Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары



Кіріспе
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
Негізгі бөлім
1. Еуропа Одағымен ынтымақтастық
2.Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
3.Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы.
1. Узбеков У.У. Политические аспекты казахстанско-узбекстанских отношений. Алматы, 2000. с. 12.
2. Методические пособие по разъяснению основных положений Послания Президента РК Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Построим будущее вместе!» Астана. 2011. 203 с.
3. Алдан Смайыл. Тұлғалар табысса, құрлықтар тоғысады // Егемен Қазақстан. 2012. 5 сәуір. 4 б.
4. Шарипов М. Казахстан в ООН: активной и ответственный участник // Казахстанская правда. 2012. 3 марта. С. 3.
5. Алдан Смайыл. Тұлғалар табысса, құрлықтар тоғысады // Егемен Қазақстан. 2012. 5 сәуір. 4 б.
6. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан//http://el.kz/m/articles/view/
7. Досан Баймолда. Еуропалық Одақ және Қазақстан: бүгінгі жағдайы және болашағы //http://akikatkaz.kz/?p=1772
8. Сыдықов Е.Б. Қазақстан және Еуропалық Одақ.//Қазақстан Республикасының Сыртқы саясаты. -Алматы, 2012 ж.
9. Құнхожаев Н.Р. Еуропа Одағының әлеуметтік саясаты.//"Қазіргі Қазақстанның экономикасы". -Алматы., 2004 ж. Шаншарханов Е., студент, ғылыми жетекші: Сердхан А., аға оқытушы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
Қазақстан және Батыс ынтымақтастықтың саяси қырлары
Негізгі бөлім
1. Еуропа Одағымен ынтымақтастық
2. Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
3. Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 -- 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Еуропа Одағымен ынтымақтастық
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) -- Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Жалпы саны 373 млн. адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің қатысуымен 1993 ж. құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951 ж. осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 ж. Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым Ортақ рынок деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 ж. құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа -- Польша, Венгрия, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987 ж.), Маастрихт келісім шартында (1992 ж.) және Амстердам келісімінде (1997 ж.) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісінде әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиетті бекіткен бірегей еуро (1996 ж. дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 ж. бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылды. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы т.б. жатады. Еуропалық Одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. Қазақстаның сыртқы саясатында Еуропалық одақпен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінген. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы халыққа арнаған Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты Жолдауында сыртқы саясатқа да ерекше маңызды орын беріп, Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясатты дамыту және әлемдік қатерлерге қарсы күреске қатысу деп аталған бөлімде -- біз үшін басым болып табылатын Ресей және Қытаймен арадағы тату көршілік өзара қарым-қатынастарымыздан АҚШ-пен стратегиялық серіктестікті, Еуропа Одағы елдерімен көп тарапты ынтымақтастықты дамытуға мүдделігіміз бен бұл бағыттағы практикалық қадамдарымыз айқын көрінеді -деп атап көрсеткен Жалпы Еуропалық одақтың Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасы тәуелсіздік жылдарынан бері нәтижелі дамып келеді. Біздің елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық айналым айтарлықтай жоғарылады және халықаралық саясат, қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы ынтымақтастық биік деңгейге жетті. Қазақстан жер байлығының, ауыл шаруашылығының арқасында ЕО-ның Орталық Азиядағы негізгі және маңызды әріптесіне айналды. Еуроодақ елдерінде Қазақстан тұрақтылықтың белгісі сонымен бірге, Шығыс пен Батысты байланыстырушы көпір ретінде мойындалып отыр. Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы осы қарым-қатынастардың іргесін қалаушы құжат -- ол 1995 жылы қол қойылып, 1998 жылы күшіне енген ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен серіктестік жайындағы Келісім болып табылады. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға Еуропа одағы ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. Республикада ірі еуропалық компаниялар жұмыс істейді. Қазақстан мемлекеті қабылдаған 2009-2011 жылдарға арналған Еуропаға жол атты мемлекеттік бағдарламаның да мәні терең құжат болып табылады. Қазақстан осындай құжатты қабылдаған әлемдегі жалғыз ел. Сол арқылы Еуропалық одақпен ынтымақтастық құруға өте ықыласты болып отырғанын осы құжаттары арқылы дәлелдеп отыр. Халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайын есепке алғанда Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының еуропалық векторы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Саяси тұрғыда: 1) ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша ұстанымды белгілеуге ынтымақтастық; 2) ЕҚЫҰ форумдарында қаралған мәселелердің өзара әрекеті, бұл Қазақстанның қауіпсіздік құрылымына және сенім өлшеміне интеграциялануына мүмкіндік береді; 3) ұйымдасқан қылмысқа, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес бойынша атқаратын жұмысты ұйымдастыру, бейбіт операциялар мен міндеттер аясында ынтымақтастық жасау. Экономикалық тұрғыда: 1) республика экономикасын нығайту, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу үшін, еуропалық капиталды тарту; 2) сауда-экономикалық байланыстарды нығайту; 3) жеке сыртқы саясатты анықтауда және жүргізуде Еуропалық Одақтың интеграциялық тәжірибесін пайдалану. Мәдени тұрғыда: 1) Қазақстан Республикасын еуропалық кеңестікке таныту; 2) Еуропалық қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастыру бағытында жұмыс жасау; 3) бірлесіп атқарылатын білім беру және ғылыми-зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастықты іске асыру. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік қол жеткізген алғашқы күндерінен бастап еуропалық бағытқа көшуге ерекше көңіл бөлген. 1992 жылы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен даму стратегиясы атты алғашқы құжатта Елбасы Н.Ә. Назарбаев мемлекетіміздің сыртқы саясатын АҚШ, Жапония мен Батыс Еуропамен серіктестікті ескере отырып жүргізу керектігін және бұлармен ықпалдасу халықаралық қаржы институттарына да жол ашады деп атап көрсеткен еді. Ықпалдастықтың негізгі ынталандырмасы Еуропалық Одақтан техникалық көмек пен несиелерді алу мүмкіндігімен айқындалды. Алайда бұл кездегі екі жақтың бір-бірінің қатынастары мен мүмкіндіктері туралы ақпараттары толық болмады. Осыған орай, республикамыз Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты құруды жеке еуропалық мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту арқылы жүзеге асыруды жөн көрді. Еуропалық Одақтың мүше мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы екіжақты негізгі кездесулер мен іс-сапарлар осы уақытта, әсіресе көбірек маңызды болды. Бүгінде Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 30 млрд АҚШ доллары көлемінде. Қазақстан мен Еуропа Одағының арасында энергетикалық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің мәні зор болмақ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: Біздің еліміз ОПЕК-ке мүше елдерден Еуропаға энерготасымалдаушыларды жеткізетін Ресей, Норвегиядан кейінгі үшінші ірі ел болып саналады. ЕО-ның бірқатарында қазақстандық мұнайдың үлесі едәуір мол. Мәселен, Румынияда ол -- 30%-ды, Австрияда 25%-ды құраса, Швейцарияда біз 2-ші орын аламыз. Тұтастай алғанда, Қазақстан ЕО-ға шығарылатын энерготасымалдаушылар импортының жалпы мөлшерінің 20%-ына дейін қамтамасыз етеді, -- деді. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында осы аймақтағы басты қозғаушы күші бола тұрып, Еуроодақпен ерекше серіктестікке мұқтаж болып отыр [2]. Еуропалық Одақтың мүдделеріне келетін болсақ, олар негізінен экономикалық қызығушылыққа негізделді. ТАСИС бағдарламасы аясында Еуропалық Одақ республикадағы жекешелендіру саясатын жүзеге асыруға, кәсіпорындарды дамытуға, кіші және орта кәсіпорындарды жаңғыртуға, қаржы құрылымдарын жетілдіруге көмек беріп, қазақстандық экономиканы қайта құруға өз үлесін қосты. Сонымен қатар, ТАСИС бағдарламасының мақсаттары экономикалық және техникалық ынтымақтастықпен шектелмей, астарында саяси мақсаттарды да көздегені анық. ТАСИС қызметінің маңызды бөлігі іс-әрекеттегі реакторлар мен ядролық қондырғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болды. Сонымен бірге Еуропа Одағы елдерінде қазіргі кезде бүгінгі әлемдегі ең жетілген әлеуметтік қамту жүйесі орныққан, оның негізі XX ғасырдың алғашқы жартысында қаланды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қауымдастық құра отырып, мүше-мемлекеттер келісім-шартта жұмысшылардың еңбек жағдайын, өмірлік стандарттарын жақсартуға жәрдем көрсету туралы ортақ келісімді бекітті. Әлеуметтік жүйені үйлестіру тек шаруашылық саладағы шаралардың нәтижесі бола қоймайды. Экономикалық іс-шаралармен қатар, әлеуметтік саланы реттеу жұмыстары жасалуы керек. Осылайша, экономикалық іс-қимылдың әртүрлі қырларын жалпы реттеу саясатымен қатар, Еуропалық Одақ құзырына кіретін элементтердің құрамдас бөлігі жұмыспен қамтамасыз ету саясаты, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы саясат (Келісімнің 3-бабы) болып табылды. Еуропалық Одақтың әлеуметтік саласында үйлестірілген саясат жүргізудің маңыздылығы өзара байланысты екі себептің салдары. Ол ортақ нарықтың әлеуметтік мақсаттары және Еуропалық Одақ қызметінің барлық бағыттарында өз міндеті ретінде Қауымдастық шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғауды, әйелдер мен ерлердің тең құқықтылығы, өмір сүру деңгейі мен сапасын көтеруді белгілеуімен негізделеді (Келісімнің 2-бабы). Әлеуметтік саясат саласында Еуропалық Одақ өкілеттігінің қайнар көздері: ЕуроОдақ жөніндегі Келісімнің VIII тараудың Жұмыспен қамту бөлімі, XI тараудың екі бөлімі -- І бөлім Әлеуметтік ережелер және ІІ бөлім, сондай-ақ XIII бөлім -- Денсаулық сақтау. Еуропалық Одақтың ортақ әлеуметтік саясатын жүргізуде жеке адамның әлеуметтік құқықтарына арналған бірнеше құжаттар аса маңызды: 1961 ж. Еуропа Кеңесінің қамқорлығымен қол қойылып, 1996 ж. қайта қаралған Еуропалық әлеуметтік хартия; 1989 ж. еңбекшілердің негізгі әлеуметтік құқықтары туралы Қауымдастық Хартиясы; 2000 ж. Еуропалық Одақтың негізгі құқықтар жөніндегі Хартиясы. Қауымдастықтың әлеуметтік саясатын қалыптастыруда 1992 жылғы әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің тарихи маңызы зор. Маастрихт келісімінен кейін ықпалдасудың жаңа айналымына өткен Еуропалық Одақтың елдері әлеуметтік саладағы институттардың өкілеттігін кеңейту қажеттігі туралы уағдаласты. 1997 жылы Амстердам келісімі әлеуметтік саясат жөніндегі Келісімнің барлық негізгі ережелерін Еуропалық Одақ жөніндегі Келісімнің сәйкес баптарының құрамына біріктірді. Еуропалық Одақ жөніндегі Келісімге сәйкес Еуропалық қауымдастықтың әлеуметтік саясатының мақсаттары: жұмыспен қамту, өмір сүру мен еңбек жағдайын жақсартуға жәрдемдесуді өзара үйлестіру, сондай-ақ кәсіпкерлер мен еңбекшілер арасындағы диалог, нақтылы әлеуметтік қорғау, кедейленумен күрес, жұмыспен қамтудың жоғары дәрежелі жағдайына қолайлылық туғызу" [3, 324 б.]. Еуропа одағы құқы -- [EULaw; European Union Law] -- Еуропалық қауымдастық пен Еуропалық Одақ шеңберіндегі еуропалық ықпалдасудың дамуы негізінде пайда болған ерекше құқықтық феномен. Еуропа одағы құқы халықаралық құқық пен мемлекетшілдік құқықтың түйіскен жерінен пайда болған ерекше құқық тәртібі. Еуропа одағы құқының автономдығы Еуропалық қауымдастықтар Сотының бірқатар шешімдерімен бекітілген. Еуропалық Одақ құқы ұғымы 1990 -- жылдардың басында Еуроодақтың пайда болуымен қатар қолданыла бастады. Еуропалық ықпалдастық -- еуропаның бірлесуін мақсат тұтатын құрылымдық және саяси процесс. Оның идеологиялық негізі -- Еуропаның (континент немесе нақтылы географиялық аймақ ретінде емес, саяси-мәдени ұғым ретінде) саяси біртұтастығы Рим империясынан, ал, діни тұтастығы -- б.д.д. IV ғасырдан христиандықтың осы империяда қоғамдық-саяси күшке айналуынан бері орныққан деген сенім болып табылады. 2007 жылдың жазына дейін Еуропалық Одақ өзінің Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасын нығайту жөніндегі Стратегиясын қабылдайтынын мәлімдеді. Осы құжаттың екі жақты болуы үшін алдын ала 28 наурызда Астана қаласында, Еуропалық Одақ үштігі (ЕО-ның қазіргі төрағалық етіп жүрген өкілі), Еуропалық Одақтың Бас хатшылығы және Еуропалық комиссия -- Орталық Азия елдері (Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан т.б.) тұрғысындағы 4-кездесуі болып өтті. Бұл үнқатысулар 2004 жылы еуропалықтардың бастамашылығымен басталған еді. Бұдан кейін Еуропалық Одақтың өкілдері Орталық Азиядан Еуропаға энергия көздерін экспорттаудың болашақтағы жолдарын іздестіру жөнінде бірлескен жұмысты одан әрі жүргізуге кірісті. Осымен байланысты, Баку үндестігі деп аталатын құжатты іске асыру барысында Каспий және Қара теңіз өңірлері елдерінің энергетикасы бойынша, бірінші министрлер мәслихатында бастау алған, сөйтіп, екінші мәслихатты Астанада өткізу тұрғысында ресми ұсыныс жасалған болатын. Еуропалық Одақпен үндестікті дамыту үшін Брюсельге Қазақстан мемлекет басшысының ресми сапарының маңызы зор болды, кездесулер шеңберінде сауданы ырықтандыру және экономикалық ынтымақтастық мәселелері, кедендік заңдылықтарды жетілдіріп, еуропалық стандарттарға жақындату, көлік инфрақұрылымдарын дамыту, экология және су ресурстарын игеру, лаңкестіктің туу және тарау себептері, есірткіге қарсы күрес және т.б. мәселелер талқыланды. Бүгінде Еуропалық Одақтың Қазақстанға және жалпы Орталық Азия аймағына ерекше назар аударуының маңызды себептері бар. Бірінші -- осы өңірдің энергетикалық ресурстарға бай болуы. ЕуроОдақ өз энергетикалық импорт маршруттарын әртараптандыруға мүдделі. Қазақстан және көршілес елдер осыған біраз ықпал ете алады.
Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Дамушы елдер қатарына енетін Қазақстан үшін АҚШ сынды нарықтағы беделі жоғары елмен қарым-қатынаста болу өте маңызды. Екі ел арасындағы байланыс 1991 жылы 25 желтоқсанда - АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныған кезден бастау алады. Ал 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарлама жасалған болатын.

Одан кейінгі байланысты нығайтуға бағытталған ресми кездесулер ортақ сауда және экономикалық шешімдердің нәтижесін берді. Мысалы, 1999 жылы қол қойылған екі ел арасындағы келісімде АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты ары қарай дамыту, еліміздің демократиялық және экономикалық өркендеуіне қолдау көрсету сынды шаралар қарастырылған.
Сонымен қатар, АҚШ Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қолға алынған "Болашақ" бағдарламасы аясында ел азаматтарының Нью-Йорк, Вашингтон, Бостон және Сан-Франциско сынды қалаларында білім алуларына мүмкіндік туғызды. Бұл - еліміздің болашағы үшін қажет білікті мамандарды даярлау бойынша үлкен қолдау.
Қазіргі кезде, Қазақстан өзінің әлеуметтік жағдайы мен әлемдік экономикаға кірігу мүмкіндігін нығайту мақсатында АҚШ-пен саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларында тең серіктестік қатынастарын белсенді дамытуға тырысуда.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, екі ел арасындағы ресми байланыс 1991 жылдан бастау алды. АҚШ сол кезеңде енді ғана өз тәуелсіздігін алып, дербестігін таныта бастаған Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға қызығушылық білдіріп, алғашқылардың бірі ретінде елшілік қатынастарын ұсынған. Алғашқы күндерден бастап, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ортақ байланыс үлкен қарқын алып, бүгінге дейін жоғары деңгейде сақталып келеді.
АҚШ елінің Қазақстанға басты назарын қаратудағы мақсаты - қазақ елінің ядролық қарудан бас тартуы. 1992 жылы мамыр айында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған алғашқы іс-сапары кең көлемді ынтымақтастықты дамытуға негіз болды.
Тарих беттерінен дерек келтіре кетсек, Қазақстан 1992 жылы 20 мамырда Португалияның Лиссабон қаласында стратегиялық шабуыл қару-жарақтары туралы келісімнің тең құқылы жақтарының бірі ретінде, ортақ хаттамаға қол қойып, ядролық қарусыз ел болуға міндеттеме алған. Сонымен бірге, Қазақстан басшылығы ядролық қаруды бөлшектеу және пайдаға асыру барысында АҚШ мемлекетімен ынтымақтастық жасаудың маңызын түсініп, ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа негіз жасау жөнінде жүйелі қадамдар жасауға кірісті. Осылайша, 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағындағы ядролық қару мәселесіне нүкте қойылды.
1994 жылы 14-16 ақпанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та ресми сапармен болып, оның барысында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында серіктестік қатынастарды дамыту және тереңдету үшін негіз жасайтын басты құжат -- "Демократиялық серіктестік туралы хартияға (құжатқа)" қол қойды. Бұл ортақ құжат 17 баптан тұрады. Құжатта саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау мәселелері мен өзге салаларда екі мемлекеттің мақсаттары мен міндеттері нақты баяндалды.
Қазір Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының жаңа бір "көзі" - әлемдік қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан қазір АҚШ-тың ықпалымен өзіндегі бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, терроризмге қарсы күреске қосылуда. Ал, АҚШ осы межеде, өз кезегінде Қазақстандағы өтіп жатқан реформалар үшін қолдау көрсетіп келеді. 2006 жылдың мамыр айында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейнидің Қазақстанға сапары кезінде, еліміздің жетістіктеріне өз ризашылығын білдірген. "Қозғалыстың бағыты анық: демократиялық және экономикалық реформаларды жалғастыру, заң билігін күшейту, жемқорлықпен күресті кеңейту, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру - қауіпсіздіктің сенімді саясаты", - деді Чейни.
Соңғы жылдары Қазақстанға тартылған $45 миллиард инвестицияның үштен бір бөлігі АҚШ тарапынан бағытталуда. Қазіргі кезде Қазақстан аймағындағы энергетика саласында 300-ден аса америкалық компаниялар жұмыс жасап келеді.
Ал, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекеттерінен бері Қазақстан АҚШ-қа терроризммен күрес және Ауғанстанды қалпына келтіру салалары бойынша кең көлемді қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан халықаралық коалиция құрамында Иракқа өзінің әскери контингентін жіберген Орталық Азиядағы жалғыз және санаулы ғана мұсылман елдерінің бірі болды. Осы сынды аспектілер бойынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. АҚШ - Қазақстандағы ірі шетелдік инвестор. Мұнда 400-ден астам АҚШ компаниялары жұмыс істейді. Олар елге 15 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салған. Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 17-18-інде Нью-Йоркте БҰҰ мерейтойлық сессиясы ауқымында АҚШ Мемлекеттік Департаментінің басшылығымен келіссөздер жүргізді. АҚШ Мемлекеттік Хатшысының адам құқықтары жөніндегі орынбасары Глен Дэвиспен кездесу барысында Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы біздің еліміздің АҚШ-пен қатынастарды дамытудың негізгі ұстанымдарына тоқталып, Елбасы Н.Назарбаевтың демократияландыру үдерісін дамытуға және 2005 жылғы Президент сайлауын әділетті әрі еркін өткізуге бағытталып қолға алған іс-шаралары туралы хабарлады. Қ.Тоқаев ҚР Президентінің әңгіме болып отырған тақырыпқа қатысты жуырда айтылған сөздерінің негізгі қағидаларын баяндап, мемлекет басшысының алдағы президент сайлауы туралы жарлығының мазмұнымен таныстырды.
Содан кейін, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райсты қабылдады. Кездесу барысында халықаралық және аймақтық мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, Ауғанстандағы жағдайды оңалту, Ирактағы ахуалды тұрақтандыру, Кавказдағы шиеленісті реттеу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, Орталық Азияның даму болашағы келіссөздің өзекті тақырыбына айналды. Бұл ретте Кондолиза Райс Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын қолдап, Орталық Азияның ішіндегі Қазақстанның ертеңгі күнінің шуақты болатынына мол сенім білдірді. 2009 жылдың 7 сәуірінде Қазақ - стан Парламенті Сенатының Төр - ағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ыс - там - бұл қаласында өткен Өркениет - тер альянсы - ның ІІ форумы шең - берінде АҚШ Президенті Барак Обамамен жүздесіп, АҚШ басшы - сын Қазақ - стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - тың Қазақстан аумағында бейбіт мақ - сатта пай - да - лану үшін Халық - аралық атом энер - гиясы жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қатынастардағы ролі
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары туралы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу
Саяси әлеуметтанудың ғылымы және оның пәндік ерекшеліктері
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым құрылуы және даму эволюциясы
Солтүстік атлантикакалық шарт ұйымы қызметінің халықаралық-құқықтық қырлары
Пәндер