Сақ дәуірі тайпаларының шаруашылығы, тұрмысы және қоғамдық құрылысы



Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту

Ертедегі халыктың ұлан-байтақ далалық, таулы-далалық және шелейт кеңістіктерді игеру дәуірі, Европа мен Азия далалары тайпаларының ша-руашылық кәсібінің жаңа формасы — экстенсивті мал шаруашылығы-ның қалыптасу дәуірі б. з. б. 1 мыңжылдықтың бас кезімен байла-нысты.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және балық аулау пайда болған. Алғашкы кез-дерде бұл бірыңғай өндіруші шаруашылық болды, онда мал шаруашы-лығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбегенеді. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына қарай көрініс өзгерді: шаруа-шылықта, археологиялық деректердің көрсетіп отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және кыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі. Тұрғындар-дың көшіп-конуы артып, далалық жайылымдық алқаптарды игеру үрдісі жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақ-ташытайпалар бөлініп шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжыл-дықтың орта шенінде болған тұңғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шару-ашылық қызметінің жаңа түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола қалыптасуы үшін кджетті алғышарттар жа-сады.
Б. з. б. I мыңжылдықтың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларында, шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шару-ашылығы негізгі, ал содан соң үстем шаруашылықтүріне айналады. Мұндай езгерістер біркатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бас-тысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялык және әле-уметтік-экономикалык факторлар болатын.
Б. з. б. II мыңжылдыклың аяғы мен I мыңжылдықтың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын куаң тарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің ерістеуін тежеді, ал кейбір аудан-дарда оны күрт кьіскзртты. Уакыт еткен сайын малшылык-егіншілік тайпа-лары ішінде үздіксіз көбейе түскен халық пен ендіргіш күштердің осы ха-лықты күнкөріс кұралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз ендірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе — жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлер-дегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халкының көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халык саны артуының ендіргіш күштеріне кысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан-зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылык бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.
Көшпелі мал шаруашылығына көшу дала мен шөлді жерлердегі тайпа- ларының өмірінде экономикалык ірі прогресс, алғашқы қоғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан кадам болды. Адам еңбегі неғүрлым өнімді бола түсті, өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн және т. б. түрінде артык, өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.
Өнімдердің артығын қорға жинау және иемдену мүмкіндігі көбейді, мал

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
САҚ ДӘУІРІ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ТҰРМЫСЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту

Ертедегі халыктың ұлан-байтақ далалық, таулы-далалық және шелейт
кеңістіктерді игеру дәуірі, Европа мен Азия далалары тайпаларының ша-
руашылық кәсібінің жаңа формасы — экстенсивті мал шаруашылығы-ның қалыптасу
дәуірі б. з. б. 1 мыңжылдықтың бас кезімен байла-нысты.
Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде
қола дәуірінде орнықты. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың
кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және
балық аулау пайда болған. Алғашкы кез-дерде бұл бірыңғай өндіруші
шаруашылық болды, онда мал шаруашы-лығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс
салалары ретінде бөлінбегенеді. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына қарай
көрініс өзгерді: шаруа-шылықта, археологиялық деректердің көрсетіп
отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және кыстыгүні тебінгілі жайылымға
бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі.
Тұрғындар-дың көшіп-конуы артып, далалық жайылымдық алқаптарды игеру үрдісі
жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар
арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақ-ташытайпалар бөлініп
шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжыл-дықтың орта шенінде болған
тұңғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шару-ашылық қызметінің жаңа түрі
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола қалыптасуы үшін
кджетті алғышарттар жа-сады.
Б. з. б. I мыңжылдықтың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларында,
шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шару-ашылығы
негізгі, ал содан соң үстем шаруашылықтүріне айналады. Мұндай езгерістер
біркатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бас-тысы бір-
бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялык және әле-уметтік-
экономикалык факторлар болатын.
Б. з. б. II мыңжылдыклың аяғы мен I мыңжылдықтың басында, басқа
далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын
куаң тарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі
өзендердің жайылмаларында егіншіліктің ерістеуін тежеді, ал кейбір аудан-
дарда оны күрт кьіскзртты. Уакыт еткен сайын малшылык-егіншілік тайпа-лары
ішінде үздіксіз көбейе түскен халық пен ендіргіш күштердің осы ха-лықты
күнкөріс кұралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі
арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз ендірісін
тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе —
жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлер-дегі суармалы
егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халкының
көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халык саны артуының ендіргіш күштеріне
кысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай
көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан-зор жайылымдық алқаптары жағдайында
мұндай шаруашылык бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді.
Көшпелі мал шаруашылығына көшу дала мен шөлді жерлердегі тайпа- ларының
өмірінде экономикалык ірі прогресс, алғашқы қоғамның өндіргіш күштері
дамуына ілгері басқан кадам болды. Адам еңбегі неғүрлым өнімді бола түсті,
өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн
және т. б. түрінде артык, өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді.
Өнімдердің артығын қорға жинау және иемдену мүмкіндігі көбейді, мал \және
мал шаруашылығы өнімдері көп ұзамай айырбас кұнына ие болды да, мал
өсірушілер мен егіншілер арасындағы айырбастың дамуына жағдай жасады.
¥лан-байтақ кең даланы шаруашылықтұрғысынан игеруге б. з. б. I мың-1
жылдыктың басында ерекше кең өріс алған жылқы шаруашылығының тез өсуі
себепші болды. Дала тұрғындарының мініс атын пайдалануы, атты әскердің
пайда болуы жекелеген аудандардың мөдени-шаруашылық жағы-нан томаға-
тұйықтығын бұзды, сейтіп көршілерімен, шалғай тайпалармен,
халықтармен, мемлекеттермен экономикалык, және мәдени байланыстар жасалуын
қамтамасыз етті.
Мал шаруашылыганың түрлері
Ежелгі авторлардың еңбектерінде Евразия далаларындағы мал өсіретін
тайпалардың шаруашылығы мен түрмыс салты сипатталады. Оларда Суы мол, шөбі
шүйгін өріс қарап, бір жерден екінші жерге кешіп-конып жүреді деген бір
ғана тұжырым жиі кдйталанады. Мүндай жадағай суреттеу көне іаманның мал
шаруашылығынын сан алуан типтері мен формаларын ашып көрсетпейді.
Археология және этнография деректері сол уақытта мал ша-руашылығының
негізгі үш түрі: көшпелі, жартылай көшпелі және отырық-шы түрлері болған
деуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың
баскасалаларының үлес салмағы да өзгеріп оты-рған.
Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталык Қазакстанның құрғақшылык
далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп-қонып жүруге
негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами коймады, ал шөп шабу аздаған
жерлерге ғана тарады. Негізінен кой, түйе мен жылкы әсірілді, ірі қара аз
болды. Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік бағыт
бойынша да шалғай кашықтықтарға киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ
болып көшіп-қонып жүрді. Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті
борасыннан ықтасын күм жоталарының ығына орналаскдн кыстау-тұрактарда не
үлкенді-кішілі дала өзендерінің жағала-рында өткізді. Бұл тұрақтарда олар
үзақ тұрақтамады, көшпелілер тағы да көшіп, келесі қыстауға колайлы
жайылымдар тандап, жаңа жайылымдық жерлерді игере берді. Шаруашылықтың
қосалкы салаларынан аң аулау ерек-шеленеді. Екінші, жартылай көшпелі
шаруашылықтүрінде қыстап шығатын түрак-ты үйлер болды, мүнда мал өсірушілер
жыл сайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань
және Алтай таулары сілем-дерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары
сияқты дала, орман және биік тау араласып отыратын шебі шүйгін өңірлерде
кең таралды. Ма-усымдық жайылымдар бір-бірінен онша қашык болған жок,
сондықтан шаруашылықтың бірінші түріне карағанда көшіп-қонатын жерлердің
ара-сы біршама жақын болды. Бәрінен де көшіп-конудың тік әдіс деп аталатын
түрі кең тарады: өзен бойларындағы кыстаулардан тау баурайларындағы
көктемгі жайылымдарға, одан әрі биік таулардағы шөбі шүйгін жайлаула-рга
көшетін болды. Осыған байланысты Жетісуда, Шығыс Қазақстанда және табиғи-
климаттық жағдайлары осыларға ұқсас басқа аудандарда жерді кауы-мдық-рулық
және тайпааралык шекаралар көлемінде пайдаланудың жайы-лымдық жерлер мен су
көздерін әр маусым үшін бөліп отырумен сипатта-латын көшпелі-жайылымдық
жүйесі өте ертеде, б. з. б. I мыңжылдықтың басында калыптасты. Қыстау
маңындағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңында сақталды, оларда әдетте
тары, арпа, бидай өсірілді. Қой және жылқы іпаруашылығы ірі қара өсірумен
толыктырылды. Пішен дайындалып, мал неғұрлым бағалы тұкымдарын кыста қодда
үстау мүмкіндігі туды. Қы-с тауларда ұзақ уақыт болу ағаштан, тастан,
қанеден қаланған үлкен қималардың және киіз үй тәріздес құрылыстардың шығуы
тұрғын жайлар салу дәстүрі болғанын көрсетеді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі — отырыкхиы мал шаруашылығы бәрінен де
гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында Сырдария, Шу, Талас, Арыс езендерінің
бойында, Қаратау жотасы баурайларында, табиғи су қойм-алары мен кең-байтақ
шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады. Табиғат жағдайлары және
Соғды мен Ферғананың егіншілік орталықтары-на жақын орналасуы шаруашылықта
суармалы және тәлімі егіншіліктің ба-сым болуына, халыктың тұрақты
отырықшылануына, әсіресе б. з. б. I мың-жылдықтың аяғында, мал есіретін ірі
қауымдардың жерге жаппай отырық-шылануы кезеңінде ірі-ірі егіншілік
коныстарынын ерте пайда болуына се-беп болды. Ішінде ірі кара әжептеуір көп
болған малды көктемгі-жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын
егіншілік-малшылық кдуым шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын болды.
Әрине, бұдан кейінгі уақыттағы сияқты ежелгі жайылымдық-экстенсивті
мал шаруашылығынын барлық үш түрі арасында да айқын шекара болған жоқ,
оқшауланған экономикалык аудандармен тұйықталып калмады. Ша-руашылықтың
түрлі полюстері — егіншілік пен мал шаруашылығы арасын-да ғана емес,
шаруашылығы әр кезде тұтас бір типті болмаған әрбір табиғи-климат аймағы
ішінде де тұрақты өзара қарым-қатынастың күрделі үрдісі болып жатты.
Ол кездегі экономиканың ала-құла болуының тағы бір себебі сақтайпа-ларының
бөлінуі шаруашылық жағынан бөлінуіне көбіне сәйкес келмеуіне қоса, неғұрлым
кең ұғым болатын. Туыстас тайпалардың бір тобының көшпелі мал
шаруашылығымен айналысуы, ал екінші тобының егіншілік дәстүрлерін сақтауы
жиі кездесетін. Мәселен, Орталык Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығының
басым болуымен бірге Қаркаралы, Баянауыл, Қызы-лтас, Үлытау, Шыңғыстау
таулы-орманды алқаптарында сірә, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болған.
Ертістің далалық өңірі мен Таулы Ал-тайдын туыстас тайпаларында мал
өсіретін шаруашылыктың нұсқалары әр түрлі. Солтүстік Қазакстанның орманды-
далалық аудандарындағы мал өсіретін шаруашылық отырыкдіы және жартылай
отырықшы шаруашылық болды деуге кебірек келеді. Елек, Үлкен Қобда, Ор
өзендері жағалаулары бойында бірнеше шақырымға созылған обалы қорымдардың
көп болуы солтүстік-батыс Қазакстанның савромат тайпаларының мал өсіретін
шару-ашылығының жартылай кешпелі сипатта болғанын дәлелдейді, өйткені олар
өз зираттарын маңындағы малшылардың бәрі сияқты тұракты қыстайтын жерлеріне
жақын салған. Савроматтар тайпаларының нақ сол одағына кіретін Солтүстік
Каспий еңірін мекендеушілер таза көшпелілер болды.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы негізінен суармалы егіншілік пен
отырыкшылық кең тараған аудан — Оңтүстік Қазакстанда да дамьщы. Жар-тылай
отырықшы сақ тайпаларынан Түгіскен мен Үйғарақ сияқты үлкен-үлкен обалы
қорымдар қалған.
Алайда малдың басым көпшілігін жыл бойы жайып бағу болып табыла-тын
шаруашылықтың жайылымдык-экстенсивті сипаты мал шаруашылығы экономикасының
барлык нұсқаларынын ортак сипаты болды. Ертедегі мал өсірушілердің шалғай
жайылымдарға айдау мен тебінге, қысы суық климат жағдайларында азығын
қардың астынан аршып жеуге бейімделген мал тұқымдарын есіріп шығаруға
ерекше назар аударуы тегін емес.
Сақтардың мал шаруашылығының негізгі бағыты қой шаруашылығы болды.
Бүған зерттелген обалардың көпшілігінен қой сүйектерінің — ет тағ-амдары
қалдықтарының табылуы дәлел бола алады, ал б. з. б. I мыңжыл-дықтың орта
шеніндегі грек авторы Хэрил сақтарды қойшылар деп атаған.
Қой етті мал ретінде ғана өсірілген жок, одан киіз басу, аркан есу үшін
және жіп иіру үшін жүні де пайдаланылды. Бесшатыр обаларынан табылған
заттар дәлелдеп отырғанындай, сақтар киіздің неше түрін: киіз үйге ұстауға
және жерге төсеуге арнап қарапайым калың, қара киіздер және киім мен бас
киім тігу үшін жүқа әрі жұмсақ талдырма киіздер баса білген.
Обалы қабірлерден шыккан мал сүйектерін зерттеу осы заманғы қазақтың
күйрықты және үяң жүнді түқымдарына жақын кой есірілгенін көрсетті. Отарда
қылшық жүнді қой басым болған, бірак, биязы жүнді қой да есірілген.
Көшпелі малшы және жауынгер сақтың тұрмысында жылқы үлкен рөл атқарды. Сақ
заманындағы жылкының екі түқымы болды. Тез семіретін және кысқы тебінге
әбден төзімді, жатаған тебін жылқысы ең көп тараған түкым болды. Олар жабы
(берк)"5 тұқымдас далалық казақ жылқысына ұқсас еді. Сақ жауынгерлері мен
ақсүйектерінің кдбірлерінен жылқының шоктығы биік, міністік тұкымы да
(Пазырык, Тасмола)116 ұшырасады.
Жауға мінетін ең жақсы сайгүліктерге ерекше күтім кажет болды, олар-ды
көшпелілер айрықша жоғары бағалады, сірә, оған тек ру-тайпа ақсүйек-терінің
қолы жететін болса керек. Олар жауынгердің жеке меншігінде бол-ды және иесі
өлсе, бауыздалып, оның хеке заттарымен бірге кемілген.
Тегінде, Қазақстан мен Алтай аумағының ертедегі тұрғындары жергілікті
тұкымдарды Орта Азия тұкымдарымен будандастыру әдісін білсе керек, бұған
қоса жергілікті далалык малдың жақсыларын тұқымға қалдырып оты-ратын
болған. Оларды әдейі іріктеп алынғанын Страбонныңхабарынан аңға-руға
болады117.
Табылған сүйектердің біршама аздығына қарамастан, Қазакстанның ор-
манды-далалық және таулы-далалық аймактарында сиыр малын да өсірілген деуге
болады. Шөлдер мен шөлейт жерлерді мекендеген сақ малшылары айыр еркешті
түйе өсірген. Б. з. б. II мыңжылдықтың орта шенінен бастап-ақ қолда өсірген
түйелердің сүйектері Қазақстанның андроновтық тайпала-рының қоныстары мен
корымдарында (Атасу, Усть-Нарым, Алексеевка) кездеседі. Бұл түліктің
көптеген бейнелері Қазақстанның оңтүстік және орталық аудандарының
жартастағы суреттерінде көп кездеседі. Айыр өркешті түйенің бейнесі
сарматтардың қола және сүйек тоғаларында, Бакт-рия теңгелері мен Алдыңғы
Азия сарайларының бедерлерінде жиі ұшырас-ады, ал оның сүйектері Соғды мен
Хорезмнің отырықшы-егіншілік қалал-арының жүртын казу кезінде табылды.
Сақ заманында доңғалақты транспорт та одан әрі дамыды. Қаратау жо-тасы
мен Шу-Іле тауларының (Таңбалы, Қойбағар, Арпаөзен) жартастарын-дағы
суреттері, Таулы Алтайдың обаларынан табылған заттар жүк арбалары мен соғыс
күймелері сияқты көлік түрлері болған деуге мүмкіндік береді. Жүк арбалары
екі, төрт және алты доңғалақты болған. Олар женіндегі мәліметтер жазбаша
деректемелерде сақталған. Мәселен, Гиппократ скиф-тердің түрмысын суреттей
келіп, былай деп көрсетеді: Арбалар өте шағын, төрт доңғалақты болады.
Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабы-лады; үйге ұксас екі және үш
қабат киіз жабылған күркелі арбалар жасала-ды, олар жаңбыр мен желден пана
болады... Бұл арбаларда балаларыменмыстан жылы тұрақты тұрғын үй салуды
керек етті. Іле езеніндегі Бесшатыр қорымын казған кезде бере-
әйелдер тұрады, ал ерлер қашанда ат ұстінде болады118. Мұндай арбала-рға
өгіздер, аттар мен түйелер жегілген.
Соғыс және аңшылық күймелері әрқашанда екі доңғалақты және доңғалактар
кұрылысының мейлінше әр түрлі болуымен ерекшеленген. Олардың ең
ертедегілері андронов кезеңінің арбаларына орнатылған түтас донғалактардың
орнын баскан төрт шабақты доңғалақтар болды.
Қазакстанның оңтүстік аудандары мен Жетісудың жартастағы сурет-терінде
ұшырасқан күймелер мен жүк арбалардың көптеген сұлбалары соңғы андроновтық
тайпалар мен сақ тайпаларында осындай көлік түрлерінің тарағанын көрсетеді.
Солтүстік Қаратаудың жартастарынан жеңіл күймеге жегілген қос аттың ілуде
бір ұшырасатын суреті (Қойб-ағар койнауы) және осындай арбамен жүріп ан
аулаудың сирек кезде-сетін көрінісі (Арпаөзен қойнауы) табылды. Соғыс
күймелеріне көбіне ат жегілген. Алдыңғы Азиядан, Кавказдан, Шығыс Европадан
және ба-сқа да аудандардан осындай ондаған суреттер табылды. Ат жегілетін
күймелер туралы көптеген деректер ежелгі иран және ежелгі үнді текс-терінде
- Авестада, Ригведада, Махабхаратада бар, олардың Қазакстан жерінен де кеп
табылғаны мәлім. Сонымен бірге одан түйе жегілетін соғыс күймелері табылды.
Ежелгі сак заманының жүк және соғыс арбаларына тән ерекшелік — көлік
жегудің тертелі деп аталатын қарапайым әдісі болды: қос ат неме-се түйе
айыр тертеге жегілді, не тертеніч ұшына бекітілген мойынтұ-рыктын, екі
жағына салынған қарапайым камытка жегілетін болды. Мұндай әдіс
жартастардағы суреттерде жақсы көрсетілген. Тертелі, кұрылысы күрделі әсем
арбаның тамаша үлгісі Пазырық-5 обасынан мәлім119. Б. з. б. VI—V
ғасырлардатертелі кұрылымдарды неғұрлым қол- айлы әрі төзімді жетекті
күрылымдар ығыстырып шығарды, Әмудария кембесінен табылған күйменің алтын
көшірмесінен-ақ көлік жегудің осы жаңа тәсілі аңғарылады120.
іШаруашылыктың жетекші түрлері — мал шаруашылығы мен, егіншіліктен баскд
бірқатар сақ тайпаларында косалқы кәсіп ретінде аңшылыкпен балық аулау
кәсіптері де қоса жүрдііЖартастағы сурет-тер таулы-далалық тайпаларда аңды
салт атпен каушілап аулау, иттердің көмегімен куып аулау болғандығын
көрсетті. Таутеке, аркар, кабан, бұғы, бұлан, дуадақ ауланған.

Балық аулау Ертіс жағалауында және Страбон батпакты, аралды елі деп
атаған Сырдария атырауында тарады. Қуаңдария мен Жаңадария-ның көне
арналары бойындағы қоныс жүрттарынан балық аулайтын көптеген құралдар
табылды.

Қолөнер

Сақтардың тұрмысында үйдегі өндірістің үлкен мәні болды. Еңбек
күралдарын, киімдер, қару-жарақтар, тұрғын үйлер, түрлі аспаптар жа-, сауға
керекті шикізаттардың көпшілігін ертедегі мал өсірушілер жергілікті жерде
өндіріп, өңдеді. Өнерлі шеберлер ез қауымы мүше-! лерінің кажет заттарын
жасап беріп, оған айырбасқа ауыл шаруашылықі енімдерін алды. Қауым ішіндегі
айырбаскд коса руаралық және тайпаа-ралық айырбас та кеңінен тарады. Кен-
руда шикізаты, біркдтар шарушылык бұйымдары, әшекейлер кейде алғай
жерлерден тасып әкелінді. Бірак неғұрлым кейінгі уақыттағы қолөнер
өндірісінен айырмашылығы — сақ қолөнері түрлерінің дамымағандығымен және
мал шаруашылығына тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді, үй кәсібі де жақын
болып, бөлініп кете койған жок.
Б. з. б. I мыңжылдықтың басы бұрынғы КСРО аумағының онтүстік және
оңтүстік-шығыс аудандарын мекендеген тайпалар мен халықтар үшін ада-мға
темір кызмет керсете бастаған заман болды.
Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумағының ертедегі халықтары өздерінің
батыстағы көршілері — скиф-сармат тайпаларына қарағанда темір-мен неғұрлым
кейінірек танысты деп топшыланатын еді121. Мәселен, Геродот массагеттер
тайпаларын суреттей келіп, темір және күміс олардың күнделікті тұрмысында
мүлде жок, өйткені бұл елде ол металдарды атымен кездестірмейсін- Мұның
есесіне онда алтын мен мыс мол деп тура айтады. Алайда, зерттеудің
көрсеткеніндей, мұндай пікір тым асырып айты-лған пікір болып шықты.
Б. з. б. I мьщжылдыктың басында Қазакстан ау-мағының ертедегі
тайпалары кызыл және коңыр темір тасы, магнитті темір жылтыры сияқты тез
балкитын кен түрлерімен таныс болған. Мұны Қарқ-аралы каласына жақын
Суықбүлак коныс-жұртын қазу кезінде Тоғай-1 кенішінен табылған жаксы
сұрыпталған темір кенінің үйіндісіне карап білуге болады123. Б. з. б.
VII—VI ғасырларда темірден соғылған бұйымдардың Орта-лық Қазақстан мен
Жетісу обаларынан табылған едоуір жиынтығы (темір қанжарлар, пышақтар,
жүген әшекейлері), сондай-ақ Аралдың шығыс өңірінің ертедегі сақтар
түрақтарындағы тікелей рудадан алынған темір ба-лқымасының (кесектер мен
қоқыстар) кептеген іздері де осыны дәледдейді124. Қазақстанның бірқатар
аудандарында, негізінен орталық бөлігінде (Шығыс Қарқаралы аймағы) темір
өндірілген ескі орындар сақталған, олардың біра-зы сол кезде
пайдаланылған125.
Дегенмен, ежелгі Кдзақстанда мыс пен калайы ендіру неғұрлым басым
болды. Саяк, пен Жезқазғандағы, Қалба мен Нарымдағы ірі-ірі түсті метал-
лургия орталықтарынан алынған кұрамында күшала және қалайы бар кол-адан
жасалған жоғары сапалы кола бұйымдары темір бұйымдарынанжем туекен жок,
сондықтан адамдар темірден кеміртегі мол болат қорытуды үйре-нген кезде
барык қана коланын. орнына темір колданылатын болды.
Сақ заманында кен ісі мен руда шикізатын алғашқы өндеу техникасы
андронов дәуірімен салыстырғанда едәуір ілгеріледі. Сақтайпалары әсіресе
кола құю ісі мен басқа металдарды өндеу техникасында елеулі табыстарға
жетті.
Өндірістік және шаруашылык-түрмыстық мақсаттарға арнап алуан түрлі
бұйымдар жасалды. Құйма калыптар ретінде кыш, металл, кейде тас пайда-
ланылды. Жебенің кұйма ұштары мен қанжарлар жасау үшін олар екі неме-се үш
ұялы жармалардан тұратын карапайым құйма қалыптарды қолданды, сақ
металлурггері металл бұйымдарын жасаудың жойылатын үлгі тәсілімен құю
сияқты күрделі әдістерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
КАЗАҚСТАН ЖЕРГНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЯСИҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Шіліктідегі жүргізілген қазба жұмыстары
Солтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Көшпелілер туралы түсінік
Пәндер