Арамшөптер және күресу шаралары



1.1 Арамшөптерге сипаттама
1.2 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
1.3 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу
1.4 Арамшөптердің зияндылық шектері
Қортынды
Пайдаланған Әдебиеттер
Арамшөп – егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді. Арамшөп – егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (меңдуана, үй бидайық, сарғалдақ) адамды, малды уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады. Мұның үстіне көптеген Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа) төзімді келеді. Арамшөп негізінен паразитті Арамшөп және паразитті емес Арамшөп болып екі топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке арамшырмауық, сұңғыла, т.б. жатады.
1.Курманбаев С.К.Агроландшафтная система земледелия:
Агрохимия / Под ред. Б.А. Ягодина.- М.: Колос, 2002.
2. Ж.С.Мұстафаев ,Ә.Т.Қозыкеева.Ландшафтар және табиғи техногендік кешендер.Алматы,2013
3. Панников В.Д., Минеев В.Г. Почва, климат, удобрения и урожай. М.: Агропромиздат

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.

БАӨЖ

Тақырыбы: Арамшөптер және күресу шаралары

Орындаған: Жырғау.А.
Тексерген: Қаламов Б.Х
АГ-213

Семей2015ж

Жоспар
1.1 Арамшөптерге сипаттама
0.2 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
0.3 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу
1.4 Арамшөптердің зияндылық шектері
Қортынды
Пайдаланған Әдебиеттер

1.1 Арамшөптерге сипаттама
Арамшөп - егіс танаптарында өсетін жабайы өсімдіктер. Оның Қазақстанда 300-ден астам түрі бар. Егістік, шалғынды, жайылымды жерлерде, өзен-көл жағалауларында өседі. Арамшөп тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ылғалды, қоректік заттарды көп пайдаланады. Сондай-ақ ол егілген дақылды көлеңкелеп, фотосинтез процесінің жүруін нашарлатады, нәтижесінде егілген дақыл бойында органик. заттардың түзілуі нашарлайды, алынатын өнім төмендейді. Арамшөп - егіс зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың мекені әрі оларды тарататын ортасы. Кейбір Арамшөптің тұқымы, жемісі (меңдуана, үй бидайық, сарғалдақ) адамды, малды уландырады. Арамшөп қолдан егілген дақылдар сияқты бір мезгілде емес, шұбалаңқы өніп көктейді әрі топырақта тіршілік қабілетін ұзақ мерзім сақтай алады. Мұның үстіне көптеген Арамшөптер сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (суыққа, ыстыққа, құрғақшылыққа) төзімді келеді. Арамшөп негізінен паразитті Арамшөп және паразитті емес Арамшөп болып екі топқа бөлінеді. Паразитті Арамшөпке арамшырмауық, сұңғыла, т.б. жатады. Ең зияндысы - хлорофилі мен тамыры жоқ сұңғыла. Ол қасындағы дақылдың қоректік заттарын сорып алады. Паразитті емес Арамшөпке бір жылдық өсімдіктер (қара сұлы, итқонақ, қарабидай арпабасы, қара меңдуана, т.б.) және көп жылдық өсімдіктерден (жатаған бидайық, ермен, шоңайна, кәдімгі түйетікен, т.б.) болып бөлінеді. Арамшөпті жою үшін агротех. шараларды (себілетін тұқымды жақсы тазарту, көң шашу, Арамшөпті гүл жармас бұрын отау, ауыспалы егісті қолдану, топырақты сапалы өңдеу, дақылдардың қатар аралығын қопсыту, т.б.) мұқият жүргізу, хим. гербицидтер (авадекс, илоксан, т.б.) шашу және биол. әдістерді тиімді қолдану.
Сөздікте арам шөп - егістік арасында өсіп, пайдалы өсімдіктердің өсуіне зиянын тигізетін шөп. Түсінік бойынша, арам сөзінің ертедегі мағынасы мүлде ұмытылған. Оны осы сөздіктегі мына мысал дәлелдегендей: Жусанды және басқа да арам шөптерді... Ертедегі мағынасы қазір тілімізде қолданылып жүрген жусанды ұғындырған. Мұның дәлелін башқұрт тілі дерегі көрсетеді: әрәм -- жусан (орыс. полынь). Бұл тұлғалас сөздердің түркі тілдерінде ертеден барлығын М. Қашқари сөздігіндегі Арамут тұлғасындағы жер атауы растайды. Дәлірек айтсақ, тіліміздегі дәл бүгінғі арам шөп тіркесі. өте ерте заманда жусан шөп мағынасына нұсқайды. М. Қашқари сөздігіндегі жер атауы -- жусаны көп жер болғандықтан тууы ықтимал. Бұл жерде ертедегі түркі тілінде, тіпті қазірдің өзінде от~ут -- шөп дегенді ұғындыратынын еске алсақ болды. Сонда Арамут жер аты жусаны көп, жусанды дегенді түсіндірмек. Жусанның арам болып аталуына арабтың харам сөзінің ықпалы болуы да еске алмайтын нәрсе емес.
1.2 Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақта , оларды толық жоя алмаймыз, оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен.
Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі - зор тұқым өнімділігі.Мысалы, кәдімгі гүлтәжінің бір өсімдігі 500 мың дана ұрық, алабота-12 мың, ал қарсұлы 600 дана тұқым береді, яғни арамшөптер дәнді дақылдармен салыстырғанда 5 тен 37 есеге дейін өсімтал
Көптеген арамшөп тұқымдарының әр түрлі икемділігі арқасында олар кеңістікке түрлі жолдар арқылы (жел,су,құстар,малдар, жолкөлігі және басқа) жеңіл және тез тарайды. Мысалы, күрделі гүлдер тұқымдастырна жататын арамшөптер (егістік калуен, бақ-бақ) ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыз бен тікенді сарысояу тіркестері мен ілгіштері арқылы таралады.
Т.Клингман мен Ф.Эштонның қабарлауы бойынша егістік шырмауықтың тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін бұзауларда 22,3 пайыз, жылқыларда-6,2 пайыз, қойларда-9,0 пайыз, шошқаларда-21,0 пайыз, балапандарда-0,0 пайызға дейін тіршілік қабілетін сақтайды екен. Мұндай арамшөп тұқымдары малдың жас қиы арқылы таралуы мүмкін. Сондықтан, жас қиды органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болмайды.
Ал қарсұлының бұратылған иінді қылтанағы топырақ дымқылданғанда жазылады да, құрағанда бұралып шиырылады. Бұл дәншіктің орын ауыстыруына, тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді.
Арамшөптердің өте бір ерекшелігі - олардың тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі (алабота),итқонақ (күн сәулесіне реакциясы). А.Г.Дояренконың мәліметі бойынша алабота тұқымы жарықта, ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді.
Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады.
Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды.
Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына (құрғақшылық, төменгі және жоғарғы температуралар тағы басқа)өте төзімді келеді.
Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі - олардың тұқымдары топырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы.Оны А.Н.Киселев пен Г.А.Чесалиннің зерттеулері анық дәлелдеді. Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1,5 см, ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады.
Көпжылдық арамшөптер әр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор, өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бүршіктер болады. А.И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп, оның ұзындығы 76 метрге, салмағы 1003 грамға жетеді екен, ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сәйкес көрсеткіштері 5997 дана, 170 метр және 690 грамға тең.
Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп-өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді.
Арамшөптер ауылшаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі. Ол тиімді болу үшін, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау, оларды жоюға әкеп соғады, ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді.
Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арамшөптер экологиясы
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Қазақстанда Ауылшаруашылықтың дамуы
Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Көшеттіктерде гербицидтерді қолдану
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары жайлы
Өсімдік шаруашылығында зиянды ағзалармен күресу шаралары
Арамшөптердің зиянды шегі
Жер өңдеу мен егін шаруашылығы ошақтарының қалыптасуы және дамуы
Пәндер