Құрылыс материялдарын сынау лаборатория жағдайында өнім сапасын талдау


Дипломдық жұмыс
Тақырыбы «Құрылыс материялдарын сынау лаборатория жағдайында өнім сапасын талдау»
АҢДАТПА
Осы дипломдық жұмыста «ҚазҚұрылысШыны» кәсіпорнының сапаны қамтамасыз ету барысында орындалатын бар процедуралар мен операциялар, іске қосылған жүйесінің жағдайы, сапа басқару құралдары талқыланған.
Кәсіпорынның өнім өндіру саласы - шыны өндірісі. Бұл өндіріс саласы жаңа дамып келе жатқандықтан, кәсіпорынның бес жылда қол жеткізген жетістіктерін ескерумен, соған қоса Республикамызда энергия үнемдеу саясатының қарқынды түрде дамып келе жатқандығын ескеріп, дипломдық тақырыпқа аталған кәсіпорын таңдалды.
Өнім және процесс сапасын жақсарту мақсатында бұл дипломдық жұмыста жаңа статистикалық бағдарлама ұсынылған. Бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері аталған.
Сонымен қатар, өндіріс саласының жаңа дамып келе жатқандығын ескеріп, мүмкіндіктерін және болжамдарын келтіріп, жаңа сынау зертханасын аккредиттеу ұсынылған.
Соған қоса басқа бөлімдерде өндірістің техникалы-экономикалық негізделуі, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жағдайы ашып бағаланған.
АННОТАЦИЯ
В этой дипломной работе рассмотрены имеющиеся операции и процедуры предприятия «КазСтройСтекло», направленные на обеспечение качества, состояние внедренной системы и разглашены средства управления качеством.
Отраслью производства продукции предприятия является стекольное производство. С учетом темпов развития данной отрасли производства, больших достижении организации за пять лет, и состояния политики энергосбережения в нашей Республике к дипломной работе выбрана именно вышеуказанное предприятие для исследования состояния обеспечения качества.
В целях улучшения качества продукции и процесса в данной дипломной работе предлагается применение статистической программы. Раскрыты преимущества и недостатки программы.
Предложено к тому же аккредитация новой испытательной лаборатории, с учетом всех возможностей и прогнозов в указанной отрасли производства.
В данной работе оценены технико-экономические основы предприятия, состояние охраны труда и защиты окружающей среды.
ANNOTATION
In this diploma project scrutinized a activities and procedures in enterprise of «KazStroySteklo», which directed in ensuring of quality, state of embed system and divulged means governance of quality.
Branch of production of the enterprise - glass manufacture. Taking into account raises of development the given branch of manufacture big organization achievement for five years and conditions of a policy of energy saving of our republic to degree work it is choose the above-state enterprise for research of condition of maintains of.
In target to improvement of products’ and processes’ quality in this diploma project application of the statistical program is offered. Advantages and program lacks are opened.
This is offered besides accreditation new test to laboratory taking into account all possibilities and forecasts in the specified branch of manufacture.
In the given work technical and economic bases of the enterprise, a condition of a labour safety and environment protection are estimated.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Өнім сапасын жоғарлату мақсатында кәсіпорында уақытпен қатар сапаны басқару, сәйкес емес өнім мөлшерін төмендету мақсатында өзгерістер, жаңартулар енгізілуі мүмкін. Соның ішінде біздің таңдап отырған кәсіпорын - «Қазқұрылысшыны» жауапкершілігі шектеулі серіптестігінде қолданылатын сапаны қамтамасыз етудің басты құралдарын атап өтейік: СЖМ енгізу нәтижесінде іске қосылған процедуралар, Кайдзен басқару құралдары, Исикавы диаграммасы, Парето диаграммасы және т. б. принциптер.
Осы өнім сапасын жоғарлату және қазіргі нарықта өз беделін нығайту мақсатында жаңа сынау зертханасын аккредиттеу ұсынылып отыр. Болашақ бұл сынау зертханасының біраз артықшылықтарын айта кетейік: шыны өндірісі саласындағы сынау зертханасы біздің республикамызда жоқ, бірақ өндірістің өзі жоғарғы қарқынмен дамуда; ТМД елдерінде мұндай зертханалардың ал болуы; ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өзі осы саланың дамуына қолдау көрсететіндігін айта кеткендігі, үлкен кепілдік болмақ. Аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіненген талаптарға сәйкестігін растау женіндегі жұмыстарды құқылы екенін ресми танитын рәсім. Аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері:
- өнімнің, процестердің, көрсетілетін кызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
- саудадағы техникалық кедергілерді жою;
- отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықара-лық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы Заң сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларын (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды. сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындагы олармен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.
Бір нәрсені түсінген дұрыс, қазіргі сапаны басқару концепциясы - бұл тәжірибе көрсеткендей тек қана өндіріс сферасында ғана емес, соған қоса мемлекеттік және муниципалдық басқаруларда, қарулы күштер және басқа сфераларда да табысқа жетуге мүмкіндік беретін, қызметкерліктің кез келген мақсатты басқару концепциясы.
1 Дипломдық жұмысты әзірлеуге бастапқы ақпарат
Беттік тегіс (листовое) шыны - флоат әдісімен немесе бетін қайсыбір қосымша өндеусіз дайындалатын, қалыңдығы ұзындығы мен еніне қатысты кіші болып келетін, тегіс тікбұрышты беттік, түссіз, мөлдір натрий-кальций-силикатты шыны.
Берік өлшемді шыны - тұтынушы спецификациясы бойынша дайындалатын жәнежеткізілетін шыны. Еркін өлшемді шыны - зауыттық ассортимент өлшемдерінде дайындалатын және жеткізілетін шыны. Шыны қалыңдығы бойынша, қаптау түрі бойынша жіктелуі мүмкін.
Төменгіэмиссиялы жұмсақ қаптауы бар шыны жылу шығынын үнемдеу мақсатында ғимараттар мен түрлі тағайындалу саласымен құрылыстарда қолданылатын ашық-жарық конструкцияларды шыныландыру үшін тағайындалған шыныпакеттерді дайындау үшін арналған.
Шыныпакет, контуры бойынша дистанциондық рамка мен герметиктер көмегімен жалғастырылған, кептірілген ауамен немесе басқа газбен толтырылған герметикалық тұйық камераларды құрайтын екі немесе үш шыны беттен тұратын көлемді бұйым.
Бұл дипломдық жұмысты құрастыру үшін пайдаланылған жетекші нормативтік құжаттама 1. 1 кестесінде көрсетілген.
- - кесте
Жетекші нормативтік құжаттама
ҚР СТ ИСО
9000 - 2008
ҚР СТ ИСО
9001- 2008
Шыныпакеттер камералар санына байланысты мына типті болуы мүмкін:
ШПБ - біркамералы;
ШПЕ - екікамералы.
Таңдалған кәсіпорын мен өнім бойынша пайдаланылған базалық нормативтік құжаттамалар тізімі 1. 2 кестесінде келтірілген.
- - кесте
Базалық нормативтік құжаттама
Шыныпакеттер камералары толтырылуы мүмкін:
- кептірілген ауамен;
- инертті газбен (аргон - Аr, криптон - Kr және т. б. ) ;
- алтыфторлы күкіртпен (SF_6) .
Дайындаушы мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша шыныпакеттерді төрт немесе одан да көп шыны беттерінен жасауға, соған қоса шыныпакеттер ішінде декоративті рамкаларды орнатуға болады.
- жалпықұрылыс мақсаттық;
- арнайы қасиеттері бар құрылыс мақсаттық шыныпакеттер:
- соққыға шыдамды;
- энергияүнемдеуші;
- күннен қорғаушы;
- аязғашыдамды;
- шудан қорғаушы [31] .
2 Жалпы жағдайлар
2. 1 Кәсіпорынның нарықта қалыптасу тарихы
ҚазҚұрылысШыны Жауапкершілігі Шектеулі Серіптестік - Қазақстанда қауіпсіз шыны мен жылу-энергия үнемдеу стеклопакеттері өндірісі бойынша бірінші зауыт болып құрылды және 2004 жылдың тамызында пайдалануға іске қосылды.
Зауыт әлемдік өндірушілердің ең соңғы технологиялық жабдықтарымен жабдықталған.
«ҚазҚұрылысШыны» ЖШС қызметкерлігінің негізгі бағыттары мен бәсекелестік артықшылығына жатады:
- қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздігі мен энергия үнемділігі негіз болатын жоғарысапалы әмбебап шыны өнімдердің көп түрін өндіру және шығару;
- технологиялық инновация, шыныны өндеудің тұрақты арнайылан-дырылуы;
- 2006 жылы енгізілген ИСО 9001-2000 Сапа менеджменті жүйесі;
- қызметкерлердің жоғары мамандандырылу дәрежесі.
2. 2 Кәсіпорынның ішкі құрылымы және қызметкерлік аймағы
Компания логотипі - берік фундаменті мен жоғарыға бағытталған шыңы бар Пирамида компанияға өзіндік ерекше стиль береді. Компания имиджінің тағы бір тірегі болып «Өмір үшін жаралған» девизі саналады. Ол ҚазҚұрылысШыны маркасының негізгі көрсеткіштерін және сатып алушылар үшін артықшылықтарын бейнелейді. Бұл девиз технологиялық және өндірістік артықшылықтарды, инновацияға бет бұрғандықты, жасалған жұмыстың және өнімнің сапа көрсеткіштерін көрсетеді.
Компания девизі екі мағынаға ие: ұзақмерзімділік, сенімділік және тұрақтылық идеясынан басқа, ол соған қоса өмір сапасын жақсарту технологиясын да көрсетеді. Бұл девиз ерекше жауапкершілікті бейнелейді.
«ҚазҚұрылысШыны» өндірістік компаниясы 2003 жылы Алматы қаласында құрылып, 2004 жылдың тамызында шынының өндірістік қайта өндеуін бастады. Кәсіпорында ISO 9001-2000 сапа менеджменті және сертификаттау жүйесі енгізілген.
Компания шығаратын өнім отандық құрылыс нарығының барлық қажеттіліктерін қанағаттандырады. «ҚазҚұрылысШыны» құрушылары Республика экономикасына энергия үнемдеу технологиясын енгізу қажеттілігін түсініп, энергия үнемдеуші шыныларды бірінші болып елге кіргізіп, оны өндеуді бастады.
Бүгінгі таңда құрылыстағы басты бағыттардың біріне, ғимараттың жылумен қорғалу дәрежесін жоғарлататын және адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, энергия үнемдеуші және қауіпсіз шыныландыру жатады. Энергия үнемдеуші және қауіпсіз шыны адамдарға жылуда және жайлылықта өмір сүруге мүмкіндік береді. Компания шығаратын шыны 650-70 градус температурада шынықтыру процесінен өтіп, қарапайым шыныдан 5-7 есе беріктеу болып келеді. Соған қоса өндіріс шынылары сынған кезде ұсақ шыны бөлшектеріне бөлініп қалады. Олардың ұштары өткір болмайды және адамды жарақаттамайды. Ал шығарылатын жылу-энергия үнемдеуші шыныпакеттер қысқы уақытта бөлмеде жылуды сақтайды, жазда ыстықты жібермейді. Осының арқасында жылумен қамтамасыз ету және желдетуға электрэнергия шығындары қысқарады.
Компания әлемдік шыны өндірушілерінің барлық ассортиментіне ие: «Guardian» (Германия), «Guardian» (Ресей), «Glaverbel» (Бельгия), «AGC Бор Шыны Зауыты» (Ресей), «Pilkingt-n» (Англия), «Saint G-bain» (Франция), Hansung (Корея), «Саратовқұрылысшыны» (Ресей), «Салаватшыны» (Ресей), «F-rd» (АҚШ) .
Өндіріс еуропалық өндірушілердің жаңа жабдықтарымен жабдықталған: «Lisec» (Австрия), «glast-n BAVEL-NI TAMGLASS» (Финляндия), «Z. Bavell-ni» (Италия), «Jardina» (Италия) .
Компанияның басты профилі болып шикізат шыныны (ажарланған, энергия үнемдеуші, ламинирленген, рифленген, қаптауы бар шынылар, айна) өндеу, сонымен қатар құрылыста, көлік топтарында, жиһазда, интерьерде, тұрмыстық техникада және т. б. үшін өндеу саналады.
Компания СМЖ енгізгелі, келесідей процедураларды іске қосты:
- ПРО KSS 401-09 Ішкі нормативтік құжаттама;
- ПРО KSS 402-09 Ұйым құжаттамасы;
- ПРО KSS 403-09 Қызметтік құжаттама;
- ПРО KSS 404-09 Сыртқы құжаттар;
- ПРО KSS 405-09 Архив;
- ПРО KSS 406-09 Жазбаларды басқару;
- ПРО KSS 501-09 Басшылық басқаруы;
- ПРО KSS 502-09 Жақсартуларды жоспарлау;
- ПРО KSS 601-09 Персоналды басқару;
- ПРО KSS 602-09 Өндірістік желілерді күту;
- ПРО KSS 603-09 Автокөлік құралдарын күту;
- ПРО KSS 604-09 Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- ПРО KSS 605-09 Негізгі жұмысшыларды дайындау;
- ПРО KSS 702-09 Келісімдерді талдау;
- ПРО KSS 703-09 Сатып алулар;
- ПРО KSS 704-09 Бақылау өлшеу аспаптары;
- ПРО KSS 705-09 Өндірісті жоспарлау;
- ПРО KSS 706-09 Жаңа өнімді дайындау;
- ПРО КSS 707-09 Беттік шыныдан өнім өндірісі. Шыны бұйымдарды дайындау;
- ПРО KSS 708-09 Орталық қойманы басқару;
- ПРО KSS 709-09 Жеткізіп қоюды басқару;
- ПРО KSS 710-09 Сатулар;
- ПРО KSS 801-09 Ішкі тексерулер;
- ПРО KSS 803-09 Түзетуші және алдын алу әрекеттері;
- ПРО KSS 804-08 Сапаны бақылау және сәйкес емес өнімді басқару.
ПРО KSS 804-08 Сапаны бақылау және сәйкес емес өнімді басқару процедурасы Өнім сапасын басқаруды қамтамасыз етуге және сәйкес емес өнімді басқаруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу ретін орнатады (А қосымшасы) .
Өнім сапасын бақылау және тұтынушы, конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативті-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестікке тексеру мақсатында кәсіпорында жоғарыда көрсетілген бірнеше процестер қарастырылған.
Кәсіпорында сапаны бақылау мақсаты - өнімнің сәйкестік деңгейінің орнатылған талаптарға сәйкестік деңгейін анықтау.
Жоғарыда көрсетілген процедура талаптары мына кезеңдерді қарастырады:
- шикізаттың кіріс сапасын бақылау;
- технологиялық және операцияаралық процестерді бақылау;
- дайын өнім сапасын бақылау (Ә қосымшасы) ;
- жаңа өнім өндіру кезіндегі сапаны бақылау.
Кәсіпорында енгізілген СМЖ негізінде енгізілген рәсімдеу құжаттарымен сәйкес өнім сапасы мен процесс сапасын бақылау екі басты кезеңнен тұрады (В қосымшасы) .
3 Өнім туралы жалпы мағлұматтар
3. 1 Бұйымның қызметтік тағайындалуы
Шыны өзіндік оптикалық ауытқулар мен нормаланатын шектеріне сәйкес М0-М7 маркаларына бөлінеді.
Шыны өлшемдерінің категорияларына байланысты мыналарға бөлінеді:
- берік өлшемді шынылар (ТР) ;
- еркін өлшемді шынылар (СВР) [28] .
3. 1-кестеде көрсетілген шыныпакет сипаттамалары шыныпакет сипаттамалары мен оларды дайындау технологиясы МЕСТ 24866 талаптарына сәйкес келеді деген тұжырыммен есептелген.
3. 1 - кесте -Шыныпакеттің сипаттамалары
R,
м 2 0 С/Вт
3. 2 Өнім классификациясы, қолданылу аймағы
Классификациясы, негізгі параметрлері және өлшемдері
ТНВЭД ТС (КБ СЭҚТА), сыртқыэкономикалық қызметкерліктің тауарлық атаутізімі - Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік бірлестіктің біртұтас тарифі (БКТ) соңғы үлгісі үш ел басшыларымен 27. 11. 2009ж. бекітілген және 2010 жыллың 1-қаңтарынан іске қосылған.
СЭҚТА он таңбадан тұрады. Бастапқы төрт белгі тауар позициясын анықтайды; 5, 6 сан - субпозициясын; 7, 8, 9 белгілер - ішкісубпозициясын; соңғы 10-таңба - тауар бөлшектенуін.
СЭҚКА кодтарында тауарларды белгілі бір топқа жатқызу принциптері қатаң түрде қадағалануда. Тауарды дұрыс анықтау және оның классификациясы (жіктелуі) ставка анықтағанда, режім, салымдар мен төлемдерді орнатқан кезде маңызды рөл атқарады.
Соның ішінде біз қарастыратын өнім жалпықұрылыс тағайындаулы шыныпакет (шыныбұйым) кодын анықтайық. Өнімнің өзіндік таңңбалануы - ШПБШ 4М1-16-4СGN.
СЭҚКА бойынша 13-бөлімге - тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе ұқсас материалдардан бұйымдар; керамикалық бұйымдар; шыны және одан жасалатын бұйымдарға жатқызамыз.
70 - шыны және одан жасалатын бұйымдар;
7016 90 - витраждар және ұқсас бұйымдар; блок, панельдер, плиталар түріндегі ұяшықты немесе пеношыны, сыртқықабат немесе басқа формадағы шыны;
7016 90 100 0 - витраждар және ұқсас бұйымдар.
Шыны орнатылған тәртіппен бекітілген технологиялық құжаттама бойынша МЕСТ 111-2001 талаптарымен сәйкес дайындалуы қажет.
Номинал қалыңдық, қалыңдық бойынша рұқсат етілген ауытқулар мен бір беттік шынының көпқалыңдылығы 3. 2-кестеде көрсетілген мәндерге сәйкес келу керек. Дайындаушы мен тұтынушы келісуі бойынша басқа қалыңдықты шыныларды дайындау рұқсат етіледі, бірақ бұл жағдайда рұқсат етілген ауытқулар мен көпқалыңдылық барынша жуық қалыңдық үшін кестеде келтірілген мәндерден аспауы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz