Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпсіздік ережелері


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

МҰНАЙ ӨҢДЕУ ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚАСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

Атырау МӨЗ - Атырау мұнай өңдеу зауыты

Шымкент МӨЗ - Шымкент мұнай өңдеу зауыты

Павлодар МӨЗ - Павлодар мұнай өңдеу зауыты

АМҚ - ауыр мұнай қалдықтары

ҚМГ - "Қаз Мұнай Газ "

ГОСТ - мемлекеттік стандарт

ОСТ - сапалық стандарт

РСТ - Республикалық стандарт

СТП - Кәсіпорындық стандарт

ГЛОССАРИЙ

Ароматты қосылыстар - қос байланысы бар, ең кем дегенде, бір сақинасы болатын мұнайлы көмірсутектердің жалпы аталуы.

Бензин - мұнайды айдау кезінде алынған қайнау температурасы төменұшқыш сұйықтық. Бензинді 20-180°С температура аралығында айдайды. Құрамында гексаннан деканға дейінгі көмірсутектердің қоспасы бар. Бензиноңай тұтанады, оны іштен жану двигательдерінде отын ретінде қолданады.

Газойл - қайнау температурасы ауыр нафтадан жоғары болатын кез-келген жеңіл дистиллят.

Гудрон - шикі мұнайдың вакуумды айдау мұнарасында алынатын, мұнайдың қалдығы немесе ең ауыр фракциясы.

Дистиллят - буланған немесе соңында конденсацияланған мұнай өңдеу өнімдері.

Изомеризация - молекуланың өз салмағын өзгертпей, құрылысын өзгертіп, басқа пішінге өтуі.

Каталитикалық риформинг (ағылшын тілінен аударғанда to reform - ауыстыру, жақсарту) - мұнай шикізатынан жеке ароматты қосылыстарды бөлу.

Кокс - жоғары температурада конденсация реакциясының нәтижесінде түзілетін көміртекті материал.

Кокстеу - кокс және жеңіл өнімдер алынатын, қатаң шартта өтетін гудронның термиялық крекингі.

Крекиг - термиялық әдістерді (кокстеу) немесе катализаторды қолданы арқылы (каталитикалық крекинг, гидрокрекинг) көміртек-көміртекті байланыстардың үзілуі.

Өрт сөндіретін заттың берілу қарқындылығы деп - бірлік уақытта бірлік ауданға немесе көлемге берілетін өрт сөндіргіш заттың мөлшері.

Көбіктің инерттілігі - көбіктің мұнай немесе мұнай өнімдерінің қабатынан өткенде немесе жанасқанда ластануға қарсы тұру қабілеті.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 ҚР мұнай саласындағы даму қарқыны

1. 2 Мұнай өңдеу процестерінің заманауи күйі

1. 3 Мұнай өңдеу процестерінен алынатын өнімдер

1. 4 Еуропалық және еліміздегі нормативтер

1. 5 Мұнай өңдеу процесінде еңбек қауіпсіздігін қамту

2 ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

2. 1 Жұмыстың нысандары

2. 2 Жұмыстың әдістері

2. 3 АРН - ЛАБ - 03 құрылғысы арқылы мұнайды фракциялау әдісі

2. 4 Газды хроматографиялық әдіс

2. 5 Пиролиз әдісі

3 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

3. 1 Мұнай өңдеу процестеріндегі қауіпті факторлар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай-газ өндіру - Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қайнар көзі. Мұнай өнеркәсібінің дамуы мұнай қалдықтарының артуы мен қоршаған ортаны ластаумен қатар жүреді. Егер мұнай өңдеу зауыттары мұнай өңдеу өндірісінде ескі технологияларды, мерзімі біткен қондырғыларды, мұнай өндірісінің сапалы болуына теріс әсерін тигізетін іс-шараларды қолданса бұл қоршаған ортаға зор зиянын тигізеді. Қоршаған ортаны мұнай мен мұнай қалдықтарымен ластау көзі- мұнай өңдеу зауыттары, мұнай өнімдерінің қоймалары, мұнай сапасын анықтайтын зертханалар және т. б. есептеледі. [2]

Мұнай өндіру саласы үлкен жер көлемін алумен, ластандыру мүмкіндіктерімен, өндірістік нысандардың жарылыс және өрт қауіпінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Ұңғымаларды бұрғылауда, мұнай өндіру мен дайындауда қолданылатын химиялық реагенттер мен өндіру процесінде ауаға тарайтын көмірсутектері және олардың қоспалары адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қауіп төндіретін зиянды заттар болып табылады.

Қазіргі таңда қоршаған табиғи ортаның ахуалы әрбір адамға тікелей де, жанама түрде де әсер ететін маңызы орасан зор әлеуметтік-экономикалық мәселенің біріне айналып отыр. Кәсіпорындардағы мұнай өндірумен байланысты қауіп-қатердің негізгі көздеріне қасыммен жұмыс жасайтын ыдыстар, атмосферада кездесетін көмірсутектердің, күкіртсутектердің, уытты заттардың булары, сонымен қатар көміртегі тотықтары, әртүрлі жұмыстарға арналған улы химиялық реагенттер, әртүрлі механизмдердің айналу бөлшектері, жоғары кернеудегі электр қондырғыларының, құралдардың, газдардың, сұйықтардың өртенуі және жарылуы жатады. Мұнай кен орындарында газдың немесе мұнайдың жеңіл фракцияларының шығуынан болатын бу-ауа қоспаларынан күшті жарылыстар, дауылды желдер, мұнай құбырлары мен резервуар парктеріндегі үлкен көлемдегі өрттер, фенол, метанол, қышқыл, сілті және тағы да осы сияқты күшті әсер ететін уытты заттардың үлкен алаңдарға төгілуі сияқты төтенше жағдайлар болуы мүмкін.

Қазақстанда қазіргі таңда табиғи ортаның қарқынды түрде ластануы жүріп жатыр. Өнім өндіру төмендегенімен қоршаған ортаның ластануы кеміген жоқ. Себебі, нарықтық қатынастар жағдайында табиғатты қорғауға жұмсалатын қаражат шығыны бұрынғысынан да үнемделу үстінде. Халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру жағдайының нашарлауы аясында экологиялық жайсыз мәселелер ерекшелене түсті. Бұл тұрғылықты халық денсаулығы мен өмір сүру жағдайының биологиялық негіздеріне нақты қауіп тудырады. Сондықтан, қазіргі кезеңде, мұнай өндіруші нысандарда алдын ала жабдықталатын тазалау қондырғылары іске қосылғанымен, мұнайды өндіру және тасымалдау кезінде қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін заттардан және іс-әрекеттерден толық арыла алмай отырғаны анық. Сондықтан, табиғи жағдай үшін шығыны аз, тиімді технико-технологиялық шешімдерді іздестіру қажет. Ұңғымадан алынған мұнай және газды өндіру, тасымалдау кезінде және сұйық көмірсутегі қалдықтарының апаттардың салдарынан төгілуінің алдын алу және қоршаған ортаға тараған мұнай газ қалдықтарын тез арада жинап, тазарту қажет. [1]

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Қазақстан Республикасының мұнай саласының даму қарқыны

Қазақстанның мұнай саласы - Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. 1899 жылы Қазақтың алғашқы мұнай кен орны Қарашұңғыл, кейін Доссор(1911 жылы) және Мақат(1915 жылы) мұнай кен орындары іске қосылды. Барлық үш мұнай кен орындары Қазақстан Республикасының Атырау облысында орналасқан. 1965 жылға дейін мұнай өндірісі тек Ембі бассейнінде ғана жүргізіледі. Себебі, Ембі мұнай бассейні қолайлы мұнай аймағында орналасқан.

Қазақстанда мұнай өңдеу 1945 жылы алғашқы рет басталса, бұл жылы 1959 жылға дейін тыстан әкелінген шикізатта жұмыс істеген Атырау мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 3 мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. Бұл зауыттарда дайын мұнай өнімдері алынады. Оларға: Атырау, Шымкент; Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жатады, олардың жалпы қуаты жылына 19, 4 млн. тонна құрайды.

Атырау МӨЗ - қуаты жылына 5, 2 млн. т мұнайды құрайтын, Ресей шикізатынан тәуелсіз жалғыз зауыт болып табылады. Ол Маңғышлақ және Теңіз мұнай кен орындарының құбырларымен байланысқан. Зауыттың салынуы «Баджер» фирмасының жобасы бойынша 1943 жылы басталды, ал 1945 жылдың қыркүйек айында ең алғашқы өнім шығарылды. Бұл кеңейту мен модернизация үшін географиялық тұрғыдан қолайлы жерде орналасқан жалғыз зауыт. Себебі, ол мұнайды әртүрлі аймаққа жеткізудің басты түйіні болып табылады, жоғары санатты қызметшілерге және инфрақұрылымға ие болады да, мұнай өңдеудің жоғарғы өнімділікті қазіргі заманға сай жиынтығының негізі ретінде қолданылуы мүмкін. Зауытта тауарлы өнімнің кең түрлері шығарылады, ол тауар экспортқа шығарылуы мүмкін. Бұл АИ - 76, АИ - 93, пеш отыны, мазут, тұрмыстық газ және басқа да тауарлар болып табылады. Маңғышлақ мұнай кен орнының шикізатында парафиндердің жоғары үлесі болғандықтан, Атырау мұнай өңдеу зауыты реактивті және дизельді қысқы отынды шығара алмайды. Зауытта мұнай өңдеу тереңдігі 50% құрайды. Бұл тереңдік өте төмен болып табылады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүзжылдықтағы 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнайды өңдеу жөніндегі барлық технологиялық құрылғылардың техникалық қайта жарақтандырылуы жүзеге асырылды, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4, 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерән азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру болатын.

Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың, дизель отынын гидротазалау/ депарафиндеудің, изомерлеудің, газдарды аминді тазадаудың, сутегін алудың, ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің жаңа қондырғылары салынды.

2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамынддағы күкірт 150 ррм-ден артық емес) сәйкес келетін бензиннің және Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 50ррм-ге дейін және минус 35 градуста қататын) сәйкес келетін дизель отынының бірінші партиясы шығарылған болатын. Этилденген, қоршаған ортаға зиянды бензин өндірісі тоқтатылды, нәтижесінде Аи-80 маркалы бензиннен Аи-93/96 маркалы бензинге дейін жақсартылды.

Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясында мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:

  • «ЭЛТҚ-АВҚ қондырғысының вакуум блогын қайта құру және баяу кокстау қондырғысы». Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2010 жылдар.
  • «Хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу».

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2013 жылдар.

  • «Мұнайды терең өңдейтін кешен салу».

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жылдар.

Шымкент МӨЗ. Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрайды. 2000 жылы зауыттың Құмкөл тобы кен орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты дизельді отын мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді. Қазіргі кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5, 25 млн. тоннаны құрайды.

Өңделетін мұнай - Құмкөл кен орындарынан 80% мұнай мен Батыс Сібір кен орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.

Зауыттың өндірістік қуаты ЛК-6У құрама қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформинг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), мазут пен висбрекингті вакумді айыру қондырғысы сияқты негізгі қондырғылардан тұрады.

Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отыны өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы жылына 1, 8 млн. тонна каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы басталған болатын, бірақ қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап қалды. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің 57%-ға дейінін қайта құру үшін пайдалануға болады.

2007 жылғы 6шілдеде «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-тегі (Шымкент МӨЗ) 50%-ын сатып алу және оны «ҚазМұнайГаз» «СҮ» АҚ-на беру бойынша мәліме жасалды.

2009 жылы «Honeywell-UOP» (АҚШ) компаниясының Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңғарту жобасын іске асыру аясында жобаның ТЭН әзірленді.

Жобаның мақсаты:

- мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6, 0 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру;

- 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

- 83% -ға дейін ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;

- ЕУРО -4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.

Павлодар МӨЗ. Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 1978 жылы битум өндірісі жөніндегі қондырғы пайдалануға берілді. 1983 жылы МӨЗ ауқымды кеңейтілуі болды, оның ішінде терең өңдеу кешенін іске қосу да бар. 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылды. Зауыт Омбы-Павлодар мұнай құбыры бойынша түсетін Батыс-Сібір мұнайының қоспасын өңдейді.

Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5, 0 млн. тонна шикі мұнайды құрайды. МӨЗ негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформинг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі - КТ-1 кешені ( вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы) .

2008 жылғы кыркүйекте зауытта сутегі өндіру қондырғысы пайдалануға берілді, ол гидрогенизациялық үрдістер үшін құрамында сутегі бар газдың тапшылығын жоюға және дайын өнімнің сапалы сипаттамасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. 2009 жылы Павлодар МӨЗ акциялық бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміле аяқталды.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне инвестицияларды жүзеге асыру бойынша «ҚазМұнайГаз»(ҚМГ) ҚК АҚ және Италияның энергетикалық Eni s. p. a» (бұдан әрі - ЭНИ) компаниясы арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөніндегі қол қойылған меморандумның негізінде 2009 жылғы қаңтардан бастап, «ПМӨЗ» АҚ дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Бағдарламаның бірінші кезеңі зауытты жаңғыртудың ұтымды сызбасын әзірлеуге және таңдап алуға негізделген. Сызбанұсқа мен зауытты жыңғыртудың бас жоспарларын әзірлеуді 2010 жылы аяқтау жоспарланып отыр, оның нәтижелері бойынша инвестициялардың көлемі нақтыланатын болды.

ҚМГ және ЭНИ өкілдерімен бірлесіп, ПМӨЗ жаңғырту жобасын басқару жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, ол жоба бойынша атқарылатын жұмыстарды бақылауға жауап береді.

Жобаның мақсаты:

- мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылықты жылына 7, 5млн. тоннаға дейін ұлғайту;

- 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

- ақшыл мұнай өнімдерін ұлғайту;

- ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасы жақсарту;

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008-2014 жылдар.

Павлодар МӨЗ қуаттылығы 8 млн. т мұнайды құрайды. Бұл зауытқа шикізат Батыс Сібірден Омбы - Павлодар - Шымкент құбыры бойынша жүргізіледі. Павлодар мұнай зауыты үлкен көлемде мазутты шығарады.

Қазіргі уақытта ҚАЗАҚСТАН шикі мұнайды өзінің мұнай өңдеу кәсіпорындарына жеткізуде, 50% астам түрде Ресейге тәуелді болады. Сонымен, Шымкент зауыты - 75%, Павлодар зауыты - 100% Батыс Сібір мұнайында жұмыс істейді. Батыс Сібірде мұнай өндіру жылына 300 млн. тоннаны құрайды, ал Павлодар мен Шымкент МӨЗ қажеттілігі бұл көлемнен 5-7% ғана құрайды. Ресейге шикі мұнайды Эстония мен Новороссийскіге қарағанда, Қазақстанға жеткізу қолайлы болып табылады.

Қазақстан мемлекетінің 2003-2015 жылдардағы индустриялды - инновациялы стратегиясында мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына көп көңіл бөлінеді. Қазақстанда индустрияның дамуының негізгі тірегі - Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру болып табылады. Бұл секторда көмірсутектердің жалпы қоры 8 млрд. тоннаны құрайды, олар мемлекетте көмірсутектерді өндірудің жоғары өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Болашақта мұнай кен отындарынан мұнайды өндіру жылына 150-200 млн. тоннаны құрайды және бұл деңгей 25-30 жыл ұсталып тұрады. Отандық МӨЗ төмен бәсекелестікті және физикалық ескеріп кеткен қондырғыларға ие болып отыр. ҚР сараптама агенттігінің берілгені бойынша, мемлекеттегі 3 МӨЗ кемшілігі - шикі мұнаймен артық жүктелу болып табылады.

Алдағы онжылдықта Қазақстанның мұнай өндіру саласына инвесторлар 80 млрд. доллардан астам қаражатты шығаруды көздеп отыр, олар өнеркәсіп орнында жұмысты іске қосатын, өндірістілік, инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларды жақсартатын мақсатпен салынады. [2]

1. 2 Мұнай өңдеу процестерінің заманауи күйі

Мұнайдың негізгі химиялық құрамы - көміртегі мен сутегі. Сонымен қатар мұнай құрамында тағы басқа да заттар бар. Мырыш - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге тағы басқа (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады) ; азотты заттар - негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар - нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т. б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін) . Элементтік құрамы (%) : С - 82-87, Н - 11-14. 5, S - 0. 01-6 (сирек - 8-ге дейін), N - 0, 001-1, 8, O - 0, 005-0, 35 (сирек - 1. 2-ге дейін) және т. б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 - 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т. с. с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады. [3]

Мұнай құрамында әр түрлі механикалық қоспалар болғандықтан өңдеу алдында мұнайды сол қоспалардан тазартады.

Тереңнен жер бетіне шыққан мұнай құрамынан «жолай» газын бөліп алады. Минерал тұздарды жылы сумен шайқап бөледі. Суды және механикалық қоспаларды тұндыру әдісімен бөледі. Эмульсия күйіндегі суды дэмульгаторды (нафтен қышқылының тұздарын қолданады) қосып немесе электрсусыздандыру (30-40 мың В кернеулі айнымалы тоқ көзіне жалғасқан электродтардың арасынан эмульсия күйіндегі жылы су өткенде эмульсия бұзылады, су тамшылары іріктелініп тұндырғанда мұнайдан жеке бөлінеді) әдістерімен мұнайдан бөлінеді.

Мұнайды механикалық қоспалардан тазартып, физикалық әдіспен құрамындағы көмірсутектерінің физикалық қасиеттерінің әр түрлі болуына байланысты (қайнау температурасы, кристалдану қабілеттігі, ерігіштігі және т. б) жеке фракияларға жіктейді. Көп қолданылатын әдіс - мұнайды және мұнай өңімдерін тіке айдау. .

Химиялық әдістер - температура, қысым және катализатор әсерінен мұнайды және мұнай өңімдерінің құрамындағы көмірсутектерінің терең өзгеріске (деструкцияға) ұшырауына негізделген. Химиялық әдістердің көп қолданылатындары әр түрлі крекинг әдістері.

Негізгі аппараттар . Мұнайды және мұнай өңімдерін өңдеу процестері негізінде екі сатыда орындалады: 1) Жоғары температураға дейін қыздыру. 2) Өнімдерді жіктеу. Кейбір химиялық әдістерде катализдік процестер қосымша қосылады. Көбінесе құбыр пештерінде құбыр қабырғасы от жалынын немесе қызған газ жылуын конверциялау және радиациялау процестерінің әсерінен қызады.

Мұнай өнімдерін жіктеу, айдау әр түрлі ректификациялау әдісімен орындалады. (Ректификация - қайнау температуралары жақын сұйық заттарды буға айналдыру әдісімен бір-бірін бөліп тазатру) .

Ректификациялау құбырлары көтеріңкі қысымда, атмосфералық қысымда және вакумделінген жағдайда жұмыс істейді.

Мұнай өңдейтін катализдік процестер әр түрлі конструкциялы аппараттар конструкциялы аппараттарда жүреді, (үздіксіз қозғалыстағы катализатор қондырылған қайнаушы қабатта катализатор орналасқан аппараттар) .

Мұнайды физикалық әдіспен өңдеу (мұнайды тікелей айдау) - қайнау температураға тәуелді мұнайды фракциялауға негізделген әдіс. Мұнайды фракциялау құбыр пешінде 300-350°С температурада атмосфера қысымында буға айналдырып ректификациялау құбырына жібереді, құбырда көмірсутектердің қайнау температурасына байланысты: 170°С дейін бензин (14, 5%) 100-200°С аралығында лигроин (7, 5%), 200-300°С аралығында керосин (1, 8%), 300-350°С аралығында газойль (5%) және мазут (55%) фракцияларына жіктелінеді.

Бензиннің құрамында негізінен парафин және нафтен көмірсутектері болуына байланысты оның сапасы төмен, октандық саны 50-78 шамасында, бензин шығымы 14, 5% болады, этил сұйығын қоспа бензиннің октан саны 87-95-ке жеткізеді.

Мазут фракциясы қайтадан тікелей айдауға түседі - ол үшін екінші сатыдағы қатар орналасқан вакуум жағдайында жұмыс істейтін құбыр пешіне келтіріліп 400-420°С температураға қыздырып буға айналдырған күйінде екінші фракциялау құбырында: 230-250°С температура аралығында (ұшқыш) майы (10-12%), 260-305°С аралығында машина майы (5%), 315-325°С аралығында жеңіл цилиндр (3%), 350-340С аралығында ауыр цилиндр (7%) майлары бөлінеді де (27-30%) мөлшерінде гудрон қалдық түрінде қалады. [5]

Дүние жүзілік мұнай өңдеу саласында мынадай 3 түрлі химиялық (каталитикалық және каталитикалық емес) АМҚ өңдеу процестері қолданылады:

  • термиялық және термокаталитикалық процестер, АМҚ-дан артық көміртегін немесе шикізатқа қарағанда көміртегі көп өнімді бөлуге негізделген - көміртегі материалдарды (мұнай коксы, каталитикалық крекингте катализатордағы кокскрекинг-қалдық, каталитикалық крекингтің газойлі, пиролиздің ауыр шайыры, асфальтит, пектар, байланыстырушы, пісіруші және тұтқырлы материалдар және басқа), олармен қабат төмен молекулалы олефині бар, шикізатпен салыстырғанда сутегіне бай, ыдыраудан шыққан өнім де алынады;
  • гидротермиялы және гидрокаталитикалы сырттан сутегін енгізуге негізделген, төмен және орта молекулалы отын фракциясын түзетін немесе күкіртті, оттекті, азоты қосылыстардан және металлдардан тазаланған өнім;
  • термо- және каталитикалық кокстерді, көмірлерді және АМҚ газға айналдыру бу оттегі немесе бумен тотықтырушы процестері көміртегі тотығы мен сутегі түзіліп жүретін - көмірсутегі тотықтарын алатын жарты өнім (спирттер, эфирлер, кетондар, альдегидтер және т. б), тағы да тотықтырушы конденсациямен қабат, битумдар түзілетін карбонизация процесі жүреді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газ турбиналық АЭС туралы ақпарат
Каталитикалық крекинг процесі мен аппараты
Химия мамандығы бойынша phd докторантураға түсушілерге арналған материал
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Газ турбиналық АЭС
Мемлекеттік метрологиялық бақылау
Наркомания және таксикомания - девиантты мінез-құлық түрі
Бақылау жүйесімен үйлесімділік
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Экологиялық мәселенің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz