Өндіріс орындарын желдету әдістері туралы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік-технологиялық факультеті

Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы

СОӨЖ

Тақырыбы: Өндіріс орындарын желдету әдістері

Орындаған: Айдарова М Т

Топ: ТФ-205

Тексерген: Жуманова Г Т

Семей 2015

Мазмұны

Кіріспе3

Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар. 4

Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары5

Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым. 6

Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік. 7

Жалпы алмасатын желдеткіш туралы ұғым. 7

Пайдаланылған әдебиет9

Кіріспе

Желдету [1] (латынша: ventіlatіo - желдету) - үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т. б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т. б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымныңартуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады. [2]

Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады. [3]

Өнеркәсіптік желдеткіштердің даму тарихы бойынша қысқаша мағлұматтар.

«Өндірістік желдеткіш» пәнінің маңызы: студенттерді өндірістік желдеткіштерді жобалау практикалары мен теория негіздері бойынша білім жүйелерін қалыптасуымен, ғылыми негіздермен, техникалық құралдармен және практикалық құру тәсілдерімен және қалыпты атмосфералық шарттарды көтеру мен ауа тазалықтарын жұмыс орындары мен адамдардың өмір сүру аймақтарымен таныстырады.

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, тасымалдауда, т. б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0, 15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т. б. қолданылады.

Өндірістік желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.

Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері, желдеткіш- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты - центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады. Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.

XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э. X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А. А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В. М. Чаплинді де атап өтуге болады.

Бөлмелерде санитарлық - гигиеналық және технологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауа ортасының қалыпты параметрлерін қолдау үшін желтдеткішті орнатады. Желдеткіш - технологиялық үрдістің тиесілі өтуі немесе адам ыңғайының тұрғысынан ауа ортасының қажетті күйік бөлмеде ұстану үшін, бөлмеде есепті ауаалмасуды қамтитын ұйымдастыру шаралары мен техникалық құрылғылар байланысы.

Қазіргі уақытта еңбекті қорғау мен жағдайларын жақсарту, оның ғылыми ұйымдастырылуы, еңбек етушілер денсаулығын сақтау мәселелері өте өзекті. Мәнді назар сондай-ақ ауа қауызын сақтауға да бөлінеді. Бұл мәселереді желдету жүйесінің тиімді жұмысынсыз шешу мүмкін емес.

Өндірістін ғимараттарда желдету жүйелері арнайы ерекшеліктерге ие. Өндірістік желдету жобасын орныдаудың негізгі мәселесі - еңбек шарттарын жақсартуға, оның өндірушілігі мен шығарылатын өнім сапасының жоғарылауына, кадрлар ағысының төмендеуіне, өндірістін жарақаттану мен кәсіби аурулардың төмендеуіне көмектесетін желдету жүйелерінің әсерлі тиімді жұмысын қамту, өндірітіп аурулардан қоршаған ортаны қорғау. Жүйе жұмысының тиімділігі көбінесе инженерлік есептеулерді толтырудың дұрыстығына, жаңа жабдықтарды, автоматтандыру құралдарын, қолдану шарттарын пайдалануға байланысты.

, . .

Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары

Аэрация - құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;

Ауамен себезгілеу - үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;

Зиянды заттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;

Зиянды өндірістік фактор - қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар - технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;

Объектінің қауіптілік сыныбы - қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;

Өндірістік объект - адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;

Рециркуляция - температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық үдеріске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы;

Экрандалған үй-жайлар - радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді (бұдан әрі - ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар.

Ағынды және тартатын жергілікті желдеткіштер, оның түрлері мен жүзеге асыруға арналған құрылғылары туралы ұғым.

Желдету ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені. Өндірістік желдету жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді іске қосатын қоздырғыштар көмегімен, ал екінші жағдайда сыртқы және ішкі өндірістік орындарда ауа алмастырудың әртүрлілігі, сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады. Өндірістік орындардағы барлық масштабтағы ауа алмастыруды және тек белгілі жұмыс аумағындағы масштабтағы ауа алмастыруды жүзеге асыратын желдетуді, жалпы алмастыру жүйесі іс әрекет жүріп жатқан жерлерде алмастырылады.

Жалпы алмастыру жүйесі құйылатындармен, тартатындармен және құйылатын─тартатындармен болуы мүмкін. Құйылатын-тартатын табиғи желдету аэрация деп аталады. Жергілікті жүйелер тартатын және құйылатын болуы мүмкін.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді.

Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Пайдалану кезінде жұмыс аймағының ауасына зиянды заттар мен шаңның бөлінуі мүмкін жабдық жергілікті сорғымен жабылатын жабумен жабдықталады. Жергілікті сорулар жұмыс жүргізу үшін кезеңдік немесе тұрақты ашық ойығы бар, соратын шкаф түрінде, тұтас жабу ретінде орындалады. Тұтас жабу құрылғысын орналастыру мүмкін болмаған жағдайда шатырлар қарастырылады. Қауіптілігі 1-ші және 2-ші санатты зиянды заттарды, жарылысқа қауіпті заттарды жоятын жергілікті соруларды іске қосу технологиялық жабдықты іске қосумен блокталған.

Сору саңылауларында ауа қозғалысы кезіндегі жалпы тәуелділік. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс орындарын желдету әдістері туралы ақпарат
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби ауру себептері.Өндіріс орындарын желдету әдістері.Желдетуді есептеу тәсілдері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері жайлы
Өндірістік жарақаттарды сараптау әдістері
Өндіріс орындарын желдету әдістері жайлы мәлімет
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz