Сәбит Дөнентаев



21 ғасырдың бас кезінде демократтық,ағартушылық әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі-Сәбит Дөнентаев.Ол Абайдың реалистік дәстүрін берік ұстап,әдебиеттің халықтық мұраттарын ілгері дамытқан,өз дәуірінің маңызды мәселелеріне үн қосқан ақын болды.Әуелде шығармашылығын сыншыл реализм арнасында бастаған Сәбит кейін кеңес әдебиеттерінде де елеулі қызмет етті.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі,Ақсу болысының төртінші ауылында кедей шаруаның семьясында туған.Жас кезінде ауыл молдасынан сауат ашып,хат таныған.1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен дәріс алған.Онан кейін Певлодар қаласындағы Қасым қожаның медресесіне (1911-1912) түсіп,өзінің осы жүйедегі білімін толықтырады.Мұнда пән негіздерін үйренеді,өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады.
Бұл жылдары Сәбит өздігінен ізденудің арқасында прогресшіл татар әдебиетімен танысады,Абай шығармаларына ден қояды. «Айқап» журналын үзбей алып тұрады.Орыс әдебиетін,әсіресе Крылов мысалдарын қызыға оқитын.Осы негізде оның ой-санасы есейіп,ақындық таланты оянады.
1913 жылы ,«Айқап»журналында Сәбиттің «Қиялым»деген өлеңі жарияланад.Бұл-ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы.Онда Сәбит халық жыршысы болуды армандайды.Өленде ақынның бұл ойы жұмбақтау,астарлап айту үлгісімен беріледі.Ол түсті әдемі сандуғаш болып, «Зарымды жұртқа айтып», «мұңымды шақсам»деп қиялдайды. Бірақ ол орманның жыртқыш құсы –қаршыға мен тұзақшыдан қорқады.Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселелерінің бәрін үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады.Оның өлеңдері мен публицистикалық мақалалары «Айқап »журналында ауық –ауық жарияланып тұрады.
1915 жылы Уфа қаласында Сәбиттің «Уақтүйек»деген атпен алғашқы өлеңдері жинағы басылып шықты. Бұл жинаққа кірген өлеңдер ақының сол дәуірдегі қазақ халқы өмірінің әр алуан күйлерін,қоғамдық шындықты көркем бейнелеуге ұмтылғанын,сол негізде демократтық,ағартушылық әдебиетке үн қосып,оның идеялық –көркемдік арнасын толтыруға қатысқанын көрсетеді.Бұл кездегі әдебиетке қазақ халқының қараңғылық пен надандықта шырмалып отырғаны саналып,елді өнер-білімге үгіттеу жана көбірек сөз болатын.Сәбит те осы тақырыпқа белсенді үн қосты.Қалың бұқара тұрмысындағы аянышты халді,елдің қараңғылық пен ескілік шырмауынан шыға алмаған мүшеу күйін суреттеген ақын халықты бұл жолдан өнер-білім үйрену,ағарту арқылы шығаруды ойлады.Сондықтан ол бұл саладағы өлеңдерін халық тұрмысын көрсете отырып,оған тікелей үгіт айтуға бет бұрады.Ақын наданды айыптайды.Оны халықтың түбіне жетіп отырған нәрсе деп қоймайды да,ел басындағы жамандықтың бәрі осы арқылы келгенін сынайды.
Сәбит –халықты осы күйден құтқару үшін күресуші.Ең алдымен,ол замандастарын қараңғыдан жарыққа ұмтылуға,өнер –білім үйреніп озық елдердің қатарына теңелуге,ынтымақты болуға шақырады.
«Замандастар »атты өлеңінде жар салған ақын өзі тәрізді көзі ашық азын-аулақ оқығандарға халыққа қызмет істеу қажеттігін де көрсетеді.Сәбит халықтың қараңғылықта қалмай,өнер үйрену үшін зор талап керек дейді «Талап»атты өлең жазады.
Феодалдық –патриархалдық орта тудырған ел ішіндегі ала ауыздық,ынтымақсыздық та Сәбит өлеңдерінде сынға алынады.Ол енді бірлікке,ынтымаққа шақырады.
Сәбит ел басқарған адамдардың еңбегін халыққа жоғарыда өзі айтқан үлгіде қызмет істей алуымен өлшейді.Осы тұрғыдан ол қазақ

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сәбит Дөнентаев
(1894-1933)

21 ғасырдың бас кезінде демократтық,ағартушылық әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің бірі-Сәбит Дөнентаев.Ол Абайдың реалистік дәстүрін берік
ұстап,әдебиеттің халықтық мұраттарын ілгері дамытқан,өз дәуірінің маңызды
мәселелеріне үн қосқан ақын болды.Әуелде шығармашылығын сыншыл реализм
арнасында бастаған Сәбит кейін кеңес әдебиеттерінде де елеулі қызмет етті.
Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі,Ақсу болысының
төртінші ауылында кедей шаруаның семьясында туған.Жас кезінде ауыл
молдасынан сауат ашып,хат таныған.1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген
молдадан төте оқу әдісімен дәріс алған.Онан кейін Певлодар қаласындағы
Қасым қожаның медресесіне (1911-1912) түсіп,өзінің осы жүйедегі білімін
толықтырады.Мұнда пән негіздерін үйренеді,өз бетімен ізденуге мүмкіндік
алады.
Бұл жылдары Сәбит өздігінен ізденудің арқасында прогресшіл татар
әдебиетімен танысады,Абай шығармаларына ден қояды. Айқап журналын үзбей
алып тұрады.Орыс әдебиетін,әсіресе Крылов мысалдарын қызыға оқитын.Осы
негізде оның ой-санасы есейіп,ақындық таланты оянады.
1913 жылы ,Айқапжурналында Сәбиттің Қиялымдеген өлеңі
жарияланад.Бұл-ақынның баспа бетін көрген тұңғыш туындысы.Онда Сәбит халық
жыршысы болуды армандайды.Өленде ақынның бұл ойы жұмбақтау,астарлап айту
үлгісімен беріледі.Ол түсті әдемі сандуғаш болып, Зарымды жұртқа айтып,
мұңымды шақсамдеп қиялдайды. Бірақ ол орманның жыртқыш құсы –қаршыға мен
тұзақшыдан қорқады.Осы кезден бастап өз заманының маңызды мәселелерінің
бәрін үн қосқан ақын өлеңді үзбей жазады.Оның өлеңдері мен публицистикалық
мақалалары Айқап журналында ауық –ауық жарияланып тұрады.
1915 жылы Уфа қаласында Сәбиттің Уақтүйекдеген атпен алғашқы
өлеңдері жинағы басылып шықты. Бұл жинаққа кірген өлеңдер ақының сол
дәуірдегі қазақ халқы өмірінің әр алуан күйлерін,қоғамдық шындықты көркем
бейнелеуге ұмтылғанын,сол негізде демократтық,ағартушылық әдебиетке үн
қосып,оның идеялық –көркемдік арнасын толтыруға қатысқанын көрсетеді.Бұл
кездегі әдебиетке қазақ халқының қараңғылық пен надандықта шырмалып
отырғаны саналып,елді өнер-білімге үгіттеу жана көбірек сөз болатын.Сәбит
те осы тақырыпқа белсенді үн қосты.Қалың бұқара тұрмысындағы аянышты
халді,елдің қараңғылық пен ескілік шырмауынан шыға алмаған мүшеу күйін
суреттеген ақын халықты бұл жолдан өнер-білім үйрену,ағарту арқылы шығаруды
ойлады.Сондықтан ол бұл саладағы өлеңдерін халық тұрмысын көрсете
отырып,оған тікелей үгіт айтуға бет бұрады.Ақын наданды айыптайды.Оны
халықтың түбіне жетіп отырған нәрсе деп қоймайды да,ел басындағы
жамандықтың бәрі осы арқылы келгенін сынайды.
Сәбит –халықты осы күйден құтқару үшін күресуші.Ең алдымен,ол
замандастарын қараңғыдан жарыққа ұмтылуға,өнер –білім үйреніп озық елдердің
қатарына теңелуге,ынтымақты болуға шақырады.
Замандастар атты өлеңінде жар салған ақын өзі тәрізді көзі ашық азын-
аулақ оқығандарға халыққа қызмет істеу қажеттігін де көрсетеді.Сәбит
халықтың қараңғылықта қалмай,өнер үйрену үшін зор талап керек дейді
Талапатты өлең жазады.
Феодалдық –патриархалдық орта тудырған ел ішіндегі ала
ауыздық,ынтымақсыздық та Сәбит өлеңдерінде сынға алынады.Ол енді
бірлікке,ынтымаққа шақырады.
Сәбит ел басқарған адамдардың еңбегін халыққа жоғарыда өзі айтқан
үлгіде қызмет істей алуымен өлшейді.Осы тұрғыдан ол қазақ ұлтшылдарының
өтірік елім ,жұртымдеп жүгіріп,еңбекші бұқараның мүддесін қорғауға
бармайтынын,өз бастарының қамын көбірек ойлайтынын сынайды. Ұлтшылға,
Қайтіп қарғыс алмайсыңөлеңдерінің бұл тұрғыда ұлтшылдықты әшкерлеушілік
күші басым.Алғашқы өлеңдерінде ақын:
Қарның тоқ,жұмысыңның жоқ кезінде,
Миллеттің қызметіне ерінбейсің.
Басыңа қайғы келіп,сасса жұртың,
Неліктен маңайында көрінбейсің:
Десе ,екінші өлеңінде ұлтшыл басшыныңәр қилы ала аяқтық мінездерін
суреттейді.Революция алдында және революция жылдары қазақ халқының ілгері
дамуына кедергі жасауға тырысқан ұлтшылдық ағымды әшкерлеуде Сәбиттің бұл
өлеңдерінің үлкен маңызы бар.
Сәбит қоғамдық әділетсіздікті,халық басындағы қанау мен зорлық
–зомбылықты да жіті көре білді.Ол халық өмірін ел билеушілер мен
қанаушылардың жыртқыштық бейнесіне қарсы қоя суреттейді.Бұл әсіресе ақынның
Заман кімдікі?деген өлеңінде айқын көрсеткен.Ол өлең сұрақ түрінде айтады
да,оған өзі жауап береді.
Ақын әлеуметтік теңсіздікке,біреуді біреу езіп қанауға,өктемдікке
негізделген қоғамды бейне бір жыртқыш аңдардың дүниесі ретінде көрсетеді.Ол
қарапайым халықты қан қақсатқан үстем тап өкілдерін күштілер мен
азулылар,тырнақтылар мен бірге,көлгірсіп аярлық мінез жасайтындығын,олардың
қорқау құлқынын,мал құмарлығын да қоса аңғартады.
Уақ-түйеккеСәбиттің өзінің көңіл күйінің жайларын,заманы туралы ой-
топшылауына байланысты жазылған біраз лирикалық өлеңдері орыс және шығыс
әдебиеттерінен аударған мысалдары да кірген.Мысалдары: Екі теке , Көзі
тоймайтын ит, Ауырған арыстанСәбит шығармашылығындағы өмір шындығы
тұспалыдап суреттеу әдісінің қалыптасуына едәуір маңызы бар.
Уақ түйекшыққаннан кейін жазған өлеңдерінде де Сәбит жоғарыда
айтқандай мәселелерді жаңғырта көтеріп,жаңа көркемдікпен,теңдей қозғауға
тырысты.Ол заманның желдей есіп өтіп бара жатқанынайтып,оның даму
процесіне қазақтардың да ілесуін тіледі.Өз елінің даму дәрежесін балалық
шақпен салыстырды. Балалық1915 жылы шықан өлеңінде балалықтың ақ көңіл
адалдығын,сенгіш аңғалдығын,кез келген нәрсеге алданып отыра беретін
мінезін суреттей келіп,оны қазақ қоғамының дамуы жайына ауыстырады.
Ақынның әлеуметтік теңсіздікті,қанауды суреттейтін өлеңдері де жаңа
көркемдік талаптар тұрғысынан жазылады.Оларда дәуіршындығы,адам бейнесі
тереңдей ашылады. У жеген қасқырғаөлеңінде ол парақорлығымен аты
шыққан,кейін соның жазасын таратқан озбыр болыстың образасын жасайды.Оны
қорқау кәрі тарлан бейнесінде алады да,кезінде елге жасаған озбырлықтарын
суреттейді.
Әлеуметтік теңсіздіктің сыры мен шынын Сәбиттің бұл кезде
тереңірек түсінгенін танытатың өлеңі-Бозторғай.Бұл-мысал түрінде ойды
тұспалдап айтуға құрылған,аллегориялық образға бай шығарма.Өлең сюжеті
босторғайдың тұрымтайдан зорлық көріп,мұңын шағу үшін қырғиды іздеуінен
басталады.Бірақ қырғидың бөденені жеп жатқанын көріп,одан әділдік
күтпейді.Енді қаршығаны іздейді.Оны көлдегі момын құстарды шулатып өлтіріп
жүрген жерінен табады.Одан кейін лашынды іздеп көреді.Оның да бір теректің
түбінде қаздың етін жеп отырғанын байқайды.Ең соңында амалсыз бүркітті
іздеуге шығады.
Тапқанын бүркітті іздеп, тапқанынан
Шыққанын ішкі мұңын, шапқанының-
Білмеймін, әлі күнге естіген жоқ,
Жатқанын, жаны тыныш, жатпағанын, -
деген тұспалмен аяқталады.
Өлеңде Сәбит қарапайым халық өкілін брзторғай бейнесінде алып, ел
билеуші әкімдері тұрымтай, қарға, лашын, бүркіт жыртқыш құстар түрінде
көрсеткен. Оның бірінен қорлық көріп, жоғарғы мұңын шақпақ болған бозторғай
ешқайсысына әділдік таба алмайды. Ақын сол арқылы ел билеушілердің
әділетсіздігін халық мұңын тыңдайды деген әкімдердің өздері оларды жеп
жатқанын қатты сынап айтады. Ол мұңын түп төркіні патша үкіметінің ел билеу
жүйесінде жатқанын сездіреді.
Сәбит әйел теңсіздігін бейнелейтін өлеңдер де жазды. Солардың ең
көрнектісі – Жәмилә қыз. Осы бір шап шағын өлеңге ақын поэмаға жүк
боларлық оқиғаны сиғызып, дәуір шындығы мен оның адамдарының іс-әрекетін
көркемділікпен суреттеп бере алған. Жас қыз Жәмиләның аянышты тағдыры да,
қатыгез әке Төкіштің де мал құмарлық, дүниеқоныз кипі де, алпыстан асса да,
қыз алғысы келеген Берденің ынсапсыздығы да өлеңде шынайы көрініс танытады.
Өлең Бекіш деген жігіттің хатына өліп, Төкіштің қызын айттыра келуінен
басталады. Бірақ Төкіш қыз бермейді. Төкіштің қызына жаны ашитын ұнамды әке
ме деп қаласын. Бірақ Сәбит оны бермеу себебін:
Жүзге малы толмаған,
Жексұрын ғой оңбаған;
деген жолдарда аңғартып тастайды. Төкіш Бекішті кәрі деп емес, кедей деп
менсінбепті. Ол адамның қасиетін байлықпен өлшейтін адам екен. Мұны Сәбит
Оқиғаны әрі қарай дамыта отырып, толығырақ ашады.
Сәбит Төкіштің қылығын әшкерлеу арқылы қызын малға сатып байымақ
болған өз дәуірінің дүниеқоныз шалдарын өткір тілімен түйрейді. Өлеңде
уықты сатира да, тапқыр юмор да мол. Сол арқылы автор революция алдындағы
қазақ ауылы өмірінің бір шындығын феодалдық кер тартпа салты шенейді.
Бұл өлеңдер Сәбиттің Уақ-түйектен кейінгі дәуірде демократ есебінде
толса түскенін, оның қоғамдық көз – қарасы терең деп қалыптасқанын
көрсетеді. Ол әлеуметтік теңсіздіктің феодалдық ескі әдет-ғұрпының өткір
сыншысы болады.
1916 жылы маусым жарлығы кезінде Сәбит майданның қара жұмысына бармай
қалу үшін Екібастұз кең өндірісіне барып, жұмысқа кіреді. Өмірі қазақ
ауылымен, қазақ шаруасының жай – күйімен байланысты ақын енді өндірістегі
қоғамдық әділетсіздік жұмысшылардың ауыр бейнетін көзімен көреді.
Бұл жайды ол Екібаста деген өлеңінде суреттейді. Өлеңде өндірістен
жұмыс іздеп Сабылған қалың көпшідіктің дағдарысты күйі мен жұмысшылардың
ауыр тұрмысы қатар алынып, тән тәуір көркемдік бейне табады. Сәбит
жұмысшылар тұрмысын суреттей келіп, ауылдан келген ақынның өндірістегі
қиыншылыққа көндікпей, елді аңсауы сияқты сарында байқалады.
1917 жылы ақпандағы буржуазиялық демократиялық эволюция мен патшаның
тақтан құлауын қуана қарсы алады.
Алайда бұқарашыл ақын патшаның тақтан түсуіне қуанғанмен, ақпан
революциясының түпкі мақсаты мен ерекшелігі жете түсіне алмады. Ол патшаның
құлауымен бостандық келеді деп ұқты. Мұндай жаңсақ пікірдің салдарынан
Сәбит Семейде Алашорда үкіметін құруға тырысып жатқан қазақтардың
буржуазияшыл ұлтшылдардың ұйымына кіріп адасты. Олардың Бостандық, теңдік
деген жалған ұрандарына сеніп қалады. Ұлтшылдардың ықпалында жат сарынды
өлеңдер жазады. Бірақ бұқарашыл, зхалық тілегіндегі Сәбит көп кешікпей-ақ
ұлтшылдықтардың сырын біртіндеп түсіне бастайды. Олардың Автономия жайлы
уәделері бос сөз екенін байқайды. Сөйтіп, ұлтшылдардан қол үзеді. Ақын 1918
жылы жазған Қаулы атты өлеңінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
Сәбит Дөнентаев жайлы
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы
С. Дөнентаевтың ағартушылық, демократтық бағыттағы шығармалары
Пәндер