Машина – трактор паркінің құрамын негіздеу және пайдалануды жоспарлау


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

  1. Шаруашылықтың өндірістік техникалық сипаттамасы . . . Шаруашылық бойынша жалпы мәліметтер . . . Шаруашылықтың топырақ - климаттық жағайы . . . Өндірістік әрекетінің сипаттамасы . . . Шаруашылықтың тауарлық өнімі мен өзіндік құнына талдау жасау және оны кестеге толтыру . . . Шаруашылықтың (бөлімнің) материалдық - техникалық базасы және оны пайдалану . . . Шаруашылықтың жөндеу базасы . . . Шаруашылықтағы машина - тракторларға жөндеу - қызмет көрсету орны . . . Сақтауды ұйымдастыру . . .
  2. Бөлімшенің материалдық техникалық базасын пайдалануды жоспарлау және оны белгілі бір қалыпқа келтіру . . . Бөлімшеде еңбекті ұйымдастыру және МТП құрамын негіздеу тәсілін талдау . . . Ауылшаруашылық дақылдарын индустриалды және қарқынды технологиялармен өсіру картасын дайындау . . . Ауыл шаруашылық дақылын өсіру және жинау технологиялық картасын құрастыру . . . Механикаландырылған дала жұмыстарын орындаудың сызықтық кестесі мен күнтізбелік жоспарын жасау . . . Ауыл шаруашылық машиналарының қажет санын есептеу . . . Бөлімшенің (бригаданың) дала жұмыстары үшін жанар - жағар майға майлау материалдарына қажеттілігін есептеу . . .
  3. Жобаның техника - экономикалық бағасы . . . Машина - трактор паркін пайдалану көрсеткіштерінің талдауы және есептеуі . . . Техникалық жабдықтандыру деңгейі көрсеткіштері . . . Машинаны пайдалану көрсеткіштері . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыруды дамытумен байланысты нақты инженерлік есептерді ерікті шешудің практикалық дағдыларын және әдістемесін үйрену мақсаты үшін, біз осы уақытқа дейін алған білімдеріміз бен практикада толықтырған мәліметтерге сүйене отырп курстық жобаны орындаймыз.

Бұл курстық жобалау оқу барысында алған білімдерді тереңдетуге, бекітуге мүмкіндік береді. Жобалауды орындау кезінде біз шаруашылық мекемесі мен оның бөлімшелерінің техникалық сипатын зерттеу және талдау ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы, машина - трактор паркінің құрамы және пайдалану кезінде механикаландырылған жұмыстардың жылдық көлемін анықтау; машина - трактор паркін пайдалану жоспарын дайындау; оның құрамын және механизаторларға қажеттілігін негіздеу; машина - трактор паркін пайдаланудың техникалық қамтамасыз етілуін шешу және техника - экономикалық баға беруі керек.

Курстық жобаны ауыл шаруашылық өндірісі мен оның бөлімшнлнрінің ерекшеліктері мен нақты жағдайларды ескере отырып, шаруашылық жүргізумен шаруашыдық үрдістерді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістері мен технологиялары бүгінгі күн техникаларын пайдалану негізінде орындалады.

Жобалаудың бірінші бөлімінде біз практикада болған ауыл шаруашылығына негізделеді. Шаруашылықтың соңғы үш көлеміндегі өндірілген өнімдеріне, түсім сапасына, ауыл шаруашылық жағдайына, машина - трактор паркі құрамына, шаруашылықта қызмет жасайтын жұмыскерлердің санына және олардың тәжірибелеріне жобаланады. Бұл мәліметтердің барлығын өндірістік практикада болған шаруашылықтың жылдық жоспарларынан алуға болады. Сонымен қатар біз ауыл шаруашылығының климаттық орналасуын, топырақ жағдайына қысқаша тоқтала кетеміз. Біздің жобалайтын жұмыстың бірінші бөліміне Оксановка шаруашылығына негізделеді.

Ал, жобалаудың екінші бөліміне шаруашылықтағы технологиялық карталар және ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру және жинау аймақтық типтік карталар, өндіру нормалары, жанар май жұмсау, тұқым, тыңайтқыш енгізу нормалары, тасымалдау арақашықтығы және тағыда басқа ауылшаруашылық өндірісіне байланысты керекті тапсырмалар негізделеді. Соныменен біздің орындайтын курстық жобамызды тек ауыл шаруашылығындағы өндірістік мекемелерге немесе серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына арналады десек қателеспейміз.

1. Шаруашылықтың өндірістік техникалық сипаттамасы.

1. 1. Шаруашылық бойынша жалпы мәліметтер.

Агрофирма АҚ «Актык» шаруашылығы 1980 жылы Қамзебаев Марат Есенжолұлы басшылығымен ұйымдастырылған. Ол Целиноград ауданының Ақмола облысы, Воздвиженка ауылында орналасқан. Шаруашылық жұмысының негiзгi түрi астық өндiрiсi болып табылады. Шаруашылық жеке меншiк түрi - жеке.

Шаруашылықтың жер ауданы 37155 гектар, осы жер көлемінің 28812 гектарын егін егетін жер аумағы алып жатыр. 2014 жылы Қажымұқан ауылында дәнді дақылдарды сақтау үшін элеватор салынды. Оның сыйымдылығы 20 мың тонна. Шаруашылық үш ауылдың халқын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Шаруашылықтың аумағында жол желiсi елдi мекендердiң арасындағы барлық жүктер мен байланыстары, көлiк тасымалдауы асфальтты және топырақ жамылғымен. қамтамасыз етілген.

1. 2. Шаруашылықтың топырақ - климаттық жағайы.

Шаруашылықтың жер пайдалануы далалық аймаққа жатады және облыстың екiншi агроклиматикалық ауданына кiредi.

Климаты шамалы - континенттiк жоғары температуралық құбылыммен, ауа райы жаздыкүнi ыстық және қыстыгүнi суық. Ауа райына келсек көктемгі мезгіл жауын - шашынды, жазы ыстық, бірақ жел көп болады, сондықтан жел эррозиясы қаупі бар. Жылына жауын-шашын орташа 450 - 500 мм түседi. Күзгі мезгіл құбылмалы әрі қысқа келеді. Қысы ұзақ, суық - ызғарлы, боранды болады. Жазғы мезгілде температура көрсеткіші +30 +40 градус ыстық, ал қысқы мезгілде - 35 - 40 градусқа дейін суытады. Жолсыз кезеңдi ұзақтығы 120 - 134 күн. Қар қалыңдығы 20 - 50 см. Ауа райы жайлы айтып өткендей қорытындыласақ Оксановка елді - мекенінің ауа райы құбылмалы болып келеді.

Топырақ жағдайы жайлы айтатын болсақ, топырағы әртүрлі болып келеді, бір жерлерде қара топырақ болса, енді бір жерлерде саз балшықты сортаң топырақтарда кездеседі

1. 3. Өндірістік әрекетінің сипаттамасы.

Агрофирма АҚ «Актык» егін шаруашылығын ең басты бағытқа қойған, сондықтан бұл шаруашылық егін шаруашылығының өнім көлемін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шаруашылық болып табылады. Астық дақылдарының ішінде қолға алғандары бидай егу мен арпа, сұлы өсіру. Осыған байланысты Агрофирма АҚ «Актык» - тың жер құрылымын 1. 1 - кестеге жазып көрсетемін

1. 1 - кесте. Ауылшаруашылық жерлерінің құрылымы.

Көрсеткіштер
Жылдар
2013 ж
2014 ж
2015 ж
га
%
га
%
га
%
Көрсеткіштер: Ауылшаруашылық жер ауданы, барлығы:
Жылдар: 37155
100
37155
100
37155
100
Көрсеткіштер: Жыртылған жер
Жылдар: 28812
77, 54
28812
77, 54
28812
88
Көрсеткіштер: Бір жылдық шөп
Жылдар: 3980
14, 9
3000
8, 07
3000
1, 9
Көрсеткіштер: Шабындық жерлер
Жылдар: 1716
4, 6
1716
4, 6
1716
8
Көрсеткіштер:

Жыртылған жер ауданы

Барлығы:

Жылдар: 28812
100
28812
100
28812
100
Көрсеткіштер: Сүдігер
Жылдар: 4000
13, 8
4000
13, 8
4000
13, 8
Көрсеткіштер: Егістік ауданы, барлығы:
Жылдар: 26717
100
24440
100
24390
100
Көрсеткіштер: Бидай себетін жер
Жылдар: 20100
75, 2
20150
82, 4
20150
82, 6
Көрсеткіштер: Арпа себетін жер
Жылдар: 1800
6, 7
1800
7, 4
1800
7, 4
Көрсеткіштер: Сұлы себетін жер
Жылдар: 338
1, 26
380
1, 6
338
1, 4
Көрсеткіштер: Сүдігер
Жылдар: 4000
14, 9
4000
12, 7
4000
16, 4

1. 1 - кестені қорытындыласақ шаруашылықтың алға қойған негізгі бағыты егін шаруашылығы екенін байқауға болады. Егерде жыртылған жерді 100 пайыз деп алсақ, оның ішінде бидай 82 пайызын, арпа 7, 4 пайызын, сұлы 1, 4 пайызын, сүдігер жер 13, 8 пайызын алып жатыр. Осы мәліметтерге қарасақ сүдігер жер 13, 8 пайызды аумақта жыртылғанын байқадық, ғылыми зерттеулерге сүйене отырсақ негізінде сүдігер жер көлемі 20 пайыз болуы керек, ал бұл шаруашылықта сүдігер жер көлемі аз болып отыр. Осы себептен сүдігер жер көлемі аз болып, егінді көп сепкен, егінді көп себудің арқасында техникалардың құрамын жақсартты.

1. 4. Шаруашылықтың тауарлық өнімі мен өзіндік құнына талдау жасау және оны кестеге толтыру.

Жоғарыда талдаған мәліметке сүйкене отырып келесі кестені, нақтырақ айтсақ шаруашылықтың тауарлық өнім құрылымын есептейміз. Есептеуден шыққан мәліметтерді 1. 2 - кестеге толтырамыз.

1. 2 - кесте. Шаруашылықтың тауарлық өнім құрылымы.

Өнім түрлері
Түскен пайда
2012
2013
2014
млн. тг
%
млн. тг
%
млн. тг
%
Өнім түрлері: Егін шаруашылығы бойынша барлығы
Түскен пайда: 40, 442
100
59, 851
100
82, 566
100

. 2 - кестеге толтырылған көрсеткіштерге қарап тауарлық өнім құрылымына талдау жасасақ жыл сайын егін шаруашылығы бойынша оның ішінде (бидай, арпа, сұлы ) тауарлық өнімі өсіп отырғанын байқаймыз. Жыл сайынғы түсімнің өсіп отыруы шаруашылықтың жақсы өнім алумен және тұқым сатуымен тығыз байланысты.

1. 3 - кесте. Ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі.

Өнім түрлері
Жылдар
2012 ж
2013 ж
2014 ж
Өнім түрлері: Бидай, ц/га
Жылдар: 11, 5
12, 8
9
Өнім түрлері: Арпа, ц/га
Жылдар: 13
21, 8
10
Өнім түрлері: Сұлы, ц/га
Жылдар: 15
15, 6
12

1. 3 - кестені талдайтын болсақ түскен түсім деңгейі тауарлық өнім құрылымына сәйкес келеді, яғни бидай, арпа, сұлы шығымы жыл сайын құбылып тұрды. Бидай түсімін пайыздық көрсеткішпен есептесек 2013 жылы бидай түсімі 11пайызға артса, 2014 жылы 30 пайызға төмендеп отыр. Енді арпа түсімі 2013 жылы 60 пайызға артса, ал 2014 жылы керісінше 55 пайызға төмендеген, сондықтан арпа түсімін жоғарлату үшін бір шара қолдану керек.

1. 4 - кесте. өнім түрлерінің өзіндік құны, тг/т.

Өнім түрлері
Жылдар
2012
2013
2014
Өнім түрлері: Бидай, ц/га
Жылдар: 5000
6000
6000
Өнім түрлері: Арпа, ц/га
Жылдар: 2800
3500
3600
Өнім түрлері: Сұлы, ц/га
Жылдар: 2500
3200
3500

Қауіпті аймақтарда егін шаруашылығымен айналысатын болсақ, түсімге түсім көлеміне климат жағдайы әсерін тигізеді. Мұндай аймақтарда ауа - райы егін түсіміне жақсы жағынан немесе жаман жағынан әсерін тигізеді, сондықтан түскен қөлемінің өзіндік құны да әр жылы әр түрлі болып келеді. Түскен түсімнің өзіндік құнына әсер ететін тағыда бір фактор - өндіріп алған өнімнің сапасы, бірақта өнім сапасына да ауа - райы әсер етеді. Осы жағдайға байланысты ауа - райы жағдайын, яғни климат жағдайы түскен өнімнің өзіндік құнына тікелей әсерін тигізеді, сондықтан да өнім сапасына да айтарлықтай әсерін тигізіп отырады.

1. 5. Шаруашылықтың (бөлімнің) материалдық - техникалық базасы және оны пайдалану.

Агрофирма АҚ «Актык» шаруашылығының машина - трактор құрамы және олардың тіркемелері, ауыл шаруашылық машиналарын 1. 5 - кестеде келтірілген.

1. 5 - кесте. Шаруашылықтың машина - трактор паркі.

Аты және маркалары
Шыққан жылы
Саны
Баланстық құны, мың теңге
Аты және маркалары: 1
Шыққан жылы: 2
Саны: 3
Баланстық құны, мың теңге: 4
Аты және маркалары:

Тракторлар:

К - 701

ДТ - 75М

Т - 4А

МТЗ - 80/82

БЮЛЛЕР

КЕЙС

Автомобильдер:

ГАЗ - 53

КАМАЗ - 45142

ЗИЛ - 130

Комбайндар:

Essil КЗС-740

ВЕКТОР

Вестерн-8570

Case

Ауыл шаруашылық машиналары:

Культиватор

Тырмалар

Қар тоқтатқыш

Шөп шапқыштар

Сеялка СЗС

Сеяка Morris Maxima ΙΙ

Жылжымалы сварка

Шыққан жылы:

1987

2002

1990

1980-2008

2007-2009

2005-2008

1989-1995

2002-2005

1985

2011

2005

2006-2009

2007-2011

-

-

-

-

-

-

-

Саны:

2

2

3

12

4

9

5

4

1

4

4

12

7

5

6

2

9

4

3

Баланстық құны, мың теңге:

1. 5. 1. Шаруашылықтың жөндеу базасы.

Орталық жөндеу шеберханасы ауылдың батыс жағында орналасқан, бұл шеберханада фрезарлы станоктар, слесарлық цех, дәнекерлеу және электржабдықтарын жөндеу цехы бар, айтарлықтай керекті цехтар болмасада ауыл шаруашылық машиналарына керекті қызмет түрлерін көрсетуге болады.

1. 7 - кесте. Механизаторлар кадрлар.

Көрсеткіштері
Жылдар
2012
2013
2014
Көрсеткіштері:

Механизаторлар квалификациясы:

1 - класс

2 - класс

3 - класс

Барлық механизаторлар:

Механизаторлардың жұмыс істеген уақыты:

1 ж. - 5 ж-ға дейін

5 ж. - 10 ж-ға дейін

15 ж - дан жоғары.

Механизаторлардың жасы:

18-ден 25 жасқа дейін

25 - тен 30 жасқа дейін

30 - дан 40 жасқа дейін

40 - жастан жоғары

Жылдар:

8

8

10

26

4

6

16

3

5

7

11

8

8

10

26

3

7

16

3

6

7

10

8

9

11

28

5

7

16

4

5

9

10

1. 7 - кестеге тұжырымдама жасайтын болсақ, екі жыл бойы шаруашылық механизаторларының ауыспағаның байқауға болады, ал 2014 жылы механизаторлар саны өсті. Тағыда айта кететін мәселе механизаторлардың квалификациясы, яғни олардың квалификациясы үш жыл бойы өзгермеген, сондықтан білікті мамандардың санын көбейту үшін оларға белгілі бір шара қолданған жөн, мысалы біліктілікті жоғарылататын техникумдарға қыс уақытында жіберіп алған дұрыс, себебі қыс мезгілі ең қолайлы уақыт болып саналады.

1. 8 - кесте. Шаруашылықтың өндірістік әрекетінің көрсеткіштері.

Көрсеткіштері
Жылдар
2012 ж.
2013 ж
2014 ж.

1. 8-кестенің жалғасы

1
2
3
4
1:

Шаруашылық мүшелер саны, адам

Жалдамалы жұмысшылар саны, адам

Ауыл шаруашылық жер көлемі, барлығы, га

Оның ішінде:

Жыртылған жер, оның ішінде:

Бидай, га

Арпа, га

Сұлы, га

Барлық тракторлар саны, дана.

Оның ішінде:

Доңғалақты

Шынжыр табанда

Комбайндар саны, дана

Барлық өткізілген өнімдер құны.

Түсім, млн тг.

Пайда, млн тг.

Рентабельдік, %

2:

30

26

37155

28812

20100

1800

338

32

27

5

27

40, 442

40, 442

3:

30

26

37155

28812

20150

1800

380

32

27

5

27

59, 851

59, 851

4:

32

28

37155

28812

20150

1800

338

32

27

5

27

82, 566

82, 566

1. 6 Шаруашылықтағы машина - тракторларға жөндеу - қызмет көрсету орны.

Шаруашылықтағы машина-тракторларға жөндеу-қызмет көрсету орны Воздвиженка ауылында орналасқан. Шаруашылықтағы барлық тракторларға техникалық қызмет көрсете алады.

Шаруашылықтың орталық жөндеу шеберханасында қызмет ету базасының нақты жағдайына сәйкес ауыл шаруашылық жөндеу өндірісінде бөлшектерді, агрегаттар мен толық жиынды машиналардың жөндеу жасайтын орындарына қысқаша шолу келтіреміз. Бұл орталық жөндеу шеберханасында, отын аппаратурасын жөндеу цехі, токарлық шеберхана, дәнекерлеу цехі, электрлік зарядтау және электр жабдықтарды жөндеу орындары бар. Орталық жөндеу шеберханасына бір уақытта екі тракторға техникалық қамту көрсете алады. Бұл бригада да, яғни орталық жөндеу шеберханасында бес жұмыскер бар. Оның ішінде бір слесарь, бір дәнекерлеуші, екі күзетші әрі көмешілері бар. Осымен орталық жөндеу шеберханасының құрылымына қысқаша шолу жасадық деп есептейміз.

1. 7 Сақтауды ұйымдастыру

Машина - трактор паркінде ауыл шаруашылық техникаларын ұйымдастыратын болсақ маман сақтау алдында келесі тәртіптерді орындайды: сақтау алдында техникаларды түгелімен тексеріп қарап алады, техникаларды өз талабына сәйкес жуады, одан кейін техниканы қойып доңғалақ астына тіреулер қойып, шыншырлы және белдікті берілістерді ағытады. Ал, техникалардын доңғалақтарын әкпен ақтап, сырлап қою керек. Себкіштін катоктарын майлаймыз, комбайндардың бункерлерін тазалап, жаткаларды ағытамыз да оның астына тіреулер қоямыз. Осылай сақтауды ұйымдастырамыз.

2. Бөлімшенің материалдық техникалық базасын

пайдалануды жоспарлау және оны белгілі бір қалыпқа келтіру.

2. 1. Бөлімшеде еңбекті ұйымдастыру және МТП

құрамын негіздеу тәсілін талдау.

Қазіргі шаруашылық жүргізу жағдайында ұжымдық және жалгерлік мердігерлік енгізуге, ішкі шаруашылықтың маңызы мен ролінің ұлғаюына байланысты, еңбек ұжымдарының шаруашылықтың түпкі нәтижелеріне қызығушылығы мен жауапкершілігі артқандықтан техникалардың потенциалды мүмкіндіктерін толық пайдалануға үлкен мән беріледі.

Қазіргі таңда агро өнеркәсіп кешені шаруашылықтарында бар әртүрлі техникаларды тиімді пайдаланукөптеген факторлармен бірге тікелей оның сандық және сапалық құрамына байланысты. Осыған байланысты МТП тиімді құрамын негіздей білу, оның дұрыс пайдаланылуын жоспарлау келешек мамандардың практикалық ісінде маңызы зор.

Жобадағы МТП ауыл шаруашылық дақылдарын алдыңғы қатарлы технологиялармен белгіленген агротехникалық мерзімде аз еңбек және құрал - жабдық шығындарымен өсірудегі барлық жұмыстардың қамтамасыз етуі керек.

Бөлімшенің МТП құрамы қалыптасқан парк құрылымы негізінде анықталады, ал техника жетіспеген жағдайда аймақтық жағдайға сәйкес келетін жаңа жоғары өнімді техникалармен толықтыру жоспарланады.

Қазіргі таңда МТП құрамын есептеуде негізгі үш тәсіл қолданылады:

1. Машиналардың жүктеу графигін салумен бірге ауыл шаруашылық жұмыстарының жыл ішінде орындалу мәліметтерін есептеу (МЕСТ 70. 2. 20-73) ;

2. Электронды есептеу машиналарын пайдалану арқылы МТП ыңғайлы құрамын есептеу;

3. нормативтік тәсілдер.

Машиналарды жүктеу графигін салумен бірге МТП құрамын есептеу ең қолайлы тәсіл, бірақ та есептеуінің көптігінен кең қолданылмайды.

Электронды есептеу машиналарын пайдалану арқылы МТП ыңғайлы құрамын есептеуді ғылыми зерттеужәне басқа мамандандырылған мекмелер ЭЕМ көмегіменен есептер өте жоғары дәлдікпен орындалады.

Ақпараттар дайындауға және оны шешуге білікті мамандардың көп уақыты кететіндіктен әр шаруашылық үшін ыңғайлы МТП құрамын анықтау пайдалы емес. Сонымен қатар жағдайдың өзгеруіне жаңа техникалардың түсуіне, жаңа технологиялар енгізуге, жұмыстың ұйымдастырылуына және т. б. байланысты есептеулерге әрқашан түзету енгізіп отыру қажет.

Бір салада мамандандырылған шаруашылықтардың МТП құрамының айырмашылықтары шамалы, ал саны жағынан шаруашылық көлеміне сәйкес болатын ғылыми - зерттеу институттарының зерттеулері көрсетті. Бұл елеусіз залалдармен модельді шаруашылықтар үшін МТП құрамын электронды есептеу машиналарында экономикалық - математикалық әдістермен анықтауды өте дәлдікпен есептеуге мүмкіндік береді және оның негізінде жекелеген аймақтар, аудандармен ауыл шаруашылық мекемелері үшін (нормативтік тәсіл) ауыл шаруашылық техникаларына қажетті нормативтерді дайындайды.

Бірақта жоғарыда келтірілген тәсілдер шаруашылықпен олардың бөлімшелерінің нақтылы жағдайының өзгеретінің, қолда бар еңбек ресурстарын ұйымдастыру формаларын және т. б. ескермейді.

Техникаларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін МТП ыңғайлы құрылымымен бірге ұйымдастыру формалары және оны пайдалануды дұрыс жоспарлаудың маңызы зор.

Ұйымдастыру формалары мен шаруашылық бөлімшелерінің көлемдері шаруашылықтық материалдық - техникалық базасымен экономикалық жағдайына ғылыми - техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес болуы керек.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында еңбекті ұйымдастырудың цехтық фориалары, механикаландырылған бригадалар, жинау транспорт кешендері негізінде топтар мен звенолар кең тараған.

Егін шаруашылығындағы бөлімшелердің шаруашылық ісінің шаруашылық есепке, ұжымдық, жалгерлік мердігерлікке өтуін жеделдететін, еңбек ресурстары мен техникаларды пайдалануды жақсартудың бірден бір жолы ағындық циклдық әдісті енгізу.

Ағындық - циклдық әдістің маңызы - барлық ресурстарды берілген кезендегі ең басты жұмысты қысқа мерзім ішінде орындауға жұмылдыру, соңынан осы ресурстар басқа операцияларға ауыстырылады. Мұндайда механизаторларға екі ауысымдық жұмыс ұйымдастырылады, ал барлық технологиялық циклдер ағынды орындалады.

Осы бөлімді орындау алдында жоғарыда келтірілген қысқаша шолуды оқулықтарды пайдаланып, сонымен қоса тапсырма мен егіс көлемінің құрылымын ескере отырып, бөлімшедегі еңбекті ұйымдастыру және МТП құрамыннегіздеу тәсілін таңдау керек. Мұнда студенттің қалауы бойынша кез - келген МТП құрамын негіздеу әдісін қолдануға болады.

МТП құрамын қалыпқа келтірерде оны пайдалануды жостарлағанда алынған әдіске тәуелсіз, механикаландырылған жұмыстардың түрлері мен көлемін білуі қажет (7, 8, 9, 10) .

2. 2. Ауылшаруашылық дақылдарын индустриалды және қарқынды технологиялармен өсіру картасын дайындау.

Ресурстармен іске асыру мерзімдері тығыз байланыстағы жоспарланған астықты алуда, еңбек шығының азайту және өнім сапасын жақсарту жолында механизаторлар мен басқа да жұмысшылардың жұмысын ұйымдастыру тәсілі - ауыл шаруашылық дақылдарын индустриалды және қарқынды технологиялармен өсіру.

Ауыл шаруашылық өндірісінде индустриалды және қарқынды технологияларды енгізу сәйкес материалдық - техникалық базаны жасауды талап етеді.

Осыған байланысты курстық жобада бөлімшелердегі технология мен қолда бар техникалар негізінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің алдыңғы технологиялары негізделеді, машиналар жүйесі анықталады. Тапсырмаға сәйкес бөлімшеде барлық дақылдарға технологиялық карталар жасалады, бірақта карталар саны үштен кем болмауға тиісті.

Бөлімшеде бар дақыл үштен кем болған жағдайда, тракторларды біркелкі жүктеу үшін, бөлімше бойынша, негізігі технологиялық картаға енбеген, барлық басқа тракторлар енетін қосымша карталар жасалынады (сүдігер, өндеу, мал шаруашылығы мен құрылыстағы жұмыстар, жол тазалау, тасымалдау және тағы басқа жұмыстар) . Бұл жұмыстардың көлемі жобамен технологиялық картадағы сәйкес графалар мәліметтерін қосқанда алынатын шартты эт. га барлық трактор жұмыс көлемінің 15 - 20 % құрайды. Технологиялық карта 2. 1 - кестеде көрсетілген.

Қолда бар технологиялық карта шаруашылықтың материалдық және еңбек ресурстарын үнемді пайдалануды алдыңғы қатарлы агротехниканы, прогресивтік технологияларды кеңінен енгізуге, аз шығындар мен өнім шығымын ұлғайтуға мүмкіндік берумен қатар, ауыл шаруашылығында кешенді механикаландыруды енгізуге мүмкіндік береді.

Технологиялық карталар негізінде техникаға, тасымалдау құралдарына және еңбек ресурстарына қажеттілік айқындалады, қосылатын капитал мөлшері, жоспарлы өзіндік құнның деңгейін есептеуге және шаруашылық есепке тапсырма жоспарлауға түпкілік материалдар анықталады, неғұрлым тиімді агрегаттарды таңдау, үнемді пайдалану тәсілдері мен оларды жүктеу, машиналарды техникалық пайдалану үшін бастапқы жадығаттар негізделеді.

Технологиялық карталарды құрастыруға, нақты шаруашылық жағдайда көрсететін, келесі көрсеткіштер: егістік көлемі, материалдарды (тұқым, тыңайтқыш, улы химикттар) жұмсаудың бекітілген агротехникалық нормативтері, ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі, жүктерді тасу арақашықтары.

2. 2. 1. Ауыл шаруашылық дақылын өсіру және жинау технологиялық картасын құрастыру.

Технологиялық картаға шаруашылықта берілген дақылды өсіріп жинауда, алдыңғы қатарлы агротехникалық әдістер мен аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жоспарланған барлық операциялар: танаптық және тұрақты тасымалдау және арту, механикаландырылған және атпен, қолмен істеу енгізіледі. Операциялар картаға календарлық орындалу реті бойынша (2, 3 графа) жазылады. Әр операция үшін негізгі агро техникалық талаптар (3 графа), жер қыртысын өңдеу тереңдігі, тұқым сіңіру тереңдігі, жіберілетін оздырулар және және т. б көрсетілуі керек.

4 графада әр операцияның жұмыс көлемі (га, т, км), жоғары өнімді алуды қамтамасыз ететін күнтізбелік (5 графа) және жұмысты орындаудың ыңғайлы жұмыс мерзімі (6 графа) көрсетіледі.

Оерациялардың агротехникалық орындалу мерзімі ғылыми мекемелердің сипаттамалары және олар алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың өткен жылдардағы тәжірибелері негізінде алынады (7, 8, 9, 10) немесе 1 тіркеме.

Күнтізбелік мерзім негізінде ауа райының құбылмалылығын, демалыс күндерін және МТП - ның техникалық дайындық коэффицентін ескере отырып жұмыс күнінің (6 грфа) санын анықтаймыз. Осы жағдайлардың бәрі түзету коэффициенті арқылы бағаланады. Операция ұзақтығы 10 күнге дейін болса, түзету коэффициенті - 0, 9, егер ұзақтығы 10 - 15 күн болса, онда түзету коэффициенті де осыған байланысты 0, 85 және 0, 8. жұмыс күнінің саны картада бүтін сан түрінде беріледі.

Мысалы: операцияның күнтізбелік орындалу мерзімі 11 күн, яғни майдың 15 - нен 25 - не дейін болса, онда жұмыс күні саны

Др = Дк * α = 11 * 0, 9 = 9, 9 (2. 1)

Шыққан санды дөнгелектеп жазамыз, 10 күнге дөнгелектейміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс шартында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқаруды жетілдірудің ойтұжырымдық тәсілі
Жылжымалы жөндеу шеберханасы
Агротехнология мен машиналар
ОҚО шаруа қожалықтарында қант қызылшасын егіп өсіруді механикаландыру және технологиялық картасын жасау
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін бағалау ерекшеліктерін анықтау
Жөндеу қызмет көрсету жұмыстарының нарықтық сиымдылығы
Оңтүстік Қазақстын Облысының агроөнеркәсіпті дамытудағы инновацияның рөлі немесе оның қызметін жетілдіру жолдары
БИДАЙДЫ ӨСІРУ ЖӘНЕ ЖИНАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ТҚК және автомобиль жөндеу
Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz