Аралық станса
Кіріспе
1 Аралық стансалардың белгіленуі және жіктелуі
2 Аралық стансаларды дамуын өңдеу үшін берілген мәліметтерді талдау
3 Стансаның және тартым ауданының техника . эксплуатациялық сипаттамасы
4 Аралық стансаның сұлбасын таңдау
4.1 Аралық стансаның түрін таңдау
4.2 Жолаушы ғимаратының орналасатын орнын таңдау
4.3 Жүк ауласының орналасатын орнын таңдау
4.4 Станса сұлбасының үйлесімді нұсқасын таңдау .
5 Аралық станса құрылғыларының өлшемдерін анықтау
5.1 Жолдардың саны мен ұзындығы. Жолдардың пайдалы ұзындықтарының ведомості. Жолдың үстіңгі құрылысы
5.2 Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылғылар
5.3 Жүк құрылғылары
5.4 Басқа да құрылғылар
6 Жер төсемінің көлденең және ұзына бойғы кескінінің құрылымы
6.1 Жер төсемінің бойлық пішіні
6.2 Жер төсемінің көлденең пішіні
6.3 Стансаның негізгі құрылғыларының өлшемдерін анықтау және масштабсыз сұлбасын дайындау
6.4 Стансаның масштабты жоспарын дайындау
7 Стансада маневр және пойыз жұмысын ұйымдастыру
8 Аралық стансаның құрылыстық құнын есептеу
9 Стансада пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау
Әдебиет тізімі
1.қосымша. Тапсырма бланкісі
2.қосымша. Аралық стансаның сұлбалары
3.қосымша. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер
4.қосымша. Жердің горизонтальдағы жоспары
5.қосымша. Стансалардағы құрылыс жұмыстары құнының ірілендірілген нормалары
6.қосымша. Бағыттама бұрмалардың негізгі өлшемдері
7.қосымша. Станса жоспарындағы шартты белгілер

Темір жол көлігі ауыл шаруашылығындағы жүк және жолаушылар тасымалының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Темір жолдағы жолаушылар және жүк тасымалы жоспарының орындалуы көп жағдайда, техникалық және коммерциялық, жүк және жолаушылар операцияларын орындайтын станса жұмысына тәуелді. Тораптар мен стансалардың жолдарын және өндірістік – техникалық құрылыстары мен құрылғыларын дамыту құны темір жол құнының 30-40 %-ын құрайды. Стансалар мен тораптардың дамуына арналған күрделі салымның техника-экономикалық тиімділігі белгілі мөлшерде темір жол көлігінің дамуына кеткен шығындардың тиімділігіне әсерін тигізеді, осыған байланысты олардың жобалануына үлкен көңіл бөлінуі керек.
Жобада шешілуі тиіс негізгі міндет, белгіленген уақатқа жолаушы және жүк тасымалының, жергілікті және сұрыптау жұмыстарының, өткізу және өңдеу қабілетінің қажетті мөлшерін, сонымен қатар жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы болатын және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа стансаны (торапты) салудың немесе жұмыс істеп тұрған стансаны (торапты) дамытудың экономикалық жағынан неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау болып табылады. Сонымен қатар, стансаның немесе тораптың ары қарай дамуы міндетті түрде есепке алынуы керек.
Аралық стансаны жобалауда келесі негізгі талаптарды басшылыққа алу керек:
- пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін және станса жұмысшылары мен жолаушылардың тіршілік қарекетін және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- қажетті өткізу қабілетін, жүктердің сақтығын, стансаның ең жақсы эксплуатациялық жұмысын қамтамасыз ету;
- темір жол стансалары мен тораптарын жобалау және салу кезінде талаптарды сақтау;
- стансаның ары қарай дамуына кедергі келмейтіндей мүмкіндікті қамтамасыз ету;
- жолаушыларға, жүк қабылдаушыларға және жүк жөнелтушілерге қолайлы жағдай жасау.

1. Проектирование железнодорожных станции и узлов. Справочник и методическое руководство. Козлова А.М, Гусевой К.Г. Москва. Транспорт, 1980, 592 б.
2. Железнодорожные станции и узлы. В. М. Акулинчев, Н. В. Правдин, В. Я. Болотный, И. Е. Савченко. Москва «Транспорт» 1992 ж. – 480 б.
3. Устройство пути и станций. К. Ю. Скалов, П. П. Цуканов. Москва «Транспорт» 1983 ж. - 319 б.
4. Железнодорожные станций (устройство и организация работы). А. М. Фефелов, Ю.Е, Лукьянов. Москва «Транспорт» 1985 ж. – 295 б.
5. Железнодорожные станции и узлы. (задачи, примеры, расчеты). Н.В.Правдин. Москва «Транспорт» 1984 ж. – 295 б.
6. Устройство пути и станций. В.В.Варфоломеев, Л.П.Колодий. Москва «Транспорт» 1992 ж. – 303 б.
7. Организация движения на железнодорожном транспорте.Д.П.Заглядимов, А.П.Петров, Е.С.Сергеев, В.А.Буянов. Москва «Транспорт» 1978 ж. - 551 б.
8. Организация пассажирских перевозок. Соловейчик М.З, Сотникова Т.А. Москва Транспорт, 1983 ж. - 239 б.
9. Инструкция по проектированию станций и узлов на железных дорогах. Москва Транспорт. 1978 ж. - 175 б.
10. Охрана труда на железнодорожном транспорте и в транспортном строительстве. Под редакцией Крутякова В.С. Москва Транспорт, 1983 ж. - 320 б.
11. Темір жол стансалары мен тораптарын жобалау. Көбдіков М.А., Әсілбеков А.Т., Қарсыбаев Е.Е., Сарбаев С.Ш. Алматы «ҚазККА», 2006 ж. – 227 б.

Мазмұны
Кіріспе
1 Аралық стансалардың белгіленуі және жіктелуі
2 Аралық стансаларды дамуын өңдеу үшін берілген мәліметтерді
талдау
3 Стансаның және тартым ауданының техника – эксплуатациялық
сипаттамасы
4 Аралық стансаның сұлбасын таңдау
4.1 Аралық стансаның түрін таңдау
4.2 Жолаушы ғимаратының орналасатын орнын таңдау
4.3 Жүк ауласының орналасатын орнын таңдау
4.4 Станса сұлбасының үйлесімді нұсқасын таңдау .
5 Аралық станса құрылғыларының өлшемдерін анықтау
5.1 Жолдардың саны мен ұзындығы. Жолдардың пайдалы ұзындықтарының
ведомості. Жолдың үстіңгі құрылысы
5.2 Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған құрылғылар
5.3 Жүк құрылғылары
5.4 Басқа да құрылғылар
6 Жер төсемінің көлденең және ұзына бойғы кескінінің құрылымы
6.1 Жер төсемінің бойлық пішіні
6.2 Жер төсемінің көлденең пішіні
6.3 Стансаның негізгі құрылғыларының өлшемдерін анықтау және
масштабсыз сұлбасын дайындау
6.4 Стансаның масштабты жоспарын дайындау
7 Стансада маневр және пойыз жұмысын ұйымдастыру
8 Аралық стансаның құрылыстық құнын есептеу
9 Стансада пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және еңбекті қорғау
Әдебиет тізімі
1-қосымша. Тапсырма бланкісі
2-қосымша. Аралық стансаның сұлбалары
3-қосымша. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер
4-қосымша. Жердің горизонтальдағы жоспары
5-қосымша. Стансалардағы құрылыс жұмыстары құнының
ірілендірілген нормалары
6-қосымша. Бағыттама бұрмалардың негізгі өлшемдері
7-қосымша. Станса жоспарындағы шартты белгілер
КІРІСПЕ
Темір жол көлігі ауыл шаруашылығындағы жүк және жолаушылар тасымалының
қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Темір жолдағы жолаушылар және жүк
тасымалы жоспарының орындалуы көп жағдайда, техникалық және коммерциялық,
жүк және жолаушылар операцияларын орындайтын станса жұмысына тәуелді.
Тораптар мен стансалардың жолдарын және өндірістік – техникалық құрылыстары
мен құрылғыларын дамыту құны темір жол құнының 30-40 %-ын құрайды.
Стансалар мен тораптардың дамуына арналған күрделі салымның техника-
экономикалық тиімділігі белгілі мөлшерде темір жол көлігінің дамуына кеткен
шығындардың тиімділігіне әсерін тигізеді, осыған байланысты олардың
жобалануына үлкен көңіл бөлінуі керек.
Жобада шешілуі тиіс негізгі міндет, белгіленген уақатқа жолаушы және
жүк тасымалының, жергілікті және сұрыптау жұмыстарының, өткізу және өңдеу
қабілетінің қажетті мөлшерін, сонымен қатар жолаушылар мен тұрғындарға
қолайлы болатын және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа стансаны
(торапты) салудың немесе жұмыс істеп тұрған стансаны (торапты) дамытудың
экономикалық жағынан неғұрлым тиімді нұсқасын таңдау болып табылады.
Сонымен қатар, стансаның немесе тораптың ары қарай дамуы міндетті түрде
есепке алынуы керек.
Аралық стансаны жобалауда келесі негізгі талаптарды басшылыққа алу
керек:
- пойыздар жүрісінің қауіпсіздігін және станса жұмысшылары мен
жолаушылардың тіршілік қарекетін және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
- қажетті өткізу қабілетін, жүктердің сақтығын, стансаның ең жақсы
эксплуатациялық жұмысын қамтамасыз ету;
- темір жол стансалары мен тораптарын жобалау және салу кезінде
талаптарды сақтау;
- стансаның ары қарай дамуына кедергі келмейтіндей мүмкіндікті
қамтамасыз ету;
- жолаушыларға, жүк қабылдаушыларға және жүк жөнелтушілерге қолайлы
жағдай жасау.
Станса мен тораптарды жобалауда, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды,
құрылыстарды және кәсіпорындарды техникалық қайта жабдықтау, қайта құру,
дамыту, олардың жаңаларын салу жұмыстары жүзеге асырылатын, жобалар мен
сметаларды келісуді және бекітуді анықтайтын, олардың құрамын, мазмұнын,
өңдеу ретін белгілейтін жобаларды және сметаларды өңдеу бойынша
қолданыстағы нұсқауларды, сонымен қатар темір жол уставындағы ережелерді,
темір жолдардың техникалық пайдаланылу ережелерінің лауазымдық нұсқауларын,
темір жол стансалары мен тораптарын жобалау бойынша нұсқауларды, техникалық
нұсқауларды және т. б. басшылыққа алу қажет.
Курстық жобаны орындау алдында студент, оқулықтағы материалдарды және
ұсынылған әдебиеттерді оқып білуі керек. Курстық жобаны орындаудың мақсаты
аралық стансаны жобалау бойынша теориялық білімді бекіту және тәжірибелік
машықтану болып табылады.
1 АРАЛЫҚ СТАНСАЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕНУІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
Аралық стансаның басты тағайындалуы поездарды өткізу, бірін-бірінен
басып оздыру, қиылыстыру; жолаушыларды мінгізу – түсіру; тасымалдау
құжаттарын рәсімдей отырып жүктерді тиеу, түсіру және сақтау; багажды алу,
беру және сақтау; құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға
вагондарды тіркеу бойынша маневрлік жұмыстарды орындау; кәсіпорындардың
кірме жолдарына қызмет көрсету; вагондарды өлшеу (ақтара тиелетін жүктер
өлшемі көлемді болғанда).
Аралық стансалар төмендегідей жіктеледі:
- темір жол тармағында орналасуына байланысты: жәй және тіректі
(соңғысында тартым ауданының тұрғылықты пункттеріне қызмет көрсету бойынша
жүк және коммерциялық жұмыстар шоғырланады) болып;
- бас жолдардың санына байланысты – бір-, екі- және көп жолды болып;
- қабылдау – жөнелту жолдарының орналасуына байланысты: созыла
орналасқан, жартылай созыла орналасқан және қатар орналасқан түрдегі болып
бөлінеді (2-қосымшаны қара);
- жүк ауданының (ауласының) орналасуына және кірме жолдар тоғысуының
бар не жоқ екендігіне байланысты;
- тартым түріне байланысты (тепловозды, электровозды және аралас тартым
түрі).
2 АРАЛЫҚ СТАНСАЛАРДЫҢ ДАМУЫН ӨҢДЕУ ҮШІН БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ
Курстық жобаны өңдемес бұрын, студенттер жобалау үшін журналдағы реттік
нөмірлері бойынша, бастапқы мәліметтер кестесінен мәндерді алады (3-
қосымша). Нұсқа нөміріне және кестеге сәйкес таңдалып, ксерокөшірмесі
жасалған станса сұлбасын және жер жоспарының көлденеңінен (в горизонталях)
пішінін тапсырма бланкісіне жабыстыру керек (2, 4-қосымша). Содан кейін,
тапсырмада берілген бастапқы мәліметтерді оқып біліп, талдау қажет (1-
қосымша). Бұл жерде, берілген жұмыстың көлеміне және сипатына, сонымен
қатар жобаланатын стансаның техникалық жабдықталуын анықтайтын мәліметтерге
аса үлкен мән беру қажет.
Аралық стансаларды жобалау бойынша негізгі теориялық материалдар және
тәжірибелік нұсқаулықтар, жеке құрылыстар мен құрылғылардың нормалары
оқулықтарда келтірілген.
3 СТАНСАНЫҢ ЖӘНЕ ТАРТЫМ АУДАНЫНЫҢ ТЕХНИКА – ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Берілген бөлімді орындау үшін, студент барлық бастапқы мәліметтермен
және берілген жер жоспарының көлденең пішінімен толық танысуы қажет және
кесте мәліметтері мен сурет бойынша мәтіндік сипаттама беруі керек. Бұл
жерде станса алаңының орналасатын шегінде жер сипаты, стансаға
тоғысулардың, поселкенің орналасатын орнының, жүктерді тасудың негізгі
бағыттарының сипаттамалары, стансаның орындайтын жұмысының сипаты және
көлемі туралы жазылады.
4 АРАЛЫҚ СТАНСАНЫҢ СҰЛБАСЫН ТАҢДАУ
Станса сұлбасын таңдаудағы шешімнің дұрыстығы аралық стансаның
принципті сұлбаларын, олардың қолданылу шарттарын, сонымен қатар жобалауда
аралық стансаларға қойылатын жалпы талаптарды білушілікке байланысты.
Станса сұлбасын таңдауды келесі этаптарға бөлу ұсынылады.
4.1 Аралық стансаның түрін таңдау.
4.2 Жолаушылар ғимараты орналасатын жерді таңдау.
4.3 Жүк ауласының орналасатынын жерін таңдау.
4.4 Үйлесімді нұсқаны таңдау.
4.1 Аралық стансаның түрін таңдау
Аралық стансаның түрі станса алаңының нақты ұзындығына , қабылдау-
жөнелту жолдарының берілген пайдалы ұзындығына lп, стансаға тоғысулардың
пішініне (профиля) және желінің дәрежесіне байланысты анықталады. Аралық
стансаларды көлденең алаңға орналастырады, ал кейбір жағдайларда оларды
1,5‰ құламадан аспайтын еңісте орналастыруға болады. Станса алаңының
ұзындығы тапсырмадан алынады.. Бірақ, берілген станса алаңы толығымен
пайдаланылмайды. Бойлық пішіннің сынған жерлері, еңіс көрсеткіштерімен
белгіленеді, осы шекте бас жолдарда бағыттама бұрмалады орналастыруға
болмайтындықтан, тік қисықтар салынады. Сондықтан станса алаңының нақты
ұзындығы
(1.1)
мұндағы, – тік қисықтардың тангенстері; I дәрежелі желілерге үшін
TТ = 7,5 · ∆ i және II мен III дәрежелі желілер үшін TТ = 5,5 · ∆ i (м).
Мұндағы, ∆ i – шектесетін еңістердің алгебралық айырмашылығы, ‰,
Тік қисықтар тангенстерін есептемегендегі, аралық стансалардың әр
түрлі типтерінің станса алаңдарының минималды қажетті ұзындығы 1.1
кестеде келтірілген.
1.1-кесте
Аралық стансалардың станса алаңдарының минималды қажетті ұзындығы
Желі Станса түрі Стаса алаңның пайдалы
дәрежесі ұзындығындағы станса алаңының
минималды ұзындығы, м
850 1050 1250
I және II созыла орналасқан 2500 2900 3300
I және II жартылай созыла 2000 2200 2400
орналасқан
I және II қатар орналасқан 1450 1650 1850
Станса алаңның қажетті ұзындығын нақты ұзындықпен салыстыра отырып,
аралық стансаның түрі таңдалады. Станса алаңының көрсетілген ұзындықтарын
салыстыру созыла орналасқан түрден басталады. Егер станса алаңының нақты
ұзындығы қажетті ұзындыққа тең немесе одан ұзын болса, станса түрі – созыла
орналасқан болып табылады. Егер де, кестелік түрден кем болса, онда,
жартылай созыла орналасқан түрге арналып, алаңдардың ұзындығы
салыстырылады. Егер, жартылай созыла орналасқан түр үшін ,
онда жартылай созыла орналасқан түрдегі сұлба таңдалады.
1-мысал. Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 1050 м болған
кездегі, ІІ дәрежелі желінің бір жолды теліміндегі аралық стансаның түрін
таңдау. Стансадағы және оған жақындаулардағы бас жолдың бойлық пішіні 1.1-
суретте келтірілген.
1.1-сурет. Станса алаңының және жақындаулардың пішіні
‰
м
‰
м
м
Қабылау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 1050 м болғанда, жолдары
созыла орналасқан сұлба 2900 м алаңды қажет етеді, ал = 2261,5 м,
яғни мұндай станса берілген алаңға сыймайды. Жолдары жартылай cозыла
орналасқан сұлбада = 2200 м, яғни нақты алаңның ұзындығынан кем.
Қорытындылай келгенде, мұндай станса жобалауға алынады. Алаңның нақты
ұзындығы жолдары қатар-қатар орналасқан түрдегі стансаны орналастыруға
мүмкіндік береді. Жаңадан салынып жатқан І және ІІ дәрежелі бір жолды
желідегі аралық стансалар ұзартылған пойыздардың қиылысуын ұйымдастыруды
есепке ала отырып жобалануы керек. Бұл талапты нақты жобалауға алынатын,
жартылай созыла орналасқан станса сұлбасы қанағаттандырады.

Жолаушылар ғимаратының орналасатын орнын таңдау кезінде, жобаға
қойылатын талаптардың, стансада жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуғы
қатысты бөлімін ескеру қажет. Бұл кезде поселкенің орналасқан орны шешуші
фактор болып табылады, ал ол жоқ болған жағдайда, таудың орналасқан жағына
қарайды. Созыла орналасқан бағытта бас жол тассасына қатысты жолаушылар
ғимараты қолайлы жерге және мүмкіндігінше жолаушылар платформасының
ортасына қарама-қарсы орналастырылады. Басқа факторлар жоқ болған жағдайда,
жолаушылар ғимараты негізгі маневрлік жұмыстар атқарылатын және жүк алаңы
тоғысатын алқымға жақын орналастырылады.

Аралық стансада жүк құрылғылары жолаушы ғимараты жағынан да, қарама-
қарсы жағында да орналасуы мүмкін. Бұл тапсырмамен анықталады. Бірақ, жүк
ауласын шығыстан немесе батыстан да орналастыруға болады. Бұл сұрақты шешу
кезінде өткелдің және кірме жолдың орналасатын орнын ескеру керек. Тартым
жолын автомобиль жолымен қиылыстырмаған жөн. Сондықтан, өткелді және тартым
жолды стансаның әр түрлі аудандарында орналастырған дұрыс. Өткелдің
орналасуы жер жоспарында тапсырма бойынша беріледі немесе таңдалады. Бұл
жағдайда стансаға тоғысу пішіні маңызды болып табылады. Әдетте өткел,
стансаның пішін шарттары бойынша пойыздың тоқтауына қолайлы болып келетін
жағына, бірінші бағыттама бұрма мен кіріс бағдаршамының ортасында
орналасады. Өткел орнын таңдағаннан кейін, тартым жолға орын таңдалады. Жүк
ауласы әрдайым тартым жолға тоғысады. Жүк өңдеу көлемі үлкен кірме жол
тоғысатын стансаларда, әдетте кірме жолдың орналасатын орны беріледі. Бұл
жағдайда осындай кірме жол тоғысы мен тартым жолын жүк ауласымен бір
алқымға сыйыстыру тәжірибе жүзінде өте қиын болғандықтан, оларды стансаның
әр түрлі орындарында орналастырады. Бірақ, соңғы шешім жүк ауласын
орналастырудың екі нұсқасын салыстыру нәтижесінде қабылданады. Пойыздардың
жоғары жылдамдықта жүретін желілерінде бас жолдар автомобиль жоларымен әр
түрлі деңгейде қиылысады. Жүк құрылғыларының дамуы енінде де, ұзындығында
да шектелмейді. Станса жолдарының дамуын бұдан ары ұлғайту үшін, жүк
ауласының қою (выставочные) жолдарын қабылдау-жөнелту жолдарынан ені екі
жол арасынан кем емес етіп орналастыру керек, ал электрленген телімдерде
11,8 м кем емес болуы керек.
4.4 Станса сұлбасының үйлесімді нұсқасын таңдау
Станса сұлбаларын салыстыру үшін [1]-де берілген типтік сұлбаларды
қолдануға болады. Станса сұлбасының екі нұсқасын сызғаннан кейін,
қарастырылып отырған сұлбалардың қайсысы тиімді екенін анықтау керек. Бұл,
әр нұсқаның артықшылығы мен кемшілігін есептейтін техника-эксплуатациялық
салыстырудың нәтижесінде анықталады:
- жолаушылар мен станса жұмысшылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлылық
деңгейі;
- автокөліктің ұтымды (рациональное) пайдаланылуы;
- алқымдарда маршруттарды айыру (развязки) мүмкіндігі;
- бастапқы салынған жолдар мен бағыттама бұрмаларды мүмкіндігінше
минималды қайта құрумен, станса жолдарын ары қарай дамыту шарты;
- өткелдің орналасуы;
- жер төсеміне су жібермейтін берік су бұрғыштардың мүмкіндігі.
Осы талаптарға сай станса сұлбасының нұсқасы ары қарайғы жобалануға
қабылдануы керек.
Таңдалған сұлба үшін кірме жолдардың үйлесімді тоғысуы анықталады.
Кірме жолдың тоғысу нүктелерінің ең орындысы келесілер: тартым жолының
жалғасында (тартым жолының кез келген жерінде), сақтандыратын тұйықтың
жалғасында немесе жүк алаңының қосатын жоларына жалғасуы. Егер стансаға
жұмыс көлемі үлкен кірме жол (шахтаға, зауытқа, кендерге және т.б.)
тоғысса, онда қабылдау-беру операциялары үшін қабылдау-жөнелту жолары
қарастырылады. Мұндай жағдайда кірме жол осы жолдарға шыға алуы керек.
Қажетіне қарай басқа да шешімдер қабылауға болады, бірақ олар негізделген
болуы керек.
5 АРАЛЫҚ СТАНСА ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ ӨЛШЕМДЕРІН АНЫҚТАУ

Қабылдау-жөнелту жолдарының саны қозғалыстың сипатына және өлшемдеріне
байланысты анықталады және стансалар мен тораптарды жобалау нұсқауында
ұсынылған мөлшерден (бас жоларды санамағанда) кем болмауы тиіс (1.2-кесте).
1.2-кесте
Қозғалыстың сипатына және өлшемдеріне байланысты қабылау-жөнелту
жоларының санын анықтау
Бір жолды желі Екі жолды желі
12 жұпқа дейін Пойыздар 13-тен 2424 жұп пойыздан -
пойыздардың жұпқа дейін жоғары
қозғалысы кезінде
2 жол 2 жол 2-3 жол 2-3 жол
Егер станса тіректі болса немесе стансаның жүк өңдеу көлемі үлкен
кірме жолар тоғысы бар болса немесе жолаушы пойыздарын көп өткізсе (қала
маңына қатынайтын пойыздар), онда бұл жағдайда кесте мәндеріне тағы 1 - 2
жол қосылады. Аралық стансаға кірме жол вагондар маршрутпен қабылданып және
жіберілетін шартта тоғысқан кезде, қосымша тағы 1 – 2 жол қосылады.
1.3-кесте
Жолдардың пайдалы ұзындығының ведомості
Жолардың Жолардың шегі
нөмірлері мен Жолардың ұзындығы,
тағайындалуы м
ординатадан Ординатаға дейін
Жүк қозғалысы үшін қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы
пайдаланылуының оныншы жылында байланыстағы бағыттарда пайдалы ұзындықты
үйлестіруді (унификации) есепке ала отырып, пойыз ұзындығына сәйкес
анықталады және 1250, 1050 және 850 м тең болуы керек. Сонымен қатар І және
ІІ дәрежелі жаңа желілерде жолдардың пайдалы ұзындығы 1050 м кем болмауы
тиіс, ал ІІІ және ІV дәрежелі желілерде – 850 м кем емес. Жолдардың басқа
да пайдалы ұзындықтарын қолдану (соның ішінде барлық жолдарға немесе бір
жарым немесе екі еселенген пайдалы ұзындықты жолдарға), техника –
экономикалық негізделген жағдайда немесе тапсырмамен бекітілген болса ғана
мүмкін болады.
Маневрлік жұмысты орындау үшін бір тартым жолы қарастырылады, оның
ұзындығы құрама пойыздың ұзындығының жартысынан кем болмауы тиіс немесе
қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығының жартысындай болуы керек.
Вагондарды жүк фронттарына қою үшін тиеу – түсіру жолын қарастыру
қажет, оның ұзындығы пойыз ұзындығына байланысты қабыланады.
Қажетті маневрлік жұмыстардың орындалатындығын есепке ала отырып, жүк
фронттарынан вагондарды ауыстыру үшін қою жолы (выставочный путь)
қарастырылады, бұл жолдың ұзындығы тиеу-түсіру жолының ұзындығына
байланысты.
Жеке вагондардың пойыздардың жүріс маршрутына шығып кетуін болдырмас
үшін, ұзындығы 50 метрден кем емес сақтандыратын тұйық қарастырылуы қажет.
Жолардың пайдалы ұзындығы шектеледі:
- өтпелі жолар үшін – шектік бағаналармен; шектік бағанамен және
сигналмен; кәсекті рельстің түйіскен жерімен (стыком рамного рельса) және
шектік бағанамен;
- тұйықталған жолдар үшін – шектік бағанамен немесе сигналмен және
балластты призма төсемінің басталатын жерімен.
Қабылдау-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығын барлық жағдайда шығыс
сигналынан немесе оның алдағы уақытта орналасатын жерінен, крестовинаның
бүйіржағы мен оқшаулаушы түйістің арасында рельстердің орналасуына сәйкес
орнатылатын шектік бағанаға дейін анықтау қажет. Қабылдау-жөнелту
жолдарының пайдалы ұзындығы едәуір дәрежеде құрылысшы ұйымдармен жоба
талаптарының сақталғандығына және жобалау үрдісінде оқшаулаушы түйістердің
(изолирующих стыков) дұрыс орнатылғандығына байланысты.
Жаңа темір жолдарды жобалағанда жолдың үстіңгі құрылысының құрылымын,
олардың жұмыс шарттарын пайдаланылуының бесінші жылына есептей отырып,
Темір жол стансалары мен тораптарын жобалау нормалары бойынша анықтау
қажет. Жолдың үстіңгі құрылысының құрылымы 1.4-кестеде келтірілген.
1.4-кесте
Жолдың үстіңгі құрылысының құрылымы
Жолдардың аталуы Рельс Шпал Шпал 1 км Құм, Қиыршықтас, м3
типтері типтері түрлері жолға м3
кететін
шпал
саны
Бас жол Р65 Т\б I А 1840 0,2 0,35
Қабылдау-жөнелту Р50 ағаш II А 1640 0,25 -
жолдары
Басқа да жолдар Р50 ағаш III А 1440 0,25 -
Жолға ұзындығы 25 м рельстерді салу керек. Қисықтарға ұзындығы 24,92
және 24,85 м болатын қысқартылған рельстер қолданылады.
Бағыттама бұрмалар және тұтас қиылысулар бекітілген эпюрлерге және де,
ереже бойынша, жолға салынған рельс типіне сәйкес болуы тиіс.
Бағыттама бұрмалардың крестовиналарының маркалары желідегі пойыздардың
қозғалыс жыламдығына байланысты.
Егер пойыз қозғалысының максималды жыламдығы 120 кмсағ аспаған
жағдайда, жолаушы пойыздарын бас жолдан қаптал жолға ауыстыратын бағыттама
бұрмалардың крестовинасының маркасы 111 болуы керек, ауысудың тек тік
бағыты бойынша жолаушы пойыздары өтетін бағыттама бұрмалардың
крестовинасының маркасы 19 болуы мүмкін. Диспетчерлік съездердің (бас
жолар арасындағы съездер) бағыттама бұрмаларының крестовинасының маркасы
111 болуы керек.
Егер бас жолар бойынша пойыз қозғалысының максималды жылдамдығы 160
кмсағ болып белгіленген болса, онда бас жолдарда орналасқан бағыттама
бұрмалардың құрылымы күшейтілген және крестовинасының маркасы 111 болуы
керек.
Жүк қозғалысының қабылау-жөнелту жоларында крестовинасының маркасы 19-
дан күшті емес бағыттама бұрмалар салынады.
Бағыттама бұрмаларды толық өлшемді кәсекті рельстермен төсеу керек
(ұштаманың басынан кәсекті рельстің түйісіне дейін).

Жолушы құрылғыларына жолаушы ғимараты, жолаушы платформасы, перрондық
құрылғылар және өтпе жолдар, вокзал маңындағы алаңдар жатады. Жолаушылар
ғимараттарын және басқа іргелі ғимраттар мен құрылыстарды жақын жатқан бас
жол өсінен 20 м кем емес арақашықтықта орналастыру керек, ал жолаушы
пойыздарының жоғары жыламдықты қозғалысында – 25 м кем емес болуы керек.
Типтік вокзалдардың негізгі өлшемдері 1.5-кестеде келтірілген.
1.5-кесте
Типтік вокзалдардың негізгі өлшемдері
Есептік сыйымдылығы Өлшемдері, м
(адам)
ұзындығы ені
25 18 6
50 18 12
100 42 12
Вокзал маңы алаңы 0,5 га-дан кем болмауы керек. Жолаушылар ғимаратының
алдыңғы жағын бойлай (вокзал маңы алаңы жағынан) ені 2,25 м кем емес
жаяужол салу қажет. Жобада жолаушылар платформасының ұзындығын болашақта
600 м ұзартылатынын ескере отырып, 500 м болып қабылданады.
Жоғары жылдамдықты желілерде, сонымен қатар қала маңына қатынайтын
маторвагонды жылжымалы құрамның айналысында платформаларды рельс басының
үстіңгі деңгейінен 1100 мм асыра биіктетіп орналастырады. Қалған барлық
жағдайларда рельстің басынан биіктігі 200 мм болатын аласа платформалар
жобаланады.
Негізгі және аралық аласа платформалар рельс басының үстіңгі
деңгейіндегі биіктікте өтпе жолдармен қосылуы керек, ал биік платформалар
рельс басымен бір деңгейінде немесе әр түрлі деңгейде қосылуы тиіс.
Жолаушылардың платформадан халық орналасқан пунктке өтуін пойыз
қозғалысының көлемі үлкен жолдар бөліп тұрғанда, сонымен қатар жолаушы
пойыздары қозғалысының 120 кмсағ жоғары жылдамдықтары қарастырылған
желілерде әр түрлі деңгейдегі өтпе жолдар қарастыру қажет.
Негізгі және аралық платформаларды рельс деңгейінде қосатын өтпе
жолдарды енін 3 м кем емес өлшемде, платформаның әр 100 м ұзындығында
жобалау қажет.
Жаяу жүргіншілер көпірлерінің енін 2,25 м кем емес, көпірден түсу енін
2 м кем емес етіп қабылдау керек.
Биік платформаларда әр түрлі деңгейдегі өтпелер жоқ болса, сыртқы
өтпелерді жобалау керек. Өтпелердің ені 2,5 м кем болмауы керек. .
Жолаушылар құрылғыларының орналасуы 1.2-суретте көрсетілген.
1.2 сурет. Аралық стансада жолаушы құрылғыларын орналастыру сұлбасы:
1 – жолаушылар ғимараты, 2 – көмекші жайлар блогы, 3 – су қоймасы
ғимараты, 4 – негізгі жолаушы платформасы, 5 – аралық жолаушы платформасы.
5.3 Жүк құрылғылары
Жүктің сипаты және саны жобада қарастырылмағандықтан, жүк
операцияларын орындау үшін жалпы пайдалану орындарында жабық қоймадан және
жалпы ұзындығы 30 м болатын платформадан тұратын құрама типтік секция
құрылысы қарастырылады. (Нұсқау 731-б.).
Жабық қойма мен жабық платформаның ені 18 м, темір жол жолы жағынан
рампа ені – 3,0 м, автокөлік кіретін жағынан – 15 м.
Тиеу және түсіру орындары қоршалған, өрт сөндіру құралдарымен,
байланыспен, жарықпен, субұрғыш құрылыстармен жабдықталған болуы керек.
Жүк ауласы территориясына өткел жағынан, жүк ауласын автомобиль
жолымен қосатын, жүретін бөлігінің ені 8 м болатын, автокөліктің келуіне
арналған асфальтталған жол тоғысады.
Үздіксіздікті және тіркемелері бар автомобильдердің бөгетсіз
қозғалысын, олардың бұрылуын және оларды көршілес фронттардағы тиеу-
түсіруді бұзбай жұмыс орындарына беруді қамтамасыз ету үшін, қоймалардан
есептегенде ені 20 м болатын тұйықталған өтпе және автомобиль көлігінің
бұрылуына арналған сыртқы радиусы 15 м болатын сақиналы түрдегі алаң
қарастырылған.
Тіректі емес аралық стансалардың жүк құрылғыларын жобалауда, жүк
қоймаларының жанындағы жолдардың минималды пайдалы ұзындығын анықтау қажет.
Ол 1.3-суретте келтірілген сұлбаға байланысты анықталады.
1.3-сурет. Тіректі емес аралық стансада жүк құрылғыларын орналастыру
сұлбалары:
1 – жабық қойма; 2 – жабық платформа; 3, 4 – биік және аласа ашық
платформа.
1.3-ші а) суреттегі 6-тиеу – түсіру жолының пайдалы ұзындығы, 1.3-ші
б) суреттегі 6 және 6а жолдарының пайдалы ұзындығынан алынады және мына
формула бойынша анықталады:
, (1.2)
, (1.3)
мұндағы, Х – өтпе ұзындығы;
Т – қисықтың тангенсі;
25 – ауыр салмақты вагонның базасын орналастыру ұзындығы;
– бұрманың центрінен шектік бағанаға дейінгі арақашықтық;
– қойма ұзындығы.
Сұлба а), қоймалардың ұзындығы үлкен болғанда қоланылады; яғни
100м болғанда, ал б) сұлбасы қойманың ұзындығы қысқа болғанда
қолданылады, яғни 100 м болғанда.
Рампа ені темір жол жолы жағынан 3 м тең, автомобиль көлігі жағынан -
1,5м, бұл механикаландыру құралының маневлігін қамтамасыз етеді.
5.4 Басқа да құрылғылар
Аралық стансада басқа да құрылыстар мен құрылғыларға жататындар:
- стансалардағы бағыттама посттары, бағыттамаларының
орталықтандырылуымен жабдықталмаған және орталықтандырылған постары;
- станса кезекшісінің көршілес жеке пункттермен, пойыз диспетчерімен
және басқа объектілермен байланыс құрылғылары;
- электр стансалары;
- ауыз сумен және техникалық қажеттілікке жаратылатын сумен жабдықтау
құрылғылары;
- тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық ғимараттар, емханалар, ауруханалар;
- барлық ғимараттарды, станса территорияларын жарықтандыру
құрылғылары;
- ереже бойынша, стансаның жол дамуы шегінен тыс, автомобиль
жолдарымен әр түрлі деңгейде және бір деңгейде тоғысулары;
- электрлендіру құрылғылары – электрлендірілген жолдардағы байланыс
желісі.
6 ЖЕР ТӨСЕМІНІҢ КӨЛДЕНЕҢ ЖӘНЕ ҰЗЫНА БОЙҒЫ КЕСКІНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
6.1 Жер төсемінің бойлық пішіні
Бойлық пішін жаңа салынып жатқан құрылыстарды және құрылғыларды тиімді
орналастыру үшін және жер жұмыстарының көлемін анықтау үшін қажет.
Ол 1:10000 масштабта көленең арақашықтықтар үшін және 1:200 масштабта
тік арақашықтықтар үшін сызылады және тор сызықтан және графикалық бөлімнен
тұрады.
Бас жолдың бойлық пішіні миллиметрлік қағазға (биіктігі 30 см,
ұзындығы стансаға жақындаулар мен станса ұзындығына байланысты) сызылады.
Пішін станса алаңы және оған берілген жақындаулар шегінде, Х өсі деп
қабыланған бас жол өсі бойынша құралады.
А стансасының бойлық пішіні 1.4-суретте көрсетілген.
Жолдың кең түрдегі
жоспары
Инженерлік-геология
лық сипаттамасы
ЖобаКөлденең
лық пішіннің типі
мәлі
мет
тер
Жер төсемінің
үстіңгі
жиегінің
белгіленулері,
м
НақтЖердің
ымәлбелгіленуі, м
імет
тер
Арақашықтық, м
Жоспардағы түзулер
және қисықтар
пикетажы
Километрлерді
көрсеткіштер
10
65
75
1.4-сурет. Аралық А стансасының бойлық
пішіні
Стансалық алаңның бойлық пішіні келесі ретпен құралады:
1. Бойлық пішіннің торларының километрлер және пикеттер бағандары
толтырылады. Әрбір 100 м сайын (1см масштабта) пикеттер белгіленеді және
пикет нөмірлері қойылады. Әрбір 10 пикеттен кейін километрлік белгілер
түсіріледі және олардың мағынасы жазылады.
2. Қисықтардың элементтері көрсетіліп, бас жолдың жоспары түсіріледі;
3. Әрбір пикет үшін Жердің белгіленулері бағаны толтырылады. Жердің
белгіленулерін горизонтальдардың көмегімен анықтайды (1.5-сурет). Жердің
белгіленулері пикеттерде және плюстік нүктелерде (пикеттердің арасындағыға
тән), 0,01 м дейінгі дәлдікте горизонтальдар арасында интерполяция жолымен
орнатылады. Бір мезгілде Арақашықтық бағаны толтырылады, онда тән
нүктелерінен жақын пикеттерге дейінгі арақашықтық көрсетіледі.
1.5-сурет. Жердің белгіленулерін анықтауға арналған сұлба
1. Пикет арқылы (ПК1) 20 және 21 көршілес горизонтальдар арасында АБ
перпендикуляры жүргізіледі, оның ұзындығы l (мм) өлшенеді.
2. Перпендикуляр бойымен горизонтальдың біреуіне дейінгі арақашықтық
l1 (мм) өлшенеді.
3. Горизонтальдардың белгіленулеріндегі айырмашылықты анықтайды h
(мұнда h=1 м).
4. Пропорция құрастырады: , , мұндағы Х – таңдап
алынған горизонтальдың (20 м) үстіндегі берілген нүктенің жоғарылауы
(немесе төмендеуі).
5. Горизонтальдың белгіленуіне Х қосады (немесе алады). Бұл берілген
нүктедегі жердің белгіленуі болып табылады (ПК1).
Мысал. Жердің белгіленуін анықтау керек: l = 35 мм, l1 = 18 мм, h = 1
м. Х жоғарылатылған болады. Онда ПК1-дегі жердің белгіленуі hпк1= 20,00 +
0,51 = 20,51 м.
4. Жобалық еңістер бағаны толтырылады. Онда бірінші, еңіс
көрсеткіштерінің орындары анықталады және оларға сәйкес пішін сызылады.
5. Жер төсемінің үстіңгі жиегінің белгіленулері бағанында белгілеуді
бірінші еңіс көрсеткіштен бастап қояды. Қалған барлық белгілер жобалық
еңіске және бірінші еңіс көрсеткішінің белгіленуіне байланысты. Көршілес
пикеттер үшін жобалық белгіленулердің айырмасын білу үшін пропорция
құрастырылады. Мысалы, егер өрлеу 1,2 ‰ болса, онда
, ,
Сәйкесінше, екі пикеттің арасындағы жобалық белгіленулердің айырмасы
0,12 м құрайды.
6. Жолдың кең түрдегі жоспары бағанына станса жолдарының дамуы,
жолаушылар ғимараты өсінің орналасатын жері, өткелдің, жасанды
құрылыстардың және т.б. орналасатын жерлері түсіріледі. Станса шектері
пикеттер бойынша нақты ұсталынуы керек. Бойлық пішінді сызу ыңғайлы болу
үшін шартты есептеу нөлі енгізіледі. Шартты есептеу нөлі белгісін
таңдау үшін, жердің белгіленулері мен жер төсемінің үстіңгі жиегінің
жобалық белгіленулері бір-бірімен өзара салыстырылады. Олардың ішіндегі ең
азы таңдалады, 2-3 м кемітіледі, осы, шартты есептеу нөлі белгісі болады.
Есептеулерге ыңғайлы болу үшін, бұл санды бүтінге дейін дөңгелектейді.
Жердің сызығын салу үшін, әр пикет бойынша жердің белгіленулерінен шартты
есептеу нөлі белгісін шегеріп тастайды. Масштаб 1:200 болғандықтан,
сантиметрде алынған сан 2-ге бөлінеді, және де пішін торының ең жоғарғы
горизотальды сызығынан бөлініп қалдырылып отырады. Шыққан көршілес
нүктелерді бір-бірімен түзулермен біріктіреді. Жер төсемінің бойлық
пішінінің сызығы осыған ұқсас салынады. Содан кейін жердің белгіленулері
(қарамен) мен жобалық белгілеулердің (қызылмен) арасындағы айырмашылықты
табады. Бұл жұмыс белгілері болады. Олар үймелердің биіктігін (пішін
сызығының үстіндегі сандар) және ойықтардың тереңдігін (пішін сызығының
астындағы сандар) көрсетеді. Пішін сызығында өткелдердің, жеке бекеттердің
және жасанды құрылыстардың өстері белгіленеді. Жобалық сызық, жобалық
сызықтың сынған нүктесінен ординаталар сызықтары, жоспардағы түзулер және
қисықтар, жолдың кең түрдегі жоспары тұтас қалың негізгі сызықпен
орындалады.
1.6-кесте
Жер төсемінің бойлық пішіні торларының бағандары
Жолдың кең түрдегі жоспары
Инженерлік-геологиялық
сипаттамасы
Көлденең пішіннің типі
Жобалық белгілеулер (қызыл)
Жобалық еңістер
Жердің белгіленулері (қара)
Пикетаж
Сызық жоспары
Километрлер
6.2 Жер төсемінің көлденең пішіні
Жер төсемінің көлденең пішіні, оқытушы көрсеткен бір немесе бірнеше
қималар үшін өңделеді. Көлденең пішін 1:200 масштабта миллиметрлік қағазға
сызылады. Қағаз бетінің биіктігі 30 см, ұзындығы сол қимаға кіретін жолдар
санына және жоларасы еніне байланысты. Сонымен қатар, бұл ұзындыққа
субұрғыштар да кіреді. Көлденең қиманы шектейтін нүктелерді шеткі жолар
өсінен 15 метрден кем емес аралықта қарастыру ұсынылады. Көлденең қиманы
орындау үлгісі 1.6-суретте көрсетілген.
Жобалық Белгі, м
мәліметте
р
Арақашықтық, м
Нақты Жердің белгіленуі,
мәліметтем
р
Арақашықтық, м
1.6-сурет. Пикеттің көлденең пішіні
Жер төсемінің көлденең пішіндері бір құламалы және екі құламалы болып
істеледі. Бір құламалылары негізінен, бас жол құмды балластта салынатын
болса және аралық платформа жоқ болған жағдайда, бір жолды желідегі
жолдарының саны көп емес аралық стансаларда қолданылады. Екі құламалы
пішінде үстіңгі қабаттың еңісі бас жолдардың жоларасы өсінен екі жағына
жасалады, ал бір жолды желіде – бас жолдың және болжамдағы екінші жолдың
жоларасы өсінен жасалады. Бір құламалы көлденеңнің үстіңгі қабатының еңісі
жолаушы ғимаратынан түз (в полевую) жағына қарай бағытталған.
Стансаның шеткі жолдарының өсінен жер төсемінің жиегіне дейінгі
арақашықтық, бір жолды желілі жолдың түзу телімдеріндегі жер төсемі енінің
жартысынан кем болмауы тиіс (1.7-кесте).
1.7-кесте
Жер төсемінің ені
Темір жол Жер төсемінің топырақ қолданғандағы ені, м
желісінің санаты
Сазды және су өткізбейтін Ірі сынықты тасты және су
құмдарды (ұсақ және шаң өткізгіш құмды
тәріздес)
I 7,0 6,0
II 6,5 5,8
III 6,0 5,2
IV 5,5 5,0
Тартым жолдары үшін жер төсемінің жиегіне дейінгі арақашықтық
желілердің барлық санатына 3,25 м кем емес алынады. Жер төсемі үстінің
еңісі 0,01 – 0,02 шегінде алынуы мүмкін.
Көлденең пішінді тұрғызу реті келесідей. Миллиметрлік қағазға тор
сызылады (1.8-кесте).
1.8-кесте
Жер төсемінің көленең пішінінің тор бағандары
Жобалық мәліметтер Белгілеу, м
Арақашықтық, м
Нақты мәліметтер Жердің белгіленуі, м
Арақашықтық, м
Көлденең пішінді орындау кезінде көзқарас бағыты километрдің өсу
жағына қарай алынады. Жоларасының арақашықтықтары, жолдардың нөмірлері және
өстері белгіленеді. 1.7-кестеде көрсетілген - жер төсемінің жиектері
бойынша, соңғы жолдар өсінен екі жағына жарты арақашықтықтан қалдырылады.
1.6 суретте 9-жолдың өсінен 3,25 метр қалдырылған, себебі 9-жол тартым
жолы. Содан кейін, жердің белгіленулері бойлық пішінге ұқсас анықталады.
Шартты есептеу нөлі таңдалып, жер сызығы салынады. Содан кейін, I и II
жолдардың арасындағы жоларасын екіге бөледі де, жоларасы өсін – ақпалы
призманың ұшын алады. Белгіні анықтау үшін, берілген қимадағы бойлық
пішіннен жер төсемі жиегінің жобалық белгіленуін таңдау қажет. Бойлық
пішіннен жобалық белгілеу плюс 0,15м (бір жолды желілер үшін) немесе плюс
0,20 м (екі жолды желілер үшін). 1.4-сурет бойынша ақпалы призманың ұшының
жобалық белгіленуі 15,82 + 0,20 = 16,02 м болады. Екі құламалының пішіні
және көлденең пішіннің типі – ойық болғандықтан, жер төсемінің еңісі 0,02
болып алынады. Жобалық белгілеулер барлық жолар үшін анықталады. Ол үшін
пропорция құрастырылады:
м
Демек, І және ІІ жолдардың өстерінің жобалық белгіленуі ақпалы
призманың ұшының белгіленуінен 0,053 м кем болады және 15,96 м құрайды.
Қалған жолдардың белгіленуі де осылайша анықталады. Содан кейін, жер
төсемінің сызығын оның жиегіне дейін сызады. Егер ойықтың көлденең пішіні
тұрғызылса, онда екі жағынан құламасының тіктігі 1:1,5, тереңдігі 0,6 м
болатын жыралар сызылады. Егер үйменің көлденең пішіні тұрғызылса, оның
жиегінің екі жағынан тіктігі 1:1,5 құлама жасалады, содан кейін, берма үшін
3 метрден қалдырады.
Егер телім бір жолды болса, онда болашақтағы екінші жолдың салынатын
жағынан берма 4,1 метрге ұлғайтылады. Сонан соң құламасының тіктігі 1:1,5
резерв сызылады. Кей нұсқаларда жартылай үйме - жартылай ойық пішін болуы
мүмкін.
Көлденең пішінді сызғаннан кейін, Х өсі деп алынған бас жолдың
пикетпен байланысы жасалады. [1]-ге сәйкес жол өстерінде рельс басының
үстіңгі жағының (РБҮ) белгіленуі көрсетілуі керек. Рельс басының үстіңгі
жағының белгіленуін, тек Х өсі деп алынған бас жол үшін ғана анықтауға
болады. Бұл келесі түрде орындалады. Егер бас жолдар қалыңдығы 1.9-кестеде
келтірілген ұсақ тасты немесе талшықтасты (асбест) балластқа салынған
болса, онда бас жолдардың астына жер төсемінің үстінен биіктігі 20 см құмды
төсем салынады.
1.9-кесте
Балласт қабатының сипаттамасы
Шпал типі Желі санатына байланысты бас жолдардағы балласт
қабатының қалыңдығы hб, см,
І ІІ ІІІ
Ағаш 30 25 25
Темір-бетон 35 30 25
1.6-суретте ІІ санатты желіге арналған көленең пішіннің үлгісі
көрсетілген, бас жолдар темір-бетонды шпалдарда орналасқан. Сондықтан бас
жолдардың астындағы ұсақ тасты балласттың қалыңдығы hб = 30 см, ал құмды
төсемнің қалыңдығы 20 см тең. Ұсақ тасты балластқа шпалар салынады.
Шпалдардың биіктігін қабылауға болады: ағаш – 0,12 м, темір-бетонды – 0,19
м. Рельтердің биіктігі қабыланады: Р65 үшін h=0,18 м, ал Р50 үшін h=0.152
м.
Рельс басының үстін анықтаймыз. Ол үшін жер төсемінің жобалық
белгісіне, І-жолға арналған балласт қабатының қалыңдығын, шпалдарды,
төсемдерді және рельс биіктігін қосу керек. Мысалы, РБҮІ = 15,96 + (0,20+
0,30) + 0,19 + 0,01+0,18 = 16, 84 м.
Алынған РБҮ белгісін І-жолдың өсі бойынша жазады. Көленең пішінді
айналдыра қоршағанда жобалық контурлар және жобалық контурлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz