Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны



Мазмұны:
Кіріспе.
1. Қазақ мәдениетінің бастаулары.
2. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті.
3. Әлемдік өркениет ұғымы, оның түрлерi.
4. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет — агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.).
1. Орынбеков М.С. История философской культура.
2. Қасымжанов А.Х., Мажиденова Д.М. Очарованиезнания.
3. Культурные контексты Казахстана. История современности.
4. Бейсенов Қ. Қазақ топырағында қалыптасқанғақлиятты ой кешу үрдістері.
5. Қасымжанов А. Рухани тамырлар. //Қазақ,
6. Елібаев А. Мәдениеттің жүиелік салалары.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Әлемдік өркениеттегі қазақ мәдениетінің орны.
Мазмұны:
Кіріспе.
1. Қазақ мәдениетінің бастаулары.
2. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті.
3. Әлемдік өркениет ұғымы, оның түрлерi.
4. Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет - деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет дегеніміз - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет -- агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.).
Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.
Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуыда тегіннен-тегін емес сияқты. Ғылымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі.
Бріншіден, көне және орта палеолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың биологиялық эволюциясы аяқталып нағыз адам қалыптасты. Екішіден, тастан және т.б. жасалған түрлі құралдар көбейіп қана қоймай, сапалық өзгерістерге де ұшырады. Үшіншіден, кейінгі палеолит дәуірінің ең басты жаңалығы - экзогания болды да, ендігі жерде неке қарым-қатынастарынан ең жақын туысқандар - ата-аналары мен балалар, туған ағалары мен қарындастары шығарылып тасталды. Инцестке (қан араласу деген сөз) тыйым салу неке қарым-қатынастарының қоғамдық тұрғыдан тәртіпке келтірудің бастамасы болды. Осындай түбегейлі қоғамдық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде ру және жанұя пайда болды.
Ал, гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В.Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихы кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Европалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді. Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде генеалогиялық дәстүрлер жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен қатар, адамзаттық қасиеттерге де ерекше көңіл бөлді. Басты мақсатқа апарар жол - білім жолы болды.
Көне Египет мәдениетінің ең басты ерекшелігі - ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.
Египет мәдениеті - сан-салалы мәдениет. Солардың бірі - біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар - құдайларға құлшынық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі - Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты деп аталады.
Қытай мәдениетіне келетін болсақ, даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Даосизмнің негізін қалаушы - Лао-Цзы өз заманында кәрі дана деген атаққа ие болған. Дао - жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі -- өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары О пути к добрадетели атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы - Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун - ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген.
Мәдениеттің өзекті бөлігі -- өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі - оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет -- адам әлемі немесе Әл-Фараби айтқандай, адам - хайуани
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сыйпатта біздің зердемізге түсетін бірінші ұғым -- өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда латынның civilis сөзі азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды варварлықтар деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, өркениет олардың түсініктері бойынша, азаматтаық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империасының даму дәрежесін көрсетеді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
1. Мәдениет пен өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор).
2. Өркениет - мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер).
3. Өркениет - мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер,Д.Белл).
4. Өркениет - тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты(Л.Морган).
5. Өркениет - этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі(А.Тойнби,Н.Я.Данилевский және т.б.).
6. Өркениет - мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

1. Қазақ мәдениетінің бастаулары

Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет - деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды.
Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ қысқа мерзім ішінде сауатсыздық жойылды, білім беру жүйесінің негізі қаланда, мәдени ағарту мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жолданды. Алайда Кеңес үкіметінің біржақты саясаты одақтас Республика халқының дәстүрлі мәдениетін, тілі мен өнерін дамытуды жоспарламады. Әсіресе қазақ халқының ана тілі мен діні, салты ауыр жапа шекті. Халықтың кәсіби мәдениеті мен дәстүрлі өнері бірдей қжымға ұшырады.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығын артта қалдырған еліміз үшін Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда тұрақты ілгері дамып отыруында соңғы жылдарында ауыл тұрғындарының рухани өмірін зерттеуге ерекшеден қойыла бастады.
Ауыл тұрғындарының мәдени өмірінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жаңа этникалық процестер, мәдениет пен тұрмыс саласындағы дәстүрлі және жаңа үрдістерді этнографиялық тұрғыда зерттеу нәтижесінде өзгерістердің бағыт бағдарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұрынғы КСРО халықтарының рухани мәдениетінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер сол кезеңдегі Кеңестік этнографтардың басты назарында болды. Өткен ғасырдың 50-60 жж колхоз тақырыбына байланысты бірқатар еңбектер жарық көруі, отандық тарихына үшін елеулі оқиға болды, себебі бұл жұмыстардың арасында біздің республиканы да қамтып өткен бірнеше ұжымжық зерттеулер бар еді.
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында республика аймақтарынның мәдени өміріне байланысты бірнеше кондидаттық диссертациялар қорғалды. Зерттеулердің хронологиялық шеңбері ХХ ғ 70-90 ж.ж, және Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өңірлерін қарастырды.
Тақырыбымыздың басты қарастырып отырған мәселесі, Оңтүстік Қазақстан өңірінің ХХ ғасырдың 60-80 ж аралығындағы мәдени ортасы, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдық техникалық базасы, ағарту жұмыстарының әдістері мен түрлерінің жүргізілуі туралы қысқаша баяндау. Оңтүстік Қазақстан облысы 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962-1992 ж Шымкент облысы деп айтылып келген. Аумағы 117,3 мың км2
Тәуелсіз Республикамыздың тарихи мәдени және этносаяси өмірінде Оңтүстік Қазақстан аймағының алатын орны ерекше. Бұл өңір еліміздің ежелгі, ортағасырлық жаңа және қазіргі заман тарихынан өте тығыз сабақтасып жатыр. Оңтүстік Қазақстан аймағы жергілікті қазақ халқының өзге этникалық топтардың арасында тығыз шоғырлануымен ерекшеленеді. Елімізде алғаш рет бой көтере бастаған мәдени нысандардың қалыптасып даму жолы сан қилы қарама-қайшылықтарға толы тарихи кезеңдерден тұрады.
Сырттай қарағанда жап жақсы көрінген соғыстан кейігі бостандықтың көрсеткіштері село еңбеккерлерінің азапты еңбегінің жоқшылығы мен аштығының өмір жастары, өмір дәрежесінің төмендігінің балалар мен әйелдер еңбегінің еркінен тыс жүргізілді.
Мектептегі оқу ісінің алдында 50 жж жаппай жеті жылдық білім беру 60 жж сегіз жылдық, ал 70 жж, жаппай орта білім беру Республикамыздың барлық өңірлерінде мектептегі оқу ісін дамытуда кемшіліктер көбейді.
1955-1956 жж жалпы білім беретін мектептердің 43%-і орыс тілінде жұмыс істеді, олар жалпы оқушылардың 66% қамтыды. 20 жыл ішінде қазақ (1950-1970) мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды. Мектептегі оқу ісінің дағдарысы экономикадағы саясат пен идеалогиядағы бұрмалаушылықтың көрінісі еді. Оңтүстік өмірдің 1962 ж ауыл мектептерінің жағдайы төмен болған. Мысалы: ауылдық 15 мектепте 5-8 сыныптар біріктіріліп оқытылса, 52 мектепте 9-10 сыныптардың оқушылары бірігіп дәріс алған. Өткен ғасырдың 70-80 жж еліміздің ауылды жерінде мектепке дейінгі мекемелердің өсімі қарқынды жүргізілгені байқалады.
Қай заманда, қай қоғамда да елдің мемлекеттің мерейі алдымен оның рухани байлығымен өлшенген.
Оңтүстік Қазақстан облысында мұражай ісінің дамуы ХХ ғасыр бірінші ширегінде басталады. Аудан орталықтарында мұражайлар ашу 1970 ж кейін ғана қолына алына басталды.
Елімізде 1950 ж соңында ғана ене бастаған теледидар, ауыл тұрғындары арасында кең таралуы 1970 ж басталды. Халыққа рухани азық беретін өнердің бір түрі - театр. Оңтүстік Қазақстан өңірінде кәсіби сахна өнерінің тууы, қалыптасуы және даму жолы Кеңес үкіметі орнағаннан кейін бастау алып одан кейінгі жылдар да Оңтүстік Қазақстанның басқа да аудандарында жаңа театрлар саны көбее түсті.
Көптеген ауыл, қала жастарының 10 жылдық мектептерді, техникумдарды бітіріп жоғары дәрежелі білім алуы, Республикамызда ауыл халқының тұрмыс мәдениетін барлық жағынан бірдей көтеру үшін берік негіз салынды.

2. Қазақтың дәстүрлі мәдениеті.

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі - рухани мәдениет, екіншісі - материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де - осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда - поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер Иллиада мен Одессеяны тудырса, Шығысымызда үнділер Махабхарата мен Рамаянаны тудырған, одан кейін Шығыс Европада Үлкен Этта, Кіші Этта, Каллевала сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай ұлы орыс халқының Игорь жорығы туралы жыры бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған Алпамыс батыр эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.
Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос - соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты.
Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй - қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т.б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы - киіз үй.
Үшіншісі, музыкалық мәдениеті. Музыкалық мәдениетіне мен екі-үш ақ мысал келтірейін: сіздер ол мәдениеттің тектілігін, терең асыл екендігін пайымдайсыздар. Қазақ халқы қазақ атауын иемденбей тұрған кездің өзінде-ақ осы далада домбыра тартылып, күй жанры туған. Күні бүгінге дейін орыс, татар сияқты өзіміздің бұрынғы Кеңес одағының аясындағы елдерді алсақ, осылардың дәстүрлі музыкасында күй жанры, яғни аспапты музыка жанры жоқ. Орыстар балалайканы қолға алып, жерді бір теуіп, частушка айтады, бар музыкасы осы ғана. Ал, күй деген - музыкадан сөзсіз бөлініп шыққан дыбыс, музыкалық жанрдың дүниеге келуі. Бұл бейнелеп айтқанда сөз өнерінде роман, эпопея жанрының дүниеге келгені сияқты. Ал енді осы күй өнерін туындатқан авторлы музыканың өзіне осы далада 1200 жыл. Нанбасаңыздар, айтып шығайын. Исі 40-тан астам түркі халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлты және өркениет
Қазақ мәдениеті - қазіргі Қазақстан аумағында бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының мәдениеті
Түріксой ұйымы – түркі халықтарыны мәдениетінің бірлігі
Мәдениет пен өркениеттегі ғылым
Қазақтың ұлттық дүниетаным ерекшелігі
Діннің тәрбиелік мәні
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы
Ұлы даланың жеті қыры мақаласы туралы сауалнама
Қазақ халқының ұлттық рухани мәдениетінде мәселелілері
Пәндер