Мал азығын өндіру



Кіріспе
1.1 Қазақстанның құрғақ далалы және далалы аймақтарындағы жайылымдық жерлердің сипаттамасы, фитоценоз құрамы және өнімі
1.2 Мал азықтық жерлерді жақсарту шаралары. Түбегейлі және үстіртін жақсарту жүйелерін қолдану жағдайлары
1.3 Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша НМӨ есептеу әдістемесі
1.4 Жоспарланған өнімге, топырақтың тиімді құнарлылығын есепке ала отырып, минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу әдістемесі
2. Шаруашылық жайлы жалпы мағұлмат
2.1. Аймақтың топырақ.климат жағдайының сипаттамасы
2.2. Зерттеу жұмыстары жүргізілетін шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы
2.3. Танаптық тәжірибені жүргізу кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлар
2.4. Тәжірибеде қолданылған дақылдар және сорттар
2.5. Бозқыраусыз кезең, негізгі мал азықтық дақылдар үшін белсенді температура жиынтығы, тіршілік ұзақтығы, дақылдардың тіршілік кезеңінің басталуы және аяқталуы.
Әдебиеттер тізімі
Мал азығын өндіру саласындағы зерттеу жұмыстары мен нақты шаруашылықтардағы жағдайларға сүйенетін болсақ,болашақта мал шаруашылығың дамуы ,ең алдымен, табиғи мал азықтық жерлерді жақсартудың интенсивті технологияларының негізінде жүзеге асырылмақ . Республикадағы жалпы жайылым көлемі 182 млн га, шабындықтар көлемі 4,7 млн га құрайды.
Қазақстанның құрғақ далалы өңірлерінде соңғы ондаған жылдар бойы табиғи шабындық пен жайылымдарды жақсарту жұмыстары,жүйелі түрдегі түгендеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазақстанның құрғақ далалы аймағындағы мал азықтық жерлердің саны шамамен 53 млн.га алып отыр,соның ішінде Ақмола облысына тиесілі табиғи мал азықтық жер көлемі 7112,6 мың.га, оның 6843,8 мың.га жері жайылым.Зерттеу жұмыстары жүргізілетін Еңбекшілдер ауданындағы ауыл шаруашылық бағыттағы жер көлемі 628,8 мың га,ал соның ішінде жайылым аумағы 357, 1 мың га алып жатыр.
1. Мал азығын өндіру. Қ.Әубәкіров, Т.А.Атақұлов, А.З.Ахмет., Алматы, «Дәуір», 2011.-488 б.
2. Мал азығын өндіру. Шалғын және жайылым шаруашылығы. Н.И.Можаев, Н.А.Серікпаев, Ғ.Ж.Стыбаев., 2008 ж.
3. Өсімдік шаруашылығы. Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев, Н.А.Серекпаев, Н.А.Шестакова, С.С.Арыстанғұлов., Алматы, «Дәуір», 2011.-632 б.
4. Можаев Н. И., Серікпаев Н. А., Стыбаев Г.Ж., Мал азығын өндіру практикумы-Астана, 2008.
5. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ –ң Ғылым жаршысы /
Вестник науки КазАТУ им. С.Сейфуллина. – 2011. - № 2 (69).
6. Топырақтану. Тайжанов Ш.Т. Оқу құралы Павлодар,2004.
7. Kitaphana.kz Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
8. Можаев Н.И., Серикпаев Н.А. Кормопроизводство. Учебник. Астана, 2007.-с.354.
9. Тайжанов Ш.Т., Амралин А.У., Қошқаров Н.Б. Топырақтану және геология негіздері. Астана. 2008ж.
10. Мал азығын өндіру (агрономия және ботаника негіздері): Оқулық /Авт.: Н. И. Можаев, Н. А. Серикпаев, Ғ. Ж. Стыбаев, И. И. Жұмағұлов, Ш. Т. Тайжанов, С. О. Кенжеғұлова. – Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2011. – 504 бет.
11. Табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану негіздері.-Төреханов А.Ә Алматы:Ғылым, 2006.-256 б.
12. Природные и сеяные пастбища Казахстан.- Төреханов А.Ә., Алимаев И.И Алматы:Ғылым, 2006.-416с.
13. Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер.-Әубәкіров Қ. Алматы, «Білім», 2007 ж.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1.1 Қазақстанның құрғақ далалы және далалы аймақтарындағы жайылымдық
жерлердің сипаттамасы, фитоценоз құрамы және өнімі
1.2 Мал азықтық жерлерді жақсарту шаралары. Түбегейлі және үстіртін
жақсарту жүйелерін қолдану жағдайлары
1.3 Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша НМӨ есептеу әдістемесі
1.4 Жоспарланған өнімге, топырақтың тиімді құнарлылығын есепке ала отырып,
минералды тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу әдістемесі
2. Шаруашылық жайлы жалпы мағұлмат
2.1. Аймақтың топырақ-климат жағдайының сипаттамасы
2.2. Зерттеу жұмыстары жүргізілетін шаруашылықтың қысқаша сипаттамасы
2.3. Танаптық тәжірибені жүргізу кезеңіндегі метеорологиялық жағдайлар
2.4. Тәжірибеде қолданылған дақылдар және сорттар
2.5. Бозқыраусыз кезең, негізгі мал азықтық дақылдар үшін белсенді
температура жиынтығы, тіршілік ұзақтығы, дақылдардың тіршілік кезеңінің
басталуы және аяқталуы.
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мал азығын өндіру саласындағы зерттеу жұмыстары мен нақты
шаруашылықтардағы жағдайларға сүйенетін болсақ,болашақта мал шаруашылығың
дамуы ,ең алдымен, табиғи мал азықтық жерлерді жақсартудың интенсивті
технологияларының негізінде жүзеге асырылмақ . Республикадағы жалпы
жайылым көлемі 182 млн га, шабындықтар көлемі 4,7 млн га құрайды.
Қазақстанның құрғақ далалы өңірлерінде соңғы ондаған жылдар бойы
табиғи шабындық пен жайылымдарды жақсарту жұмыстары,жүйелі түрдегі түгендеу
жұмыстары жүргізілмеген. Қазақстанның құрғақ далалы аймағындағы мал азықтық
жерлердің саны шамамен 53 млн.га алып отыр,соның ішінде Ақмола облысына
тиесілі табиғи мал азықтық жер көлемі 7112,6 мың.га, оның 6843,8 мың.га
жері жайылым.Зерттеу жұмыстары жүргізілетін Еңбекшілдер ауданындағы ауыл
шаруашылық бағыттағы жер көлемі 628,8 мың га,ал соның ішінде жайылым аумағы
357, 1 мың га алып жатыр.
Соңғы 20 ішінде мал жаюдың әсерінен далалық шөптердің сиреуімен қатар
фитоценоз құрамының өзгергені байқалып отыр. Барлық табиғи мал азықтық
жерлердің өнімділігі, сонау 20-25 жыл бұрын себілген мал азықтық астық
тұқымдас шөптердің өнімділігінен біршама төмен болып отыр,сол себепті осы
жерлерге жақсарту жұмыстарын жүргізу қажет.Сондықтан аймақтық топырақ-
климат жағдайларын ескере отырып, осы бағытта аймақтық жақсарту жүйесін
құрастырып,мал азықтық жерлерді тиімді пайдалану сұлбасын жүйелі түрде
әзірлеу қажет.
Курстық жұмыстың міндеті: Фитотопологиялық және
фитоценологиялық бағалау жұмыстарын жүргізу,жаңа агрофитоценоз қалыптастыру
үшін мал азықтық шөптерді таңдау, үстіртін жақсарту технологиясын жасау
үшін мал азықтық шөптерді себудің оңтайлы мерзімін таңдау, себілген мал
азықтық шөптер мен шөп қоспасының алғашқы жылдардағы күтіп-баптау
технологиясын дайындау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Ақжар-
Агро ЖШС-нің құрғақ далалы аймағы жағдайындағы табиғи мал азықтық жерлерге
фитотопологиялық және фитоценологиялық бағалау жұмыстарын жүргізу және
жоғары өнімін алуға мүмкіндік беретін шабындық пен жайылымдық жерлерді
қалыптастыру және тиімді пайдалану үшін ресурс үнемдегіш технологияны
әзірлеу.

Әдебиетке шолу
1.1 Қазақстанның құрғақ далалы және далалы аймақтарындағы жайылымдық
жерлердің сипаттамасы, фитоценоз құрамы және өнімі

Қазақстанда мал шаруашылығын қарқынды өндіруде жайылымның маңызы өте
зор. Жаз кезінде мал жайылымынан 60%-ға дейін азықтық өлшем және шамамен
70%-ға дейін қорытылатын протеин қабылдайды. Орманды – далалық аймақта
жайылым кезеңі 160 – 200 тәулік, далалық аймақта - 180 – 220 тәулік,
шөлейт аймақта-220 – 280 тәулік және шөл аймақта барлық мал шайылымдықта
жыл бойы бағылады. Қазақстан бойынша жайылымжылықты пайдалану кезеңі орташа
жарты жылдан астам.
Жайылымдық шөптің қоректілік бағасы өте жоғары. Табиғи жайылымнан
алынатын сапасы орташа азықтың 100 кг құрғақ затында 65 а.ө. және шамамен
6,5 кг қорытылатын ақзат бар. Ал құнарлы жайылымдықтардың, әсіресе екпе
астықты – бұршақты шөп қоспасының 100кг құрғақ затында
10 кг – нан жоғары қорытылатын ақза және 100 кг дейін азықтық өлшем бар.
Яғни құнарлылығы жағынан мұндай астық сұлыға жақындайды. Жайылымдық шөпте
жақсы дайындалған пішенге қарағанда қоректік заттар 1,5 есеге дейін жоғары
болатынын көптеген зерттеулер көрсеткен (Ю.К.Олль, 1958ж.). Оның себебі көк
шөпте кептіру кезінде қоектік заттардың азаюында. Сонымен қатар,
кептірілген шөп мал организмінде көк шөпке қарағанда
10 – 20% нашар қорытылады[3].
Пішенге қарағанда жайылымдық көк шөпте каротин (провитамин А) мөлшері
шамамен 10 есеге дейін көп сақталады. Және де көк азықта Д, С, Е
витаминдері жоғары.Жайылым азығының сапасының мал өнімін жоғарылатудағы
әсерін француз ғалымы А.Вуазэнің (1959 ж.) зерттеулерінен де көруге болады:
жоғары сапалы жайылымды (астықты – бұршақты шөп) сауын сиырлар 13,3кг
(құрғақ массасы) дейін азық жегенде тәуліктік сүт беруі 21 кг болса, сапасы
орташа жайылымнан тек 5 кг ғана сүт сауылған, ал сапасы нашар жайылым
малдың тірі жүруін ғана қамтамасыз етуге ғана жараған. Тағы да айта кететін
жайт, жайылымда бағытталған малдың барлық потенциалдық мүмкіндіктері
толығымен ашылды. Жайылымда бағытталған мал ауа райының қолайсыз
жағдайларына төзімді, қысқы кезеңге жақсы шыдайды, организмі ауру –
сырқауларға аз шалдығады және жас төлдер жақсы өсіп, дамиды.
Далалық аймақта жайылымға мал жаю орманды – далалық аймаққа қарағанда 7
– 10 күндей ертерек басталады, яғни мамырдың орта кезінде. Жайылымды бір
рет пайдаланған кезде, ең жоғарғы өнім жаздың басына келеді. Бұл жердегі
жайылымдарды үш мезгіл пайдалануға болады: көктемде – бозды – бетегелі
жайылымды, жазда – далалық – астық тұқымдыс жайылымды және көлтабандарды,
күзде – жусанды – соранды жайылымды. Бұл аймақта жайылымдық кезеңдер
бойынша азықтың түсімі азды – көпті біркелкілеу[4].
Ең жоғарғы өнім көктемнің аяғы мен жаздың басында алынады, содан кейін
құрғақ алқаптың шөбі қураған соң, оттылықтың өнімі төмендейді, бірақ осы
уақытта көлтабандар мен өзен алқаптарынан жоғары өнім алуға болады.
Күзде жауатын жаңбырдың әсерінен алқаптарда алшынкөктер түсімі көбейеді.
Бірақта жайылымдық кезеңнің басында да және аяқ кезінде де мал басы толық
азыққа қамтамасыз етілмейді. Сондықтан осы кезеңдерде жайылымдық азық
егістікте өсірілетін азықпен толтырылады. Осындай мүмкіншіліктер далалық
және құрғақ далалық аймақта малдың кейбір түрлерін жайылымда 170 – 195
күнге дейін бағуға болатынын көрсетті.
Далалық аймақта бозды – бетегелі, боз – жусанды және бетегелі –
жусанды жайылымдар мен шабындықтар көптеп кездеседі. Бұл өсімдіктердің
құрғақ өнімі орташа 5,0 цга.
Шалғындық өсімдіктер өсіп-дамуы үшін көп су қажет етеді. Мысалы, 1
тонна құрғақ өнім құру үшін (транспирацияға, жерден булануға) 400-ден 1200
м3 және одан да көп су шығыны болады екен. Судың жетіспеуі де, артық
мөлшері де және ыза суының жер бетіне жақын орналасуы шалғындық өсімдікке
теріс әсерін тигізеді. Су мөлшері құм топырақта 2,5-3 %, құмбалшықты
топырақта 10-12 % және балшықты топырақта 14-18 % болған жағдайда негізгі
шалғындық шөп түрлері қурай бастайды. Ал суы шектен тыс мол жерлерде су
және ауа режимі нашарлап, соның салдарынан шалғындықтағы негізгі бағалы
тамырсабақты және сиректүпті астық тұқымдас шөптер орнына сапасы төмен және
зиянды шөптер басып кетеді. Су режимін жақсарту және реттеу су
жайылатын өзен алқаптары мен көлтабандарда жүргізіледі.
Су жайылмаған жерге су беріледі, су тұрып қалған шалғындық
құрғатылады. Соңғы кездері шалғындықты жүйелі суару жұмыстары қолға алынып
жатыр. Ол үшін жаңбырлатқыш машиналар (ДДА-100М, ДДН-70, “Волжанка” ,
“Фрегат” , ДДН-100) қолданылады. Өзен алқаптары мен көлтабандарды жаз
кезінде жаңбырлатып суарған кезде шалғындық жердің шөбі қаулап өсіп, екі
рет пішенге шабуға болатыны және өнімінің 3-4 есеге дейін көтерілгені
байқалады[1].
1.2 Мал азықтық жерлерді жақсарту шаралары. Түбегейлі және үстіртін
жақсарту жүйелерін қолдану жағдайлары

Қазақстанда табиғи мал азықтық жерлер, барлық жер көлемінің 70% дан
астамын алып жатыр. Бірақта осыншама аймақтан алынатын азық көп емес. Оның
негізгі себебі шабындықтар мен жайылымның өнімінің төмендігінде. Соңғы
ғылыми - өндірістік сараптамалардың мәліметтері бойынша далалық және құрғақ
далалық аймақтың шабындықтары мен жайылымдарының әр гектардан құрғақ
затының өнімі 1,5 – 2,5 ц – ден 5 – 6 ц дейін болған, ал шөлейт және шөл
аймақтарда олардың өнімі одан да төмен деңгейде – 0,5 – 1,0 ц – ден 3 – 4 ц
га дейін. Мұндай төмен көрсеткішітердің орын алу себептері: біріншіден –
далалық аймақтың шұрайлы жерлері егістікке жыртылып кетіп, мал азығына
құнарсыз сортаң және игеруге қолайсыз жерлердің қалуы; екіншіден – көпшілік
жайылымдық жерлердің жүйесіз пайдалануына байланысты тозып, өсімдік
құрамында мал азықтығы нашар шөп түрлерінің көбейіп кетуінде.
Шөл және шөлейт аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және
жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп
жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шөбі мал тұяғынан
тозып, топырағы шаңданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша
Республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 30 млн. гектардай да,
оның 11 млн. гектардайы өте тозып, эрозияға ұшыраған деп танылды[6].
Қазіргі кезде Республика бойынша бірінші кезекте жақсартуды қажет
ететін табиғи жерлердің көлемі 40 млн. гектар шамасында. Ғылыми зерттеу
мекемелерінің тәжірибелері көрсеткендей мұндай жерлерді алдыңғы қатарлы
жақсарту технологияларын қолдана отырып, жақсарту арқылы өнімін 3 – 5 есеге
дейін көтеруге болады.

Жайылым мен шалғындарды түбегейлі жақсарту
Табиғи шабындықтың өнімі төмен болып және шөп құрамындағы бағалы
астық тұқымдастарының үлесі 32% - ға жетпесе, ондай жерлерді түбегейлі
жақсартады. Түбегейлі жақсартқанда табиғи шым толықтай бұзылып, өңделіп,
орнына бағалы көпжылдық шөптер себіліп өнімділігі жоғары жаңа мәдени екпе
шабындықтар мен жайылымдар жасалады. Табиғатта кездесетін батпақты және
сортаңды жерлер де түбегейлі жақсартылады. Шымды топырақты жерлерді
түбегейлі жақсартқанда топырақтың биологиялық белсенділігі айтарлықтай
күшейеді, органикалық заттардың шіруі тездетіледі де, өсімдіктермен жеңіл
қабылданатын қоректік заттар қоры түзіледі.
Қазақстандағы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары
алынған өнімін талдау олардағы түсімінің төмендігін байқатты. Мысалы, шөл
және шөлейт аймақтарда әр гектардан алынған құрғақ масса 0,5-1,0-ден 3-5
центренге дейін, далалық және қуаң далалық аймақтарда 1,5-6 центнерге дейін
құбылатындығын көрсетті. Бұдан басқа осы аймақтарда анықталған 21
млн.гектардай тозып, эрозияға ұшыраған жайылымдар деп атауға болады.
Табиғи мал азықтық жерлерді түбегейлі жақсартудың екі әдісі бар. Соның
бірі – жеделдетіп жақсарту. Бұл әдіс бойынша ылғалды аудандарда табиғи
жерді жыртқаннан кейін немесе бір жылға парға қалдырғаннан кейін келесі
жылда бірден көпжылдық шөп себеді. Екінші әдіс – шалғындандыруға
жоспарланғантжерге алдын – ала, 1 немесе 3 жыл қатарынан біржылдық мал
азықтық дақылдар немесе жемдік астық дақылдар өсіріп, содан кейін көпжылдық
шөп себеді.
Қазақстанның шаруашылықтарында түбегейлі жақсартудың екі әдісі де
қолданылады. Жеделдетіп шымдау республиканың далалық, шөлейт және шөлді
аймақтарында қуатты шымдалмаған шабындықтар мен жайылымдарды жақсартуға
қолдануға тиімді. Бұл әдіс Қазақстанның табиғи мал азықтық жерлерін
жақсартудың негізгісі болып табылады.

Су режимін реттеу және жақсарту
Шалғындық көп жылдық шөптер вегетациялық кезеңде 3-5 мың метр су
жұмсайды, ал ең жақсы өсу топырақтың төменгі далалық су сыйымдылығы шамамен
70-80 % болғанда, яғни топырақтың өзекшелері сумен толтырылғанда байқалады
[15].
Су режимін тереңдетіп өзгерту үшін шығыны жоғары гидротехникалық мелиорация
жасау қажет- құрғату, суару.
Құрғақ далалы және шөлейт аймақтарда жел өтіне көлденең әрбір 10-15 м-ден
кейін алым ені 0,3-1 м шабылмаған жолақ қалдыру ылғалдың жиналуына ықпал
етеді. Бұл шара, көптеген тәжірибелер мәліметі бойынша келесі жылы
өнімділік деңгейін 60-70 % көтеруге мүмкіндік жасайды.
Ескі себілген жерлерде және сиретілген шөп отында бірнеше жолақ
қалдырған кезде оларды “өзіндік тұқым шашуы” болады, ал шабылмаған
жолақтарда шөптер қарқынды пайдаланудан “демалады” және келесі жылы
өнімділікті жоғарылату үшін жағдай жасайды.
Су жайылмасы немесе көлдетіп суарылатын шалғындарда, беткейлерде ылғал
жинауға індеу тиімді болады. Індерді ЩН-2-140 індегішімен немесе күзгі
кезеңде беткейлерге көлденең 2-3 жылдан кейін қайталанып басқа құралдармен
салады.

Шабындық және жайылымдағы шөп отына және шымдарды күтіп баптау
Тың және ескі жатып қалған шабындық жайылымдарда уақыт өткен сайын
топырақ тығыздалады, оның аэрациясы нашарлауы, соның нәтижесінде
микробиологиялық және биохимиялық процестердің өту жағдайы нашарлайды, шөп
отынан құнды мал азықтық шөптер түседі.
Шөп отына және шымдарды күтіп баптаудың негізгі шаралары деп келесі
жұмыстарды санауға болады:
1.Топырақты тырмалау, дискілеу, фрезрлеу және індеу арқылы ауа режимін
жақсарту.
2. Шөп отын фрезрлеу, таяз аудару және шөп себу арқылы жақсарту.
3.Арамшөптермен күресу.

Топыраққа ауаның баруын жақсарту
Мұндайда алдымен жер қыртысы қопсытылады. Ол топырақтың құрылымын,
соған орай оған су және ауаның баруын жақсартады. Бұл жұмыстар топырағы
тығыз телімдерде жүргізіледі. Топыраққа ауа-судың баруын жақсарту ісі
нақтылы жағдайларды ескеруді қажет етеді. Атап айтқанда, телімдерге су жаю
тамырлы өсімдіктерді дискілегеннен соң жақсы нәтиже береді. Дискілеген
кезде топыраққа ауаның баруы жақсаруымен бірге, өсімдік ескі түбірлерімен
ажыратылып, оның жасаруы қамтамасыз етіледі. Соның нәтижесінде астық
тұқымдас және әр түрлі шөптердің түсімі 20 %-ға артады. Ерте көктемде ЛД-10
агрегатымен жерді дискілеу де изеннің түсімін арттыруға жағдай жасайды.
Топырағы тығыз, сортаң жерлерде топырақты 50 см тереңдікте тілгілеу де
пайдалы [15].
Желдетуді жақсарту үшін топырақтың беткі қабатын тырмалайды және қуыстайды.
Топырақты қуыстау жұмыстарын күзде арнайы жабдықталған қопсыту
машиналарымен (КПГ-250 т.б.) жүргізеді. Қуыстау жолақтарының арасы 0-100
см, тереңдігі 35-45 см. Қуысталған топырақтардың су сіңіру және оны ұзақ
ұстап тұру қабілеті жоғарылайды. Осы технологиялық әдісті қосымша тұқым
себу және тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстарымен бірге жүргізсе,
шалғындықтың өнімін айтарлықтай көтеруге болады. Шымтопырақты жерлерді
тырмалаудың тиімділігі аз [5].
Ал шалғындықта негізгі өсімдік түрлерін сақтай отырып, беткі қабатын аздап
қопсыту (ФБН-1,5 т.б) технологиясының тиімді екені анықталды. Бұл жұмыс
топырақтың 0-20 см қабатының көлемдік массасын төмендетеді,
микробиологиялық белсенділігін арттырады және су-ауа режимін жақсартады.
Мұндай топырақты желдетуге арналған технологияның тиімділігі шалғындыққа
азот тыңайтқышын (N90-120кгга ә.з) бергенмен бірдей. Шалғындықтың
өнімділігі үш жылда орта есеппен 20-22 % көтерілген [5].

Зиянды және улы өсімдіктермен күрес
Зиянды өсімдіктер мал өнімін бұзады (ащы жусан, рауғаш, пияз, қышабас,
т.б.) немесе малды зақым етеді (ошаған, шашақты жусан, жабайы арпа, қалуен,
т.б.).
Улы өсімдіктер алколоид, глюкозид, эфир майы арқылы малды уландырады.
Қазақстанда улы өсімдіктер түрлеріне сарғалдақ, алқа, айқыш гүлді және
шатыр гүлді өсімдіктер ( қылша, томар дәрі, т.б.) жатады.
Бұл өсімдіктермен күрес оның алдын алу және химиялық шаралар қолдану
арқылы жүргізіледі. Бірінші жағдайда улы өсімдіктер ұрық шашпай тұрып шауып
тасталынады, қатаң карантин қойылады.
Күрестің химиялық шаралары улы және зиянды өсімдітер телімдерін
гербицидтермен өңдеу болып табылады.

Үстеме тұқым себу
Мәдени-техникалық жұмыстар жүргізе отырып, табиғи щым байланған жерге
шөптің белгілі бір түрін себу топыраққа ауа мен судың баруын жақсартады.
Әсіресе бұл шөбі сирек жерде өте пайдалы. Үстеме тұқым себу шымның
беріктігіне, топырақтың механикалық құрамы мен климат жағдайларына
байланысты. Шымы берік жерді екі бағытта тырмалау керек. Тұқым сепкен соң
оны таптау қажет.
Екінші жылы үстеме себілген жердегі табиғи шөп 65-70 %, ал үстіне
себілген дақыл 30-40 %-ға жетеді. Оның жұғымдылығы мен түсімі 1,5-2 есе
артады. Жеңіл топырақты жерде дискілеуді тырмамен алмастырады, СЗП-3,6
немесе астық-шөп тұқым сепкіштерімен құм эспарцетіне еркекшөп қосып
себіледі. Үстеме тұқым себу түсімді 2,5-3 есе арттырады.
Шөлейт аймақтарда еркекшөптің құрғақшылыққа төзімді сортын жеңіл топырақты
жерге себу жақсы нәтиже берді, бірақ ондай учаскені 2 бағытта тырмалау
қажет. Тұқым ерте көктемде себіледі. Одан соң міндетті түрде таптау
жүргізіледі. Құмдағы таңдаулы жайылымдықтарға табиғи шым жерін өңдемей-ақ,
еркекшөп себе беруге болады. Ондайда жел эрозиясы да қауіпті емес, ал түсім
1,6 есе артады. Ал ашық сары топырақтың әр гектарына 8-10 кг еркекшөп
себіледі, одан соң ол жер тереңдігі 3-4 см етіліп ЛД-10 қопсытқышымен екі
рет дискіленеді. Тұқым ерте көктемде себіледі. Оны міндетті түрде тығыздау
керек. Онша сортаң емес қуаң даланың әр гектарына 5-7 кг еркекшөпке 6-7 кг
түйе бұршақ қосылып себіледі[5].
Өзекті және су жайылған учаскелерде 3-4 рет дискілеген соң оған
жоңышқа, қылтықсыз арпабас, бидайық шашылады. Бұл үшеуінің тұқым себу
нормасы : жоңышқа 40 %, арпабас пен бидайық 20 %-ға тең. Жел эрозиясына
ұшыратпай, сәтті себілген жағдайда ол түсімді 3-4,5 есе көп береді [5].
Арамшөптермен күресудің шаралары келесідей: барлық ластанған (тұқым
шашуына дейін) жерлерді уақытында шабу, ірі сабақты арамшөптермен
механикалық күресу – саумалдық, тамырдәрі және т.б. өсімдіктер – қазу,
кесу, жұлу, қатты ластанғанда – терең аудара өңдеу арқылы шалғындандыру,
сонымен бірге химиялық өңдеуді қолдану, гербицидтерді, мысалға, 2,4 Д
препараты, олар кең жапырақты арамшөптерді жояды, бірақ астық
тұқымдастарына әсер етпейді.

1.3 Ылғалмен қамтамасыз етілуі бойынша НМӨ есептеу әдістемесі
Өнім түрлерінің жіктеуі. Бағдарламалауда үш өнім түрін ажыратады –
потенциалды, нақты мүмкін және өндіріс жағдайында алынатын шын өнім.
Потенциалды өнім (ПӨ) - дақылдардың, сорттардың биологиялық
ерекшеліктерін, агротехника деңгейін, ФБР кірісін және т.б. ескере отырып
өте жақсы метеорологиялық жағдайларында егістіктерді кажетті мөлшерде жылу
және ылғалмен қамтамасыз етілуінде алынатын өнім. Бұл тұрақты көрсеткіш
емес – ол дақылдардың өсіру технологиясын жетілдіруде, жақсы сорттар мен
будандарды қолданғанда, ФБР пайдалану коэфициентіне (ПӘК ФБР) және т.б
сәйкес қоректік заттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жемнің қажеттілігін есептеу
Егіншілікте мал азығын өндіру
Малазықтық дақылдардың агробиологиялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы бойынша жайылым мен шабындық жерлердің жағдайы,көлемі,өнімділігі.
Мал азықтық бақша дақылдары
Шалғындық мал азығы шаруашылығы
Жом, күнжара құрамы, құндылығы және әр түрлі малдарды азықтандыру нормасы
Ірі қара мал азығының қауіпсіздігі
Микроорганизмдерді мал азығын дайындауда қолдану
Мал азығының сапасы – мал шаруашылығын дамытудың басты шарты
Пәндер