Холестерол
I. Кіріспе
1.1. Жалпы холестерол туралы түсінік.
II. Негізгі бөлімі
2.1. Аурулары және емі. Атеросклероз.
2.2. Холестерол биосинтезі.
2.3. Биологиялық маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1.1. Жалпы холестерол туралы түсінік.
II. Негізгі бөлімі
2.1. Аурулары және емі. Атеросклероз.
2.2. Холестерол биосинтезі.
2.3. Биологиялық маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Холестерол С27Н46О – жануарлар ұлпасында жиі кездесетін, өте маңызды стеролға жатады. Сүтқоректі жануарларда холестеролдың 90 пайызы бауырда ацетил-А-коферменттен синтезделеді. Ал оның көпшілік бөлігі (75%) өт қышқылының түзілуі үшін пайдаланылады. Сол сияқты холестеролдан стероидтық гормондар – эстрогендер, андрогендер, прогестерон, бүйрек үсті безінің гормондары түзіледі. 7-дегидрохолестерол (D3 провитамині) пайда болады. Фосфолипидтермен, сфинголипидтермен бірге холестерол клетка мембранасының құрылымдық бөлігі.
Холестерин (холестерол) ағзадағы басқа да кейбір стероидтардың - өт қышқылдарының, стероидтық гормондардың және D3 – витамині синтездерінің алғызаты болып табылады. Холестерин барлық жасушалардың мембранасы құрамының құрылымдық компоненті болып табылады. Холестерин ағзаға екі жолмен түседі: 1. жануар тектес тағамдар арқылы (экзогендік холестерин) және бауырда синтезделуі арқылы (эндогендік холестерин). Холестерин аз мөлшерде бауырдан басқа мүшелерде - ішек пен тері жасушаларында да синтезделе алады.

1. «Медициналық биохимия» Тапбергенов С.О., 2011ж.
2. «Азық-түлік өнімдерінің биохимиясы» Каимбаева Л.А., Байгужукова М.Б. Павлодар, 2006 ж.
3. «Биохимия» Сеитов З.С. Алматы, 2010 ж.
4. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 ж.
5. А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий. «Биологиялық химия» Алматы
«Білім», 1994ж.

Жоспар:
I. Кіріспе
1.1. Жалпы холестерол туралы түсінік.
II. Негізгі бөлімі
2.1. Аурулары және емі. Атеросклероз.
2.2. Холестерол биосинтезі.
2.3. Биологиялық маңызы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Холестерол С27Н46О - жануарлар ұлпасында жиі кездесетін, өте маңызды стеролға жатады. Сүтқоректі жануарларда холестеролдың 90 пайызы бауырда ацетил-А-коферменттен синтезделеді. Ал оның көпшілік бөлігі (75%) өт қышқылының түзілуі үшін пайдаланылады. Сол сияқты холестеролдан стероидтық гормондар - эстрогендер, андрогендер, прогестерон, бүйрек үсті безінің гормондары түзіледі. 7-дегидрохолестерол (D3 провитамині) пайда болады. Фосфолипидтермен, сфинголипидтермен бірге холестерол клетка мембранасының құрылымдық бөлігі.
Холестерин (холестерол) ағзадағы басқа да кейбір стероидтардың - өт қышқылдарының, стероидтық гормондардың және D3 - витамині синтездерінің алғызаты болып табылады. Холестерин барлық жасушалардың мембранасы құрамының құрылымдық компоненті болып табылады. Холестерин ағзаға екі жолмен түседі: 1. жануар тектес тағамдар арқылы (экзогендік холестерин) және бауырда синтезделуі арқылы (эндогендік холестерин). Холестерин аз мөлшерде бауырдан басқа мүшелерде - ішек пен тері жасушаларында да синтезделе алады.
Ағзада холестерин екі қызметті атқарушы әртүрлі фондыны құрайды. Олардың арасында тұрақты түрдегі алмасу болады. Бос холестерин фонды (бірінші фонд) - бұл ең үлкен фракция болып табылады. Оның құрамына мембрана холестерині, қандағы липопротеиндердің моноқабатты фосфолипидтік холестерин кіреді. Холестерин эфирлерінің фондысы (екінші фонд) - бұл толық гидрофобты ағзаның резервтік холестериндік формасы болып табылады. Холестериннің бұл формасы жасуша цитозолының липидтік тамшылары және липопротеиндердің ядролары құрамдарында анықталған.
Адам ағзасындағы холестериннің жалпы мөлшері 140 г, 93%-ы ұлпаларда кездеседі. Көптеген мүшелерде холестериндік құрам 100 г ұлпаға 0,1 - 0,3 г - нан келеді. Тек жүйке жүйесінің ұлпасы 100 г-на 2 г және бүйрек үстілер 100 г-на 10 г холестериннен келуі бойынша ерекшелінеді. Холестериннің 80%-ға жуығы жүйке, бұлшықет, дәнекер және май ұлпаларында шоғырланған.
Жасушада холестерин келесі түрде таралған: - плазмалық мембранада холестеринфосфолипидтің молярлық қатынастары орташа есеппен 1:1 құрайды немесе фосфолипипдтің бір молекуласына холестериннің бір молекуласы келеді, сонымен бірге биқабатты мембрананың сыртқы қабатында 23, ал ішкі қабатында 13 холестериндік қатынас қалыптасқан.
Жасушаішілік мембранадағы холестерин құрамы плазмалық мембранамен салыстырғанда 10 есе аз болады.
Жалпы холестериннің 7 -- 10%-ы липопротеиндер құрамында қанда және лимфада болады. Оның негізгі бөлігі (70%) холестерин эфирлері болып табылады. Жас ұлғайғанда мүшелердегі холестериннің мөлшері де ұлғая бастайды. Мысалы, сәбилерде (1 жас) қан плазмасындағы холестериннің мөлшері 50+-10 мгдл болса, ересек адамдарда 200+-40 мгдл, немесе 5,2+-1,3 ммольл болады.
Холестерин ағзадағы стероидтар - кортикостероидтардың, андрогендердің, эстрогендердің, өт қышқылдарының, D-витамині синтездерінің алғызаты болып табылады. бұл заттардың синтезі үшін тәулік сайын 0.5 - 0.7 г холестерин жұмсалады. Фекалий құрамында тәулігіне 1,3 г холестерин өт қышқылдары және өт қышқылы мицеллалары құрамындағы холестерин түрінде шығарылады.
Тағамнан тек жануар өнімдері тектес түрлерінен ғана түскен холестерин қабылданады. Адамның асқазан - ішек трактісінде өсімдік тектес өнімдер құрамында кең таралған -ситостерол - стероид практика жүзінде сіңірілмейді.
Ағзаға тағам құрамында түскен холестериннің эфирлері панкреаттық немесе ішек сөлінің холестеразасы арқылы гидролизденеді. Гидролиз өнімдері қоспалы мицелла түрінде ішек эпителийлері арқылы сіңіріледі.
Экзогендік немесе ішек жасушалары арқылы синтезделген холестерин жартылай түрде оның эфиріне айналады. Бұл процесс екі стадиядан тұрады: 1. май қышқылының ацил-КоА-синтетаза әсерінен активтендірілуі; 2. ацилдік қалдықты ацил-КоА-дан холестериннің НО-тобына қосу. Ол ацилхолестеролацилтрансфераза (АХАТ) ферменті арқылы катализденеді.
Негізгі бөлімі.
Стериндер мен холестериннің қажеттілік нормасы тәулігіне орташа 0,6-1,0 г. Күннің көзімен көп шағылыспайтын (кеншілер) жұмыскерлердің холестеринге қажеттілігі артады, онымен Д витаминінің қажеттілігін қанағаттандырады. Холестеринмен салыстырмалы жоғары қажеттілік жас организмде байқалады. Организмде холестериннің мөлшерін шектеу, тек атеросклеро ауруына, семіруге бейім адамдарда және егде адамдарда шектеу қажет.
Қан майласу - қан құрамындағы ең негізгі зат холестериннің қалыпты мөлшерінен артып кетуіне байланысты пайда болады. Холестериннің жоғарылауы - қандағы жасушаларды өзгеріске ұшыратып, түрлі ауруларды қоздырушы болып табылады.
Холестериннің жоғарылауы 5.18 ~ 6.19 mmol\L (200 mg\dI)
Жеңіл түрдегі 6.22 - 7.49 mmol\L (240~289 mg\dI)
Ауыр дәрежедегі түрі 51 mmol\L (290 mg\dI)
Қандағы холестерин екі түрлі жағдайда пайда болады. Бірінші ағза қажетіне тұтынатын азық-түлік, тамақтарға байланысты. Екінші сол азық-түліктің қорытылуынан пайда болады. Холестерин көбінде мал бауырынан, жұмыртқа, сүт және ет қатарлы тамақтарда көп кездессе, өсімдіктерден дайындалған азықтықтарда аз ұшырайды. Холестериннің адам ағзасында көбейіп кетуінің басты себебі де осы майлы тамақтарды көп тұтынудан. Яғни, майлы, тұзды тамақтардың көп тұтынылуы салдарынан денедегі холестериндердің ыдырап кетуі баяулайды. Жалпы 30-40 пайыз холестериннің жоғарылауы ағзаға кірген азық-түлікке байланысты болса, 20-30 пайызы бауыр қызметіне, қан құрамындағы холестеринді ыдырата алмауына байланысты болып келеді. Зат алмасу қалыпты болса холестерин адам ағзасынан шығарылып отырады. Яғни, сау ағзада пайда болған холестерин денеден үздіксіз шығарылып отыруы тиіс. Осы барыстың бір бөлігінде ауру пайда болса, онда холестерин топталып, адам денесінде жиналады. Жиналған холестерин ең бірінші бауырға әсер етеді. Одан қалса тамырдың қатаюы, қан тамыр түтікшелерінің қартаюы келіп шығады. Ол үйрек қан қысымының, не болмаса, жүрек қан қысымының жоғарылауына әкеліп соғады. Қан қысымының өрлеуі, бас ауруы, ми қан тамырларының, желке мойын омыртқаларының ауруы, хандроз ауруы, көз түбіндегі қан тамырларының тосылуынан көздің кенеттен көрмей қалуы, суқараңғылық, көз қан қысымының жоғарылауы сынды көптеген аурулар ағзадағы холестериннің көптігінен пайда болады. Сондай-ақ, адамның ауруларға қарсылық қуаты төмендеп, қан алмасу барысы бұзылады. Соның әсерінен қан сақтау қызметі әлсірейді. Ол адамның шектен тыс семіріп кетуіне әкеліп соғады. Бұл аурулар науқастың жүрек қуатының жетіспеуіне, өкпе ауруы сияқты көптеген аурулардың тууына себеп болады.
Линоль қышқылы жетіспегенде холестерин жөнді ерімейтін эфирлер ретінде бауырда және қан тамырларыныңқабырғаларында қабаттанып, атеросклероз ауруына шалдықтырады.
Атеросклероз. Жүрек қан тамыры ауруының ішінде атеросклероз жиірек кездеседі. Бұл ауру көбінесе ми мен жүрекке қан жеткізіп тұратын қан тамырларды зақымдайды. Атеросклероз ауруы адамның творчестволық қабілеті мен іскерлігін кемітеді. Медицина ғылымының табыстары алға басып өрістеген сайын атеросклероздың себебі табылып, сыры ашылды. Ғылымның соңғы кездегі жетістігі атеросклероздың тек бір ғана органның емес, жалпы қан тамырды қамтитын күрделі ауру екенін дәлелдеді. Атеросклерозбен қарттармен қатар жасы қырыққа жетпеген адамдар да, ауратыны анықталды. Организмде қоректік заттардың, онық ішінде холестериннің алмасуының бұзылуы атеросклероз ауруының басталғанын дәлелдеді. Холестерин де глюкоза және белоктың химиялық қосындылары секілді организм тіршілігі үшін керекті, құнды зат, онсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені холестерин әрбір клетканың құрамына кіреді, әсіресе нерв тканінің тіршілігі үшін өте маңызды. Сондықтан табиғи жағдайда тағам құрамынан түзілген холестерин организмнің мұқтажын толық қанағаттандыра алмағандықтан, оны организм өз қорындағы белок пен углеводтан құрап, синтездеп толықтырады. Бауыр мен ішекте организмге керегінше -- тәулігіне 2 -- 3 гр. холестерин синтезделеді. Адам оның жарты грамдайын тамақтан алса, қалғанын өз денесінің қорынан жетістіреді. Адам сау кезде холестериннің белгілі бір мөлшерде синтезделіп, жұмсалуын реттейтін организмнің механизмі басқарады. Холестерин қан құрамындағы белок және фосфолипиды (майға ұқсас бөлшек) мен қосылып денеге тарайды. Осы күрделі қосылысты липопротеин дейді. Бұлардың түрі, салмағы және қан тамыр астарына жабысып орналасуы бірдей емес. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ірі липопротеиндердің бөлшектері жабысқыш келеді. Сол қан тамыр астарының холестерин жиналған жеріне кейін дәнекер тканьдер өседі. Бұдан қан тамырының тысы тығызданып қатаяды, қан жолы тарылады, кейде тіпті қан ұйып (тромба), жолы бітеледі. Бұл жағдай жүрек пен миға қан келуін бұзады. Тіпті жүрек инфарктысының (жүрек етінің елжіреуі) басталуы ғажап емес. Ішіп-жеген тағамның сан-сапасына және режиміне байланысты атеросклероз бірде тез білінсе, бірде білдірмей баяу басталады. Айталық майлы тамаққа үйір, қомағай, оның үстіне қара жұмыс істемейтін, жатып ішер еріншектер бұл аурумен көп ауырады. Мұндай адамның қанын зерттегенде холестериннің мөлшері нормадан анағұрлым артық екендігі анықталды.
Бірақ тәжірибеде кейбір адамдар ұзақ жылдар майлы және холестеринге бай тамақ жесе де атеросклерозбен ауырмайды. Бұдан олардың қан құрамындағы холестериниің мөлшері нормадан аспағанын аңгарамыз. Сөйтіп атеросклероздың пайда болуы жеке организмнің өзіне тән қасиетіне байланысты екені байқалады. Мысалы, тәртіпсіз ағыл-тегіл жеген майлы тамақ адамды атеросклерозға ұшыратса, екінші бір сондай адамға әсер етпейді. Орыстың ұлы клиницистері С. П. Боткин және А. А. Остроумов атеросклероздың пайда болуы тамақ түрінен басқа нерв жүйесінің функциясына да байланысты екенін ескерткен-ді. Кейін академик И.П.Павлов өз шәкірттерімен организмдегі холестериннің алмасуына орталык нерв жүйесінің ықпал етуіне мынадай дәлел келтірді: ол емтихан алдында студенттердің, операция алдында ауру адамның, сахнаға шығар алдында артистердің қандарында холестериннің нормадан асқандығын мысалға келтірді. Нерв жүйесінің орталығы ми зақымданса да қанда холестерин көбейеді... Осы келтірген мысалдар денеде холестерин алмасуынын бұзылуы орталық нерв жүйесінің ақуалына байланысты екендігіне дәлел.
Орталық нерв жүйесінің механизмі табиғи жағдайда организмдегі қоректік заттарды, оның ішінде холестеринді белгілі бір шамадан асырмайды, егер нормадан асса, холестеринді организмге зиянсыз етуге тырысады. Егер бұл механизм бұзылса, организмдегі қоректік заттардың алмасуы бұзылады. Әсіресе майлы тағамдар қанға нормадан көп барады. Организмге қанның тарауы жөнінде нерв жүйесінің атқаратын рөлі зор. Нерв жүйесінің осы функциясының бұзылуы да атеросклероз ауруының пайда болуына себеп болады. Сонымен атеросклероздан сақтанудың басты шарты нерв жүйөсін зақымдайтын, оны ауруға шалдықтыратын зиянды әдет-ғұрыптан және басқа да факторлардан аулақ болған жөн. Ондай зиянды әдет-ғұрыптарға нерв жүйесін қажытатын ақыл-ой еңбегі мен қайғы-қасіретке салынып, мінезін өзгерту, темекі никотині мен алкогольдің нервті ұзақ уландыруы, жұқпалы аурулардың салдары және басқалар жатады.
Арақ жүрек-қан тамырын атеросклерозға ұшыратумен катар бауыр функциясын да ауыр закымдайды. Қоректік заттардың, әсіресе холестериннің организмдегі алмасуын реттеуде бауырдың аткаратын ролі күшті. Сондықтан бұл органның саулығын көз қарашығындай күткен жөн. Темекінің де осы ауруға шалдыктыратынын көрсету үшін мынадай тәжірибені келтірелік: сау коянның денесіне холестеринге қоса темекіден бөлінген у -- никотинді қоса жегізгенде қоянда жалғыз холестериннің өзіне қарағандағыдан әлде қайда басым атеросклероздың ауыр түрі басталған. Көптеген темекі құмарлардың кейде жүрегі және басынын шаншып, сығып ауруының себебі никотиннің осы органдарды уландырып қан тамырларын атеросклерозға ұшыратканының белгісі. Темекі уы көптеген кісілердің аяқ кан тамырларының қан жүретін жолын тарылтады, тіпті бітейді (облитерирующий эндартериит). Бұл ауруда адамның аяғы қақсап ауырады, ақсайды, түбі аяқты кесуге соктырады.
Атеросклероз, әсіресе егде адамдарға үйір. Сондықтан олардың күнделікті тағамында холестеринге бай азык-түліктін аз болғаны жөн. Қарттар тамағының дені өсімдік пен өсімдік майы және сүттен болуы керек. Осы азык-түліктерде холестеринге қарсы және басқа коректік заттардың бойға сіңуін реттейтін негізгі заттар мол болады. Әсіресе сүттен жасалған тағамдарда метиониң және холин секілді заттар холестеринді канда өсірмей атеросклерозға карсы күреседі.
Атеросклерозбен ауырып жүрген немесе бұған бейім адамдардың тағамында С, В12, В6 секілді витамин топтары мол болуы тиіс. Бұл витаминдер итмұрын (шиповник), жас овощь және жеміс жидектерде, әсіресе сәбіз, көк жуа, картоп, помидор, капуста, қарақат, лимон, апельсинде көбірек болады. Сондықтан да осы айтылған овощ, жеміс азық-түліктері егде тартқан адамдардың дастарханынан молырақ орын алуы тиіс.
Қан қысымы артқанда және қан тамыр құрысқанда холестерин қан алқабынан өтіп, кан тамыр тысына жиналып, атеросклероз ауруының басталуына жағдай туғызады. Сондықтан гипертония және жүрек қысласын мезгілінде емдеу атеросклероздан сактайды.
Адам өмірінде, әсіресе, атеросклероздан сақтануда ұйқының маңызы күшті. Ұйкы қашу немесе шала ұйыктау адамды новрозға (ашушаңдыққа) ұшыратады, нерв-жүйесін зақымдайды. Күнде қажып шаршаған клеткалары жақсы ұйқыдан кейін (үлкендер үшін сегіз сағат) тынығады, ал түнгі сменада жұмыс істейтіндер күндіз ұйқысын қандыруы тиіс. Ұйқының адамды атеросклероз ауруынан сақтайтын емдік қасиетін мына тәжірибеден аңғаруға болады: қоянға ұйықтататын барбамил (хлоралгидрат) дәрісін беріп, кейін денесіне холестерин енгізгенде онда атеросклероздың ізі де білінбеді. Ал қоянның ұйқысын қашыратын фенамин дәрісін бергеннен кейін холестерин енгізгенде, оның қан тамыры, әсіресе қолқасы атеросклерозға ұшырады. Бұл аурудан сақтанудың тағы бір жолы -- ұйқыны жақсарту.
Атеросклероздан сақтануда дене шынықтырудың маңызы зор. Бұған спорт, туризм және басқа да дене қозғалыстары жатады. Дене тәрбиесінде адамның ауа мен тағамды қажет етуі сияқты онымен бала кезден бастап үзбей шұғылданған жөн. Сонда ғана адамның организмі бірдей ширап, бұлшық еттері тастай, қатты болады. Адамның нерв жүйесі және ішкі органдарының жұмысы жақсарады, адам өз бойына түрлі ауруларға берілмейтін қасиет жияды. Сондықтан әрбір азамат: ертеңгі жаттығу гимнастикасын жасауда, таза ауада қыдыруды, жазда суда жүзуді, қайықпен ескек есуді, қыста шаңғы тебуді, мұзда сырғанауды, сөйтіп, ақыл-ой жұмысын дене шынықтырумен ұштастырып отыруда атеросклероздан және басқа да аурулардан сақтайтын бірден-бір дұрыс жол деп қарау керек.
Атеросклероз ауруын емдеуде ғылым бұрынғыдай құр қол емес. Соңғы кезде академик Н. Н. Аничков және оның шәкірттері ірі ғылыми қорытындыға келді. Олар қантамырға жиналған холестеринді ерітуге болатынын дәлелдеді. Бұл атеросклерозды емдеуге болады деген сөз. Арқаулы зерттеу нәтижесіне қарағанда кәдімгі йод тамшысын дәрігердің нұсқауымен ішіп жүрсе, оның емдік және профилактикалық қасиеті барлығы анықталады. Бірақ туберкулез, бүйрек ауруы, қан ағуға бейім (геморрагические диатезы) және тері ауруларын йодпен емдеуге болмайды. Соңғы кезде кейбір тағам орнына жүретін заттар (холин, метионин, беталин, лецетин) организмдеғі холестерин алмасуын реттеу үшін дәрі ретінде де беріліп жүр, Бұл салада да советтік медицина ғылымы іздену үстінде.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Холестерин көбейсе: өттегі сұйық заты холестериннің деңгейін емдік шөптерден тұнба жасау арқылы төмендетуге болады. Ол үшін қырыққабат, қызылша, алма, бүлдірген, итбүлдірген, жидек, сарымсақ, пияз, теңіз қырыққабатын көбірек пайдаланыңыз. Әрі күніне жарты стақан қырыққұлақ пен қара шомыр шырындарына бал қосып ішіңіз. Оған доланадан әзірлеген шайдың да пайдасы зор. Оны әзірлеуге көп уақытыңыз кетпейді. Мәселен, 20 долана жидегін ыстық суға салып қайнатып, 2 сағат тұндырасыз. Кейін дайын болған тұнбаны күніне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz