Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері


Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері

Орындаған: Алибекұлы С.

Тексерген: Татенов А. Б.

Топ: ТЖ - 305

Семей қаласы 2015 жыл

Жоспар:

I. Кіріспе. Мал шаруашылығына жалпы сипаттама

II. Негізгі бөлім

2. 1 Шикізат көзі бола алатын салалар

2. 2 Тамақ өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіп

2. 3 Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық
талаптар
III. Қорытынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары - сүтті және етті мүйізді ірі қара мал шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 - 90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы Мал шаруашылығының барлық салаларын айтарлықтай жоғары қарқында дамытуға мүмкіндік берді. 1990 - 92 жылы Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымдары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен Мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының гендік қорын тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1, 5 млн. тонна ет (сойыс салмағымен), 5, 5 млн. тонна сүт, 100 мың тонна (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елтірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді.

1990 - 2000 жылы ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2, 4, қой мен ешкі 3, 7, жылқы 1, 7, түйе 1, 5 есеге азайды. Нәтижесінде негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2, 5 - 3, 0 есеге дейін қысқарды.

Бұл ауыл халқының әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауына алып келді, республика бойынша жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшерінің 73 кг-нан 40 кг-ға, сүт және сүт өнімдерінің 311 кг-нан 208 кг-ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты (ғылыми негізделген мөлшерден 2 еседей аз) . Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады.

Мал шаруашылығы. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері

Мал шаруашылығы ірі қара (мүйізді ірі қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа және құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді.

Қой шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, май, жүн, тері, қаракөл. Оның екі негізгі бағыты - биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар.

Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі - жылқы шаруашылығы. Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінілетін, жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері - жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала. Бірақ жылқылардың негізгі бөлігі Оңтүстік пен Солтүстікте өсіріледі.

Шөлді және шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе - ең ірі, жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық, шөлге шыдамды жануар. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, сүт, шұбат және жүні. Бұл малдардың саны бойынша Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігін, әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарын ерекше атауға болады.

Шошқа шаруашылығы - жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем және тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Шошқа есірудің негізгі ауданы - Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан - Оңтүстік (15%) .

Жұмыртқа мен құс етін (тауық, қаз, үйрек, күркетауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған. Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы.

Панталық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында пайда болды. Марал шаруашылығының негізгі өнімі - пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі) . Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылықтары дамыған. Бұл салада Шығыс Қазақстан алда келеді.

Тамақ және жеңіл өнеркәсібі - АӨК-тің 3 кезеңі

Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну . Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады. Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалық» АҚ (Балықшы а. ) . Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді.

Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т. б. ) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді - жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда және т. б. ) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты . Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Қорытынды

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен, жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т. б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т. б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады.
Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде, өнімнің өзіндік құнын төмендетуде, мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен азықтандыруды. жақсы бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығының шикізат өнімдерінің негізгі көздері
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы
Мал шаруашылығының шикізат өнімдерінің көздері
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері жайлы ақпарат
Солтүстік Қазақстан облысы жайлы
Шикізатты бастапқы өңдеу және тамақ өнімдерін дайындау кезінде санитарлық - ветеринарлық сараптама жүргізу
Солтүстік Қазақстан және қостанай облыстары
Мал шаруашылығы шикізат өнімдерінің негізгі көздері туралы
Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және кәсіпорындары
Грузияның ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz