Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы



ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТЫҢ ВЕРБАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙВЕРБАЛЬДЫ АМАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
1.1Қазақ және басқа тілдердегі сыпайылық категориялар
2 СӨЗ МӘДЕНИЕТІ . ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ
2.1 Сөйлеу мәдениетінің қолдану аясы
2.2 Сөйлеу этикетінің ұлттық мәдени ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса немесе сөйлесімге көмекші қызмет атқаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді. Өйткені, қатынас немесе көркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындығынан, қимыл-әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттегі өзгерістерден де құралады. Олардың әрқайсысы баяншы мен қабылдаушы арасындағы қатынастың мақсатын ашады, түсінуге мүмкіндік береді.
Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Тіпті екі мың жыл бұрын өмір сүрген Цицерон шешендерге барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс екендігі жайлы кеңес берген. Мұнан байқайтынымыз тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден-ақ бастау алгын.
Бейвербалды амалдарды алғаш зерттеу Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектеріннен бастау алған. Ч.Дарвиннің 1872 жылы жарық көрген «Эмоцияның адам және жануарларда бейнеленуі» [1, 103 б]атты еңбегінде тілдің шығу тарихы мен ым-ишараның дамуындағы байланыстарды ұштастырады. Зерттеуші күнгі адамда байқалатын айтайын деген бір ұғымды жеткізуге арналған қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттердің қалдығы екендігін айтады. Ч.Дарвиннің қазіргі «бейвербалды амалдарға» қатысты айтқан тұжырымдары мен бақылауларын бүгінгі күні әлемнің барлық ғалымдары мойындайды. Көптеген ғалымдар бейвербалды амалдардың сөйлесудегі ерекшеліктерін анықтай келе, адам өмірінде қайсысы қандай қызмет атқаратынына айрықшп назар аударған. Мәселен, француз психологы Альберт Мейербиан қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар – жеті пайыз, дыбыс, интонация – отыз сегіз пайыз, бейвербалды амалдар – елу бес пайыз қолданылады деген пікір айтқан. Ал, профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында отыз сегіз пайыз – сөз, алпыс бес пайыз – хабар бейвербалды амалдардың көмегімен беріледі деп тұжырым жасайды. Сөз етіліп отырған бейвербалды амалдардың қарым-қатынас құралына айналуында адамның дене мүшелерінің бәрі де қатысады. Осыған байланысты шетел және орыс тіл білімінде «Язык жестов», «Язык тела», «Язык лица» т.б. еңбектер, зерттеулер жарық көрген [2, 77 б].
1. Леонтьев А.А. Речевая деятельность // Основы теории речевой деятельности. – М.: Наука, 1974. – 307 с.
2. Основы теории коммуникации. – М.: Гардарики, 2007. – 615 с.
3. Беляева Е.И. Модальность и прагматические аспекты директивных речевых актов в современном английском языке: автореф. докт. диссерт. – М., 1988. – 33с.
4. Ошанова О. Ж. Сөйлеу мәдениетінің негіздері: оқу құралы. – Өңд., толықт. 2-басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 186 б.
5. Бейсенова С.Б. Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке.- Алматы, 2002. –26с.
6. Сейсенова А.Д. Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салғастырмалы талдау. Филол. ғыл. канд. ғыл. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А., 1998, -121 б.
7. Қобланова А. Қазақ сөз этикеті. – Алматы, 1993. – 178 б.
8. Дуанбекова М. А. Ауызша іскери қатынас тілінің мәдениеті. – Алматы, 1999,-154 б.
9. Уәлиев Н.Сөз мәдениеті. Алматы: Мектеп, 1984. - 107 б.
10. Әлкебаева Д. А. Сөз мәдениеті: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 196 б.
11. Сәрсеке Г.Ә. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. Павлодар: ПМПИ баспасы, 2011. - 114 б.
12. Алпатов В.М. Категории вежливости в современном японском языке.- Москва: Наука, 1973.-190 с.
13. Takiura Masao. Nihon no keigo. Poraitonesu riron karano saikento. -Tokyo, 2005. - 315 с.
14. Оно Масаки, Ямаока Масаки, Макихара Цутому. Коммуникация және этикет формулалары. -Токио: -Мейдзи, 2010. -248 б.
15. Хасанұлы Б. Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. -Астана, 1999. – 187 б.
16. Пиз А. Язык теледвижении (как читать мысли других людей по жестам). Новгород, 1992. – 262 с.
17. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда, 2001.- 230 б.
18. Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. Алматы: Ғылым, 1976. - 168 б.
19. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. 3-том. Тіл қүралы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері). Алматы: Алаш, 2005. - 352 б.
20. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Алматы: Атамұра, 2003. - 208 б.
21. «Тіл білімі сөздігі» // Жалпы ред. басқ. проф. Э.Д. Сүлейменова. – Алматы: Ғылым, 1998. – 541б.
22. Момынова Б.Қ., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 133 б.
23. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Мəдениет жəне өнер: 34 томдық. – Алматы: Рауан, 2000. – 248 б.
24. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік – Алматы: Қазына, 1999. – 491 б.
25. Қазақ тілінің 4 томдық түсіндірме сөздігі 380-381 б.
26. Мағжан С. Қазақ тіліндегі бейвербалды элементтердің көп мағыналылығы. филол. ғыл. канд. – Алматы, 2007.
27. Сәрсеке Г.Ә. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. Павлодар: ПМПИ баспасы, 2011. - 114 б..
28. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999. – 581 б
29. Аманжолов С., Сауранбаев Н. – Қазақ тілінің II синтаксис. – Алматы, 1939. – 113б.
30. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану. 2002. –288б.
31. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. Т.1.- М.: Издательство АНСССР, 1963.-384с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ВЕРБАЛДЫ ЖӘНЕ БЕЙВЕРБАЛЬДЫ АМАЛДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

Қарым-қатынас тілдік қатынасқа қоса немесе сөйлесімге көмекші қызмет атқаратын бейвербалды амалдарды қажет етеді. Өйткені, қатынас немесе көркем мәтін тілдік қарым-қатынастың сыртында дауыстың құбылмалы реңктерінен, тембрінен, қарқындығынан, қимыл-әрекеттерінен, дене қимылдарынан, бет-әлпеттегі өзгерістерден де құралады. Олардың әрқайсысы баяншы мен қабылдаушы арасындағы қатынастың мақсатын ашады, түсінуге мүмкіндік береді.
Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Тіпті екі мың жыл бұрын өмір сүрген Цицерон шешендерге барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс екендігі жайлы кеңес берген. Мұнан байқайтынымыз тілсіз қарым-қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден-ақ бастау алгын.
Бейвербалды амалдарды алғаш зерттеу Г.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектеріннен бастау алған. Ч.Дарвиннің 1872 жылы жарық көрген Эмоцияның адам және жануарларда бейнеленуі [1, 103 б] атты еңбегінде тілдің шығу тарихы мен ым-ишараның дамуындағы байланыстарды ұштастырады. Зерттеуші күнгі адамда байқалатын айтайын деген бір ұғымды жеткізуге арналған қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттердің қалдығы екендігін айтады. Ч.Дарвиннің қазіргі бейвербалды амалдарға қатысты айтқан тұжырымдары мен бақылауларын бүгінгі күні әлемнің барлық ғалымдары мойындайды. Көптеген ғалымдар бейвербалды амалдардың сөйлесудегі ерекшеліктерін анықтай келе, адам өмірінде қайсысы қандай қызмет атқаратынына айрықшп назар аударған. Мәселен, француз психологы Альберт Мейербиан қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар - жеті пайыз, дыбыс, интонация - отыз сегіз пайыз, бейвербалды амалдар - елу бес пайыз қолданылады деген пікір айтқан. Ал, профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында отыз сегіз пайыз - сөз, алпыс бес пайыз - хабар бейвербалды амалдардың көмегімен беріледі деп тұжырым жасайды. Сөз етіліп отырған бейвербалды амалдардың қарым-қатынас құралына айналуында адамның дене мүшелерінің бәрі де қатысады. Осыған байланысты шетел және орыс тіл білімінде Язык жестов, Язык тела, Язык лица т.б. еңбектер, зерттеулер жарық көрген [2, 77 б].
Бейвербалды амалдарды тіл білімінде паралингвистика деп, грек тілінде ара - қасында, жанында және латынның lingua - тіл деген сөздерінен құралған деп қарастырады. Паралингвистика терминін қырқыншы жалдары американгдық зерттеуші, ғалым А.Хилл енгізген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте бұл терминге мынандай анықтама берілген:
1. Сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар.
2. Тілдік байланысқа қатынасатын тілдік емес құралдардың жиынтығы [2, 243 б].
Бейвербалды амалдар - өз мәні мен өзектілігін қазіргі таң да жоғатпаған мәселелердің бірі. XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап бұл сала аса үлкен қарқынмен зерттеледі. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды.
Терминді алғаш ұсынған ғалым А.Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу нысанын белгілеген, бейвербалды амалдар мәселесін алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеушілердің бірі - Дж.Трейгер. Зерттеуші бейвербалды амалдарды кинесика және паралингвистика деп екіге бөліп қарастырады. Паралингвистикалық амалдарға просодикалық яғни, дыбыстық ерекшеліктерді жатқызады [2, 108 б].
Қазақ тіл білімінде қарым-қатынастың бұл түрі тек соңғы жылдар жемісі болса да, бейвербалды ертеден кездесуге болады. Атап айтсақ, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбанов еңбегінде кездеседі. Ғалым ымның ерекшелігі туралы былай дейді. Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толығады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да ыммен ылаждап түсінуге болады. Қ.Жұбановтың ойынан бейвербалды амалдар ауызекі тілдің ажырамас бөлігі екенін, соңымен қатар қарым-қатынасқа көмекші компонент ретінде рөл атқаратынын аңғаруға болады [4, 57 б].
Сондай-ақ тілші М.Балақаевтың зерттеу еңбектерінде де бейвербалды амалдарға қатысты мәселелер сөз етіледі. Ғалым бейвербалды амалдарды сөйлесудің қосымша амал-әрекеті ретінде қарастырады. ...Сөйлеу әр уақытта сөйлеу жағдайында өтеді: дауыс ырғағы, екпін, қимыл, ым, нұсқау, қол көтеру, көз қысу, бас изеу, күле, ызалана... сөйлеу, бәрі ойды дәл жеткізе айтудың қағазға түсе бермейтін қосымша амал-әреекттері, - деп қорытындылайды.
М.Мұқановтың қазақ халхының салт-дәстүрі мен тұрмысында кездесетін ұлттық-мәдени сипатқа ие бейвербалды амалдарды алғаш психология ғылымымен байланыстыра талдайды. М.Мұқанов қазақ халқының тұрмысында кездесетін бейвербалды амалдардың 28 түрін жинақтай келе, бірнеше топқа жіктейді: сәлемдесу амалдары (көрісу, сәлем ету); алғыс айту амалдары (ас қайыру, сарқыт беру, бата беру); үлкендерді немесе сыйлы адамдарды қошеметтеу амалдары (бас беру, жездеге төс беру, ауыз тию, жолаушының түсуі, ақ байлау); тілек амалдары (бата беру); кемсіту немесе қорлау амалдары (теріс бата беру, келген кісіні табалдырықта қабылдау, келген адамға ішек-қарын беру); қайғы амалдары (жылау, кқрісіп жылау); салт-дәстүр амалдары (ерулік, із келсе шығарып салу); таңғалу амалдары (бетім-ай); өтініш амалдары (кіндік шешенің құттықтауы); өзгешелік амалдары [3, 88 б].
Ә.Қайдар қазақ ауқымында өзіндік мағына-мәні бар тізе бұту, қол шапалақтау жұдырық түю, сақал сипау т.б. амалдарды бейвербалдық әрекеттер деп қарастырады [3, 67 б].
С.Татубаев Жесты как компонент искусства еңбегінде қазақ халқының тұрмысында қолданылатын ишаралар мен опера, драма қнерінде кездесетін ишараларды салыстыра зерттейді. Автор: Күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын ишаралар мен драма және операда кездесетін ишаралардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Өйткені қарым-қатынаста және сахна өнерінде қолданылатын ишаралардың беретін мағынасы мен атқаратын қызметі бірдей [4, 99 б], - деп өз ойын қорытындылайды.
Невербальные компоненты коммуникации в казахском языке атты С.Бейсенованың ғылыми еңбегінде коммуникацияның бейвербалды компоненттерінің ұлттық-мәдени ерекшеліктері сараланды және олардың аудармасы, фразеологизмдермен сәйкестік дәрежесі анықталды. Ғалым еңбегінде қазақ тіліндегі қарым-қатынастың бейвербалды компоннттерінің классификациясы алғаш рет ұсынылды [5, 17 б].
Ғалым М.Ешимовтың Ым семантикасы универсалды және ұлттық табиғаты диссертациясы әр түрлі халықтар қарым-қатынасындағы бейвербалды амалдардың ұқсастықтары мен айырмашылығын, әлеуметтілігін анықтауға арналған.
Ал Г.Сәрсекенің зерттеу жұмысынан бейвербалды амалдарға қатысты пікірлерді көптеп кездестіруге болады [11, 29 б]. Ғылыми еңбекте Р.Сейсенбаев шығармаларындағы кейіпкерлердің бет өзгерісін, ым, дене қимылы және дене тұрысын сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері қарастырылған. Көркем шығармада кейіпкердің бет, дене қимылы және дене тұрысы тілдегі етістікті және есімді сөз тіркестері арқылы суреттеледі. Әсіресе, грамматикалық сипатына орай етістікті сөз тіркестері қолданылу жиілігі жоғары, [6, 78 б]- дей келе, бармағын тістеді, басын шайқады, қасын керді, ерні дірілдеді, аузын ашты т.б. сияқты мысалдар келтіреді.
Жалпы бейвербалды амалдарға байланысты зерттеулерді герман тілдерінен кездестіреміз. Мысалы, Н.Л.Грейдинаның Взаимодействие вербальных и невербальных средств в коммуникативном акте. В.Б.Беглованың Лексика поля (кинесика), А.В.Дементьевтің Семантико-функциональные аспекты кинематических речении в современном англейском языке. И.В.Серяковтың Лексико-семантические и коммуникативно-функциональные особенности языковых единиц, описывающих невербальное средство коммуникации голос в современном английском языке. О.А.Яноваяның Номинативно-коммуникативный аспект обозначения улыбки как компонента невербального поведения атты ғылыми еңбектері ағылшын тілі материалы бойынша жазылған болса, Р.Ф.Шлапаковтың Номинации кинесиңеских средств речевогообщения как лексико-графическая проблема тәрізді еңбектері неміс тілінің материалдары негізінде жазылған.
Бейвербалды амалдар - ауызекі сөйлеу тілінің ажырамас бөлігі боп табылады. Қарым-қатынас кезінде бейвербалды амалдар тілдік амалдармен қатар қолданылып, сөйлесім әрекетін жеңілдетеді. С.Аленикова: Біз ишарасыз, ымсыз, ишарасыз сөйлей аламыз ба? Күмәнданамыз. Өйткені, ымсыз, ишарасыз біздің қарым-қатынасымыз қиындай түседі. Ым-ишара сөйлесім әрекетіне қосымша мағына беріп, толықтырып отырады[6, 83 б], - деп тұжырымдайды.
Т.М.Николаеваның: Любая речь не сводится только к вербальному языку; без специфических невербальных средств (жеста, мимика) речь неестественна, мертвенна [5, 67 б], - деген ойынан бейвербалды амалдардың сөйлеудегі атқаратын қызметін аңғаруға болады.
В.М.Верещагин, В.Г.Костомаров бейвербалды амалдарды іштей екіге бөліп қарастырады:
1. Соматизм тілі. Бұл топқа ишара, дене қалыбы, мимика, бет-әлпет кескіні және әр түрлі адам жүзінде байқалатын психосоматикалық симптомдарды енгізеді.
2. Ғұрыптық тіл. Бұл топқа бір әлеуметтік топтың әдет-ғұрпымен, этикетімен, салт-дәстүрімен байланысты дене қимылдарын жатқызады.
Г.Колшанскийдің кез-келген еңбегін алып қарасақ та, бейвербалды амалдарға қатысты айтылған көптеген құнды ойлар мен тұжырымдарды кездестіруге болады. Ғалым бейвербалды амалдардың зерттелуіне шолу жасай келіп, Паралингвистика атты еңбегінде былай дейді: Паралингвистикалық амалдар тілдік қатынаспен қатар қолданылып, қосымша хабар беред. Бұл амалдарға әр түрлі дыбыс ерекшеліктері, сонымен қатар мимика, ишара, дене қимылдары жатады [6, 93 б].
Бейвербалды амалдар тек қана қазақ тіліне ғана тән қарым-қатынасыны ғана тән емес, барлық халықтың қарым-қатынасында бар құбыс.
Қарым-қатынастың тілдік амалдары сияқты бейвербалды амалдар да ұлттық нышандарға ие. Бейвербалды амалдар әр халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрсеткіші болып табылады. Ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдардың мағыналық астарында халық өмірінің бүкіл қыр-сыры жан-жақты сақталған.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің бірі - әдет-ғұрпы, ырымы, салт-дәстүрі. Қай халықтың болмасын өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа ғана тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрі арқылы халықтың тұрмсы-салты, мінез-құлық ерекшеліктері мен дүниетанымының сыр-сипаты көрінеді. Бейвербалды амалдары сол халықтың мәдениетімен тығыз байланысты. Бейвербалды амалдар әр этностың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін анықтауда маңызды рөл атқарады.
Жалпы коммуникативтік актіде қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпына қатысты бейвербалды амалдар өзіндік көркемдік таныммен ерекшеленеді. Мысалы, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салтының бірі - біз шаншу. Бұл - құда болайық деген өтініш, елшілік хабарды аңғартатын бейвербалды амалдардың бірі. Қазақ халқы жолаушылап жүрген адамдарды жылы қарсы алып, сый-сыяпатын көрсетіп, аттандырып салатын. Біз шаншуға келгендер ешкіммен сөйлеспейді. Қандай шаруамен жүргенін де айтпайды. Қонақасын ішкеннен кейін үн-түнсіз аттанып кетеді. Қонақтар кеткен соң, үй иелері сырмаққа қадалған бізді көрсе: Ұл ер жетті, қыз бой жетті - қасқұлақ бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, құда болайық [7, 67 б], - деген ұсынысты сөзсіз түсінген.
Сырға салу - бейвербалдық сипатқа ие қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі. Сырға салу амалы ерте кезден келе жатқан дәстүр екені анық. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша, әдетте үйінде оң босағада отырған қызы болса, керегедегі түскиізге сырға іліп қоятын. Осы дістүр туралы қазақ зергерлік Р. Шойбеков былай дейді: Ертеде қыздың басы бос, атастырылмаған болса, керегеге, кілемге, тіпті бақанға сырға іліп қою салты болған. Үйге келген қонақ, яки жолаушы үй ішін көзімен шолып, ілулі тұрған сырғаны көрсе, бұл үйдің бой жетіп келе жатқан не бой жетіп отырған қызы бар екен, ата-анасы әлі ешкіммен құда болмапты, қыздың басы бос екен деген ой түйген. Мұның аяғы кейде құдалыққа ұласып жататын.
Сол сияқты құда түсудің тағы бір амалы - қамшы іліп кету. Қызды көруге келген жігіттің әкесіне шешесі Қызымның ұнағаны рас болса, белгі тастап кет деген. Жігіт әкесі құдалықтың басы осы болсын деп үйдің төріне қамшысын іліп кеткен [7, 89 б].
Әдет-ғұрыптық сипатқа ие бейвербалды амалдардың бірі - қамшы тастау. Бұл ұлттық салт-дәстүр, әдет заңының жолы бойынша шешендер мен билердің, талапкерлердің дау-шар кезінде сөз сұраған белгісі болып саналады. Дау-жанжал, ақылдасу сәттерінде ер адам бір тізерлей отырып, қамшысын бүктеп, жерге қадаса, бұл бітімге келушілік белгісін аңғартқан. Қамшы - өте ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан құрал. Санымен қатар, ертеректе үйге қамшыны бүктеп алып кіру әдептілікті байқатады деп есептеген.
Осы кезге дейін ата-бабаларымыздың жалғасып келе жатқан дәстүріміздің бірі - шашу. Қуанышты сәттің бәрінің шашумен басталуы - арты той-томалаққа ұласып, игілікті істерге босағадан аттаған сәтте, күйеу қайын жұртын келіп түскенде, қыздың жасауы келгенде, отау көтергенде, бәріне шашу арнайды. Гендерлік ерекшелікке байланысты шашуды әйел адамдар шашады [7, 94 б].
Сондай-ақ, қазақ халқында ант ету, ант беру дістүрінде: құранды кеудеге басу, нан ұстау, нан жеу, тілінен қан шығару сияқты қимылдары да кездесіп отырады. Психолог М.Мұқанов: сарқыт беру, аң байлау, ауыз тию, ерулік, келген адамға ішек қарын беру, жездеге төс беру, жолаушының түсуі, ақ байлау сияқты дәстүрлерді де ұлттық-мәдени негіздегі бейвербалды амалдар қатарына жатқызады. Ұлт болмысын танып білуде бейвербалды амалдардың қосар үлесі зор. Көптеген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарда ата-бабаларымыз тіл қатпай-ақ түрлі іс-әрекеттер, дене қимылдарымен демек, бейвербалды амалдармен көп нәрсенің мән-жайын жеткізе білуге тырысқан. Қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктері бейвербалды амалдармен толығып отырады [7, 65 б].
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде қандай да бір жағдайға, оқиғаларға байланысты қимыл-әрекеттер қолданылып отырады. Солардың бірі - шөміш қағу. Бұл ырым бойынша көкек айының бас кезінде күн күркіреп, найзағай жарқыраған шақта әйелдер сыртқа шөміш алып шығып, үй айнала шөміш қағады. Бұндай бейвербалды амалдың беретін мағынасы - сүт көп, ақ мол, төл аман болсын деп жаратқанға жасалған ақ тілеу болып табылады.
Халқымыздың ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрінің бірі - бата беру. Бата негізінен екіге бөлінеді. Бірі - оң бата, екіншісі - теріс бата. Әдетте, оң бата жолың болсын, ісің сәтті болсын деген жақсы тілекті білдіреді. Оң бата берерде адам екі алақанын алға қарай жайып тұрып, ақ тілегін, адал ниетін айтып, қос қолымен бетін сипайды. Қаламгер шығармаларында бата беру дәстүрі молынан ұшырасады. Қазақ дәстүрінде жайылған дастархан батасыз өтпеген. Мұның өзі бір жағынан, үй иесіне ілтипапат көрсету болса, екінші жағынан, нанды қадірлеу, ас-суды құрметтеу нышанын білдіреді.
Батаның екінші түрі - теріс бата. Бұл бата берілген халық тарапынан риза еместіктің белгісін көрсетеді. Мұндай кезде қатты ренжіген адам, екі қолын теріс қаратып тұрып, ауыр-ауыр сөздер айтылады. Халық танымында теріс бата алған адамның жолы болмайды деген ұғым қарғысқа ұшыраудан лағнет айтудан туған. Екі қолын теріс қаратып бата беру қазақ халқында ер адамдар қолданысында кездеседі [8, 58 б].
Қонақты күле қарсы алу, аттан түсіру, төрге отырғызып, шынтағына жастық төсеу, сусынды қос қолдап ұсыну, кетер қолтығынан демеп аттандыру барлығы сый-құрмет бейвербалды амалдары болып табылады.
Қазақ халқы ертеден-ақ адам арқауы - асты ерекше қастерлеген. Қазақ үйінде қонақасылық еті бола тұрса да, құрметті қонағына арнап мал сойған. Қазақ салтында қойдың басын көбіне, қадірлі қонаққа, беделді ақсақалдарға тартады. Қазақ дәстүрінде Бастың жолын ашу қонаққа - ұзынынан түскені сіздің жол, көлденеңінен түскені біздің жол деген мағынаны білдіреді. Бас тартылған қонақ оның тұмсығын өзіне ұстап, алдымен Меккенің қасиетті топырағын иіскеген деп тұмсығының ұшынан бармақтай етіп кесіп салып, тұмсығы тартылатын адамға қаратылып қойылады. Бұдан кейін бастың оң жақ езуінен бастап кесіп, бірінші өзі жеп, содан кейін басқа қонақтарға бір-бір кесек ауыз тигізген соң, құлағын кесіп алып сол үйдің кенже ұлына немесе балаларының біріне береді. Одан әрі бір көзін өзі алып жесе, екінші көзін үй иесіне ұсынған. Оның мағынасы әрқашанда бір-бірімізді көріп жүрейік, көзінің нұры солмасын дегенді меңзейді. Енді қойдың таңдайын алып, үйдегі қыз бала мен келіннің алақанына үш рет ұрып береді. Мұның мағынасы сөздің құдіретін білетін шешен бол, елдің қамын ойлар, елдің сөзін айтар ділмар бол! деп бас бермейді. Қонаққа қойдың басын тісін қақпай ұсыну қазақ этномәдени ұжымының өзінде екі түрлі қабылданады. Қойдың басын тісімен ұсыну тұтастық пен берекенің белгісі болып табылса, енді бірде оған қарама-қарсы мағынадағы үй иесінің қонаққа деген көңілінде назы, өкпесі бар екенінің белгісі ретінде түсіндіріледі.
Адамдар бір-біріне деген ілтипатын, адал сезімін, бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін сәлемдесу арқылы білдірген. Әдетте, амандық-есендік сұрасудан бұрын пайда болған амандасу әдептерінің бірі - қолымен ишарат ету, белгі беру. Қол алысып амандасу - ерте заманнан келе жатқан дәстүр.
Қол алысу - жазушы шығармаларындағы сәлемдесу рәсімінде кеңінен қолданылған бейвербалды амалдардың бірі. Сөз етеліп отырған амандасу рәсімдері көбінесе, жазушы шығармаларында түрліше баяндала келіп, ұлттың, халықтың дістүріне, мәдениетіне ұласып жатады. Қазақ халқында қолдасып амандасу - бар ықыласыммен сәлемімді қабыл алыңыз дегенді аңғартады.
Әдетте ер адамның кездескенде, амандық салты Ассалаумағалейкум деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек Сізге Алланың нұры жаусын деген сөз. Жас адам жолы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады, сәлем беруші адам оған жауап, яғни сәлемді қабылдау ретінде Уағалейкумассалам деп оң қолын ұсынады.
Мұндай қос қолдап амандасу - қазақ халқында тек ер адамдар қарым-қатынасында басым кездеседі. Мұны жазушы О.Бөкейдің шығармаларынан мысал келтіру арқылы дәлелдей түсейік.
Жазушының шығармаларында сәлем беруші қабылдаушыға деген сый-құрметін, ілтипатын қос қолдап амандасу арқылы білдіреді. Амандасудың бұл түрі халқымыздың ұлттық-мәдени ерекшеліктерін аңғартатын бейвербалды амалдардың бірі ретінде қаламгер шығармаларында жиі кездеседі.
Тентек ұлды әкесі үйге қуып шықты да, баласы үшін кешірім өтінгендей, қос қолын ұсынып қауқалақтай амандасты (Атау-кере).
Коммуникативтік актіде қол соматизміне байланысты жиі қолданатын келесі бір дене қимылы - қол бұлғау. Сәлемдесудің бұл түрі жазушы шығармаларында көбінесе, коммуниканттардың арасындағы қашықтыққа байланысты қолданылады.
Кабина терезесінен әуелі басын қылтитқан ұшқыш ыржия күліп, қолын бұлғады (Атау-кере).
Осы сеңдей соғылысқан вагонның біріне жабысқан Дархан қолына қолақшасын ұстап күле қарап тұрған стрелочник жігіттің жанынан өте бере қол бұлғады (Өз отыңды өшірме).
Негізінен, жасы үлкен болсын, кіші болсын көп адам жиналған жерге келгенде кісі ең алдымен көпшілікке сәлем береді. Мұндай жағдайда сәлемдесудің вербалды түрімен қатар бас изеу кинемасы да коммуникативтік қызмет атқарады.
Колхоз басқармасының бастығы көпшілікпен бас изесіп амандасқан болды да, анадай тұста отырған Әкімді төрге шақырады (Мынау аппақ дүние).
Сәлемдесу рәсімінде қолданылатын бейвербалды амалдың бірі - иек қағу. Сәлемдесудің мұндай түрі жазушы шығармаларында өте сирек кездестіреміз.
...Тура алдына келіп: Бураш хәл қалай? деп, дауыстағаныңща байқамас еді, Ыржия күліп бетіңе қарайтын да аман-аман деп иегін қағып өте шығар еді (Бәрі де майдан).
Сәлем - арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Сәлемдесу - тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір - біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Сәлем - сөздің басы делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір -- біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда тыныш - бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір -бірімен тату - тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу салған [25 б].
Көбінесе, балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті - қолдарын жуып келіп, ата - анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек. Адамның әр күнгі іс - қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек. Қазіргі таңда сәлемдесудің түрлері өте көп, бірақ балаға соның ішіндегі ең керекті түрлерін үйреткен жөн. Мәселен, басқа сәлемдесу түрлеріне қарағанда балаларға Сәлеметсіз бе? және Ассалаумағалейкум деп амандасу қолайлы сияқты. Ассалаумағалейкум деген араб сөзінің мағынасы Сізге тыныштық тілейміндегенді білдіреді. Алайда, балаға құр ғана ассалаумағалейкумды айтып, бір міндеттен құтылғандай болатын тоң - торыс сәлемнің ізеттілік емес екенін, қайта кісі көңіліне қаяу түсіретін қылық болып табылатынын айтқан жөн. Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты - жылы шырай. Онда сәлем беруші мен алушының қас - қабақ, бет - жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Міне, осылардың бәрін балаға үйрету өте маңызды. Дұрыс амандаса білудің өзі дұрыс сөйлеуге, сөз әдебін қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Осындай тәлім - тәрбие арқылы бүлдіршіндер дұрыс сөйлеуге үйренбек.
Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы -- қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз -- оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны бар. Қоштасудың да түрлері өте көп. Мәселен, Сау болыңыз, Хош, Көріскенше күн жақсы, Хош болыңыз т.б. Бұларды балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік әліппесі болып табылады. Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар. Бала кетер алдында қоштасып, әдеп сақтауға тиіс [9, 84 б].
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралуына қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық деректер берері сөзсіз.Кейбір сөздер диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған емес. Мысалы, қазақ сөз этикетінде жиі қолданылатын Сау болыңыз әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс говорларында, Түрікменстан қазақтарының тілінде (Ә.Нұрмағамбетовтың деректері бойынша) Рахмет деген мағынаны білдіреді. Әрине, мұндай тілдегі ауытқушылықтарды бала кішкентай кезінен біліп өскені жөн.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек қоштасу сөздерін ғана емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен жөн.Олар, атап айтқанда, Уақыт болып қалыпты -- ау, Амал жоқ қайтар уақыт таяды, Уақытыңызды алмайын, Осымен болайық қыстырма сөздері.Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан -- негізгі актіден және дайындық актіден тұрады.Міне, осындай қарым -- қатынастарды балаға үйрету арқылы сөз әдебін қалыптастыруға болады [8, 52 б].
Бастық пен оның қарамағындағы адамның қарым-қатынасы:
* Қай басшының болмасын жұмыс стилі туралы оның қолданатын тәсілдері мен әдістерінің жиынтығына, іске деген ыңғайына, адамдарға, әсіресе, қарамағындағы қызметкерлерге деген қарым-қатынасы бойынша бағалайды.
* Әрқашан да қарамағындағы қызметкерлер үшін бастықтың оң үлгі-өнегесі қажет. Егер бастық беделді және сыйлы болса, оған ұқсауға, оның жұмыс әдістерін, мінез-құлық әдеттерін, сөйлеу ырғағын өзіне қабылдауға тырысады.
* Қарамағындағы қызметкер бастықтың тарапынан ілтипат пен сыйластықты сезінуі қажет. Егер қарамағындағы қызметкердің пікірі қате болса, оны дәлелді және әдептілікпен айту қажет.
* Қарамағындағы қызметкерге жолдастарының, әсіресе, бөгде адамдардың алдында ұрсуға болмайды. Жасалған теріс қылыққа байланысты қарамағындағы қызметкерге кез-келген ескерту оның ар-намысына тигізбей жеткізілуі керек.
* Басшы қарамағындағы қызметкерлерімен қарым-қатынаста өзін бірқалыпты ұстауы қажет, кез-келген жағдайда сабырлылығын жоймауы тиіс. Объективті және әділ болуы керек, біржақтылыққа жол бермеуі және өзін сыпайы және әдепті ұстауы қажет.
Телефонмен қалай сыпайы сөйлесу ережелері:
* Алдымен сыпайы болу тиіс, және мүмкіндігінше қысқаша әрі нақтылықты сақтау керек. Телефон бойынша тек келісіп алып, ал кездескенде сөйлесуге болады.
* Қоңырауды естігенде, тұтқаны алуға асық, ал "алло"дегеннен кейін, сәлемдесуге жауап беру керек;
* Егер сені телефонға үйдегі біреуді шақыруды сұраса, сенің - "бұл кім?", "ол саған неге керек?" - деген құмарлығын дөрекі болады. Хабарласып тұрған, қажет болғанның бәрін, өзі айтады. Ал сұрап тұрғаны, үйде болмаған жағдайда, бірдене табыс ету керек па деп, көңіл бөлгенін, ол сен жақтан орынды және ізгілікті болады.
* Егер сенің қолың бос болмаса, онда кешірім сұрап, қайта хабарласатыныңды айу керек;
* Телефон нөмірін жаттап алу бойынша, егер оны дұрыс жаттап алғанына сенімді болмасан, теріп алма. Ал егер қателескен болсан, ешбір жағдайда, сұрастырма, қайда түскенінді және бұл қай телефон нөмірі деп. "Ғафу етем, мен қателесіппін", деп айтып тұтқаны қойған абзал;
* Әнгіме бастағанда, сәлем бер сосын өзінді таныстыр;
* Егер сен сұрасан, өз қоңырауымен сен оны жұмыстан алаңдатқан жоқсын ба және қазір сенімен сөйлесе алады ма деп, онда сен дұрыс істедің.
* Телефон әнгімесі - ол белгілі бір дәрежеде күтпеген визит. Сенің қоңырауын біреу үшін бірінші немесе соңғы болуы мүмкін. Сондықтан тәрбиелі адамдар ешқашан телефон әнгімелерімен қиянат етпейді, тек қажеттілік бойынша хабарласады.

1.1 Қазақ және басқа тілдердегі сыпайылық категориялар

Сөйлеу әдебі сөйлеу әрекетіндегі сөйлеу ережелері мен әдеп нормаларынан тұратынын Н.Уәлиев өз еңбегінде толықтай айта кеткен [9, 67 б]. Сөйлеу әдебі сыпайылықты білдіретін қосымшалардан немесе тіркестен тұруы мүмкін. Әдетте сыпайылықты білдіретін тілдік формулалар стандартталып келіп, көбінесе қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш айту, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау т.б тілдік конструкцияларда жиі кездеседі. Сөйлеу әдебі кезінде қолданылатын бұл формулалар айтушы мен тыңдаушының жасы, жынысы, қоғамдағы орны, қызметіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады.
Сыпайы сөйлеудегі әр түрлі сөз орамдарын, әдептілікті көрсететін тұрақты сөз тіркестерін барлық тілдерде кездестіруге болады, алайда жапон тіліндегі этикет формалары лексикалық құрамының көптігімен қоса, грамматикалық қатар түзуімен ерекшеленеді. Жапон тілінде күрделі этикет фор - мулаларын қатесіз қолдану үшін бірнеше жыл, көп тәжірибе керек. Шетелдік азаматтар қате қолданып жатса жапондықтар оларға кешіріммен қарауы мүмкін, алайда өз араларында әдептілік кодексін сақтамаған адамға өте қатал. Жапон тілінде, әдетте, сыпайылылықтың екі грамматикалық категориясын бөледі. Бірі сөйлеушінің сұхбаттасушыға, екіншісі әңгіме болып отырған тұлғаларға қарым-қатынасын білдіреді. (семантикалық субъект жәненемесе іс-әрекет объектісі). В.М.Алпатов оларды тиісінше адрессивті және гоноративті категориялар ретінде айқындайды [12, 35 б]. Гоноратив категориясында формалардың үш тобын бөлуге болады: гоноративті (сыйластық), депрециативті (биязы) және бейтарап. Гоноративті формалар сыйластық қарым-қатынастың мелиоративтік типіне жатқызылады, онда коммуникативті мән берілген лексема сыйластық қарым-қатынастың объектісін асқақтатады. Депрециативті формалар сыйластық қарым-қатынастың пейоративті типін - сөйлеушінің өзін-өзі төмендетуін білдіреді. Бейтарап формалар гоноративті емес те, депрециативті емес те болып табылады - олар сөйлеушінің семантикалық субъектігесөйлеу объектісіне сыйластық қарым-қатынасы туралы ешқандай ақпаратты бермейді. Гоноративті және депрециативті формалар бір уақытта қатар келмейтіні байқалады.
Жапон тілінде адрессивті және гоноративті формалардың жоғары-тең-төмен және өзім-өзге деген мәнін сипаттайтын дифференциалды белгілерін бөледі. Олар сөйлеушінің сұхбаттасушыға (адрессив) немесе әңгіме болып отырған тұлғаға (гоноратив) қарым-қатынасын айқындайды. Әлеуметтік-тұлғалық қарым-қатынастар мәнге ие болады, бұл ретте аталған тұлғаны өзім немесе өзге ретінде бағалауға әңгімелесу жағдаятына басқа да тұлғалардың қатысуы едәуір ықпал етуі мүмкін.
Адрессивті формалар жоғары бөтен немесе тең бөтен ретінде қарастырылатын тұлғалармен әңгімеде міндетті түрде қолданылады. Адрессивті емес формалар, әдетте, сұхбаттасушыларға қатысты тең өзіміз немесе төмен өзіміз ретінде пайдаланылады. Адрессивті де, адрессивті емес те формалар сөйлеушіге қатысты төмен бөтен немесе жоғары өзіміз болып табылатын тұлғалармен әңгімелесуде кездеседі. Сыпайылық деңгейін таңдауды айқындайтын белгілер кейде өзара қарама- қайшылыққа ұшырайды да, жопандық, осылайша, сөйлеу тілінде үнемі олардың басымдығы туралы мәселені шешеді. Жапон ауызекі тілінде сөйлеуші бір ғана сұхбаттасушыға қатысты адрессивті және адрессивті емес мәндегі сөз формаларын қолданған кезде, сөйлеуде адрессивті және адрессивті емес формалар қолданылуының тұрақсыздығы адрессив категориясы формаларының ерекшелігі болып табылады. Гоноративті (сыпайылық) формалары сыйлы тұлғалардың (сөйлеушінің көзқарасы бойынша) іс-әрекеттерінің сипаттамасын беру үшін пайдаланылады. Демек, гоноративті формалар екінші немесе үшінші тұлға - іс-әрекеттің немесе жай-күйдің семантикалық субъектісі болмайтын сөйлемдерде қолданылмайды. Егер үшінші тұлға субъекті болып табылса, гоноративті және бейтарап формалар арасында таңдау болғанда, сөйлеушінің аталған субъектіге қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, соңғы мен сұхбаттасушы арасындағы қарым-қатынастар да ықпал етеді. Гоноративті формалар тең өзіміз ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде пайдаланылмайды (осылайша, аталған формаларды өзі туралы (тең өзіміз) сөйлеуде қолдану мүмкін емес). Гоноратив категориясы жоғары өзіміз ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде де, тіпті сұхбаттасушы іс-әрекет субъектісі болып табылғанда да үнемі көріне бермейді. Бөтен субъектінің іс-әрекеттерін сипаттау кезінде гоноративті формалар жоғары және тең белгілерге, бейтарап - төмен белгіге сәйкес келеді.
Жоғарыда атап өтілгендей, жапон тілінде сыпайы сөз формаларын пайдалана отырып әңгімелесу үшін, басты қиындық аталған жағдаят үшін сыпайылық деңгейін таңдау болып табылады. Сөйлеуші жапон қоғамындағы этикеттік қарым-қатынастардың ерекшеліктері туралы білуі тиіс. Көптеген зерттеушілер сыпайылық формаларын таңдау кезінде міндетті түрде ескерілетін факторлардың түпкілікті жинағын көрсетуге тырысады. Алайда, жалпы ережелермен қатар, жеке-субъективті фактор үлкен рөл атқарады және сыпайы сөз формаларын өзекті таңдау мәселелері бойынша, әдетте, ақпарат берушілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Жұмыс беруші мен қызметші, сатушы мен сатып алушы, мұғалім мен студент, бастық пен қызметкер және т.б. арасындағы қарым-қатынастарда, әдетте, кімнің дәрежесі жоғары, сол өзі сөйлеген кезде бейтарап не сыпайы форманы пайдаланады; сұхбаттасушы тек қана сыпайы орамдарды пайдалануы тиіс. Сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу жапондықтармен ішкі түйсігінде әлеуметтік драмалық іс-әрекет ретінде түсініледі, онда біріншісі мырзаның, екіншісі қызметшінің рөлін атқарады, бұл сатып алушы сатушы тарапынан сыпайылыққа толы қарата айтылған сөзге мүлде назар аудармаған жағдаятта вербалды мәнге ие болады. Бір-бірімен таныс емес адамдардың әңгімелесуінде көп жағдайда сыпайы сөйлеу пайдаланылады. Сыпайы орнықты сөйлеу танысу кезінде, сондай-ақ жапон қоғамында әлеуметтік жағдайы жоғары бағаланатын адамдарға қатысты қарым-қатыныста қолданылады.
Келесі жапон тіліндегі сыпайылық категорияларының жасалу жолдарына тоқталсақ:
Гоноратив (Ұлықтау) категориясының жасалу жолдары:
Кейбір етістіктер гоноратив категориясында түбірімен өзгереді. Мысалы, suru(әрекет ету, істеу) nasaru, hanasu(сөйлесу) oshyaru деп өзгерсе, кейбір етістіктерге бір ғана формада қолданылады. Мысалы, iku(бару), kuru(келу), iru(бар болу) тек бір сөбен irashyaru болып, ал taberu(ас ішу), nomu(су ішу) meshiagaru болып өзгереді [13, 207 б].
Алайда барлық етістіктер гоноратив формасында түбірімен өзгере бермейді. Басқа етістіктер негізгі етістікке о префиксі және нару қосымшасының жалғануы немесе етістікке рареру қосымшасының жалғануы арқылы жасалады.
Тұрақты грамматикалық конструкциялар te+ itadaku жиі кездесетін конструкция, yoku setsumeishite+ itadakimashita бізге барлығын жақсылап түсіндіріп берді [13, 106 б].
Арнайы префикстер мен жұрнақтардың зат есімге жалғануы арқылы гоноратив жасалады. Мысалы, seenseino otaku мұғалімнің үйі - сыпайылықты білдіретін префикс, kiten сіздің дүкеніңіз, сонымен қатар адам есіміне қосылатын san' sama жұрнақтары арқылы жасалады.
Зат есімдерде ерекше сыпайылықты білдіретін сөздермен ауысады. Мысалы, жапон тіліндегі hito-адам бейтарап формадағы сөз гоноратив формасында kata деп өзгереді.
Депрециативтік форманың жасалу жолдары:
Кішіпейілділік таныту мақсатында өзін-өзі төмендету формасы kenjougo депрециативтік деп ата - лады. Сыпайы сөйлеуде қолданылатын сөздер мен тұрақты грамматикалық конструкциялардың жа - салуы
Етістіктің түбірімен өзгеруі.
Негізгі етістікке о префиксі мен itsasu немесе suru көмекші сөзінің жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, oshirase itashimasu хабарын беремін, ... жайында хабарлаймын деп аударамыз.
To ki қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, kisya [13, 201-205 бб].
Зат есімнің басқа зат есіммен ауысуы арқылы жүзеге асады. Мысалы, hito- mono. teineigo бейтарап форманың жасалуы:
Сөздік формадағы етістіктің ru әрпі өзгеріп, орнына desu, masu көмекші сөзінің жалғануы арқылы және о префиксі арқылы жасалады.
Тағы бір жапон тіліндегі сыпайылық формасының қосымша тармағы - сөзді әсерлеу категориясы. Жапонша bikago немесе танка жинақтарында gago деген атқа ие. Сөйлемде әдемі дыбысталумен қатар, сыпайылықтың бір түрі ретінде саналады.
Зат есімге о префиксінің жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, cha (шай), senbei (күріштің ұнтағы) сияқты зат есімдердің алдына о префиксі қойылып ocha, senbei деп айтылады.
Ochani osenbei yokuaimasune
Otakusamakaraitadaita okashiha oishyuu gozimashita
Егер зат есімдегі сөз жапондық кун оқылуымен жазылса, онда сөздің алдына о префиксін жалғау арқылы гоноратив формасын жасай аламыз. Мысалы, okane ал егер сөз он қытай оқылуымен берілсе, го префиксі қойылады. Мысалы, gohan.
Мәдениаралық коммуникация шеңберінде зерттеудің бірнеше бағыттары айқындалды. Оның бірі белгілі бір топ аумағы мен тыс жерде қолданылатын әртүрлі коммуникативтік стильдерді зерттеумен байланысты. Екінші бағыт өкілдері әртүрлі мәдениеттердегі дискурстық мінез-құлық ерекшеліктерін қарастырады. Кросс-мәдени прагматика шеңберінде жұмыс істейтін зерттеушілер ішінде ағылшын зерттеушілері П.Браун, С.Левинсон еңбектерінде сыпайылық қағидасына көп көңіл бөлінген. Олар сыпайылықтың екі негізгі типін бөліп қарайды: оң және теріс сыпайылық. Оң сыпайылық байланысқа түскен серіктеспен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас. Теріс сыпайылықта сөйлеуші мен тыңдаушы арасында дистанция ұсталады. Бұл жіктеудің негізінде қарым-қатынас кезінде қауіп төнетін әрбір адамның әлеуметтік бет-бейнені сақтау страгегиясы туралы ой бары анық. Бұл стратегия қазіргі жапон тіл білімінде FTA (face threating act) деген терминмен белгілі. Де - мек, сыпайы мінез-құлық дегеніміз - тиімді байланыс нәтижелеріне жетуге бағытталған стратегия - лар жиынтығы, алайда әңгімелесуші тұлғасына әрбір байланыс жағдаятында қауіп төне бермейді. Теріс сыпайылық иерахиялық қоғамда орын алады. Онда жасы немесе қызметтік дәрежесіне қарай этикеттік бірліктер мен сыпайылықты дұрыс қолдануына қатты мән беріледі. Дәрежесі жоғарының өзінен төмен тұрғанға қатысты немесе бағыныштыларына ешқандай сыпайы форманы қолданбайды. Сонымен қатар, қоғамда жынысына қарай да тілдік бірліктердің қолданысы өзгеруі мүмкін. Мысалы, жапон тілінде кездесетін тек әйел адам қолданатын бірліктер немесе әйел адамның ер адамға қатысты қолданатын есімдіктер осының айғағы [14, 188 б].
Жапон халқының сөйлеу әдебіндегі ерекшеліктерге келсек, жапондықтардың қарым-қатынас кезінде бірнеше сөйлеу стратегиялары байқалады. Жапон тілінің маманы зерттеуші Такемацу Кукико жапондықтардың қарым-қатынас кезіндегі келесі стратегияларды атап көрсетеді.
* Сөзді жанама жеткізу. Жапон тұлғааралық байланысында әртүрлі жағдайларда байқалатын жанама қарым-қатынас стилі қолданылады. Мысалы, kirai- жек көру орнына amari suki janai қатты жақсы көрмейді, heta қолынан түк келмейді орнына amari jo:zu janai қатты іскер емес, warui жаман адам орнына amari yokunai жақсы адам емес және т.б. Бұл стратегия әдетте ақпарат іздеуде, ойларды білдіруде, өтініш білдіру, шақыру т.б. жиі кездеседі.
Жапондықтар өтініш білдіруде тік сөйлеуден қашады, ~te (kudasai) Өтініш, мынаны істей салыңызшы. Кең қолданыстағы формалары (ең төменгіден жоғарғы сыпайылық деңгейіне дейін) tekurenai Істейсің бе?, temoraenai Істей салмайсын ба? temoraemasenka Істей аласыз ба? tekudasaimasenka Сіз істей аламаспа екенсіз? teitadakemasenka Сіз істеуге мүмкіндігіңіз бар ма? деп келеді.
* Сөйлеу кезінде кедергілер құру құрып сөйлеу стратегиясы. Кедергілер ойдың тура бол - мауына тосқауыл жасап, жұмсарту құралы болады. Аталмыш стратегия алғашқы стратегиямен тікелей байланысты, өйткені бұл стратегия кезінде де сұрақ қою жиі кездеседі. Сұрақ қою тікелей ойды жанамаға ауыстырады. Сұраулы сөйлемдер жиі қозғаушы сөйлеу актілерінде кездеседі. Жапон тілінде келесідей жұмсарту құралдары бар: мәселен, сандық кедергі, Kono kopi: aruteido shichatte moraemasuka? тура аударғанда Көшірмелерді қаншалықты мүмкін бітіре аласыз? немесе U-n, chotto muzukashi: desunee. Тура аудармасы. Иа, біраз қиындау болады... және т.б. Келесі - кедергі сапалық. Мәселен Moshikashite honto:no koto o itta ho:ga iikana, to omoundesuga. Менің ойымша, мүмкін, Сізге шындықты айтқан дұрыс болар. Қарым-қатынас кедергісі, мәселен, Bachigaina koto kamoshiremasenga...[~] nokoto wa kangaete imasuka? Бәлкім, бұл жерде айтылатын сөз емес, алайда Сіз оны ойламадыңыз [~]? [14, 233-237 б].
* Құрмет пен ізет көрсету. Сыпайы сөйлеңіз.
* Өтініш кезінде адресаттың өтінішті орындайды деген түйін жасаудан әрі оны сөз арасында білдіруден аулақ болыңыз (істің орындалуына күдікпен қарау). Яғни, істің жүзеге асырылу мүмкіндігіне күдіктеніңіз, бұл оған әсер ету деңгейін азайтады. Мысалы, Dekinakattara kamawanaindesuga, [~]shite itadakemasenka? тура ауд. Қолдан келмей жатса ештеңе етпейді, сонда да Сіз істей алар мекенсіз [~]? [14, 233-237 б].
Сөйлеуші мен тыңдаушыны жалқылықтан босату. Бұл стратегияның мақсаты мен, сен (сіз) есімдіктерін қолданбай, жанама жеткізу.
Кешірім сұрау. Браун және Левинсон жапон халқы қарым-қатынас кезінде әдетте теріс сыпайылық стратегиясын ұстанады делінеді. Адамдардың жанжал немесе қажетсіз қақтығыстың туындауынан қашып, өзін-өзі шектеп ұстауынан туындайды. Теріс сыпайылық иерархиясы жоғары қалыптасқан, адамдар арасындағы алшақ дистанцияны ұстауды қалайтын қоғамда көрінеді (Баун және Левинсон). Сөйлеуші өз іс-әрекетінің тәуелсіз адресатқа қауіп төндіру арқылы соған баруға себеп болады деп ойласа, көп жағдайда кешірім сұрайды. Мысалы, Ojama shite mo:shi wakenaindesuga... дәл ауд. Сізге келтірген қолайсыздыққа айтар сылтауым жоқ, бірақ ...
* Көрсеткен қызметі үшін алғыс білдіруді. Moshi [~]shite itadaketara issho: on ni kimasu. Егер сіз маған жасай алсаңыз [~], өмірі сізге рахметімді айтамын
* Әдетте жапон қоғамында сыйлық беру кезінде қолданылатын стандартталған этикет формуласы. Honto:ni tsumaranai mono nandesuga, yoroshikattara ohitotsu ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Бейвербалды амалдардың түрлері
Тілдегі гендерлік ерекшеліктер мәселесі соңғы жылдары ғана
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдардың зерттелу жайы
О.Бөкеев шығармаларындағы бейварбалды амалдар
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Лингвистикадағы бейвербалды амалдар
О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар
Бейвербалды амалдардың теориялық негізі
Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы
Пәндер