Жануарлардың бруцеллезі


Мазмұны
АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Гомеостаз - орта құрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығы.
Коррелятивтік - байланыстырушы.
Атенуирленген - тірі әлсіздендірілген микроб штамдары.
Агглютинация - эритроциттердің жабысуы.
АГ-АД - антиген - антидене.
Иммундыглобулин - тазартылған және концентрацияланған иммунды сарысу.
Гетерологиялық сарысу - жануардың қанынан алынған иммунды сарысулы препарат.
Гомологиялық сарысу - адамның қанынан алынатын иммунды сарысулы препарат.
ЭТЖ - эритроциттердің тұну жылдамдығы.
Антикоагулянттар - қанды ұйытпайтын заттар.
м. д. - микроб денелері.
ЛПС - липополисахарид.
ИФА - иммунды-ферменттік анализ.
ИДР - иммунды диффузиялық реакция.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Еуроазиялық континентте батыстан шығысқа 3000, ал солтүстіктен оңтүстікке 1700 шақырым жерді қамтиды. Ауа-райының табиғи және экономикалық ерекшелігіне байланысты ауыл шаруашылығының, оның ішінде мал шаруашылығының өзіндік даму жүйесі бар.
Дегенмен, кең байтақ еліміздегі ауа-райының, табиғатының әр алуан болғандығына қарай, мал арасында кездесетін індеттер де әр түрлі.
Қоршаған ортаның ластануы, радиация салдарынан адам мен мал арасында індетке қарсы тұратын иммундық жүйе әлсіреп, кейбір аурулар белең алуда. Солардың ішінде бруцеллез, оба, маңқа, туляремия, сальмонелез ауруларының алатын орны ерекше. Бұл індетпен адам, мал және құс ауырады.
Айталық, індет ықпалынан ерте көктемде қой арасында іш тастайды, малдың өкпесі қабынады, сонымен қатар орхит, уретрит және энцефалитке ұшыратады. Ақыр соңында әлсіз, тіршілікке бейімсіз төл тууымен қатар, адам өміріне қауіп төндіреді.
Жануарлардың бруцеллезі Қазақстанда әлі де болса біршама кең таралып, тұрақтанып, экономикалық шығындарымен қатар, адам денсаулығына қауіп тудырып, әлеуметтік зиян да келтіреді. Онымен күрес ветеринария мен денсаулық сақтау салаларының басты мәселелері қатарынан орын алып, аса зор қаражат пен еңбек жұмсалғанымен, бұл шығындардың қайтарымы ойдағыдай емес. Оған себеп - аурумен күрес шараларының орындалуындағы кемшіліктерімен қатар, бұл шаралардың жеке буындарының өзара үйлесімсіздігі және олардың қазіргі қалыптасқан қоғамдық-экономикалық жағдайлармен сәйкестілігінің жеткіліксіздігі.
Бул ауруларды емдеу және профилактикасында қан сарысуын қолданады.
Қан сарысуын қолдану негізінен ХХ-шы ғасырдан басталып келеді. Сарысуды жануарлар мен адамдарды емдеуде және спецификалық профилактикасы үшін қолданылады Біраз жылдар бойы продуцент-жануарларды әр түрлі антигендермен иммунизациялап, активтілігі жоғары иммунды сарысуды алу үшін қолданды. Бірақ бұл әдістердің кемшілігі болды, олар: жоғары сапалы сарысу ала алмауы, және жұмысы көп, ұзақ уақытты талап етеді. Продуцент-жануарларды дайындау қореқтендіруші затты, жұмыс пен биологиялық сағатты көп қажет етеді. Егер тірі вирулентті орталарды қолданатын болса, олар эпидемияға қарсы жұмыс режимін қатаң қадағалауды қажет етеді. Ал ең қиыны, бұл, сарысудың керекті титрін алу үшін кем дегенде 2, 5-3 жыл уақытты қамтиды. Бұл өте ұзақ.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Инфекциялық ауруларға жұғымталдық қасиеті тән болуына орай, олар жылдам тарап, мал басының сақталуына, олардан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетіп қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, бұл мәселе өте күрделі жұмытарды талап етіп, өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Емдік қан сарысуларын алу технологияларымен танысу, препараттарды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қан сарысуына жалпы сипаттама беру;
- Иммунитетке сарысудың әсері;
- Сарысуларды алу технологиялары;
- Диагностикалық және гипериммунды қан сарысуын алу техологияларына тоқталу:
Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыстың кіріспесі, негізгі бөлім, әдеби шолу, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Әдеби шолу
Қанның бактериоцидтік әсері XIX ғасырдың 80-ші жылдары ашылған.
1887 жылы неміс ғалымы Рудольф Эммерих - “құрамында еш жасушалары жоқ қан сарысуы микробтарды өлтіру қасиетіне ие, сондықтан ағзаны инфекциялардан қорғау үшін фагоциттерсіз де жүргізуге болады” - деген.
1896 жылы Нобель сыйлығының иегері, Жюль Борде агглютинация реакциясын ашты. Агглютинация - эритроциттердің жабысуы. Ол бір жануардың қанын екінші жануарға құйған кезде болатынын көрді.
1900 жылы Ланштейнер антиденелерді зерттеп, иммунды сарысумен лабораториялық бактерияларға әсер еткенде, оларда агглютинация жүретінін көрсетті.
1860-1917 жылдар арлығында И. И. Мечников қанның құрамында бейспецификалық заттардың бар екенін және олардың микроорганизмдерді өлтіре алатынын бәріне мәлім қылды.
Э. А. Беринг, үлкен қадам жасады. Ол, дифтеридті токсинге қарсы сарысуды алды.
Э. А. Беринг егер иммунизацияланған жануарлардың сарысуында ауру қоздырушылармен күресе алатын спецификалық заттар болса, оларды емдік препарат ретінде қолдануға болатынын тұжырымдаған. Осы жұмыстары үшіе Берингке 1901 жылы Нобель сыйлығы берілді.
ХХ ғасырдағы зерттеулердің барлығы И. И. Мечниковтың теорияларына қатысты жүргізілді [1] .
Обаға қарсы Иркутск ғылыми-зерттеу институты, өндіруші ФС 42-112ВС-88, туляремияға қарсы сарысу.
Одесск бакпрепарат өндірісі бруцеллез агглютинирлеуші диагностикалық сарысу.
Обаға қарсы Сібір және Қиыр шығыс Иркутс ғылыми-зерттеу институты оба, маңқа, мелиоидоз, бруцеллез, туляремия ауруын қоздырушыларға диагностикалық тест-жүйе өткізетін сарысу [2] .
Қазақстанда қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласының көкейтесті мәселелерінің бірі - паразитарлық аурулардың эпидемиологиясы, диагностикасы, емі және оларды алдын алу шаралары болып табылады. «Қазақстан Республикасында 2005 жылғы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы» Мемлекеттік баяндамада 2005 жылы Қазақстанда 62 996 гельминтоз оқиғасы тіркелгені көрсетілді.
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың тарауына сауда-саттық, туристтік және басқа байланыстар мен транспорттық қатынас түрлері айтарлықтай әсерін тигізіп, олардың жануар, құстар мен адам арасында тарауының қауіпті факторлары болып табылады. Жыл сайын дүниежүзіндегі мемлекеттерде тіркелген инфекциялық аурулардан болатын эпизоотия мен панзоотиядан экономикалық зиян орасан зор және әлеуметтік қауіп айтарлықтай.
Жұғымтал ауруларда жүргізілетін шаралардың тиімділігі әрқашан да қоздырушыны уақытында анықтау және оған қарсы шараларды ұйымдастыруға бағынышты және олар ветеринариялық қызметтің негізгі міндеті болып табылады. Сақтық жұмыстарының тиімділігі өткізілген шаралардың дұрыс жүргізілуіне байланысты. Біршама аурулардың (Ауески ауруы, кәдімгі оба, аусыл, топалаң) таралу қаупі айтарлықтай болуы мал шаруашылығын өркендетуге кедергі жасайды. Тәуелсіз еліміздің ветеринария саласында балау мақсатында қолданылатын отандық биопрепараттарды өндіру міндеті қойылды. Аталған міндеттің орындалуы сөзсіз мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен биопрепараттардың қорын жасауға толық мүмкіндік береді. Сонымен бірге, аса қауіпті індеттік ауруларға қатысты дұрыс болжам беру жүргізілетін шараларға, олардың неғұрлым нақтылы жағдайды сипаттайтын шынайы болу керек. Бұл мәліметтер негізінен мониторингілеу жұмысы нәтижесінде алынады.
Үй және жабайы жануарлар мен құстардың арасында аса қауіпті инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу және дауалау, ғылыми-негізделген мониторингілеу жүйесі елімізде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе.
Республика деңгейінде көпшілік инфекциялық ауруларға қарсы вакциндеу жұмыстарын тоқтатуға орай жыл сайынғы мониторингілік зерттеулердің маңызын бірнеше есе арттырады. Мониторингілік зерттеулер індеттік жағдай жөніндегі деректердің, жүргізілетін сақтық шаралардың тиімділігінің шынайылығын көрсетеді және осының нәтижесінде ауруды аудандастыру арқылы оның енетін бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде аса қауіпті аурулар бойынша қысқа және ұзақ мерзімді болжам беруге мүмкіндік туғызады.
Қорыта келгенде, нақтылы территориядағы аса қауіпті аурулардың індеттік жағдайын мониторингілеу арқылы бағалау және осының негізінде сақтық шараларды өндіріске енгізу өзекті жұмыс болып табылады.
Бұдан басқа да мәселелер, иммунитеттің әлсіреуі салдарынан бруцеллез, сальмонеллез, хламидиоз індеттері ара-кідік ірі қара мен қой арасында байқалып жүр. Республикада АШМ індеттік жағдайға қатысты ресми деректері бойынша бруцеллезден - 789, құтырықтан - 582, туберкулезден - 31, құс тұмауынан - 7, топалаңнан - 8, аусылдан - 3 және шешектен - 1 ауру ошағы тіркелген.
Бруцеллез еліміздегі ірі қара мал, қой, ешкі, доңызарасында эпизоотия түрінде тіркелсе, жылқы мен иттерде спорадиялық жағдайда байқалған. Үй жануарлары арасында бруцеллез: серозды бурсит, гигрома, артрит, тендовагинит, еркек малдарда - орхит пен эпидидимит, енінің ісінуі, ал доңыздарда тері асты шелінің абсцесімен, жылқыларда - желке мен иық бурсит ағымдарында тіркеледі.
Жануарлар арасында құтырықтың оқиғалары ит, түлкі, қарсақ, мысық және басқа етқоректілердің қолдауымен үй малдары арасында тіркелгендігі жөнінде төмендегі мәліметтер тұжырымдайды. Республика деңгейінде құтырықтың эпизоотикалық жағдайы күрделенуде. Соның ішінде ауру оқиғаларының басым үлесі (365) жабайы аңдарға тиесілі және оның табиғи ошақтылығын көрсетеді. Мысалы, иттер 35, 9%, ірі қара мал - 24%, жылқы - 2%, ұсақ қара мен түйе 0, 99% ауру көздері болып таблған. 2008 жылы елімізде 61 ауру ошағы тіркелсе, ол 2007 жылмен салыстырғанда 41 ошаққа көбейген. Індеттік жағдайдың шиленісуі 2008 Ақмола облысында 2, Батыс Қазақстан облысында 5 ауру ошағына азайып, ал Солтүстік Қазақстан облысында тіркелмеген. Керісінше, Атырау облысында 12-ге, Шығыс Қазақстанда - 13 ошаққа дейін көбейіп, ал тұрақты тіркелетін Қостанай облысында 22 ауру ошағы сақталған. Қостанай облысы соңғы 3 жыл бойы құтырықтан тұрақты ауру аймағы деп саналады. Республика бойынша жұғудан аса қауіпті мүмкіндіктері бар 7 облыстың 26 ауданы жатқызылған. Жұғудан орташа қауіпті аймақтарға барлығы 8 облыстың 48 ауданы жатқызылған. Төменгі қауіпті аудандар қатарына көрсетілген екі аймаққа қатысты енбегендері (14 облыстың 99 ауданы) ендірілген.
Туберкулез індетінің қазіргі уақытта таралу қарқыны айтарлықтай. Елімізде 2000-2008 жылдар арасындағы сиыр туберкулезі бойынша 37 ауру ошағы тіркелген. Аурудың спорадиялық оқиғалары Қостанай, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркеліп, ал таза аймақтарға тек қана Маңғыстау мен Атырау облыстары жатқызылған.
Елімізге соңғы 9-11 жыл ауқымында жабайы құстармен енген жоғарғы патогенді құс тұмауы басқа мемлекеттермен қатар, біздің еліміздің құстарының арасында тіркеліп келді. Құс тұмауы елімізге эпидемиологиялық тұрғыдан жабайы құстардың ұшып келу және қайтып ұшуымен тығыз байланысты. Сондықтан жұғудан аса қауіпті аймақтарға Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары, ал бақылау аймағы төңірегіне Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары жатқызылған.
Қазақстан Республикасында Ақмола облысы бойынша аса қауіпті инфекциялық аурулардың індеттік жағдайына мониторингілеу мен сараптау көпжылдық деректердің негізінде алғашқы рет жасалынған. Облыс аудандарында ауа райы мен мал шаруашылығын-дағы қолданылатын жүйелердің ерекшеліктеріне сүйене эпизоотологиялық мониторингілеу жүргізілген және өңірлер індеттік жағдайларына қарай аудандастырылған.
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың қарқындылық коэффициенттері (бейімділік, ошақтылық) анықталынып, індет бұғауының буындары айқындалған.
Соңғы жылдары Ақмола облысы территориясында тіркелген бірқатар инфекциялық аурулардың (бруцеллез, туберкулез, құтырық, аусыл, топалаң, індеттік лимфангит, лейкоз, лептоспироз) таралу себептері сараланған және енуден қауіпсіздендіру жолдары ұсынылған.
Дүниежүзілік сауда ұйымына енуге дайындық ретінде вакциндік профилактиканың орнына жыл сайынғы індеттік жағдайды мониторингілеу және сараптау кешені енгізілді [1] .
2. Қан туралы түсінік
Қан дегеніміз организмнің сұйық ортасы. Қан, сөл (лимфа), және ұлпа сұйығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Бұл орта құрамының физикалық және биологиялық қасиеттері динамикалық тұрақтылығымен (гомеостаз) сипатталады.
Қан екі бөліктен құралады: біріншісі - қан сұйықтығы - плазма, екіншісі - қанның торшалық элементтері: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Қан құрамында плазманың үлесі 90-92%, ал 8-10% құрғақ зат болады. Қан плазмасында белок (альбуминдер, глобулиндер, фибриноген - 6-8%), қалдық азот (0, 02-0, 03%), глюкоза (40-60 %), майлар (0, 15 %), минералды элементтер (0, 9%) кездеседі. Минералды заттардың 0, 6% -ін ас тұзы (натрий хлориді) құрайды. Сонымен қатар плазма құрамында гормондар, дәрмендәрілер (витаминдер), ферменттер және антиденелер болады.
Қан тасымалдаушы, қорғаныстық, жылу реттеуші, байланыстырушы (коррелятивтік) және басқа да қызмет атқарады [3] .
3. Иммундыбиологиялық медициналық препараттар
Иммундыбиологиялық препараттар деп иммунды жүйеге және иммунды жүйе арқылы әсер ететін немесе әсер ету принципі иммунологиялық реакцияларға негізделген препараттар жатады. Осы қасиеттеріне байланысты иммундыбиологиялық препараттар генезінде иммунды жүйе роль атқаратын жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды сақтандыру, емдеу және диагностикасында қолданылады.
Иммундыбиологиялық препараттар тобтарына табиғаты, шығу тегі, препаратты алу және қолдану әдісі бойынша келесі топтарға бөлуге болады:
- Тірі микроорганизмдерден немесе микробты өнімдерден дайындалған вакциналар және сақтандыру, емдеу препараттары (анатоксиндер, фагтар, эубиотиктер, пробиотиктер) ;
- Иммунды сарысулы препараттар;
- Иммуномодуляторлар;
- Диагностикалық препараттар, соның ішінде аллергендер.
Иммундыбиологиялық препараттар иммунды жүйе қызметін белсендіру, басу немесе қалпына келтіру үшін қолданылады.
Иммундыбиологиялық препараттардың иммунды жүйеге әсері белсенді немесе пассивті, спецификалық немесе бейспецификалық болуы мүмкін. Белсенді әсер деп препаратпен организмнің иммунды жүйесі тікелей белсенуін айтады (мысалы, вакцинадан кейін) ; пассивті - иммунды жүйе қызметін жоғарылататын препараттар (иммуноглобулиндер, иммуномодуляторларды егу) . Егер препараттың әсері белгілі антигеннен қорғауға бағытталса, оны спецификалық деп атайды (мысалы, көкжөтелге, тұмауға қарсы вакциналар; сіреспеге қарсы иммунды сарысу т. б. ) . Егер препараттың әсері иммунды жүйенің белсенуіне және қорғаныш қызметін (мысалы, фагоцитозды немесе иммундыкомпонентті жасушалардың пролифериясын белсендіруші иммундымодуляторлар) атқару қабілетін жоғарылатуға бағытталса, бейспецификалық деп аталады.
Иммунологиялық препараттарды иммунды жүйенің белсенуі және қызметінің қалпына келуі үшін, біріншілікті және екіншілікті иммунды талшықта, жұқпалы ауруларға қабылдамаушылықты тудыру үшін, ісік жасушаларының өсуін басу үшін, аллергиялық, аутоиммунды ауруларды емдеу үшін қолданылады.
Иммунды жүйенің иммунологиялық препараттармен басылуы мүшелер мен тіндердің трансплантациясында, кейбір жағдайларда аутоиммунды және аллергиялық ауруларда қолданылады.
Иммунды жүйе организмге сырттан түсетін немесе организмде аурулар мен кейбір қызметтік бұзылыстар нәтижесінде түзілетін патогенді егент әсеріне спецификалық және бейспецификалық жауап береді.
Иммунды жүйенің бұл жауапты реакциялары гуморальды және жасушалық болып келеді, олар спецификалық тесттен және иммунды реакциялар негізінде көптеген диагностикалық препараттар құрастырылған [4] .
Вакцина - түрлі микроорганизмдерде, белгілі микроб компоненттерінен немесе олардың өміршеңді өнімдерінен алынатын телімді препараттар. Оларды адам және жануарлардың инфекциялық аурулардың профилактикасында немесе емдеуде иммундеуді белсендіру үшін қолданылады.
Тірі вакциналар - тірі әлсіздендірілген (атенуирленген) микроб штамдарынан дайындалатын, жануар организмінде көбеюге және белсенді иммунитет түзу қабілетіне ие, клиникалық ауру белгілерін тудырмайтын ауру препарат. Осындай мақсатты көздей отыра жиі әлсіздендірілген микроб штамдары да қолданылады.
Өлтірілген немесе инактивирленген вакциналар - микроорганизм культураларының жылыту мен, гамма сәулелермен немесе фенолмен формалин, ацетонмен, спиртпен және т. б. әдістермен әсер ету арқылы өлтірілген препараттар. Инактивирленген вакциналарға мыналар жатады, мысалы: фенолвакциналар - микроорганизм өсіндісін фенолмен инактивирленген препарат.
Химиялық вакциналар - иммунитет түзіді қамтамасыз ететін, химиялық әдістің комегімен бөлініп алынатын микроб жасушаларының жеке фракциясының препараты.
Анатоксиндер - өзінің ентигендік және иммуногендік құрылымын сақтай отыра, өзінің токсинділігін химиялық немесе физикалық факторлардың әсерінен жұмсайтын токсиндер [5] .
4. Диагностикалық препараттар
Диагностикалық иммундыбиологиялық препараттар жұқпалы ауруларда, аллергиялық жағдайда, ісіктерде, иммунопотологиялық көріністерде кеңінен қолданылады. Диагностикалық препараттардың әсер ету принципі иммунологиялық реакциялармен (антиген-антидене реакциясы; жасушалық реакция) негізделген, олар физикалық, химиялық, клиникалық тиімділікпен тіркелген.
Жұқпалы, жұқпалы емес аурулар үшін бірнеше жүз диагностикалық иммунды биологиялық препараттар жасалған. Солардың көмегімен АИТВ - инфекциясын, вирусты гепатитті, іш сүзегін, дифтерияны (күлді), қызылшаны және басқа да жұқпалы ауруларды; тағамдық, кәсіби және басқа аллергиялық түрлерді; қатерлі ісіктердің орналасуын (бауыр, өкпе, тік ішектің қатерлі ісіктері т. б. ) ; ана мен ұрықтың иммунды қарым-қатынасы, жүктілік; алмастыру кезіндегі тіндер мен мүшелердің сәйкестігі; иммунды тапшылық жағдайларды анықтайды.
Иммунологиялық принциптерге негізделген диагностикалық препараттардың сезімталдығы мен арнайлылығы басқа әдістерге қарағанда жоғары. Моноклонды антидене мен тазартылған антигендерді қолдану диагностикалық препараттардың арнайлылығын одан жоғары арттырды [4] .
5. Емдікпен алдын алу иммунды қан сарысуы мен препараттар
Биологиялық өндірісте емдік-профилактикалық қан сарысулары мен иммуноглобулиндер дайындалады, бұларды терапиялық қатаң телімділікке және ауруға күдікті адамдарда профилактикалық енжарлы иммундеу үшін инфекциялық ауру төну қаупі бар деген жағдайларда қолданады.
Сарысу препараттары - жануарлар мен адамдарды емдеуде және спецификалық профилактикасы үшін қолданылады. Оларға: қалыпты және телімді қан сарысулары, плазма, иммуноглобулиндер жатады.
Иммунды сарысуды сәйкес вакциналармен гипериммундалған (қарқанды иммундау) жануарлардың (жылқы, есек, қоян) қанынан немесе адамның иммундалған қанының (донорлы, плацентарлы, абортты қан қолданылады) алады. Гипериммундеудің бірінші сатысында жануарларға 1-2 рет вакцинаны егеді де, содан соң оларды уытты микробтың өндірістік штамының үдірісті түрде көбейтіп отыратын мөлшерімен ұзақ уақыт бойы егіп отырады. Иммунизация циклі аяқталған соң, жануарларды арнайы схема бойынша қансыздандырады. Бөлініп шыққан қан сарысуын жинап, оның тазалығын, зияндығын, белсенділігін анықтайды [6] .
Иммундық қан сарысулары нақты бір ауру қоздырғышына үйлесімділігі бар антиденелердің көзі болып табылады. Олар ауруға шалдыққан малды емдеу үшін және аурудың алдын алу мақсатында жүргізіліп отыр. Қан сарысуы егілген организмде енжарлы иммунитет бірер сағаттан соң пайда болып, 12-14 күнге дейін созылады. Мал дәрігерлік практикасында шошқа тілмесіне, жануарлар мен терісі бағалы аңдардың Ауески ауруына, қозылардың анаэробты дизентериясы, мен қойлардың жұқпалы энтеротоксемиясына қарсы қан сарысулары қолданылады. Айта кететін жағдай, гетерологиялық қан сарысулары малдың анафилаксиялық естен тануын немесе сарысу ауруын тудыруы мүмкін.
Нативті иммунды сарысулардан балласты ақуыздарды алып тастау үшін және антиденелердің концентрациясын жоғарылату үшін әртүрлі физико-химиялық әдістерді (спиртті, ферментативті, аффинді хроматография, ультрафильтрация) қолдана отырып тазартады. Тазартылған және концентрацияланған иммунды сарысуды иммундыглобулин деп атайды.
Жануардың қанынан алынған иммунды сарысулы препаратты - гетерологиялық, ал адамның қанынан алынса - гомологиялық деп атайды. Сарысулы препарат белсенділігін антидене титрімен көрсетеді - антитоксиндер, гемагглютининдер, комплемент байланыстырушы вирусты бейтараптайтын және т. б.
Сарысулық иммунды препараттарды арнайы емдеу және жедел алдын алу үшін қолданады. Емдік және сақтандыру әсерінің негізгі механизмі бактериялар антиденелерінің, вирустардың, антигендердің, токсиндердің байланысы мен бейтараптануына әкеледі. Осыған байланысты вирусқа қарсы, антибактериалды, антитоксикалық иммунды сарысулық препараттар болып бөлінеді.
Сарысулық препаратты бұлшықет ішіне, тері астына, тамырға егеді. Препаратты еккеннен кейінгі тиімділік жылдам корінеді және 2-3 (гетерологиялық антиденелер) аптадан 4-5 (гомологиялық антиденелер) аптаға дейін созылады.
Гомологиялық сарысулық препараттар вирусты гепатит, қызылшаның алдын алу және емдеу үшін, ботулизмнің, сіреспенің, стафилококты және басқа инфекцияларды емдеу үшін кең түрде қолданады. Гетерологиялық сарысулық препараттар оларды енгізген кезде аллергиялық асқынулардың болу қауіптілігіне байланысты қатаң шектеулі түрде қолданады.
Денсаулық сақтау тәжірибесінде шамамен 2000-нан астам емдік қан сарысуларының препараттары қолданылады, оларды түрлі инфекциялық аурулармен ауырған адамдарды, жануарларды иммундеу арқылы алынады. Емдік қан сарысулары ұзаққа созылмайтын иммунитет түзеді. Вакцинаны енгізген жерде қандағы антиденелердің қорғанысы 12-24 сағаттан соң түзіледі.
Соңғы уақыттарда иммунды препараттар моноклонды антиденелердің негізінде алынады. Дегенмен, олар әлі де емдеу және алдын алу үшін кең қолданылмайды, тек диагностикалық мақсатта пайдаланылады [4] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz