Жұқпалы емес аурулар



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі
2.1. Жұқпалы емес ішкі аурулар
2.2. Жүрек қан.тамырлар жүйесінің аурулары
2.3. Тыныс алу жүйесінің аурулары
2.4. Азық қорыту жүйесінің аурулары
2.5. Тұяқ аурулары
2.6. Көз аурулары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жұқпалы емес ішкі аурулар – ауру малдардан сау малдарға берілмейтін жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс алу, азық қорыту, жүйке, несеп және организмнің басқа да жүйелерінің ауруларын зерттейтін ғылым. Бұл аурулар малды шаруашылық дұрыс бағытта пайдаланбай, азықтандыру ережесін сақтамағандықтан және дұрыс күтіп байламағандықтан туындайды. Олар жалпы аурулардың 90% шамасын құрайды.Әсіресе төлдердің азық қорыту және тыныс алу мүшелері жиі бұзылады. Ал, ересек малдардың арасында көбінесе зат алмасу (кетоздар, остеодисдұрыстрофия, авитаминоздар) аурулары жиі кездеседі[1].
Жұқпалы емес ішкі аурулар малдың өнімділігін төмендетеді, сонымен қатар жалпылай бедеуліктің, іш тастаудың, өлі туудың, мал өлімдерінің себептері болып табылады, емдеу көптеген шығынды керек етеді, ал олардан келетін экономикалық шығын, індетті және инвазиялық ауруларға қарағанда орасан зор.
Жұқпалы емес аурулармен күресу бағытында ең маңыздысы сақтандыру шаралары болады, оның негізгісі азықтың құнарлылығына бақылау, жем-шөптің, судың сапасына бақылау жүргізу, байлап-күту, жұмысқа пайдалау кезінде зоогигиеналық ережелерді сақтау болып табылады. Сонымен қатар малдың серуенін ұйымдастыру сұрақтары, уақытылы сақтандыру шараларын жүргізу және ауруды емдеудің де атқаратын маңызы аз емес.
1) «Мал дәрігерінің анықтамалығы» Қайнар 1986ж
2) К.Н. Қожанов. « Малдың ішкі жұқпалы емес аурулары» Семей – 2005 ж.
3) Қ Қожабаев «Мал аурулары» Қайнар баспасы, Алматы-1989ж
4) М. Қожабаев, Ш.М. Қаратаев, «Жануарлардың ішкі жұқпалы емес аурулары» - Шымкент 2006ж
5) Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж
6) Омарбекова, У.Ж. «Ветеринария негіздері» Алматы: КазНАУ, 2011.
7) Қибасов Мади «Мал аурулары және оларды емдеу» Қайнар, Алматы 2004ж
8) Ішкі жұқпалы емес аурулар, балау рентгенологиясымен Н.Б.Нажмадинова Шымкент : 0ҚМУ, 2013.
9) «Шалғай жайылымдардағы мал дәрігерлік қызмет» / Біләлов К. - Алматы : Қайнар, 1983ж
10) Б.К. Ілиясов «Ветеринариялық хирургия». Алматы 2009жыл
11) Малдың ішкі аурулары пәнінің зертханалық практикумы : әдістемелік нұсқау / С. Құрбанов, А. С. Құрбанова ; М.Әуезов атындағы ОҚМУ. - Шымкент : Әлем баспасы, 2011.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлімі
2.1. Жұқпалы емес ішкі аурулар
2.2. Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
2.3. Тыныс алу жүйесінің аурулары
2.4. Азық қорыту жүйесінің аурулары
2.5. Тұяқ аурулары
2.6. Көз аурулары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. КІРІСПЕ.
Жұқпалы емес ішкі аурулар - ауру малдардан сау малдарға берілмейтін жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс алу, азық қорыту, жүйке, несеп және организмнің басқа да жүйелерінің ауруларын зерттейтін ғылым. Бұл аурулар малды шаруашылық дұрыс бағытта пайдаланбай, азықтандыру ережесін сақтамағандықтан және дұрыс күтіп байламағандықтан туындайды. Олар жалпы аурулардың 90% шамасын құрайды.Әсіресе төлдердің азық қорыту және тыныс алу мүшелері жиі бұзылады. Ал, ересек малдардың арасында көбінесе зат алмасу (кетоздар, остеодисдұрыстрофия, авитаминоздар) аурулары жиі кездеседі[1].
Жұқпалы емес ішкі аурулар малдың өнімділігін төмендетеді, сонымен қатар жалпылай бедеуліктің, іш тастаудың, өлі туудың, мал өлімдерінің себептері болып табылады, емдеу көптеген шығынды керек етеді, ал олардан келетін экономикалық шығын, індетті және инвазиялық ауруларға қарағанда орасан зор.
Жұқпалы емес аурулармен күресу бағытында ең маңыздысы сақтандыру шаралары болады, оның негізгісі азықтың құнарлылығына бақылау, жем-шөптің, судың сапасына бақылау жүргізу, байлап-күту, жұмысқа пайдалау кезінде зоогигиеналық ережелерді сақтау болып табылады. Сонымен қатар малдың серуенін ұйымдастыру сұрақтары, уақытылы сақтандыру шараларын жүргізу және ауруды емдеудің де атқаратын маңызы аз емес.
Жұқпалы емес аурулардың пайда болуының әр түрлі себептері болады. Олар ешқашанда денені жайлап алатын микробтардан, бактериялардан немесе басқа да тірі организмдерден пайда болмайды. Олар бір малдан екінші малға берілмейді. Микробтармен күресетін антибиотиктер немесе дәрілер жұқпалы емес ауруларды емдегенде көмектеспейтінін түсінген жөн. Жұқпалы емес ауруларды емдеуге антибиотиктер пайдаланылмайды.
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді[2].

Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Жүрек пен қан тамырлар жүйесі - мал организміндегі ең басты жүйенің бірі. Оның негізгі қызметі - ағзалар мен ұлпаларды оттегімен, сумен және түрлі нәрлі заттармен қамтамасыз еткізіп, зат алмасуынан қалған керексіз заттарды денеден шығару.
Малда жүрек пен қантамырлар аурулары көбінесе індетті немесе түрлі жұқпалы емес аурулардың асқынуынан болады. Кейде, негізгі ауруды жойғаннан кейін малдың шығынға ұшырауына жүрек пен қан тамырларының қайтадан орнына келмейтіндей болып өзгеруі себепкер болады. Бұл аурулар арнайы бағыттандырылған шаруашылықтар мен өнеркәсіптік кешендерде жиі кездесіп тұрады. Осы бағыттағы өндіріс барысында кездесіп тұратын себептер (малдың тығыз орналасуы, үздіксіз жұмыс істеп тұрған тетіктердің шуылдары, т.т.) малды ылғи үрейлендіріп, жүйкелерін қажытып, жүрек пен қан тамырлар жүйесінің қызметтерін бұзуларына әсер етуі.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі көбінесе жүрек етінің жиырылу қабілетінің әлсіреуінен болады. Тыныс алу және басқа да жүйелер мен ағзалардың аурулары әр түрлі дәрежеде жүрек пен қан тамырлары қызметтерінің бәсеңдеуіне себепші болады.
Жүрек пен қан тамырлары қызметінің бәсеңдеуі мынадай негізгі белгілермен көзге түседі: жүрек соғуының ырғағы бұзылады, ентігеді, көгереді және ісінеді. Ырғақтың бұзылуына қатынасты белгілер мыналар: жүректің тез соғуы, шоқырақ ырғағы, эмбокардия (жүрек соғысының, дыбысының күші мен құбылысының біркелкіленуі), қосымша жиырылуы, біркелкі емес аритмия (ырғақсыздық), териовентрикулярлық (жүрек құлақтары мен қарыншаларының арасындағы) бөгелістер, жүрек құлақшалары, мен қарыншаларындағы Гис тармақтары мен жүректің Пуркинье талшықтарындағы бөгеттемелер.
Жалпы жүрек пен қан тамырларының қызметгерінің бұзылғанын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштерге көңіл бөлу керек:
* малдың жасы;
* бұлшық еттерінің тонусы;
* малдың қимылы, жүрісі;
* малдың сырт бейнесі, терісінің жағдайы;
* ісіктер, тұрақтыма, болмаса белгілі бір уақытта ғана
пайда бола ма (әсірессе түнгі мезгілде); ол ұлғаяма,
ұлғайса қандай жылдамдықпен;
* көк тамырлардың қанға толуы қандай.
Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің ауруларының жіктелуі:
Бұл жөнінде бірнеше ұсыныстар бар. Солардың ішіндегі біз үшін қолайлырағы Г. В. Домбрачевтың ұсынған классификациясы. Бұл ұсыныс бойынша жүйенің аурулары 4 топқа бөлінеді;
1. Жүректің сыртқы қабының аурулары:
а) жүрек қабының қабынуы ( перикардиттер);
б) жүрек қабының шеменденуі (гидроперикардит) [2,5,6].
2. Жүрек етінің аурулары:
а) жүрек етінің қабынуы (миокардит);
б) жүрек етінде зат алмасуының бұзылуынан болатын ауру (миокардоз);
в)жүрек етінің фиброзданып өзгеруі (миокардиофиброз);
г) жүрек етінің склерозы (миокардиосклероз).
д) жүрек қуысының кеңеюі.
3. Жүректің ішкі қабының аурулары:
а) жүректің ішкі қабының қабынуы (эндокардит);
б) жүректің ақаулары.
4.Қан тамырларының аурулары :
а)артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдап-беріштенуі (артериясклероз);
б) тамыр түтітігінің ұйыған қанмен немесе басқа бөгде заттармен бітелуі (тромбоз)[3].

Эндокардит -- жүректің ішкі қабының қабынуы. Жіті және созылмалы, жүрек қақпақшаларында және қабырғаларында, сүйелді және жаралы болып кездеседі.
СЕБЕПТЕРІ. Індетті-токсикалық негізде және миокардит асқынғанда пайда болатан екінші қатардағы ауру.
ДАМУЫ. Көбінесе жүрек қақпақшаларының қан ағатын жақтағы беттері зақымданады. Бұл мысал эндокардиттің себебі патогенді микроорганизмдер мен токсиндер екенінің бірден-бір дәлелі.
Біртіндей келе қабыну процесі сіңір-тарамыс талшықтарына, ішкі қабырғалардың әр жерлеріне тарайды. Қабынған жері ісінеді, бұдырланады. Ол жерге кұрамында лейкоциттер, тромбоциттер бар фибринді белок талшықтары жиналып, қабаттасады. Ары қарай дәнекер ұлпа өсіп ол жерде сүйелге ұқсас бұдыр пайда болады. Ондай өзгеріс қақпақшалардың түйілісетін жапсарларында орналасады. Қақпақшалардың түрлері өзгеріп, олардың кызметтері мен қан айналысы бұзылады. Оның ақыры жүрек ақауына барып тіреледі. Бұл сүйелді эндокардиттің дамуы.
Жүрек ақауы. Жүрек қақпақшаларының тарылуымен немесе олардың кемістікгерімен сипатталатын, көбінес эндокардиттің асқынуынан пайда болатын дерт.
Туа бітетін түрі жүрекшелер мен қарыншалардың аралықтарындағы перделердің дұрыс қалыптасуынан, Боталл артерия өзегінің бітпей ашық қалуынан және жүрек тесіктерінің табиғи тарылуынан пайда болады.
Жүре пайда болған ақаулар иттерде, жылқыларда, шошқаларда, құстарда жиірек, ал ірі қарада, қойлар мен ешкілерде, үй қояндарында сирек кездеседі.
Негізгі себептері:
* жіті және созылмалы эндокардиттер;
* әртүрлі жүрек жарақаттары;
* жүрек қақпақшаларының түсындағы әртүрлі ісіктер;
* эхинококк жылауығы және т.б.
Жүрек ақауларының негізгі белгісі - ішкі қабат (эндокардиальды) шуылы ұдайы естіліп тұрады, Қақпақшалардың зақымдану дәрежелері мен сипатына байланысты шуылдар үрген, ызылдаған, тырналаған, ыңылдаған сияқтанып естілуі мүмкін. Жүрек тұсын қолмен басып тексергендегі сезілетін әсер пырылдап отырған мысықты сипалағандағы әсер тәрізді[4].
Айналма (Coenurosіs cerebralіs -- ценуроз) - малдың миын, жұлынын зақымдайтын ауру. Қазақстанда кең тараған. Айналмамен көбінесе күйіс қайыратын мал, әсіресе ірі қара мен қой жиі ауырады. Ауруды миға түскен құрт қоздырады. Айналма құртының пішіні жұмыртқаға ұқсайды, іші кілтілдеген су, диаметрі 5-7 см. Кейбір малдың миында 2-3, тіпті 25-27 таспа құрт болады. Малға айналма иттен жұғады. Иттің ащы ішегіндегі таспа құрт нәжіске араласып сыртқа шығады. Мал сол құрттарды шөппен бірге жеп, ауруға шалдығады.
Ауру дернәсілдің өсіп, дамуына байланысты төрт сатыға бөлінеді және орналасқан жеріне қарай әртүрлі болады.Ауру малдың бас сүйегі жұқарады, таспа құрт жатқан жердің тұсын бармақпен басса, былқылдап тұрады. Егер ол шеке немесе самайға орналасса, мал оң немесе сол жағына қарай айналады. Қарақұста орналасса, артқа қарай шегінеді немесе ілгері қарай ұмтылады, ал жұлынды жайлаған болса, малдың жүріс-тұрысы бұзылады. Ауруды анықтау үшін офтальмоскопия әдісі мен аллергиялық реакция қолданылады. Сақтық шаралары: шаруашылықтағы иттер есепке алынып, оларды жылына төрт рет тексеруден өткізу керек. Иттердi әр дегельминтизациялағаннан кейiн, олардан бөлiнген нәжiстi 3-5 күн бойы жинау қажет, содан кейiн өртеу арқылы дезинвазиялау керек. Қораларды, серуендету алаңдарын, қондырғылар мен құралдарды дезинвазиялайды.
Сал ауруы, паралич (грек. paralіgsіs -- әлсіреу) -- орталық не шеткі жүйке жүйесі қозғалыс орталығының зақымдануынан қимыл, қозғалыс органдары қызметінің толықтай жойылуы. Ал парез (грек. paresіs -- әлсіреу) кезінде органдардың қимыл-қозғалысы толықтай жойылмайды, сондықтан бұл жағдайды жартылай салдану деп атайды. Толықтай және жартылай салдану организмде қан айналымының бұзылуынан, ми мен жұлынның қабынуынан не жарақатынан болса, оны орталық салдану; шеткі жүйке жүйесінің немесе жұлынның және шоғырланған жүйке талшықтарының (мойын, иық, бел-омыртқа, сегізкөз) қабынуынан, жарақатынан, улануынан болса, оны перифериялық салдану деп атайды. Бұл кезде бұлшық ет босаңсып, әлсізденеді, салданған қол-аяқты қозғалысқа келтіру мүмкін болмай қалады[5].

Тыныс алу жүйесінің аурулары
Ринит, мұрын бітелу -- мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллергиялық (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, аурудың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады.
Аллергиялық ринит - IgE қатысуымен мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуымен жəне күні бойы бір сағат жəне одан аса уақыт келесі симптомдардың кем дегенде екуінің болуымен: мұрынның бітелуі (обструкция), мұрыннан бөлінділер (ринореялар), түшкіру, мұрынның қышуымен мінезделетін мұрынның шырышты қабығының қабынулық ауруы.
Бронхопневмония - бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың куыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас мал ауырады.
Малдың бронхопневмониясы - барлық мал шараушылықтарында кең тараған дерт. Бұл ауру республика ауыл шаруашылығына бірталай экономикалық нұқсаны келтiрiлетiні мәлім. Тыныстану жүйесінің аурулары, соның ішінде пневмониялар, бронхиттер және бронхопневмониялар барлық шаруашылықтарда кеңінен таралған, олардың емі және алдын алу шаралары ветеринария саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Мал арасында тыныстану ауруларының шығу факторлары полиэтиологиялық болады. Ауру патогенезінің негізінде терең функционалдық және құрамдық өзгерістер жатады, олар өкпе ұлпаларында ауру ошақтарын өршітіп, зақымдауды келтіреді, дерт тұрақты қалыпта өтіп, ұзақ уақытқа созылып, көбінде өлімге әкеп соғады.
Ларингит (грек. lаrynx -- көмекей) -- көмекей кілегей қабығының қабынуы. Ларингиттің жедел және созылмалы түрлері бар. Жедел Ларингит көбіне салқын тиюден (салқын тамақ, суық ауа, т.б.) болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі де, дел-сал болып, көмекейінің екі шеті қызарып, талаурап ісінеді, тамағы құрғайды, құрғақ жөтел пайда болады. Кейде аурудың асқынуынан көмекейдің екі жағы іріңдеп, ісінеді, жақ, жұтқыншақ безі шошынады, ауырады. Созылмалы Ларингит оның жедел түрін уақтылы емдемеуден және қайталап аурудан пайда болады.
Бронхит -- бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі инфекция.
Созылмалы бронхит - бастапқыда шырышты қабат, кейіннен үдеріс үдеген сайын бронхтардың тереңірек қабаттары мен перибронхиалды дәнекер тінін зақымдайтын, бронхиалды жолдардың созылмалы қабынуы.
Клиникасы. Созылмалы бронхиттің негізгі белгілерінің қатарына: жөтел, , ентігу, ал аускультацияда - қатты тыныс пен сырылдардың естілуі жатады. Созылмалы бронхит біртіндеп дамиды және кеш анықталады, себебі ұзақ уақыт бойы ауруды аз мазалауы мүмкін. Клиникалық көрінісі бронхиалды ағаштардың (жолдардың) зақымдау деңгейімен байланысты көрінеді.
Қабыну үдерісі ірі және орта бронхтарды қамтитын проксималды бронхитте, аз мөлшерлі жөтел байқалады, ентігу болмайды, қатаң тыныспен бірге төмен тембрлі құрғақ сырылдар естіледі. Бронхиалды өткізгіштік бұзылмаған. Бұл созылмалы обструктивті емес бронхит немесе ентігусіз бронхит болып табылады.
Обструктивті бронхитте тек қана жөтел ғана емес сонымен бірге, бірінші кезекте, ентігу (ентігулі бронхит) байқалады. Қабыну үдерісі ұсақ бронхтарда (дисталды бронхит) орналасады. Қатаң тыныс пен бірге ысқырықты сырылдар естіледі. Сыртқы тыныс қызметін тексергенде бронх өткізгіштігінің бұзылуы анықталады.
Бронхиттің өршуі көбіне қалыпты температурамен өтеді, дененің жоғарғы бөлігінің (бас, мойын) терлегіштігі байқалады, жөтел күшейеді.
Бронхтық астма деп - бронхтардың әртүрлі тітіргендіргішке сезімталдығының артуына,тарылуына байланысты, өкпеден ауаның шығуына байланысты тыныс жолдарының созылмалы,қайталанушы сырқатын айтамыз. Созылмалы бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуымен байланысты экспираторлы тыныс алу жетіспеушілігімен сипатталады. Мезгіл-мезгіл аурудың қозуымен өтеді. Этиологиясы. Аурудың негізінде көбінесе аллергиялық факторлар-тағамдық және дәрілік аллергендер, өсімдік тозаңдары, жануарлар жүні, вирустар, саңырауқұлақтар т.б. Патогенезі: Демікпенің дамуы тыныс алу жолдарының ісініп тарылуымен, жоғары секрециясымен, обструкциялармен және бұлшықеттердің спазмымен байланысты.
Өкпе эмфиземасы. Эмфизема - деп терминалды бронхиолалардан төменгі аймақты ауаның көп жиналып қалуы, өкпе көлемінің өте үлкейіп кетуін айтамыз. Патогенезі: Қабыну ошақтарында эпителий жасушаларының гиперсекрециясына байланысты пайда болған шырышты экссудат клапанды механизмінің пайда болуына,ауаның тек бір жаққа өтуіне,себеп болады. Центрациноздық эмфиземада өкпенің жоғарғы екі бөлігі зақымданады. Ацинустардың арасында үлкен, ауамен толған көпіршіктер пайда болады[6].

Азық қорыту жүйесінің аурулары
Жемсау (іngluvіes) -- көптеген омыртқасыз жануарлар (моллюскілер, құрттар, жәндіктер) мен құстардың (тауықтар, көгершіндер, тотықұстар, т.б.) өңешінің кеңейген жері. Жемсау жануарлардың жемін уақытша сақтау, аздап қорыту, кейде өңдеу қызметін атқарады. Құстардың жемсауы бұғана сүйегінің үстінде орналасады. Жемсаудың ішкі беті көп қабатты жалпақ эпителий клеткаларымен астарланған. Кілегей қабықтың дәнекер қабатындағы ішкі секреция бездері ферментсіз шырыш бөледі. Жемсауда қоректік заттар азық пен сілекей құрамындағы және микроорганизмдер бөлген ферменттердің әсерінен қорытылады. Мыс., бал арасының жемсауында сілекей безі ферментінің әсерінен гүл шырынынан бал түзіледі. Жыртқыш құстардың жемсауында жемнің қорытылмаған қалдықтары (сүйек, жүн, қауырсын, т.б.) жиналады, бұларды олар құсып тастайды. Кептер балапан шығарған кезінде жемсауының эпителий клеткасы қалыңдап, майланып, ішкі секреция бездерінен бөлінген арнайы заттармен жем араласып, ақшыл сұйық зат (жемсау сүті) түзіледі, олармен балапандарын қоректендіреді. Шөлді жерлерді мекендейтін бұлдырықтар жемсауымен балапандарына су тасиды.
Вирусты диареялар - бір топ ( гастроэнтериттер) энтеротропты вирустармен шақырылатын, көбінесе фокальды-оральды механизммен тарайтын, клиникасында гастроэнтерит, энтерит түрінде ас қорыту жолының зақымдалуымен, интоксикация синдромымен және кей кезде тыныс алу жолдарының қабынуымен өтетін бір топ аурулар. Бір топ инфекциялары вирустармен шақырылатыны XX ғасырдың басында анықтала бастады. Түсініксіз себептермен пайда болған диареямен өтетін аурулардың өршіп көрінуі зерттеуге жол салды. Нәтижесінде диареяны тудыратын мүмкіншілік энтеровирустарда, аденовирустарда, ресвирустарда, ротовирустарда, парвовирустарда анықталды (астро-камици-миниротовирустар).
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметтері бойынша ауыр түрінде өтетін диареялардың ішінде 20-40% вирусты этиологиялы, көбінесе ротовирусты. Жыл сайын жер бетінде 1-2 млн адамдар көбінесе балалар осы инфекциядан өлім табады. Қазіргі күндегі көзқараспен жедел ішек инфекциялардың себептерінің ішінде бірінші қатарда-ротовирустар, парвовирустар, одан кейін-энтеральды аденовирустар 40,41 энтеровирустар Коксаки және ЕСНО, корона-вирустар.
Пеллагра (итал. pelle agra -- бұжыр тері) -- витамин жетіспеушіліктен болатын ауру. Адам организмінде РР витамині (никотин қышқылы) жетіспесе, Пеллагра ауруына ұшырайды. Сондай-ақ бұл аурудың пайда болуына организмде РР витаминінің алмасуына қажетті триптофан (амин қышқылы) мен рибофлавиннің (В2 - витамині) аз болуы да әсер етеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Аурудың белгісі:
* дерматит (теріде, әсіресе бет және мойын терісінің бөртуі),
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Госпитализациялау шарттары, инфекциялық стационардың тәртібі
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Емдік шаралар
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Аса қауіпті инфекциялық ауру қоздырғыштары тараған кезде халықтың іс-әрекеті
Құстардың инфекциялық ларингиті
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Пәндер