Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері
1. Эстетика дегеніміз не?
2. Өндірістік эстетика
3. Адамның жұмыс қабілеттілігі
4. Еңбек қауіпсіздігі
5. Еңбек қауіпсіздігін жүргізу нұсқамалары

Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.Қазіргі өндірістің күннен-күнге автоматтандырылуы жедел қарқынмен арта бастады,осыған сәйкес енді адамға әрі басқарушы,әрі орындаушы болу міндеті жүктеліп отыр.Адамның психо-физиологиялық мүмкіндіктерін және дене өлшемі сипаттарын,еңбек жағдайларын,жұмыс сипатын кешенді ескеретін оераторшы адамның жұмыс орнын ұйымдастыру қазіргі дамып келе жатқан ғылым-эргономиканың пәні болып табылады.Эргономика –бұл ғылыми пән,ол қазіргі өндірістегі адам еңбегіннақты жағдайда кешенді зерттейді.Эргономикалық ізденістер адам-машина жүйелерін зерттейді және әзірлейді,атап айтқанда,бұл адамды,машинаны,қоршаған ортаны,осылардың нақты жағдайда өзара әрекеттесу сипатын жәнеӨндіріс сипатын ұйымдастыру және адам үшін ең қолайлы басқау нысанымен ,машинамен әрекеттесудің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ететін жұмыс орындарын жасау болып табылады.Адам-машина жүйесі тиімді қызмет етуі және адам денсаулығына зиян келтірмеуі үшін,ең алдымен машина мен адам арасындағы үйлесімділігін қамтамасыз ету керек.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Алматы, Мектеп, 2002.
3. Хакімжанов Т.Е. “Еңбек қорғау”(ЖОО үшін оқу құралы) Алматы 2008ж.
4. Қазақ энциклопедиясы.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Педагогика факультеті
СӨЖ№2
Такырыбы: Өндірістік эстетика. Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері
Тексерген: Жуманова Г.Т.
Орындаған: Мырзағалиев С.М.
Семей 2015
Жоспар:
1. Эстетика дегеніміз не?
2. Өндірістік эстетика
3. Адамның жұмыс қабілеттілігі
4. Еңбек қауіпсіздігі
5. Еңбек қауіпсіздігін жүргізу нұсқамалары
Эстетика (грек. aіsthetіkos - сезіну, сезімдік) - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Қазіргі өндірістің күннен-күнге автоматтандырылуы жедел қарқынмен арта бастады,осыған сәйкес енді адамға әрі басқарушы,әрі орындаушы болу міндеті жүктеліп отыр.Адамның психо-физиологиялық мүмкіндіктерін және дене өлшемі сипаттарын,еңбек жағдайларын,жұмыс сипатын кешенді ескеретін оераторшы адамның жұмыс орнын ұйымдастыру қазіргі дамып келе жатқан ғылым-эргономиканың пәні болып табылады. Эргономика - бұл ғылыми пән,ол қазіргі өндірістегі адам еңбегіннақты жағдайда кешенді зерттейді. Эргономикалық ізденістер адам-машина жүйелерін зерттейді және әзірлейді,атап айтқанда,бұл адамды,машинаны,қоршаған ортаны,осылардың нақты жағдайда өзара әрекеттесу сипатын және Өндіріс сипатын ұйымдастыру және адам үшін ең қолайлы басқау нысанымен ,машинамен әрекеттесудің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ететін жұмыс орындарын жасау болып табылады. Адам-машина жүйесі тиімді қызмет етуі және адам денсаулығына зиян келтірмеуі үшін,ең алдымен машина мен адам арасындағы үйлесімділігін қамтамасыз ету керек.Адамның машинамен үйлесімділігі оның антропометриялық ,сенсомоторлық,энергетикалық(биомех аникалық) және жүйке-физиологиялық үйлесімділігімен анықталады. Антропометриялық үйлесімділік адам денесінің мөлшерін,сыртқы кеңістікті байқау мүмкіндігін,жұмыс процесінде оператордың қалпын ескеруді қажет етеді. Адамның антропометриялық сипатына-адам денесінің мөлшері,бас,қол,аяқ,табан,иық кеңдігі,жамбас және т.б. статикалық сипаттарыжәне динамикалық сипаттары,дене бөліктерінің бұрылу бұрыштары ,қолжетімді аумағы жатады. Пайдаланушылардың көпшілігі жұмыс қауіпсіздгі үшін біркелкі параметрлерді таңдайды.Мысалы,екі бақылау бастырмасы арасындағы аралық ең үлкен 95-97,5 процентиль мөлшерлі денесі бар адамдар тобы үшін жобаланады.Ал ажыратқышты орнату биіктігін таңдауда 2,5-5,0 процентиль құрайтын адамдардың ең үлкен мөлшері алынады. Әр түрлі затардың тұтқа мөлшері орташа өлшемді 50 процентиль құрайтын орта топ үшін таңдалады. Жұмыс аймағында төрт зона ажыратылады.Қозғалыста ең оңтайлы қолжетімді аумақ иық,қол,білек қимылымен шектеледі.Бұл аумақ дәлдік,ұсақ,жинау жұмыстарыүшін ең қолайлы болады.Себебі мұнда екі қол жұмыс істейді.Сондықтан бұл маңызды және жиі пайдаланатын аймақ.Қолжетімді 2-аумақ қол-иық иінде қозғалу арқылы қимылдау доғаларымен шектеледі.Бұл аумақта жиі қолданылады және мұнда әр түрлі саймандар мен материалдарды орналастыру ыңғайлы. 3-аумақ қолдың иық иіні арқылы ең үлкен созылуында доғалармен шектеледі.Мұнда сирек қолданылатын құрал-саймандар қолданылады.4-аумақ запаста,мұнда 2-аумаққа сыймаған құралдармен материалдар орналастырылады.
Жұмыс зонасы антропометриялық деректерді ескеру арқылы жоспарланады,яғни есепке адам денесінің орта мөлшері алынады.Басқару органы адамның физикалық мүмкіндігіне сәйкес болуы қажет ,өйтпесе жұмыс қажытып жібереді.Адамның бойы,қолдарының ұзындығы,иығының кеңдігі , тізе биіктігі және т.б. ескеріледі.
Екі қолдың әрекеті үшін жұмыс аумағын көздің көру аумағымен орайластыру қажет.
Адам заттың түсін жоғарыда 30 дейін,төменде 40 -дейін көреді,бірақ жоғарыда түсті 55-60 ,төменде 70-75 дейін жоспарда 94 дейін айыра алмайды.
Сенсомоторлық үйлесімділік адамның қозғалу қимылдарының жылдамдығын және әртүрлі тітіргендіргіш түрлеріне сенсорлық реакцияларын алдын ала ескеруді талап етеді.
Кейбір қимылдау операцияларының уақыттық сипаттары:1)Саусақ қозғалысы 0,17 секунд;2)Алақан қозғалысы 0,33 секунд3)Педальды қолмен(аяқпен ) басу 0,72 секунд;4)Аяқты бүгу және жазу 1,33 секунд;5)Қолды бүгу және жазу 0,72 секунд;6)Жүру (бір адым) 0,61 секунд;7)отырған қалыпта денені 45-90 бұру 0,72 секунд;8)екінші аяқты біріншіге қойып 45-90 бұру 1,34 секунд;9)Жоғары-төмен отыру 1,25 секунд;10)төмен-жоғары отыру 1,56 секунд;11)затты қою :1)нақты орынсыз 0,36 секунд;2)дәл орнына 0,55 секунд.
Энергетикалық (биомеханикалық) үйлесімділік басқару органдарына жұмсалатын күшті анықтауда адамның механикалық мүмкіндігін ескереді.
Адам басқару процесінде басқару органдарына белгілі бір күш жұмсайды,себебі күш жұмсау болмаса,адам салақсыйды,өз әрекетінің дұрыс орындалғанына сенімін жоғалтады.
Мұнда басқару органдарына жұмсалатын күш адамның биомеханикалық параметрлерімен үйлесімді болуы қажет.Өте үлкен күш-жігер адамды шаршатады.
Психо-физиологиялық үйлесімділік адамның жарыққа ,жарық шоғырына ,берілетін сигналдың жиілігіне ,түріне және машинаның басқа да эстетикалық параметрлеріне реакциясын ескереді.
Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыруды қарастырайық.
Оператордың жұмыс орны деп істеушінің өндірістік процесті жүргізу және байқау мақсаты үшін жабдықталған кеңістік бөлігін айтады.Оператордың жұмыс орны боп ,оның еңбек қызметін іске асыратын және басқару органы мен қосымша жабдықпен,ақпаратты көрсету құралдарымен жабдықталған жүйедегі орны айтылады.
Жұмыс орны оператордың отырып,тұрып кезектескен жұмысына есептеліп жасалады.Сонымен қатар ,осы не басқа жұмыс қалпын ескере отырып,ұзақ біркелкі созылған жұмыстан қашқан жөн.Осы себепті еңбектің кейбір түрлері үшін отырып және тұрып істеу қалыбы қолайлырақ,бұл бұлшық еттерге түсетін жүктемені қайта реттеуге мүмкіндік жасайды.Оператордың кез келген жұмыс жағдайында ,оның қалыбы физиологиялық тұрғыда негізделген болуы қажет.Ол үшін дене бөліктерінің оңтайлы қалыптары қамтамасыз етілуі қажет.
Негізгі жұмыс қалпын дұрыс таңдау еңбек өнімділігіне жағдай жасайды.Жұмыс қалпы қозғалыстар сипатына тәуелді,сондықтан ыңғайлы жұмыс қалпында жұмысшы ең жеңіл,өнімді,қауіпсіз жұмыс орындау үшін жұмыс орнын дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру қажет.Егер жұмыс процесінд бұлшық еттің аз мөлшері әрекет етсе,онда-отырған ,ал үлкен тобында - тұрған қалып қолайлы.
Адамның жұмыс қалпының маңызды эргономикалық мәні бар."Тұрған" жұмыс қалпы үлкен энергетикалық шығынды қажет етеді және тез шаршауға соқтырады.Ал "отырған "жұмыс қалпы азырақ шаршатады және сондықтан тиімді.Жұмыс орны ойланып ұйымдастырылғаны дұрыс,ал басқару органдары адамның денесінің салмағы оның тірек ауданы орталығына түсетіндей етіп орналасуы қажет.Ондай болмаған жағдайда адамның дене қалпы тұрақсыз болады және бұлшық еттің елеулі күш салуын қажет етеді.Бұл адамның тірек-қимыл аппаратынауруға соқтыруы,тез қажуға ,жарақатқа келтіруі мүмкін.
Адамның жұмыс қабілеттілігі.
Жұмыс қабілеттілік деп- жұмыстың белгілі бір көлемін берілген бір уақытта адамның орындай алатын мүмкіндігін айтады.
Өндірістік жағдайда әр түрлі факторлардың әсерінен ауысымда жұмыс қабілеттілігі өзгеріп отырады және шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең - жұмысты бастау ,мұнда шартты тітіргендіргіштер әсерінен орталық жүйке жүйесінің белсенділігі артады,зат алмасу процесі деңгейі өседі,жүрек-тамыр жүйесінің қызметі күшейеді,бұл жұмыс қабілетінің артуына келтіреді.Бұл құбылыс адам ағзасы қызметінің деңгейін осы жағдайда қамтамасыз ететін түрлі психо-физиологиялық функциялардың іске қосылуымен ,әр түрлі реттегіш процестердің жүруімен шартталады.
Екінші кезең-салыстырмалы тұрақты жұмыс қабілеті,мұның негізгі белгісі орталық жүйке жүйесінің қызметінің үйлесімді деңгейіне байланысты.Бұл кезеңде еңбек тиімділігі айтарлықтай үлкен.
Үшінші кезең-шаршауға байланысты жұмыс қабілетінің төмендеуі.
Төртінші кезең-жұмыс қабілетінің екіншілікті артуы.Мұның негізінде жұмыс бітуінің аяқталуы және одан кейінгі демалыспен байланысты шартты - рефлекторлық механизм жатады.Жалпы жұмыс қабілеті жұмыс ортасының жағдайына тәуелді болады.Жағымсыз микроклимат,шу,демалатын ауада әр түрлі химичлвқ заттардың болуы жұмыс қабілетін елеулі төмендетеді.
Жұмыскерлердің денсаулығына және ағзаның қалыпты қызметіне әсер ететін еңбектің негізгі факторлары:бірқалыпты қайталанып отыратын бұлшық еттің жұмысы,жұмыс қалпын ұзақ уақыт өзгертпеу,жүйкенің және мінез-сезімнің жүктемесінің артуы.Еңбек қызметінің негізгі түрлері процесінде жоғарғы жүктеме асқын жүктемеге ауысуы мүмкін.Артық жүктеменің денсаулыққа зияны үш бағытта көрініс табуы мүмкін:асқын жүктеме түрлі кәсіби ауруларға соқтыруға жағдай жасайды,жүйке-психика,жүрек - тамыр және т.б.аурулардың тәуекелдігіне апарады,ескі ауруларды қоздырады.Дәл осы факторлар өндірістік жазымға келтіруге себеп болады.
Өндірісті автоматтандыру және механикаландыру нәтижесінде дене еңбегі жеңілдеді,дененің ірі бұлшық еттері қатысуын қажет ететін жұмыс үлесі азайды;қазір көбінесе бұлшық еттердің шағын саны қатысады,бірқа осы шағын бұлшық ет күштері бір ауысымда жүздеген және мыңдаған санға жетеді;жүрек-тамыр жүйесі,демалу жүйесі энергошығындары азаяды.Бір қызығы адамның дене еңбегі азайған сайын оның жеңіл дене еңбегінде де шаршауы жиілейді.
Жеткіліксіз дене жүктемесі гипокинезияға келтіруі мүмкін,яғни,еттің немесе жүйке жүйесінің ауруына байланысты ерікті қимылдар төмендейді,демек қозғалыс күшінің нашарлауына байланысты қимыл нашарлайды.Интеллектілік жүктеме шамасының азаюы жадтың,еріктің,назардың,логикалық ойлаудың және басқа жоғарғы психикалық қызметтердің төмендеуіне ,сондай-ақ,орталық жүйке жүйесінің жағымсыз ойсуына әкеледі.Конвейірлік,ағындық,механик алық желілердің кең қолданылуы ,аса күрделі емес бірқалыпты қозғалысты талап ететін операциялардың қарапайымдалуы,бөлшектенуі,еңбектің бірсарынды болуына және төмен энергия жұмсалуына соқтырады.Бірсарынды жұмыс жағдайында сергектіліктің төмендеуі айтарлықтай ерік күшін қажет етеді,бұл қолайсыз жағдайларда жүйкені жұқартады.
Еңбек пен демалысты тиімід ұйымдастыру шаршауды азайтады.Жұмыс режімдерінің және демалудың жүйелігі оның оңтайлы ұзақтығын,мазмұнын,ауысымын қарастырады.
Режімдер тәуліктік,апталық,жылдық болуы мүмкін.Жұмыс күнінің режіміне енгізілген қысқа кақытты үзілістер тиімді болуы үшін оларды жұмысшылар шаршамай тұрып ұйымдастырған дұрыс.Үзілістер жиілігі және ұзақтығы жұмыс сипатымен анықталады.Жүйкенің үлкен жүктемесінде қысқа және жиі тыныстаулар (3-5 минут )қажет.Керісінше үлкен бұлшық ет жүктемесінде үзілістер 10 минутқа дейін ,бірақ онша жиі болмауы қажет.Еңбек қызметінің сипатына байланысты демалыс кезінде қызметкерлер тыныш,арнайы физикалық жаттығулар,массаж жасай алады.Еңбек өнімділігін арттырудың тиімді құралы адамның шаршағанын жоятын,көңілін көтеретін,жазым алуын азайтатын өндірістік эстетика болып табылады.
Техникалық эстетика.
Техникалық эстетика-қозғалыстың ғылыми-әдістемелік негізін жасайтын және пәндік ортаның негізінің қалыптасуының әлеуметтік,эстетикалық,функциональд ық,эргономикалық ,техникалық аспектрлерін зерттейтін ғылыми пән.Техникалық эстетиканың әлеуметтік - мәдени рөлі адамдардың еңбек ,демалыс және тұрмысының қолайлы жақтарын жасау болып табылады.
Өндірістік эстетика техникалық эстетиканың бөлігібола отырып ,өндіріс мәдениетін көтеру,еңбектің қолайлы жағдайларын жасау мақсатында өндірістік кәсіпорындардың заттық ортасын эстетикалық жетілдіруін ,қалыптастырудың негізгі ережелерін ,принциптерін,әдістерін әзірлейді.
Техникалық эстетика еңбек процестеріе көркем бастау енгізеді,бұл еңбек рухын көтереді,өндіріс жағдайында адамға оң сезімдердің тәсілдерін әзірлейді.
Техникалық эстетика еңбек процесінде ағза қызметіне зиян әсерлерді азайтады және жүйке шаршауын төмендетеді,себебі ол техникалық пәндерге ,экономикаға,эргономикаға,сәулетке ,көркем өнерге сүйене отырып,адамды ыңғайлы,жетілген және әсем техникамен қоршайды.
Техникада барлық жағдайда қолданатын әсемдік формалары жоқ,әр жұмыс орнының ,әр машинаның мазмұнға сәйкес түрі бар.Құрамдалатын кез келген нысан әлемдік танытуы қажет.Бұл тек механикалық тетіктер емес,бұл "адам-машина"жүйесінің өзара қатынастары.
Бірақ эстетика мазмұнындағы басты нәрсе-еңбек.Еңбекті эстеттеудің үш түрі бар:
-еңбек процесін эстеттеу;
-жұмыс ортасы эстеттеу;
-еңбек өнімін эстеттеу.
Жұмыс процесін эстеттеу өндіріс мәдениетін және еңбек мәдениетін қамтиды.Өндіріс мәдениетінің талаптары өндірістің өз процесімен,бұйымдардың сыртқы безендірілуін қоса отырып,өндірістің көп түрлі технологиясымен аяқтай отырып,техникалық құжаттаманың жобалануы және қойылуынан бастап,өз процесімен қанағаттандырылуы қажет.
Жұмыс күшін эстеттеу кең міндеттер кешенін қамтиды,еңбек өнімділігінің өсімінің елеулі резервтерінен тұрады.
Еңбек өнімін эстеттеу көркем безендендіркуге негізделеді.Еңбек өнімі соңғы түрде және тұтастай әсем болумен бірге ,оның әрбір материалының машинаға ,бөлшекке,затқа ,құралға айналуы да әдемі болуы қажет.Еңбек өнімін эстетикалық маңызды әдістерінің біріоның көркем дизайны болып табылады.
Көркем құрастыру - адам қызметінің саласы,оның мақсаты,адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандыратын үйлесімді зат ортасын жасау;бұл процесс тұтастай мазмұн мен сапаның диалектикалық өзара байланысындағы бұйымдардың түрлерін жинақтау және өнеркәсіп бұйымының ең оңтайлы формасын іздестіру болып табылады.
Көркем құрастыруда компазиция,көлемдік-кеңістіктік құрылым сияқты ұғымдарды пайдаланады.
Бұйымға мөлшерлік пен үйлесімділік беретін негізгі құралдар пропорциялар,масштаб,ырғақ,қарсылық ты түстер,реңк,симметрия,асимметрия болып табылады.
Пропорциялар формалардың тұтас және өз арасындағы бөліктердің өзара мөлшерін көрсетеді.Пропорциялар форманы үйлестіру құралы болып табылады.
Масштабтылық-белгіленген өлшемде заттың жасалатын шамасының белгіленген қатынасы.Масштаб-бұл бір заттың екінші затқа немесе бірнеше затқа олармен салыстырғандағы өлшемі.
Ырғақ-элементтерді қайталау,кезектестіру,күшейту,азайт у жолымен көрінісін және байланысын қамтамасыз ететін компазициялық құрал.
Қарсылықты түстер-элементтерді қарама-қарсы көлемі ,түсі және т.б. көрсету үшін пайдаланылатын компазициця құралы.Ол салыстырылатын элементтердің функциональдық және құрастыру ерекшеліктерін белсендірек көрсетуге көмектеседі.
Реңк(нюанс)-элементтердің формасы,мөлшері,түсі және т.б. бойынша контрастқа қарама-қарсы компазиция құралы.
Симметрия - оське немесе ортаға компазиция элементтерінің ұйымдастырылу принципі ,асимметрия-бұрыс орналастыру.
Машина формасы оператордың назарын қажетсіз аудармауы үшін басы артық ақпарат болмауы қажет.Жұмысқа қажетсіз сәндік элементтер,егер олар даярлау технологиясына жатпаса,алынуы керек.Машиналардың негізгі көлемдері қарапайым болғаны дұрыс .Басы артық конфигурациялар адамның назарын еріксіз тартады.
Масштабтылық негізінде заттың бір бөлігінің тұтасқа қатынасынан тұрады,тұтастың бөліктерге ,сондай-ақ адам мөлшеріне қатынасынан тұрады.Масштабтық салыстыру осы заттар қатар тұрғанда ғана емес,сондай-ақ орны мен уақыты бойынша алыс тұрғанда дабола береді .Бұл жағдайда салыстыру жад бойынша жүреді,адам ойша өткен тәжірибесін елестетеді.
Үлкен зат кішкентай заттардың ішінде басты болып қабылданады.Мысалы,машина залы ішіндегі гидрогенератор .Бірақ басқа да сипатты ансамбльдер болуы мүмкін.Мысалы,үлкен және кіші мөлшерлі көптеген күрделі көптеген аппараттармен толтырылған ірі зауыт цехы.Цехтың аяққы жағында қабырғадан алыс емес бес метрлік ақшыл-көк ,тіптен ақ десе де болады басқару пульті тұр,ол адам бойынан биік,жоғарысында ашық көк түсті күнқағары бар.Цех ішіндегі жабдықтың көбі басқару пультінен үлкен болса да,пульт мұнда ең басты нәрсе екенін айғақтап тұр.
Цех ансамбльіндегі басқару пультінің мәнділігі ,байқалуы көптеген факторлармен дәлелденген.Мұндағы басты фактор пульттің технологиялық процестегі басты рөлде болуы және оның ерекше түсі мен орны-пульт көру орталығында аса үлкен емес алаңға қойылған.Бірақ оның тағы бір маңызды сапасы құрастырылуында ,соған байланысты ол өндірісте жетекші орынға ие болыр тұр.Бұл-оның елеулі елеулі масштабы мен бөлшктерінің ірілігі.
Адамның еңбек процесінде оның көз қызметіне жүктемелердің көбейе түсуіне байланысты,адам көзіне шаршатпайтын,түйілдірмейтін жағдай жасау қажет.Мәселен,өндірістік бөлмелер мен жұмыс орындары көзге жайлы болатындай боялғаны дұрыс.
Адам көзі түс түрлері бойынша күн спектрінің 120 өрілімін көре алады,70-тен астам қанық түсті және 20-дан астам ашық түсті көре алады,мұның бәрі 25 мыңнан астам түс пен түс реңктері.
Жекелеген бұйымдар мен заттық ортаны бояу үшін түстерді қолдану әдетте келесі бірлікте қолданылады:физикалық,психофизиолог иялық,психологиялық,әлеуметтік ,эстетикалық.
Түсті қолданудың негізгі мақсаты еңбек өнімділігін және адамның эстетикалық қанағаттануын арттыруда болып табылады.Түс үнемі адамды тек қоршап қана тұрмайды,сонымен қатар оған әсер етеді.Оның әсері жүйке жүйесінде ,адамның мінезінде,оның еңбек қабілеттілігінде байқалады.Түс таңдауда түстің психо-физиологиялық әсері-бірінші және маңызды факторы болып табылады.
Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена -- еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Е. г-ның Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина ин-тының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz