 93 университет бар.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Бразилия жеріне 1500 жылы келіп жеткен португал экспедициясы бұл өңірді Португалия иелігі деп жариялады. Алтын мен асыл тастар іздеп таппаған португалдықтар өздері пау-бразил деп атаған ағашты осы жердің басты байлығы деп есептеді. Бұл ағаштан қызыл түсті бояу алынатын, кейіннен елдің өзі осы ағаштың құрметіне Бразилия деп атала бастады. Португалдықтар Атлант мұхиты жағасында елдің алғашқы қаласы және астанасы - Сальвадордың іргетасын қалады. Ұзақ уақыт бойы Португалияның отары болған Бразилия еуропалық елдер үшін шикізат көзіне айналды.
1808 жылы Наполеон армиясы Португалияға қарсы басқыншылық әрекетін бастағанда, король мен оның отбасын жедел түрде Рио-де-Жанейроға көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді жүзеге асыруға белсене көмектескен Ұлыбритания ендігі жерде Бразилия жеріндегі ықпалын күшейтті. Рио-де-Жанейрода 14 жыл болған король Португалиядағы саяси жағдайдың ушығуына байланысты 1821 жылы Лиссабонға оралуға мәжбүр болды. Бразилияны басқару ісі вице-король деп жарияланған корольдің мұрагеріне тапсырылды. 1822 жылы вице-король Бразилияны төуелсіз империя деп жариялады. 1888 жылы 13 мамырда құлдыкты жою жөніндегі «Алтын заңға» кол қойылды. Үлкен саяси-әлеуметтік маңызы бар бұл заң монархиялық биліктің құлдырауына себепші болды: 1889 жылдың 15 қарашасында император тақтан түсіріліп, Бразилия республика болып жарияланды. Президенттік басқару орнаған жаңа мемлекет федерациялық жүйені қабылдады; байырғы провинциялар штаттарға айналды.
Жүз жылдан астам тарихы бар Бразилия Республикасында бірнеше рет сайлау жүйесі мен Конституция өзгертілді, жаңа ақша бірлігі енгізілді. XX ғасырдың 60-жылдары ел астанасы Рио-де-Жанейродан арнайы салынған Бразилиа қаласына көшірілді. Құрылысы жағынан президенттік федерациялық республика болып есептелетін Бразилияның саяси-әлеуметтік дамуы қазіргі кезде салыстырмалы түрде тұрақты сипат алған. Елде 10-нан астам танымал саяси партия, кәсіподақ ұйымдары жұмыс істейді. Заң шығару билігіне ие Ұлттық Конгресс федералдық сенат пен депутаттар палатасынан түрады. Бразилия БҰҰ-ға (1945 жылдан бері) және көптеген халықаралық, аймақтық деңгейдегі ұйымдарға мүше.
Табиғаты және табиғат ресурстары. Аумағының 93%-ы оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің табиғаты алуан түрлі. Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік бөлігі, Бразилия таулы үстірті және Амазонка ойпаты орналасқан. Бразилияның ең биік нүктесі - Бандейра тауы (2890 м) . Парагвай өзенінің жоғарғы ағынын Пантанал ойпаты (португал тілінен аударғанда «батпақты жер») алып жатыр. Тұтасымен ежелгі Оңтүстік Америка платформа-сында орналасқан ел аумағы пайдалы қазбаларға да бай. Бразилия темір кенінің қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады, мұнда аса ірі Каражас кен орны (қоры 18 млрд т. ) орналасқан. XX ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде өндірілген темір кенінің 19%-ы Бразилияға тиесілі болды.
Елде марганец пен алмастың, бокситтің, алтынның және полиметалдардың дүниежүзілік маңызы бар кен орындары барланған. Елдегі аса ірі Каражас кен орнында темір, түсті жөне сирек кездесетін металдардың мол коры табылған.
Бразилия асыл тастарымен, бағалы металдарымен де өйгілі. Соңғы жылдары Амазонияда алтын кен орындарының ашылуына байланысты ел жаңа «алтын дүрбелеңін» бастан кешіруде. Бүл Канада, АҚІН және ОАР-дың аса ірі алтын әндіруші компанияларының назарын аударып, ауданға алтын іздеушілер («гаримпейрос») легінің ағылуына себепші болды. Соның нөтижесінде соңғы онжылдықта алтын әндіру колемі екі есеге есіп, 80 т-ға жетті. Атлант мүхиты жағалауында мүнай қоры барланған. Минералды шикізат ел экономикасының оркендеуінің басты алғышартына айналған.
Бразилия жері, негізінен, әкваторлық жөне субэкваторлық белдеулерде орналасқан, оңтүстігі тропиктік белдеуге енеді.
Климаттық карта бойынша Бразилия жерінде температура мен жылдық жауын-шашынның таралуын анықтаңдар.
Экваторлық жөне субэкваторлық белдеулерді ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр, оларды бразилиялықтар сельва деп атайды. Бразилия жерінің 60%-ын алып жаткан сельвада ағаштардың 4 мыңнан аса түрі таралған, олардың көпшілігінің шаруашыльщ маңызы зор. Биіктігі 45 м-ге жететін сейба ағашынан мақтаға үқсас талшық - капок алынады, қазіргі кезде бүл пайдалы ағаш басқа елдерде де өсіріледі. Гевея ағашынан табиғи каучук алынса, махагонидің өте бағалы қызыл сүрегі жиһаз жасауға пайдаланылады. Сельвада тағамдық өсімдіктер (бразилия жаңғағы, ваниль, ананас және т. б) де мол. Елдің Бразилия таулы үстірті орналасқан бөлігінде жауын-шашын түсуінің маусымдық ерекшелігіне байланысты саванналар мен сирек ормандар - кампос өседі. Ылғалды кезеңде кампос орасан зор мал жайылымына айналады. Елдің оңтүстік-шығысында аса құнарлы қызыл топырақтар - терра роса таралған, климат жағдайлары да алуан түрлі тропиктік дақылдарды өсіруге қолайлы.
Ылғалды экваторлық ормандар алқабын дүние жүзіндегі ең мол сулы өзен - Амазонка мен оның салалары кесіп өтеді. Жер бедерінің ерекшелігіне орай, таулы үстірттен басталатын озендер энергияға бай. Өсіресе шығыстағы Парана жөне Сан-Франциску өзендері бойында аса маңызды су электр станцияларының жүйесі орналасқан. Өзендер елдің ішкергі аудандарымен қатынасатын су жолы қызметін де атқарады.
Бразилияның қайталанбас табиғатын қорғау, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мөселесі халықаралық деңгейде көтеріле бастады. Соның нөтижесінде ғаламшарымыздың «өкпесі» деп аталатын мөңгі жасыл ормандарды кесіп, ағаш сүрегін шетке сатуға тыйым салынған.
Халқы . Бразилия халқының саны 182 млн адам, яғни дүние жүзі түрғындарының 2, 8%-ын, Латын Америкасы халқының 1/3 бөлігін қүрайды.
Орташа есеппен алғанда халық тығыздығы 1 км 2 жерге 20 адам болғанымен, ел аумағы бойынша халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі Атлант мүхиты жағалауында шоғырланған. Мысалы, оңтүстік-шығыста халық тығыздығының көрсеткіші 70 адамнан асады. Елдің ішкергі аудандарында халық сирек қоныстанған. Бүл өсіресе солтүстіктегі ну орманды аудандарда айқын байқалады, мүнда халық тығыздығы 1 км 2 жерге 2-3 адамнан ғана келеді. Соңғы онжылдықтарда қала халқының саны артуда, Бразилияда қала халқының үлесі 78%-ға жетті. Аса ірі қалалары - Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти, Ресифи, Порт-Алегри.
Ел халқының 60%-дан астамын 29 жасқа дейінгілер кұрағанымен, халық санының өсуі баяулай бастады. XX ғасырдың ортасында ел халқы жылына орташа есеппен 3%-ға артса, казіргі кезде бұл көрсеткіш 1, 2 %-ды құрайды. Қазіргі кезде туу көрсеткіші 1000 адамға 18, ал өлім 1000 адамга шаққанда 6 адамға тең.
Латын Америкасындағы, т. б. елдердегі сияқты, Бразилия халқының да нөсілдік жөне этностық құрамы өте күрделі (19-сызбанұсқаны қараңдар) . Қазіргі Бразилия ұлтының калыптасуына монғол тектес нәсілге жататын жергілікті үндістер, XVI ғасырдан бастап осында қоныс аударған еуропалық жөне жұмыс күші ретінде Африканың батысынан өкелінген қара нәсіл өкілдері негіз болды. Ішкергі аудандарда тұратын үндіс тайпалары өздерінің өдет-ғұрыптарын, тілдерін сақтап қалған. Қазіргі кезде Бразилия жерін 180-нен астам тілде сейлейтін 200 үндіс тайпасы мекен етеді. Жағалауда тұратын үндістер еуропа-лықтармен жөне африкалықтармен араласуы нәтижесінде аралық нәсілдік топтар қалыптасты. XX ғасырдың басында Бразилия жеріне жапондар, арабтар жөне т. б. азиялықтар қоныс аудара бастады. Қазіргі кезде азиялыктар ел халқының 1 %-дан астамын құрайды.
Бразилиядағы мемлекеттік тіл - португал тілі, бұл тілде шағын үндіс тайпа-ларын қоспағанда ел халқының түгелге жуығы сөйлейді. Діни нанымы жағынан бразилиялықтардың көпшілігі - католиктер, елде протестанттар мен жергілікті діндёрді ұстанушылар да бар.
Шаруашылығы. Бразилия экономикалык куаты, ресурстық және өлеуметтік-экономикалық даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық жөне дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. XX ғасырдың соңына қарай жиынтық ішкі өнімнің көлемі жөнінен Бразилия дүние жүзіндегі алғашқы ондықка енді. Үлттық жиынтық өнімнің құрылымында да өзгерістер болды Ғалымдар Бразилия экономикасының дамуының бірнеше себептерін атап
көрсетеді:
- елдің табиғи ресурстарға, соның ішінде минералды ресурстарға бай болуы;
- үкіметтің экономиканы қайта құруға бағытталған арнайы бағдарлама қабылдап, оны жүзеге асыру барысында жұмыс істеуі;
- Бразилия экономикасына салынатын шетел инвестициясының артуы;
- арзан жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі;
- ішкі тұтыну нарығы аясының кеңдігі.
Осы алғышарттар негізінде бірнеше онжылдык ішінде аграрльщ елден индустриялы-аграрлык елге айналған Бразилияда казіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған. Соңғы 30 жылда елде қара жөне түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары карқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында төрт сала - болат балқыту, автомобиль жасау, қызмет көрсету жөне мұнай химиясы шешуші рөл атқарды.
Бразилияның энергия балансында су энергиясы жөне мұнай мен газ (әрқайсысының үлесі 1/3) басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90%-дан астамы осы отынмен жүмыс істейді. Елдің мұнай көсіпшіліктері ішкі сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай көсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада «Петробраз» мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады.
Елдегі электр энергиясының 96%-ы су электр станцияларында өндіріледі. Әсіресе Парана жөне Сан-Франциску озендері алабының энергетикалык қоры неғұрлым толық пайдаланылған (25-суретті қараңдар) . Кдзіргі кезде Амазонка алабының корларын пайдалану қарқынды жүруде. Су энергиясы мен жергілікті боксит кенін пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүние жүзінде төртінші орынға шықты. Оңтүстік-Щығыста шоғырланған алюминий әндірісі, негізінен, АҢПІ пен Канада қаржысының есебінен өркендеуде. Қара металлургия саласында да шетел қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады.
Елдің машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өшмінің 30%-дан астамын береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда болған автомобиль жасау көсіпорындарьшда қазіргі кезде кажетті бөлшектердің барльны жасалады. Қазіргі кезде Бразилия жылына 2, 3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан дүние жүзінде бесінші орынға шықты. Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген-ду-Бразил», «Дженерал моторс», «Форд-Виллис», «Крайслер-ду-Бразил» жетекші орын алады. XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап елде күрделі әскери техника (танктер, су асты қайықтары, ұшақтар, реактивті қондырғылар) өндірісі жолға қойылған. Машина жасау өнеркөсібі электрондық жөне есептеу құралдарына деген сұраныстың 80%-дан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Машина жасау Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро агломерацияларында шоғырланған.
Ауыл шаруашылығы- Бразилия экономикасының маңызды саласының бірі. Ел экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің келемі бойынша дүние жүзінде АҚПІ пен Франциядан кейін үшінші орын алады. Басты ауыл шаруашылығы дақылдары - кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршак, бидай, какао, мақта (28-суретті қараңдар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz