Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Геодезия және құрылыс» кафедрасы

БАӨЖ

Тақырыбы: Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби аурулар себебтері. 2. Өндіріс орындарын желдету әдістері. 3. Желдетуді есептеу тәсілдері

Орындаған:Жекей Н.

Тексерген: Бейсебаев. Ш. Т

Тобы:СТ-309

Семей 2015ж

Жоспар

1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.

Кәсіби аурулар себебтері

2. Өндіріс орындарын желдету әдістері.

Табиғи жолмен желдету

Қартерді жабық түрде желдету

Қартерді ашық түрде желдету

Жанармай багін (сауытын) желдету

3. Желдетуді есептеу тәсілдері

Пайдаланылған әдебиеттер

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:

Монографиялық( моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық -сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық (салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің негізгі көрсеткіштері - жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Шб=Σ Шж+ Σ Шк. а;

мұндағы - Шб - барлық шығын;

Σ Шж - есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;

Σ Шк. а - есеп мерзіміндегі кәсіби ауру

Кәсіби аурулар - белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру - Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 - 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеументтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.

Желдету (латынша: ventіlatіo - желдету) - үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т. б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т. б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалық әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.

Өндірістік технологиялық процесстерді әр түрлі зиянды зат-тардың шығыуымен байланысты: газдар, жылу, булар және шаң-дар. Өндіріс бөлмесіне үскен көптеген газдар мен булар адамның денсаулығына қауіпті.

Желдетіудің көмегімен бөлмеден зиянды ауаны шығарып, таза ауа енгізеді. Желдеткіш құрылғымен жұмыс істегенде адам үшін қауіпті бу, газ және шаң, сонымен қатар бөлменің ауа темперарурасы және оның салыстырмалы ылғалдылығының концентрация денгейі санитарлық нормалармен тағайындалған шекті шамаға дейін төмендейді.

Салқындату немесе жылыту кезінде анықталған температураны сқтау мүмкіндлігі, яғни адам ағзасының термореттеу қоршаған ортаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы және ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты болады.

Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.

Желдетудің түрлерін айта кетсек.

Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.

Картерді жабық түрде желдету - қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.

Картерді ашық түрде желдету - атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш

Жанармай багін (сауытын) желдету - жанармайдың ең жеңіл фракцияларының булануын азайту және сиретілудің пайда болуын болдырмау мақсатымен автомобильдің бензин құятын багінің (сауытының) ішкі куысын атмосферамен қосатын желдету жүйесі.

Желдету жүйесінің есептелу тәсілдері.

1. Желдету желісінің бурылыс, ауысым, жалюзилері бар сызбанұсқасын сызады, ауа жолдары құбырларының диаметрін таңдайды.

2. Желдеткіш өнімділігін анықтайды:

𝐖 𝐁 \mathbf{W}_{\mathbf{B}} = 𝐤 𝟑 \mathbf{k}_{\mathbf{3}} W

мұндағы, k 3 k_{3} -қор коэффициенті(1, 3…2, 0)

3. Құбырдың түзу бөліктеріндегі арын шығынын есептейді.

H n n H_{nn} (Пa ) 𝐇 𝐧 𝐧 \mathbf{H}_{\mathbf{nn}} = 𝚿 𝐦 𝐋 𝐦 𝛒 в 𝛎 с р 𝟐 𝟐 𝐝 𝐦 \frac{\mathbf{\Psi}_{\mathbf{m\ }}\mathbf{L}_{\mathbf{m}}\mathbf{\rho}_{\mathbf{в}}\mathbf{\nu}_{\mathbf{ср}}^{\mathbf{2}}}{\mathbf{2}\mathbf{d}_{\mathbf{m}}} ,

мұндағы, Ψ т \Psi_{т} -құбырлар кедергісін есептейтін коэффициент(темір құбырлар үшін Ψ т = 0. 02 \Psi_{т} = 0. 02 ) ;

ν с р \nu_{ср} - ауа желісінің есептелетін бөлігінде ауаның орташа жылдамдығы; желдеткішке жақын бөліктерде ол 8 . . . 12м/с деп,

Ал алыс бөліктер үшін 1 . . . 4м/с деп қабылданады; l т l_{т} -құбыр бөлігінің ұзындығы, м; d т d_{т} -бөлік үшін қабылданған құбыр диаметрі, м.

4. Ауысу, бүгілу, жалюиздегі арын шығынын есептейді:

𝐇 м \mathbf{H}_{\mathbf{м}} =0. 5 𝚿 м 𝛎 с р 𝟐 𝛒 в \mathbf{\Psi}_{\mathbf{м}}\mathbf{\nu}_{\mathbf{ср}}^{\mathbf{2}}\mathbf{\rho}_{\mathbf{в}} ,

мұндағы Ψ м \Psi_{м} -жергілікті арын шығынының коэффициенті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттану
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері жайлы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби ауру себептері.Өндіріс орындарын желдету әдістері.Желдетуді есептеу тәсілдері
Өндірістік жарақаттану жайлы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Өндірістік жарақаттану туралы
Өндірістік жарақаттарды сараптау әдістері
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz