Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І бөлім. Меншік . экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік.экономикалық категория ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері ... ... ... ... ...
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы . нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері ... ... ... ... ... ..
2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Менің курстық жұмысымның тақырыбы –меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері.
Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
-меншік экономикалық категория ретінде.
- меншік түрлері, олардың қызметі.
- меншік формалары мен заңдылықтары.
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.
1. Ашимбаев Т.А. «Экономика Казахстана на пути к рынку».- Алматы, 2005 г.
2. Борисов Е.Ф.,Волков Ф.М. «Основы экономической теории».-М.,2003
3. Введение в рыночную экономику / Под ред. А.Я.Лившица-М., 2004 г.
4. Гайнулин Ф.Р. «Введение в экономическую теорию».-Алматы, 2006 г.
5. Ким П.Г., Капекова Г.А. «Экономическая теория: Учебное пособие».-Алматы,2001 г.
6. Тонкопий М.С. «Экология и экономика природопользования: Учебник».-Алматы: ЭкономикС, 2003 г.-592 с.
7. «Жаңа кезең-экономикалық теориясы».Оқулық Сахариев С.С.,Сахариева А.С.,Алматы , 2004 ж.
8. Общая экономическая теория (политэкономия): Учебник /Под ред.В.И.Видяпина, Г.П.Журавлевой.-М.,1995 , гл.27
9. Экономика: Учебник/Под ред. А.С. Булатова-М.,1995, гл.12
10. Аубакиров Я.А. , Нарибаев Н.К., Шеденов У.К., «Экономикалық ілімдер тарихы». Оқу құралы.-Алматы, 2003
11. Аукен В., Жуламанов Р. Специальный курс лекций по макроэкономике. Алматы, ИРК-АОУ, 1996 ж.
12. Байжомартов У.С. и др. Основы экономической теории. Учебно-методические рекомендации.Актюбинск, 1995
13. Блауч М. Экономическая мысль в ретроспективе. М.,2002
14. Войтов А.Г. Экномика. Общий курс-М.:Маркетинг, 2001
15. Долан Э.Дж.,Линдсей Д.Э. Рынок: микроэкономическая модель СПб.,2002
16. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринимательства»/Вечерний Алматы от 27.06.1997
17. Кабдиев Д.К. Развитие экономической мысли вКазахстане-Алматы : Казахстан 1978
18. Кажамкулов Т.Саяси экономия негіздері (оқулық) Алматы: Қайнар, 2001
19. Курс экономической теории /Под ред.М.Н. Чепурина , Киров, 2000
20. Леонтьев В.Экономическое эссе. М.:2003
21. Оэкономика. Учебник под ред. Е.Б.Яковлевой М:2002
22. Общая экономическая теория. Политэкономия /Под ред. В.И.Видяпина, Г.М.Журавлевой М., 2000
23. Осипова Г.М. Инвестиции в человеческий капитал: Алматы: Гуманитарный университет им. Д.А.Кунаева , 2003
24. Фишер С., Дорнбуш Р, Шмалензи Р. Экономика .М.,2004
25. Экономическая теория на пороге ХХІ века.М.,2004
26. Экономика и статистика, №3-4,1999
27. Хейне П. Экономический образ мышления М., 2002

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І бөлім. Меншік - экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік-экономикалық категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері ... ... ... ... ...
1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы - нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері ... ... ... ... ... ..
2.2 Мемлекет иелігінен алудың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Жекешелендіру мәні, қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы - меншік формаларының әр алуандығы - нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері.
Курстық жұмысымның мақсаты: меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін, саяси-әлеуметтік дамуын Қазақстан Республикасының заңын қарастыру.
Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:
-меншік экономикалық категория ретінде.
- меншік түрлері, олардың қызметі.
- меншік формалары мен заңдылықтары.
Меншік - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.
Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері -- Рональд Коуз (1915 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен-өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық -- міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.
Меншік үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық, жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық, буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық біріккен түрлері болады. Нарық экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан және байланысты сомасы. Онымен қатар, қоғамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбекпен жасалған жаңа құн.
Бұл курстық жұмысымның өзектілігі: меншік - экономикалық категориясы ретінде; меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері; меншіктің экономикалық мазмұны; нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері; мемлекет иелігінен алудың мәні; жекешелендіру мәні, қызметі.
Тұтастай мемлекеттік меншіктің тиімсіздігі Қазақстанның нарық экономикасына көшу кезеңінде анық көріне бастады. Нарық экономикасының қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізіледі.
Мемлекет қарамағынан алу түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол жекешелендіру түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мемлекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде реттеуге көшуді білдіреді.
Меншік - бұл адамдардың белгілі бір материалдық игіліктерге ие болудағы қатынастары. Меншіктің экономикалық мәні өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну қатынастарын өзіне қосатын, өндіріс қатынастарының жиынтығы арқылы көрінеді.
Меншіктің басты мәнін анықтаушы иемдену болып табылады. Иемдену экономикалықпен қатар, күштеу немесе заңды әдістермен меншіктегі объектіні субъектімен басқа субъектіден иесіздендіру болып табылады. Иемдену санатын зерттей отырып, еңбек жолымен, өндіріс кезінде жүзеге асатын акт ретінде және сұрау ретінде көрсетуге болады.
Меншіктің субъектісі - меншік объектісіне ие болу құқығы бар және мүмкіндігі бар, меншік қатынастарының белсенді жағы.
Меншік объектісі - табиғат заттары, заттықтар, энергия, мүліктер, ақпараттар және т.б. түріндегі меншік қатынастарының енжарлық жағы. Субъектісі мен объектісі арасындағы байланыс бір уақытта заңдық, құқықтық және экономикалық санаттарды көрсететін, ие болу, пайдалану, нұсқау беру және жауаптылық қатынастарын ұсынады.
Меншік формасы - ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Бұл курстық жұмыстың негізгі бөлімде меншік формаларына жеке - дара тоқталып қарастырамын.

І бөлім. Меншік - экономикалық категория ретінде
1.1 Меншік-экономикалық категория
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. Сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән.
Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Меншік - бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани - мәдениет заттары және т.б. жатады.
Басқаша айтсақ, меншік - бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. Меншік пен иемдену түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік - анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.
Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. Өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін оларды өндірместен иеленді. Әрі қарай, өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену объектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады.
Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда, қоғамдық иелену орын алады.
Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі - өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.
Еңбектің жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне - бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.
Айналыс - бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауарлы өндіріс әрекет етеді.
Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқылы иемденумен байланысты.
Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы бірігудің әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзінің заттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берсін. Сонда меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігін иелену , пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына ие болады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру - меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады.
Жеке меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі аз ғана адамдар қолында болған кезде , бұл қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.
Иемденудің үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарналарының есебінен құралады.
Меншік ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.
Меншік - бұл өндіріс құрал - жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі. Айталық тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:
1.Иелену құқығы, яғни иеліктерге міндеттелген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2.Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3.Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы.
5.Егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы.
6.Қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7.Игілікті мұрагерге беру құқығы.
8.Игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9.Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы.
10.Жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктерімен жазалау мүмкіндігі.
11.Қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

1.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық қызметтері

Меншік қатынастары мынандай қызметтерді қамтиды:
а) иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);
ә)пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
б) бөлу ( заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау,сыйға тарту т.б.)
Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келу арқылы жүзеге асады.
Адамзат қоғамның даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде - ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында-88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30 %- ға дейін ауытқиды.
Экономикалық және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болу мүмкін. Ол оның атқаратын қызметімен: жалпы қоғамның экономикалық стратегиясының қалыптасуы, экономикалық салалық құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.
Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болу нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді.
Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр.
Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің басталуы - мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40 % шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы 20- ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми техникалық революцияның әсерінен ХХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі жеке термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шарушылық, кәсіпорынды түсінген. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай- ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және коперативтік түрде- меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің экономикалық түрлері қалыптасты:
Меншіктің экономикалық түрлері

Жеке
Ұжымдық
Мемлекеттік

Еңбектік
Еңбектік емес
Жеке топтық
Республика меншігі
Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі
Еңбек табысы есебінен
Мұрагерге қалдырған мүлік есебінен табыс: сақтандыру, несие мекемелеріне салған қаржылар, акция, облигация және басқа бағалы қағаздардан түсетін табыс көздері
А)жалгерлік меншік
Ә)Ұжымдық кәсіпорын меншігі (сатып алынған)
Б)кооперативтік меншік
В) акционерлік меншік:
А) қоғамдық ұйымдарының меншігі
Ә)діни ұйымдарының меншігі
Меншік:
А) шаруашылық қоғамы меншігі
(серіктестігінікі)
Ә) бірлестіктер (ассоциациялар)
Меншігі:
А)шетел мемлекетінің меншігі
(концессия)
Ә)біріккен меншік
(шетел мемлекетік кәсіпорыны)

Республикалық меншік
(жер қойнауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі,әуе кеңістігі)
Коммуналдық меншік
(тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім беру, жергілікті бюджет қорлары)

1.3 Меншіктің экономикалық мазмұны
Әлеуметтік-экономикалық қатынас немесе меншік бойынша қатынастар өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:
1. Меншік - қоғамдық қатынас жүйесінің фундаменті.
2. Меншікті қоғам қабаттарының орналасу жағдайына байланысты анықтайды.
3. Меншік өз формасын екі жолмен өзгертеді: эволюциялық және революциялық.
4. Меншіктің барлық формалары өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.
5. Меншік тарихи дамудың нәтижесі болып табылады.
Меншік - белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауіпсіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жұп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату-сатып алу актісінен кейін, яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.
4. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интеллект, жұмыс күші болып табылады.

ІІ бөлім. Меншік формаларының әр алуандығы - нарықтық экономиканың негізі, формалары және әдістері
2.1 Нарықтық экономикадағы меншік формаларының түрлері
Меншік формасы - ол меншік субъектісі белгісі бойынша сипатталатын, яғни меншік объектісінің әр түрлілігі субъект табиғатымен бірігуі критерий (өлшемдері). Меншік формаларының мынадай түрлері бар:
* Жалпыхалықтық;
* Мемлекеттік;
* Коллективтік (ұжымдық);
* Үлесті біріккен;
* Жеке және т.б.
Бұл меншік түрлерінің барлығын топтап екі типке бөлуге болады: мемлекеттік және жеке. Мемлекеттік меншік - меншік типі, мемлекеттік секторда орналасқан кәсіпорын, ұйым, орталық және жергілікті басқару органдары арқылы мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік меншік екі формада болады. 1. Мемлекеттік. 2. Муниципалдық. Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. Муниципал - латынның municipals немесе немістің munizipalitet сөздерінен шыққан қаланы басқару деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның municipium сөзі қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік - аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның басқа түрінің мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Меншіктің экономикалық мазмұны тұтас шаруашылық процесін қамтиды да, тауарлар мен қызметтерді өндіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны туралы
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Нарықтық экономикадағы меншік
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Нарық ұғымы, оның функциялары, даму тенденциялары
Меншік формаларының әр алуандығы - нарықтық экономиканың негізі
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Нарықтық экономика жағдайындағы қысқа мерзімді несиелеу проблемаларын зерттеп, сараптау
Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы
Пәндер