Бұқаралық ақпарат құралдары


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе.

Қоғамның саяси өміріндегі БАҚ - дарының ролі.

II. Негізгі бөлім

А) Заманауи өмірде БАҚ орны.

Б) Бұқаралық ақпарат құралдарының жан- жақтылығы.

В) Демократиялық және демократиялық емес режимдердегі БАҚ тардың ерекшелігі.

III. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның саяси өмірінде аса маңызды элемент болып саналады. БАҚ әрбір қоғамның рухани құндылықтарын нығайту мақсаттарында халық арасында саяси ақпараттарды үзбей таратып отырады, халыққа идеологиялық, мәдени және саяси ықпал етеді. Бұлар -мерзімді басылымдар, радио, теледидар, дыбыс жазбалары, бейне жазбалары, интернет жүйесі, ақпараттарды өңдеу, тарату және қабылдап алу мен басқа да тәсілдер.

Бұқаралық ақпарат құралдары бірқатар қызмет атқарады;

1) әлемді бақылауға алу(ақпараттарды жинау мен тарату) ;

2) редакциялау (оқиғаларды іріктеу мен оларға түсінік беру) ;

3) қоғамдық пікірді қалыптастыру ;

4) оппозициялық саяси қызметтің маңызды белгісі болып табылады;

5) қоғамның тұрақтылығының немесе тұрақсыздығының қайнар көзі қызметін атқарады;

6) халықтың қалың бұқарасының саяси сауатын ашады.

БАҚ өздерінің репортаждары мен түсіндірме талдауларында саяси биліктің аса маңызды тұстарына ерекше назар аударады, сөйтіп билікті шектеу мен жаңғырту, сауықтыруісінде маңызды роль атқарады. Сонымен БАҚ қоғамды нақты саяси ақпараттармен және әртүрлі саяси мақсаттағы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Негізгі БАҚ, әдетте мемлекеттің бақылауында болады. Солай дегенменде БАҚ қызметінің сипаттары мен бағыт- бағдары көп жағдайда қоғам мен тиісті заңдардың сипатына да байланысты болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі туралы заңдардың маңызы да өте зор. Олар БАҚ на иелік етудің ережесін, олардың жұмыс істеуін белгілейді және қоғамдағы ақпараттар тасқынының мазмұнына бақылау қояды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 14 қазанда «Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға қосымшалар енгізу туралы» сондай- ақ 1996 жылғы «Авторлық құқық пен аралас құқықтар туралы» Жарлықтары Қазақстандағы БАҚ қызметінің заңды негізі болып табылады. Қазіргі жағдайда БАҚ арасында теледидар жетекші роль атқарады. Теледидар экраны ақпараттарды білудің және қоршаған ортаны танудың негігі көзіне айнлды. Өмірді сол өзінің қаз қалпында көру мен көрсету, болып жатқан оқиғалар жөнінде неғұрлым толық ақпараттар беру- тележаңалықтардың танымал болуына зор мүмкіндіктер ашты.

Ұдайы берілетін, көбінесе саяси тақырыптардағы соңғы жаңалықтар көп ретте халықтың тиісті саяси көзқарастарын, бағамдарын, бағыт бағдарлары мен өмірлік құндылықтарын қалыптастырады. Сайлау науқаны кезіндегі теледидардың қаншалықты роль атқаратыны айтпаса да белгілі.

Тұтастай алғанда, өз ойларын теледидар мен басқа да БАҚ арқылы білдіру мүмкіндігіне ие бола алмаса, бірде -бір саяси -қоғамдық топ саясатта да табысқа жете алмайды.

Заманауи өмірде бұқаралық ақпарат құралдары қандай орын алады?Енди келесідей жағдайды көзіңізге елестетіп көріңіз; сіз газеттер, журналдар, теледидарлар, радиотаратқыш құралдар менкомпютерлер жоғалып кеткен жағдайға тап болдыңыз делік . . . Байланыс және коммуникация құралдарының барлығынан айырылған адамның әдеттегі күні қалай өтетіндігін ойға алып көрелік. Сіз соңғы жаңалықтарды, бутболдық жарыстардың нәтижелерін біле алмайсы, қызық концерттік бағдарламаларды көре алмайсыз. Нәтижесінде адамның күнделікті өмір сүру тәртібі өзгерәске қшырайды. Нәтижесінде, адамның әлемді тануы мен қабылдауы көз алдында өтіп жатқан оқиғалармен шектелетін болады. Ал сіден тысқары жатқан, яғни естіп көре алмайтын әлем сіз ушин белгісіз жер ретінде қала береді.

Ал енді өткен кезеңдерде ақпараттармен алмасу қалай жүргендігін ойға алып көрелік. Ежелгі дәуірлерде әртүрлі елдер мен мәдениеттер арасында ақпарат алмасатын сенңмді арналар болмады десе де болады. Мұндай жағдайда прогресс өте баяу қозғалады. Бір елде ашылған жаңалықтар немесе ойлап шығарылған құралдар туралы басқа мәліметтер білу үшін мыңдаған жылдар өтіп кетуі де мүмкін еді. Яғни әрбір мәдениет өзінің кеңістігінде өмір сүріп келеді. Дегенмен, уақыт өте келе теңізде жүзушілер мен саяхатшылардың пайда бола бастауымен мұндай иллюзия бұзыла бастады. Осының нәтижесінде Қытайда ойлап шығарылған жібек мата мен дәрі, Ежелгі Грекияның математикада ашқан жаңалықтары, Америкадан әкелінген көкөністер адамзаттың басым бөлігінің игілігіне айнала бастады.

Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни масс медиа адамның мәдениет туралы түсініктерін мүлдем өзгертіп жіберді. Кез келген нәрсенің бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының оңды тұстарымен қатар қатар, бірқатар мәселелерді де тудырып отырғанын айта кету керек. Олардың ішінде келесілерін көрсете кетуге болады:

-бұқаралық мәдениеттің кең таралуы,

-әртүрлі адамдардың қалаулары мен мүдделерінің ұқсастануы, индивидуалдылықтың жоғала бастауы,

-ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің ең үздік жетістіктерінің жоғалта бастауы,

-белгілі бір қабылданған стереотиптік жүріс -тұрыстарды таңу мақсатында масс -медиа мүмкіндіктерін пайдалану. Мұның жарқын мысалы ретінде адамға күнделікті өмірде аса қажеі жоқ тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне назар аудартатын жарнаманы айта кетуге болады,

-БАҚ қоғамдық пікірді алдап арбау құралына айнала бастады.

Бұған көптеген сайлау кампаниялары дәлел бола алады. Көптеген саяси басбұзарлықтар мен егестер нақты кандидатқа кір жағу үшін арнайы ұйымдастырылады. Осы орайда, тіпті дәлелденбеген және соңынан жоққа шығарылған ақпараттың өзі сасаткердің мансабына кері ықпал етуі мүмкін екендігін айта кеткен жөн.

Әрине, осындай қылықтарға қарамастан БАҚ бүгінгі күнде қоғамның билік үстінен бақылау жасауындағы маңызы құралға айналып отырғанын айта кеткен жөн. Азаматтардың ақпаратттарды алу мен таратудағы үлкен мүмкіндіктері мемлекеттердің демократиялық сипатының бірден- бір шартына айналды. Қазіргі күнде БАҚ өкілдерінің қоғамда туындап отыратын келеңсіз жағдайларды ашып көрсететін мақалалары мен түсірілімдерімен биліктің өзі санасуға мәжбүр болады. Біздің елімізде де қазақстандық журналистер мен баспасөз өкілдері ел өкіметінің, бір жағынан, ақпаратты алу және таратудағы демократиялық принциптер көрініс тапқан халықаралық және басқа да маңызды құжаттарды мойындайтнын басшылыққа алатындығын, екінші жағынан, өздеріне жақпайтын ақпарат құралдарының қызметін шектеудегі әрекеттерін айыптайтын алаңдаушылықтарын ашық білдіріп отырады.

Баспасөз бостандығы -ақпараттарды еркін тарата алу және бұқаралық ақпрат құралдарында, радио мен теледидарларда өз пікіріңді ашық білдіре алу құқығы.

Баспасөз бостандығының арқасында әрбір азамат қоғамдағы және әлемдегі әртүрлі мәселелер бойынша өзінің тәуелсіз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік алады, ал бұл қоғамның демократиялануының маңызды әрі ажырағысыз шарты болып табылады. Журналистер цензураға немесе басқа да шектеулерге ұрынбай өз пікрлерін білдіру құқына ие.

Әрбір оқырман кез келген басылымды пайдалану құқына ие болуы тиіс. Газеттер мен телекомпания басшылары көп жағдайда өз ақпараттарын ресми ұстаныммен үйлестіріп отыруға мәжбүр. Әрине бүл олардың үкімет пен парламентті, басқа мемлекеттік құрылымдарды сынау мүмкіндігінен толық айырылғандығын білдірмейді. Баспасөз туралы заңнамалық құжаттар және ел Конституциясы сөз бостандығына қажетті кепілдіктерді береді. Бұл жерде көп мәселе журналистерге байланысты екендігі де анық, өйткені журналистер өзекті мәселелерді ашу мен жеткізуде өздеріне жасалатын қысымдарға қарамастан принциптік ұстаным көрсетуі тиіс. Соңғы онжылдықтардағы саяси тәжірибе баспасөздің қоғам өмірінде қандай үлкен роль ойнайтынын көрсетіп берді. Осы ретте айтатын болсақ, сөз бостандығы демократияланудың ең маңызды және көзге көрінетін жетістігіне айналды. Билік те, экономикалық құрылым да, саясат та, қарапайым азаматтар да телеарна экрандарынан айтылған және газеттерде басылған сөздердің қандай маңызға ие екендігін өз көздерімен көріп, өздері толығынан сезінді. Сондықтан бірқатар жағдайларда жекелеген шенеуніктер тарапынан журналистердің кәсіби борыштарын іске асыруына бөгет қою, басылымдарға қысым көрсету орын алып отыратындығын айта кету керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Қазақстан қоғамындағы қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарыны өзекті мәселелері
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық қатынастар және елдердің сыртқы саясаты аспектілеріндегі көріністері
Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Ақпарат құралдарының тәрбиеге ықпалы
Бұқаралық ақпарат - маңызды тәрбие құралы
Ақпарат құралдарының жасөспірімді тәрбиелеуге ықпал ету мүмкіндіктері
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ДИСКУРСЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨРКЕМ ФИЛЬМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz